Педагогикалық ұжымның жұмылдырылуы

6 февраля, 2018 19:46

 

Педагогикалық ұжымның жұмылдырылуы — оқу-төрбие процесінің нөтижелілігінің басты шарттарының бірі. Бұл оқу орны жетекшісінің үнемі қамқорлығында болуы тиіс. “Педагогикалық ұжымның тұтастығы, — деп жазады А.С.Макаренко, — барынша анықталған нәрсе, жөне жақсы шебер — жетекші басқаратын біртұтас, ұйымшыл ұжымдағы ең жас, ең төжрибесі аз педагог педагогикалық ұжымға кереғар жүретін қандай да бір тәжірибелі және талантты педагогтен анағұрлым көп жұмыс жасайды. Педагогикалық ұжымда индивидуализм мен бойкүйез- діктен қауіпті ешнөрсе, жиіркенішті еш нөрсе, зиянды еш нөрсе жоқ”.

Сөздің кең мағынасындағы жұмылдырушылық немесе ын- тымақтастық топтың ішкі психологиялық бірлігін, оның тар- тымдылығын білдіреді. Адамдарды олардың өр түрлі мүқтаж- дықтарын, мүдделері мен еліктірушіліктерін қанағаттандыра- тын, олар үшін белгілі бір құндылықты білдіретін ұжым ғана біріктіре алады. Дөл сонысымен ғана ұжым өз мүшелерін өзіне тартады, икемдейді. Осындай жақындықтың негізінде бірте- бірте еңбек ету мен өмір сүрудің тұрақты қондырғысы қалып- тасады.

Ынтымақтастық мейлінше күрделі құрылымға ие. Тартым- ды, біріктірушілік құндылықтардың қай жерге орналасқанына қарай оның екі басты компонентін бөліп қарастыруға болады: функционалды жөне тұлғааралақ (өлеуметтік) ынтымақтастық.

Педагогтің берілген оқу орнында жұмыс істеуге деген неме- се онан шығуға деген үмтылысы функционалдық факторларға | байланысты. Егер оқытушыға жүмыс ұнаса, егер ол жалпы Қызметтің мақсаттары мен міндеттерін бөліссе, педагогтермен, оқушылармен қарым-қатынастан қуаныш тапса, онда бұл оның оқу орнына деген жағымды қатынасын тудырады. Еңбектің шарттары да қомақты ықпал етеді: айлық еңбекақы, оқу-мате- риалдық база, санитарлық-гигиеналық жағдай, еңбектің ақыл- мен ұйымдастырылуы, формализм мен көзбояушылықтың жоқ. тығы жөне өзге факторлар (жұмыстың күн тәртібі, демалыс, кәсіптік жөне лауазымдық өсудің келешектері және т.б.)

Түлғааралық ынтымақтастық ұжымдағы адамдарда, олардың өзара өрекеті мен қарым-қатынасында бекітілетін коммуникативті құндылықтарға негізделеді. Әлеуметтік психологияда әдетте, адами қарым-қатынастарға негізделген әлеуметтік ынтымақтастық ту- ралы айтылады. Қатынастардың тұлғааралық сипаты функцио- налдық ынтымақтастықтың психологиялық қырынан да айқын көрінеді. Мөселе педагогикалық қызметтің өзегін оқушылармен қарым-қатынас құрайтындығында болып отыр. Орта оқу орын- дарының барлық типтерінде (жалпы білім беруші, көсіптік тех- никалық жөне орта арнаулы оқу орындарында) педагогтер үшін аса маңызды екі қүндылық бар: оқушылардың құрметі мен сүйіспеншілігі жөне әріптестермен ізгілікті өзара қатынастар. Онан кейін орналасатын құндылықтар қатарына өкімшілікпен жақсы қатынастар, педагогикалық қызметте өзіңді көрсете білу, орынды демалыс және т.б. жатады.

Үжымды жұмылдыру үшін ең алдымен адамдардың тұтасты- ғын, олардың өзара тартылысын қамтамасыз ететін ішкі тетіктерді (механизмдерді) білу қажет. Жалпы ортақ қызмет адамдарды егер олардың арасында психологиялық сөйкестік болғанда, яғни олар біріккен өрекет барысында байқалатын серіктестердің мүдделері мен үміттерін, өртүрлі мұқтаждықтарын қанағаттан- дыруға қабілетті жағдайлар болганда гана біріктіреді. Бұл қажеттіліктер өзара өрекет етуші субъектілердің барынша алуан түрлі көріністеріне багытталады: олардың мақсаттары мен құнды- лықтарына, көсіби шеберліктеріне, әртүрлі игіліктер мен функ- цияларды бөлуге, ізгі ниеттілік пен сыпайыгершілікке, адалдық пен тәртіптілікке және басқаларына.

Өзара әрекет барысында педагогтің қандай қажеттіліктері серіктестермен қалай орындалатынына қарай, үжымды жұмыл- дыратын немесе ыдырататын тұлгааралық қатынастардың қалып- тастырылуының бірқатар тетіктерін бөліп алуға болады.

Тұлғааралық қатынастардың түпкі тамырлары қоршаған ортамен рухани-эмоционалдық түтастықты сақтауга деген үмты- лыстан көрінетін (сүйіспеншілікке деген қажеттілік) көптеген мүқтаждықтарына барып тіреледі. Осы мүқтаждықтардын негізінде төмендегідей шартты атаулармен аталатын қатынас- тардың қалыптасуы жүзеге асады: “бумеранг”, “үндестік”, “көңіл ортақтастығы” жөне “эталон”.

“Бумеранг”. Адам ең алдымен өзіне жылы шыраймен жөне қүрметпен қатынасатын, үнататын адамға байланып қалады, яғни өзгелерге де сол эмоционалдық көңілмен жауап береді- Ізгі сезімдер де, зүлым сезімдер де бумеранг сияқты, өз иесіне қайтып келеді.

Ересек жасөспірімдер өздерінің сүйікті педагогтерін былай- ша сипаттайды: “Маған бөрінен бүрын тарих пөнінің оқытушы- сы үнайды. Ашық-жарқын, түнық көк көзді ол өзінің жайда- ры күлкісімен жан-жағына қуанышты көңіл-күй таратады. Онымен мен ең қүпия ойларыммен бөлісе аламын. Менде қиын- шылықтар болган кезде, мен тарих сабағын, мейірлі мүғалима- мен кездесуді асыға күтемін. Оның сабырлы, жүрекке жайлы дауысын, сенің жағдайынды бір қарағаннан-ақ түсіне қоятын, сенің қайғыңды да, куанышынды да бөлісе алатын, пайдалы кеңес беретін, егер қажет болса, көмектесетін, — міне осылары үшін мен оны үнатамын және қүрмет түтамын”.

Ал келесі оқытушы туралы пікір мынадай: “Маған ол үна- майды. Формалды түрде оған тиісе алмайсың, ол өз пәнін жақсы біледі, білімді. Бірақ оның жанында бір үстатпайтын- дай салқындық бар. Ол оқушыларындағы қабілетті көргісі кел- мейді. Шектен тыс үрысқақ. Бүл өте нашар адам. Оқу жылы- ның басында жалпы барлығына немқүрайды қарайтын, бірақ кейін шамалы жылыды”.

Оқытушының директорға, педагогтің өз өріптестеріне, оқушы- лардың мүғалімге деген қатынастарының қалыптасуында өзінің маңызды жағын “бумеранг” алдыңғы орында түрады.

“Үндестікті” дөл сол жоғарыда айтылған мүқтаждықтың көрінісінің өзіндік формасы деп есептеуге болады. Адамдардың ойлары, сезімдері, көңіл-күйлері, бағалауы, көзқарастары, мүдделері бір-бірімен үндес, үқсас, бірегей болса, онда ол олар- ды эмоционалды түрғыда жақындастырады, бір-біріне тартылу- ды тудырады. Өзара сенім мен симпатияны бекітетін туыстық, жақындық сезімдері осыған негізделген. Жазушы И.А.Буниннің кезінде айтып өткеніндей “жан толғаныстарды, ойлар мен сезімдерді өзгелермен бөлісу қажеттілігі, оларды “біздің ортақ- тығымыз” ету — адамзат жүрегінің бүл қажеттілігі жойылмай- дың, онсыз өмір де жоқ жөне “мүнда қандай да бір қүпия бар”.

Оқытушыға балалардың мүдделері мен оларға қамқор болу- ды біліп қана қоймай, сонымен өмір сүру керек екені маңыз- ды. Өкінішке орай, көбіне үлкендер олардың “қүмарлықтарын” жиі түсінбейді және бөліспейді: кейде оларға маңызды нөрсе, педагогика қызық емес; олардың жанына жақын жөне қымбат нәрсе — оған немқүрайды, жат; оларды шабыттандыратын нөр- се, оқытушылардың қабағын кіржитуі мүмкін. Мүндай психо- логиялық диссонанстар қауіпті, өйткені түлғааралық қатынас- тардың бүзылуына әкеледі. Өдетте біз олармен күресетін жас- тардың көптеген өуестіктері, пікірлері зиянды емес болып шығады нсөне біршама уақыттан соң қоғамдық танымалдыққа ие бола- Ды (музыка, би, киім үлгілері, шаш қою түрі және т.б.). Қарсы күресудің қажеті бар ма? Тіпті жеткіншектер мен жасөс- пірімдердің өлеуметтік “нигилизм” мен “сыншылдығы” да көбіне негізделген болып шығады.

Алшақ пікірлердің салдарынан өзара жақтырмаушылық онан арғы алауыздыққа өкеліп соғады. Жақтырмайтын адамыңмен келіскің келмейді. Тіпті керісінше: оның пікірінен кемшіліктер іздей отырып, рахаттана қарсы шыққың келеді. Мұндай жағдай- ларда жасанды тиісулерді де толық қолдануға болатын сияқты.

Кейбір педагогикалық ұжымдарда айтыс-тартыс көбіне өза- ра жақтырмаушылықпен дұшпандықтан туындайды. Ал егер оқытушылар бір-бірлеріне бауырласқан болса, олар өз үстаным- дарының жақындасу мүмкіндіктерін іздейді. Олардың ақылда- ры өріптестерінің дөлелдемелеріне сезімтал. Бір сөзбен айтқан- да, сүйіспеншілік пен құрмет — келісімге, ал эмоционалдық алшақтық ыдыраушылыққа өкеледі. Мұны заңдылық деп са- науға болады.

Дефицит (тапшылық). Бұл бейнелі ұғымның негізінде адам- заттық қатынастар саласындағы ең бір әлеуметтік маңызды және жұмбақ құбылыстарға — беделдік жаратылысына жарық түсіретін заңдылық жатыр. Бұл адамның өзгелерге психологи- ялық ықпал ету мүмкіндігін анықтайтын адамға деген эмоци- оналдық-бағалаушы қатынасын білдіреді. Бедел адамға тартым- дылық береді, сондықтан оның айналасына оған деген ниеттес адамдардың тобы шоғырланады, ол солардың көшбасшысына айналады. Беделді мүшелері жоқ болса, өлеуметтік топ осал болады, үсақ, майда тобырлар пайда болады, ал қайшылықтар- дың шиеленісуі нәтижесінде топтың қабілеті төмендейді. Міне, сондықтан беделді жетекшінің рөлі осыншалықты маңызды. Оның талаптары ырзашылықпен орындалады, өйткені оған сенеді, оны қүрметтейді.

Зерттеулер көрсетіп бергендей, беделді тұлға ретіндегі ада- мға деген қатынас “дефициттің” психологиялық мінездемесін еске түсіреді. Біз өзге адамдарға қарағанда, өсіресе нақты әлеуметтік қауымдастықтың өкілдеріне қарағанда, аталмыш түлғада айқын көрінетін, қоғамдағы тек тапшы қасиеттерді бағалаймыз. Көпшілікте бар айтулы қасиеттер міндеттілік түрінде қабылданады. Адамдардың басым көпшілігіне жетіспейтін қасиеттердің көрінісі ғана құрмет керсету, мойындау жөне та- быну сезімдерін тудырады. Ал егер қандай да бір бағалы қаси- ет барлығында болса, біз онан айырылған кейбір адамдарға көңіл аударамыз: бұл жақтырмайтын таңғалысты, тіпті жеккөрушілікті тудырады.

“Дефицит” тетігі оқытушының да, педагогикалық үжым жетекшісінің де беделіне шешуші ықпал етеді. Өз уақытысын- да мүғалім “дефициттің” — білімнің, мөдениеттің тамаша тасы- малдаушысы болды. Және бұл оны жалпы бұқараның ортасы- нан, әсіресе ауылда, күрт ерекшелендіретін. Бүгінгі күні жал- пыға бірдей сауаттылық аясында педагог те “барлығы” сияқты көрінеді — оған бір нөрсемен айрықшалану қиын. Бірақ, егер ол қандай да бір талантқа — көркемдік, спорттық, қолөнердіН түрлерінің біріне және т. б. ие болса, өз өріптестері мен түргы- лықты халықтың ортасынан жоғары көрсететін жалпы биік мәдениетке ие болса, оның беделі күшейіп өсе түседі.

“Эмоционалды жаңғырық”. Адамның көңіл-күйінің қорша- ған өлемді қабылдауға қалай ықпал ететінін өркім де жақсы біледі. Көңіл-күй сергек, қуанышты болғанда айналаның бар- лығы да өдемі болып көрінеді: адамдар да, заттар да, табиғат та. Ал көңілсіз жағдайларда бәрі өшеді, бөрі қою түске бояла- ды, тіпті болмашы нөрсе ашу туғызады. Сондықтан адамдармен үрысып қалудан оңай нәрсе жоқ.

Егер педагогикалық үжымда эмоционалдық көңіл-күй төмен болса, егер онда наразылық, ашушаң атмосфера басым болса, онда онан түлғааралық қатынастар да күшті жапа шегеді. Үжымның көңіл-күйі өкімшіліктің содырлығымен, жүмыстың нашар үйымдастырылуымен, керек емес істермен шектен тыс жүктелгендіктен, қалыпты демалыс мүмкіндігінің болмауынан, түрпайы сыншылдықтан, жүйкеге тиетін тексерістер мен есеп берулердің салдарынан үнемі бүзылатын оқу орындары да кездеседі. Мүндай эмоционалдық аяда үрыс-керістер мен қақты- ғыстар жиі орын алады. Ал сергектік, өмірге деген ырзашы- лық атмосфера басым болған жерде, адамшылық қатынастар жақсы жағына қарай өзгереді. Сондықтан педагогикалық үжым- ның көңіл-күйіне деген қамқорлық — бүл сонымен бір мезгілде оның ынтымақтастығына деген, онда бірлесіп қызмет ету үшін қолайлы ауа райын қалыптастыруға деген қамқорлық.

“Ықпал ету”. Балалардың мақсатқа жетуіне ықпал етсе, олардың алға жылжуына көмектессе ғана педагог олармен ор- тақ тіл таба алады. Бүл механизмнің педагогикалық үжым- дағы қатынастарға да ықпалы айдан анық. Жетекшіге ең ал- дымен абыройлы, тиянақты, тәртіпті, оның мақсаттары мен үмтылыстарын қолдайтын оқушылар жағады. Оны өзінің мақ- сатқа жету жолындағы кедергілерді алып тастауға септігін тигізетін, жүгін жеңілдететін нөрсенің барлығы қуантады. Әрине, өзара көмек пен ықпал ету, күш-жігердің келісімділігі қашан- да адамдарды жақындастырады. Ал қарама-қарсы өрекет жақ- тырмаушылық пен ызақорлықты тудырады. Оқығысы келмейтін немесе сабақты бүза беретін оқушының педагогке үнауы мүмкін емес. Жүмысқа іріткі салатын жөне оқу орнының танымалды- ғына нүқсан келтіретін педагогті директордың жақтыруы мүмкін емес. Бүл жерде қызмет пен тікелей байланыстағы қатынастар туралы, өңгіме болатындығын аңғару қиын емес. Бірлесіп қыз- мет етуді, бірлесе шығармашылықпен айналысуды қажет ететін адамдардың ортақ қызметпен айналысатын жерлерінде бүл механизм алдыңғы орынға шығады.

“Ретке келтіру”. Кез келген әлеуметтік қауымда өзара түсіністік пен контактқа (байланысқа) адамдардың өзара өрекетін нормативті негізде реттеген жағдайда ғана қол жеткізіледі. Егерде бірыңғай талап, айқын ереже болмаса, онда әркім өз Қалауы бойынша әрекет етеді және үнемі өзгелердің мүдделеріне соқтығысады, мақсатқа қарай жүруге ықпал етпей, оған кедергі болады. Міне, сондықтан да дөл әрі анық жүріс-түрыс ережелері жоқ немесе олар сақталмайтын жерлерде, әдетте педагогтер қайшылықтар мен қақтығыстарға ұрынады. Тек тұрақты төртіп, өзара өрекет пен жақсы қарым-қатынастың нормаларын (қалып- тарын) сақтау ғана түлғааралық қатынастарды қамтамасыз ете алады, өйткені тәртіп — оқушы мен оқытушы, басқарушы мен басқарылушы бір-біріне жағымсыз өрекеттер жасаудан аулақ болып, бірлесе еңбектену мен бірлесе шығармашылықпен айна- лысу ахуалдарына тән жағдайда қызмет ететіндей, өзара ниеттердің айқындығы.

Мұнда педагогикалық ұжымның жұмылуына ықпал ететін анағүрлым маңызды механизмдер сипатталады. Олардың мәні адамдарды біріктіруші жөне қақтығыстарды ескертуге қабілетті тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың әдістері мен төсілдерін анықтау үшін маңызды.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля