5 декабря, 2017 19:17
Рульдік басқару механишіндегі тексеретін жерлер Рульдік басқарудың техникалық жағдайын К-402 аспабымен тексереді.
Рульдік басңару жүйесіндегі бөлшектердің бекітілуін тексеру |
Рульдік басқарудың люфтісін тексеретін люфт өлшегіш:
1 — үстагыш; 2 — көрсеткіш бағыттагы; 3 — люфт өлшегіштің шәкілі; 4 — қысқыш; 5 — динометриялық түтқа; 6 — серіппе |
Рульдік басқарудың техникалық жағдайын тексеру үшін, автомобиль- дің алдыңғы белдігін жоғары көтеріп, дөңгелектерді қозғалыс бағытына бағыттас етіп қояды. Руль ұстынына бағыттағышты (2) орнатып, ал рульдік дөңгелекке динамометрлік тұтқаны (5) орнатады. Рульдік басқару механизмін тексерудің жэне реттеудің алдында шиналардағы ауаның кысымын, дөңгелектердің күпшегіндегі майды тексереді, содан кейін рульдік басқару механизміндегі люфтіні тексеруге кіріседі. Рульдік дөңгелекті оңға жэне солға тез-тез бұрып, бағыттагыштың көрсеткіші бойынша люфтіні анықтайды. Егер рульдік механизмдердің жалғасқан жерлеріндегі топсаларда саңылау бар болса, автомобильді пайдалануға гыйым салынады.
Автомобильдің рульдік басқаруының жалпы люфтісі СП-1 аспабымен де тексеріледі |
Люфт әлшегіш |
Рульдік басцарудың люфтісін тексеретін ИСЛ-М аспабы |
Рульдік басқарудың жинақты люфтісін тексеретін әмбебап аспаптар жеңіл, жүк автомобильдерінің жэне автобустардың люфтісін тексеруге
арналған. Рульдік дөңгелектің гидрокүшейткішін тексеру үшін, жылжымалы К-405 немесе К-465М стендтері қолданылады. Гидрокүшейткішті тексеру үшін аспапты автомобильдегі сорғыға жалғайды, майдың температурасы 65…75°С болуға тиіс. Қозғалтқышты іске қосып, рульдік дөңгелекті кез келген жағына аяғына дейін 98 Н-нен кем болмайтын күшпен бұрайды. Майдың кысымы ЗИЛ автомобилі үшін 6 МПа-дан кем болмауға тиіс. Егер майдың қысымы бұл көрсеткіштен кем болса, манометрдің көрсеткішін қадағалай отырып вентильді жабады, сонда майдың қысымы 6,5 МПа-ға көтерілсе, сорғы ақаусыз болып есептеледі, ал егер майдың қысымы вентиль жабық тұрғанда 6 МПа-дан аспаса, сорғы да, рульдік ме- ханизм де жөндеуді қажет ететіндігін көрсетеді. КамАЗ автомобилінде қозғалтқыштың айналу жиілігі 600 мин-1 болғанда, гидрожүйедегі майдың қысымы 7,5 МПа, ал вентиль жабық тұрғанда, жүйедегі қысым 8,5 МПа-дан кем болмауға тиіс (вентильді 15 секундтан артық жауып тұруға болмайды). К-405 жэне К-465М аспаптарының өздерінен басқа тағы да қосымша аспаптары болады, сол арқылы жүйедегі майдың қысымын (қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін электронды тахометр арқылы қадағалайтын), өткізетін майдың мөлшерін, жүйедегі майдың температурасын өлшейді. |
Рульдік баскаруды тексеру тэртібі:
Рульдік басқару люфтісін тексеру үшін дөңгелекті қозғалыс бағытына сәйкес орналастырады. Аспаптың панелінің үстіне рульдік дөңгелекке жететіндей етіп, үшкір затты бекітіп қояды. Рульдік дөңгелекті басқару дөңгелектері орнынан қозғалғанға дейін оңға бұрып, үшкір заттың рульдік дөңгелектегі көрсеткен орнын белгілейді, содан рульдік дөңгелекті солға бұрайды да, рульдік дөңгелектегі үшкір заттың көрсеткен орнын белгілеп, люфтіні анықтайды. Люфт жеңіл автомобиль үшін 10°-тан немесе 36 мм.- ден аспауы керек рульдік дөңгелектегі белгі бойынша (22.6-сурет). |
Люфтіні өлшеу тәсілі |
Рульдік тартқыштардың саусақтармен жалғасқан жерлеріндегі саңы- лаудың бар-жоғын анықтау үшін жалғасқан жерді суретте көрсетілгендей ұстап, рульдік дөңгелекті ары-бері қозғағанда қолға жылу сезілсе, онда саңылаудың болғаны |
Саңылауды аньщтау тәсілі |
Рульдік рейканың сыртқы қорғағыш қабын тексеру. Онда жыртылған, сызат түскен жер болмауға тиіс. |
Рульдік тартқыштар, рульдік рейкалардың топсаларындағы люфтіні жоғары-төмен қозғау арқылы анықтайды. |
Тартқыштардагы люфтіні анықтау |
Егер ыдыста май болмай, сорғы майсыз жұмыс істеп қалған жағдайда, сорғыда ақау пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда сорғының жұмыс істеуін, қозғалтқышты жұмыс істетіп қойып, рульдік дөңгелекті оңға, со- дан кейін солға бұрап дыбысын тексереді. Дыбыста өзгеріс пайда болса, онда сорғыда ақау болғаны.
Гидрокүшейткіші бар автомобильдердің соргысы, жетектейтін белдіктің керілгендігі тексеріледі. 40 Н күшпен басқанда, белдіктің майы- суы 15…22 мм-ден аспауға тиіс. |
Белдіктердің ақаусыздыгын тексеру сұлбасы: 1 — иінді біліктің тегершігі; 2 — кергіш ролик; 3 — реттегіш бұранда; 4 — бекіткіш бұранда;5 — генератордың тегершігі; 6 — соргының тегершігі; 7 — белдік |
Гидрокүшейткіш белдігінің жай-күйі эр 15 мың шақырым жол жүрілгеннен кейін тексеріліп тұрады. Белдіктің жағдайына байланыссыз оны 60 мың шақырым жол жүрілгеннен кейін ауыстыру кажет. |