16 ноября, 2017 19:03
Рульдік дөңгелекті бұр- ганда, барлық бұрылу диапазонында жұмсалатын күш бірқалыпты болуға тиіс. Рульдік басқарудың техникалық жағдайын оны бөлшектеусіз, люф- тасы жэне бұруға жұмсалатын күш арқылы бағалайды. Люфтінің толық жиынтығы зауыттың пайдалану көрсеткішінен аспауы керек.
Егер ол көрсетілмесе, жеңіл автомобильдер үшін…………………
Автобустар үшін……………………………………………………………………… ^ о Жүк автомобильдері үшін………………………………………………………. ^5 |
Рульдік басқарудың жай-күйін анықтау үшін механикалық жэне электрондық люфт өлшегіш пайдаланылады.
Механикалык люфт өлшегіш автобустың, жеңіл жэне жүк авто- мобильдерінің рульдік басқару жүйесінің техникалық жағдайын анық- тауға арналған. Аспап екі бөліктен: динамометр жэне көрсеткіш тілден тұрады. Дина- мометр рульдік дөңгелекке орнатылады, ал көрсеткіш тіл рульдік ұстынға бекітіледі. Люфт өлшегіштің өлшеу диапазоны 0…25°-қа дейін. Люфтіні өлшеу үшін екі адам қажет, бір адам кабинада отырып рульдік дөңгелекті бұраса, екіншісі сыртта дөңгелектердің қозғалысын қадағалап тұрады. |
К-187 аспабы: 1 — қысқыиі; 2 — көрсеткіш; 3 -люфт өлшегіштің
шәкілі; 4 — қысқыш |
Динамометрдің тұрқына 10 Н-нан артпайтын күшпен рульдік дөңгелекті солға бұрады да, динамометрдің тілін нөлге қояды. Содан кейін рульдік дөңгелекті сондай күшпен оңға бұрайды, рульдік дөңгелекте күш арта бастағанда бұрауды токтатып, люфт өлшегіштегі көрсеткішті анықтайды. Ал егер рульдік басқару гидрокүшейткіш арқылы жұмыс істейтін болса, онда люфтіні қозғалтқыштың орташа айналымында анықтайды.
Гидрокүшейткішті жэне гидросорғыны тексеретін аспап та пайдала- нылады, онымен: — айналу жылдамдығын; — гидросорғының қысымын жэне өнімділігін; — рульдік дөңгелектің бұрылу бұрышын; — майдың температурасын анықтайды. |
а б в
: а — қысым өлшегіш аспап; б — аспапты қосу; в — қысымды тексеру |
Аспаптың құбыршегі рульдік басқарудың гидрокүшейткіш жүйесіне қосылады. Майдың қысымын тексергенде, оның көрсеткіші 4…6 МПа болуға тиіс.
Гидросорғының өнімділігін 600 айн/мин-да тексереді, сондағы қысым көрсеткіші 9,5…6 л/мин-нен кем болмауы керек. Аспапты қосу жэне тексе- ру тәсілі жоғаргы суреттерде көрсетілген. Гидрокүшейткішті гидросорғының 1300…1500 айн/мин-де тексереді. Гидрокүшейткіш рульді 2…5° бұрғанда жұмыс істеуге қосылады. Ең жоғарғы қысым рульдік дөңгелекі шеткі оң немесе сол жаққа бұрғанда пайда болады. |
: а — рульдік дөңгелекті шеткі оң жаққа бұрганда; б -рульдік дөңгелекті
шеткі сол жаққа бұрганда |
Электронды люфт өлшегіш аспап келесі өлшемдерді өлшеуді қамтамасыз етеді:
— рульдік дөңгелекті бұрғанда басқарылатын дөңгелектердің жүруін бастар алдындағы рульдік дөңгелектің жиынтық люфтісін; — рульдік басқарудағы люфтінің орташа көрсеткішін анықтау; — рульдік дөңгелекке түсетін күштің мөлшерін анықтау. Люфтіні жэне рульдік басқаруға түсетін күшті өлшеуге бір адам жеткілікті. Аспаптың жұмыс істеу тэсілі автокөліктің рульдік дөңгелегінің бүрылуын оптикалық-механикалық бергіштің көмегімен өлшеуге негізделген. Электронды блок түріне жасалған аспап автокөліктің рульдік дөңге- легіне жэне басқарылатын дөңгелекке шығарылып орнатылатын бергіштен тұрады. Электронды блокта оптикалық-механикалық бұрылу бұрышын өзгерткіш, сандық индикатор, микропроцессорлы сигналды өзгерткіш орнатылған. Рульдік дөңгелектің бұрылу бұрышы — 0…1200. |
Дөңгелекке бергішті орнату: 1 — индуктивті бергіш; 2 — тіреу; 3 — электронды блок; 4 — басңарылатын дөңгелек |
.Электронды люфт өлшегіш: 1 — бекіткіш; 2 — электронды блок;
3 — күш өлшегіш |
Аспаптың функционалды сүлбаеы дөңгелек қозғалғанда бергіштің индуктивті кедергісінің өзгеруі соташық жылжығанда балама кернеуге өзгереді жэне үдеткіш арқылы микропроцессорға беріледі (9.26-сурет).
Бұрышты есептеу дөңгелектің жиегі 0,1 мм. жылжығаннан бастап жүргізіледі. |
Аспаптың функционалды сұлбасьі |
Электронды люфт өлшегіште бір оператор жұмыс істейді.
Аспапты қосқанда дыбыс сигналы беріліп, индикаторда «РАБОЧИЙ РЕЖИМ» жұмыс тәртібі деген жазу шығады. «ВВОД» енгізу тетігін басқанда, индикаторда «НОМЕР АВТОМОБИ- ЛЯ» деген жазу шығады. Автомобильдің нөмірін жазып, енгізу кнопка- сын басады. Одан кейін «Есептеу саны» деген сөз шығады. «ВЫБОР» таңдау тетігін басып, есептеу санын өзгертеді, ол 1-ден 9-ға дейін. Индикаторда «ИЗМЕРЕНИЕ» жазуы шыққаннан кейін аспап өлшеуге дайын болып есептеледі. Рульдік дөңгелекті жайлап бір жағына бұрғанда, «ЛЮФТ ВПРАВО ВЫБРАН» немесе «ЛЮФТ ВЛЕВО ВЫБРАН» деген ақпарат пайда болады. Одан кейін рульдік дөңгелекті кері бұрағанда, «СУММАРНЫЙ ЛЮФТ» мәлімдемесі шығады. |