САН ЕСІМГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

12 апреля, 2018 9:28

 

Сан есім-окулыктарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тэн лексика- грамматикалык мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді (6, 200). Олай болса, сан есім- создерді таптастырудың бірінші ұстанымына сәйкес яғни семантикалық сипаты жағынан сандык, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде колданылады, ал зат есіммен тіркескенде заттың накты сандык мөлшерін көрсетеді.

Сан есімдер- тілімізде өте көне заманнан бері колданылып келе жаткан сөздер. Сондыктан бұлардың калай жасалғандыгы жөнінде ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Мысалы, Н. А. Баскаков сан есімдер- есімдерден болініп шыккан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сиякты белгі мағынасын білдіретіндігін айткан. (11) Ал казак тіліндегі сан есімді зерттеген Ә. Хасенов “Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік корға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыккан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат кажеттігінен туды деген пікірге ешбір кайшы келмейді, кайта оны толыктыра, растай түседі… сандык семантикалы есімдер мен соз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды (55, 20),”- дейді. Осылайша-,ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғаяымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын гылыми түрғыда дәлелдеп берді (41).

Олай болса, сан есімдер-өздеріне тэн жасалу тэсілдер бар, өздерінің табиғи қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана түрленетін, мағыналык жағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі қызмет атқаратын еөз табы. Осы ерекшеліктеріне қарай сан есімді де үш блокка бөліп қарастыруға болады:

  • блок-сан есімнің лексика-семантикалык сипаты
  • блок-сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
  • блок-сан есімнің синтаксистік қызметі
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля