СЕМАСИОЛОГИЯ

6 марта, 2018 17:30

 

Сөздік кұрамдағы жеке единицалардың білдіретін мағыналарын, оның түрлері мен дамуын, ауысуы мен өзгеруін карастыратын ілім семасиология деп аталады. Семасиология (грек. зешазіа — мағына, 1о§оз — сөз, ілім) — Европалық тіл білімі дәстүрінде: лексикалык семантиканы, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейтін тіл білімінің бір тарауы. (Лингвистикалық түс сөздік, 185).

Семантика (грек. зетапіікоз — белгілеуші) тіл немесе оның бірлігі арқылы берілетін мағына, хабар. Семантика дегеніміздің өзі мағыналы сөз болып табылады, ол «семантикалық үшбұрышты» құрайды: а) сыртқы элемент (дыбыстар немесе графикальщ белгілер); ә) болмыс заты (зат, құбылыс, процесс, касиет) — денотат (референт); б) зат туралы ұғым не түсінік (ұғым, сигнификат, интенсионал, белгіленетін нәрсе).

Сөз мағынасын лингвистикада семантика деп те атайды, яғни сөздің семантикалык жагы дегенде, сөздің мағыналык ерекшеліктері түсіндіріледі.

Табигат пен коғамдағы заттар мен кұбылыстар сөз аркылы аталатын болғандықтан, сол белгілі бір ұғымның атауы болатын эрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Сондықтан сөз каншалыкты күрделі болса, сөз мағынасы да соншалықты күрделі және әртүрлі.

Сөз мағынасы — ұғымның мазмұны, оның адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі, баскаша айтсак, мағына дегеніміз — ұғымның сөзде бейнеленуі, яғни сөз мағынасы мен ұғым тығыз бірлікте.

Сөз мағынасы таным кағидасымен (теориясымен) тікелей байланысты. Адам затты, кұбылысты қаншальщты жақсы таныса, сол затты, құбылысты белгілейтін сөздердің мағыналарын соншалықты анық, айқын біледі [36.135] Семасиологиялық зерттеулердің ең бірінші карастыратын мәселесі — сөз мағынасы. Тіл білімінде лексикалык жэне грамматикалық мағыналардың бар екендігі, олар тығыз байланыста болып, өзіндік белгілерге де ие болатындығы әбден дэлелденген.

Толық мағыналы сөздердің морфемалары, яғни түбір мен аффикстер магынаның екі түріне ие. Түбірлер — заттық мағынаны білдіріп, негізгі лексикалық мағынаға ие болса, аффикстер — грамматикальщ мағынаны кұрайды. Сөздің жеке тұрғандагы немесе сөйлем құрамында келгендегі білдіретін ұғымдық бейнесін — лексикалық мағына дейміз.

Академик В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының үш түрін көрсетеді: атауыштык (номинативті) мағына, фразеологиялық байлаулы мағына және синтаксистік шартты мағына.

Атауыштьщ мағына сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес кұрамындагы мағынасы, фразеологиялык байлаулы мағына тек тіркес кұрамында, ал синтаксистік шартты мағына тек сөйлем ішінде айқындалады.

Грамматикалық мағына деп — сөздің эртүрлі грамматикалық тұлғалары аркылы түрлену нәтижесінде пайда болған мағыналары. Мысалы, кітап сөзіне — ым жалғауын қоссақ- тәуелдік мағына, -лар жалғауын қоссақ — көптік магына, — тың, -пен деген сиякты септік жалғауларын коссақ септік мағына туады. Сонымен сөз мағынасы өте күрделі, бірнеше кабаттардан тұратын тілдік категория. Лексикалық мағына дегеніміз белгілі бір дыбыс не дыбыстар тізбегі мен шартты, тарихи жэне әлеуметтік байланыска түскен объектив дүниедегі заттардың, амал-эрекеттердің, түрлі құбылыстардыңадам санасындағы жалпыланган, дерексізденген бейнесі (М.Оразов, 45). [60.45]

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля