6 декабря, 2017 15:51
Қазақ елі егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болды. Егемендік — ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқының ұлы арманы еді. Сол арманымызға жеттік.Ал, ғасырлар бойы өзгеге бодан болып, енді ғана азат- тықтың дәмін татқан елдің әрбір азаматы мүндайда өзіне- өзі: „Мен кіммін? Біз кімбіз? Ата-тегіміз кім?» деп сауал қояры хақ.Сонымен, біз ата-тегімізді білеміз бе? Оны білу үшін не қажет? „Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөздің түпкі мәнісі неде? Ата-тек — (орысша: родословие, древо) сөзін қалай түсінеміз?
Бүр сүрақтарға бірден жауап беру жеңіл-желпі іс емес. Өйткені кеңестік заманда ата-тек сүрастыру айып саналды. Өзінің шыққан тегін айтқан адамды — рушыл, үлтшыл, тіпті нәсілшіл деп сынады. Сол себепті үзақ жыл- дар бойы ата-тек шежіресі ғылыми түрғыдан да зерттелмей келген еді.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық ой-сананы қайта қүра бастағалы бері ата-тек мәселесіне, қазақ шежіресіне біртіндеп назар аударыла бастады.
Сонымен, шежіре дегеніміз не?
Шежіре — халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарихи ғылымның бір тармағы. Ежелгі ру, жүрт, үлыс, тай- палардың, бүкіл бір халықтың шығу тегін, өсіп-өрбуін, да- му тарихын үрпақтан-үрпаққа жеткізетін шежіре-жылна- малар үлттық мәдениеті бар елдердің бәрінде де кезде- седі. Тегінде мүндай шығармаларды екі топқа бөліп қараған жөн деп білеміз. Б і р і — тарихи оқиғаларды жіпке тізгендей етіп, хронологиялық тәртіп-пен баяндай- тын ресми жылнамалар. Ал, е к і н ш і с і — тарихта болған жеке қайраткерлердің өмір жолын яки түтас бір ру, тайпа, яки халықтардың шығу тегін, өсіп-өрбуін, кезеңдерін, т. б.
сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсе- тетін көркем шежірелер.
Біз қазір дарынды қаламгерлердің қолынан шыққан осындай көркем шежірелер жайында сөз қозғап отырмыз.
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірін танып-білу- де тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер ерек- ше зор рөл атқарады.
Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мура ретінде келе жатқан шежірелерді қазақ ойшылда- ры, ақындары мен жыраулары жақсы білген.
Ресми шежіре — тарих ғылымының бір тармағы іспеттес деуге болады. Дегенмен қазақ елі шежірені тари- хи тақырыпқа жазылған көркем туынды деп таныған. Тіпті алғашта ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи жырға айналдырып жіберетін болған. Соның өзінде, шежіренің негізгі сю- жетін, тарихи фактілерін көбінесе дерлік өзгертпей сол күйінде сақтап қалып отырған.
Шежіре жазушылар өз дәуіріндегі саяси күрестің қызу ортасында жүрген. Олар белгілі бір мағынада өз за- манының тарихшы-ғалымы, саяси қайраткері секілді болған. Шежірешілер сан алуан тарихи қүжаттарды, өздерінен бүрынырақ жазылған жылнама-шежірелерді жинақтап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қосып жазып отырған. Сосын оны кітап көшірушілер — хуснихатшылар бірнеше дана етіп көшіріп жазатын болған. Көп томдық қолжазба-кітаптар осылайша өмірге келген.
Мүндай шежіре-кітаптар кезінде зор рөл атқарған. Әрбір шежіре авторы өз елінің даңқты тарихын, елді сыртқы жаудан қорғауға ерлік көрсеткен батырларын, ал- дына жан салмаған ақындары мен шешендері, ел басқарған ақылгөй-абыз ақсақалдарын, хандарын, т. б. мадақтап отырған. Ең бастысы — жылнама яки шежіре жазушылар өзі өмір сүріп отырған дәуірдің саяси оқиғаларын өзінен сан ғасыр бүрынғы тарихи
оқиғалармен тығыз байланысты түрде айтуға әрекет жа- сайтын болған.
Қазақ тарихында кезінде кең өріс алған дәстүрлердің бірі — шежіре тарқату еді.
Қазақ халқының тарихына тікелей немесе жанама қатысы бар шежіре кітаптар, хуснихатшылар тарапынан көшірілген қолжазба шежірелер кезінде оқырман қауымға жақсы мәлім болған. Олар: Байбарыс пен ибн Халдун жазған „Қыпшақ шежіресі», Үлықбектің „Сүлтан- дар шежіресі», „Насаб-наме Шыңғыс», „Насаб-наме қазақ», Әбілғазының „Түрік шежіресі», Қадырғали Жа- лайыридің „Шежірелер жинағы», Хайдар Дулатидің „Та- рих-и Рашиди», Захириддин Бабырдың „Бабыр-наме», Шоқан Уәлиханов жазып алған „Үлы жүз шежіресі», Аб- дулла Ниязовтың „Үш жүздің шежіресі», Өтеу Бөжейүлы- ның „Қазақ жүртының шежіресі», „Үш жүздің шежіресі» (Н. И. Гродеков жазбасында), Диханбай батырдың „Үлы жүз шежіресі» (Н. А. Аристов жазбаларында), Шәкәрім Қүдайбердіүлының „Түрік, қырғыз-қазақ һәм ханлар шежіресі», Нүржан Наушабайүлының „Манзумат қазақиясы», Ғүсманғали Сыдықовтың „Қырғыз-қазақ шадманиясы», Мүхамеджан Тынышбайүлының „Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар», В. Востров пен М. Мүқанов „Қазақтардың ру қүрамы мен қоныстануы», тағы басқалар. Бүл шежірелердің көпшілігін қазақ қауымы кезінде тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде қабылдап, ел арасына ауызша да, жазбаша да кең таратып жібергені мәлім.
Шежіре жазушылар тарихи деректерге ғана емес, шығарманың көркем тілмен жазылуына да ерекше мән беріп отырғаны мәлім. Қазақ қауымы тіпті қара сөзбен жазылған шежіре тарихтың өзін бейне бір дастан-жыр секілді үйып тыңдаған. Мүны шежіре жазушылар мықтап ескеріп келгенін аңғару қиын емес.