Тұлғалық өсу және өзіндік сананы айқындау (психологиялық тренинг)

24 апреля, 2018 13:27

Тұрсынбекова Назерке Бауыржанқызы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі
Психология пәнінің оқытушысы

 

Тұлғалық өсу және өзіндік сананы айқындау

(психологиялық тренинг)

 

Мақсаты:
1. Білім алушылардың тұлғалық өсуі мен ұлттық сана-сезімін айқындауға,өз мінезіне басшылық жасай алуын, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға қалыптастыру.
2. Көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу.
3. Көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сезінуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.
Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қағаздар, тақырыптық суреттер мен презентация .

 

Ереже:

  1. Білім алушыларға пайдалы нәрселерді беру;
  2. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болу;

3.Білім алушыларды өздерін еркін ұстауға үйрету;

  1. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету;
  2. Белсенділік таныту;
  3. Көңілді бөлу.

Тренинг барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату

Бейнетаспа «Мақсатыңа жет» мотивациялық көрсетілім

Таныстырылым:

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ  Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.     ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.   Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.   Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.   Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.   Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.

 

 

«Мен және өмір» жаттығуы

Шарты: Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы: «Мен, Айбол өмірде бақыттымын»

дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

 

 «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз … қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.

 

 

 Релаксация: «Гүлдер». (Әуен ойнап тұрады)

Жайлап тұрамыз және көзімізді жұмамыз. 2 – 3 рет демімізді шығарамыз. Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатырған гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әрбірің шығармашылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (Қолдарын созады)

«Мен бақытты боламын» Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрсіп, жабылады (қолдарын тізе үстіне қойып бүрсіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Міне осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға сыйлаңыздар.

Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады? Ол гүл біреу ме? Тікені бар ма?

Ипульс өткізу. Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды (3 рет).

Нұсқау: Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз. Орта бізге ыңғайлы.

 

Анаграмма шешу.

 

И Н Х У А Р А Ғ Ң Ж У Ы Р  РУХАНИЖАҢҒЫРУ

Л Ә М І Ң К Л Г І Л Е МӘҢГІЛІК ЕЛ

А С Н А Л Ұ Ы Қ Т Ы Т ҰЛТТЫҚ САНА

З И О Т А П Т М Р И  ПАТРИОТИЗМ

ҒУАТНРЕЖ ТУҒАН ЖЕР

ГРПАТМАМЗИ  ПРАГМАТИЗМ

ҚЗААҚ ЛЕІ ҚАЗАҚ ЕЛІ

АНСНАҢЫ ҚЫШҚАЫТЫҒ САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ

ІЛБМІ БІЛІМ

 

 

 

 

 

«Таңдап ал» ойыны
Әр білім алушы өзіне ұнаған түстегі карточканы алып сұраққа жауап береді
1. Жақсы адам болу деген не?
2. Жақсы іс адамның қандай іс-әрекеттерінен байқалады?
3. Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді?
4. Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
5. Айналадағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесің?

 

 

Аяқталмаған сөйлем

«Рухани жаңғыру — ……..»

«Рухани жаңғыру — дәуір талабына сай жаңғыру»

«Рухани жаңғыру — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»

 

Рефлексия.Көңіл күймен бөлісу

0

Автор публикации

не в сети 6 лет

Назерке Турсынбекова

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 23-04-2018

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля