Рульдік басқарудыц негізгі ақаулары

4 декабря, 2017 19:15

Рульдік дөңгелектегі люфт нормативтік көрсеткіштен артық: жеңіл автомобильдер жэне соның негізінде жасалған жүк автомобильдерінің рульдік дөңгелектеріндегі люфт — 10°-тан; автобустардың рульдік дөңгелектеріндегі люфт — 20°-тан; жүк автомобильдерінің рульдік дөңгелек- теріндегі люфт 25°-тан аспауға тиіс.

 

Егер осы көрсеткіштерден асатын болса, оның себептері:

•       рульдік дөңгелектің рульдік білікпен жалғасатын жері Оосаған;

•       рульдік ұстын бекітілетін жер босаған;

•       рульдік механизмнің картері босаған;

•       қосқыш жалғастырғышта люфт бар;

•       мойынтіректерде люфт бар;

•       түреннің бекітілуі босаған;

•       дөңгелектің мойынтіректеріндегі саңылау үлкейген.

Автомобиль қозгалганда рульдік дөңгелектің бүрылуы қиындаган.

Себептері:

•       тістегеріштің ілінісінде саңылау реттегенде пайда болады;

•       рульдік тартқыш немесе рульдік білік майысқан;

•       шар тэрізді саусақтардың элипс пішіндес желінуі;

•       рульдік механизмдегі майдың қоюлануы;

•       ыдыстағы май деңгейінің төмендеуі;

•       майсорғы қажетті майды бере алмайды — жетектегіш белдік босаған, сактандырғыш клапан бұзылған.

Рульдік басқару жұмыс істемейді.

Себебі:

•       рульдік тартқыштар жалғаспаған;

•       тістегеріш пен ролик орнынан қозғалмай қалған.

Рульдік басқару техникалық талаптарға сай барлык жұмыс тэртібінде сенімді басқару жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Басқарудың на- шарлауы шиналардағы ауаның кысымының төмендеуі, дөңгелектің алшақтылығының жэне жантаюының бұзылуынан болады.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля