Техникалық пәндердің мазмұнының қалыптасуы

18 февраля, 2018 17:39

 

Оқу пөндерінің мазмүны сөйкес ғылымдардың білім жүйесі негізінде қалыптасады. Кез-келген ғылымның өзінің тарихы мен даму логикасы болады. Ғылым ретіндегі электротехника- ның даму ерекшелігі оның ашық теориялық ғылым — физика- ның практикалық қозғалысы нөтижесі ретінде пайда болған тарихтағы ең алғашқы ғылыми білімнің саласы екендігімен сипатталады. Сондықтан электротехниканы үзақ уақыт бойы электрді қолдану туралы ғылым деп атап келді.

Физикадағы электрлік жөне электромагниттік қүбылыстар- дың ашылуы барысында техникалық өнертапқыштықтар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптаса бастады. Мысалы, телеграфтың, электр шамының жөне электрмен жарықтандырудың схемала- рының, электр двигателінің жөне т.б. ойлап табылуы.

Қазіргі уақытта ғылыми жөне инженерлік білімдердің бүл саласы қазіргі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуында орасан зор рөл атқаратын ғылыми салалардың күрделі кешенін білдіреді.

Электротехниканың дамуының төрт кезеңін бөліп қарасты- руға болады.

  • кезең (1860-1880) — аса қарапайым электротехникалық қүрылғылардың жасақталуы жөне оларды төжірибелік зерттеу. Алғашқы қүрылғыларға телеграфты, электр шамын, түрақты токтың көзі — вольт бағанасының қүрылуын жатқызуға бола- ды. Қолданбалы электротехниканың дамуы тұрақты ток тізбектері теориясының басталуына негіз болды. Бүл кезеңде электр тізбектері теориясының негізгі үғымдары анықталды. Өнертап- қыштардың алғашқы электротехникалық қүрылғыларды жаса- уында негізгі бағдардың рөлін физика атқарды.
  • кезең (1880-1900) электротехникалық қүрылғылардың жүйесін даярлаумен байланысты. Бүл кезеңде электрлік маши- на, М.О.Доливо-Добровольскийдің электр токтарының үш фаза- лық жүйесі ойлап табылды. Француз ғалымы М.Депре жөне орыс физигі Д.А.Лачинов “генератор-линия-двигатель” жүйесіндегі физикалық процестерді математикалық талдаудың көмегімен электр тасымалдаудың үзақтығына кернеуді үлғайту арқылы жетуге болатындығын көрсетті. Бүл теориялық түжырым электр тізбектерін зерттеу саласындағы білімдерді қорытындылады жөне жаңа электрлік теориялардың пайда болуына серпін берді. Бүл теориялар дамытылып, электр машиналарының теориясына жөне электр буындарының теориясына трансформацияланды. Осы- лайша бүл кезеңде ғалымдар арнайы білімдерге деген, зерттеу өдістеріне деген және практиканы қорыту төсілдеріне деген қажеттілікті сезінді.
  • кезең (1900-1917) — электротехниканың техника мен өнеркөсіптің барлық саласына енуі мен экспанциясы. Бүл ке- зеңде электротехникада аяқталған электротехникалық теория- лар қалыптасып бітті: электр тізбектері теориясы, электр ма- шиналар теориясы, айналмалы электромагниттік өрістер теори- ясы, симметриялық қүрамдастар теориясы. Электротехникалық ғылымның өзінің жеке категориалдық аппараты, электротехни- калық қүрылғылардың жүмыс көрсеткіштерінің жүйесі интенсивті түрде жасақталды: пайдалы өрекет коэффициенті, жүктеменің қарсыласуы, қоздырғыш тобы жөне т.б. Электро- техникалық мектептер пайда болды. Олардың бірі К.А.Круг басқарған мөскеулік электротехникалық мектеп болды.

ІҮ кезең (1917 жылдан қазіргі күнге дейін) — электротех- никадан жаңа ғылымдар бөлініп шықты: жоғарғы кернеулер техникасы, электро материалтану, электроника жөне т.б. Мәскеудін, Ленинградтың, Харьковтың техникалық жоғары оқу орындарында электротехниканың теориялық негіздерінің алға- шқы кафедралары пайда болды және дамыды. Ресейдегі “Элек- тротехниканың теориялық негіздері” (ЭТН) атты оқу курсының бірінші рет пайда болуы В.Ф.Миткевичтің, К.А.Кругтың есімдерімен байланысты. ЭТН курсы инженерлер үшін техни- калық білімдерді танымалдандыру үшін емес, фундаменталды электротехникалық мөселелерді шешудің өзіндік теориялық концепцияларын дайындайтын сапалы түрде жаңа пән ретінде қүрылды. Болашақ техниктер мен инженерлерді жаңа техника- ны даярлауды жөне зерттеуді іске асыруды үйрету үшін оқу пөндерінің арнайы жүйесі қүрылды.

Сонымен біз электротехниканың қалыптасу тарихына азға- на саяхат жасадық. Мүның тек жөй айғақтардың тізімі ғана емес идеялардың, пікірлердің, мектептердің күресі екендігін айқын түсіну керек. Алайда электротехниканың дамуын тек физиканың жаңалықтары мен практикалық қолданылуы ретінде ғана қарастырмау керек. Электрлік жөне электронды прибор- ларды жасаудағы электротехниканың және электрониканың жеткен жетістіктері, өз кезегінде атомдық қүбылыстарды, плаз- маны жөне т.б. зерттеуде физиктерге үлкен көмек көрсетті.

Логика мен ғылым тарихының, оның дамуының оқу пөнінде бейнелену деңгейі туралы мөселе туындайды. Кәсіптік-техника- лық училищелер үшін “Электротехника” оқу пәнінің мазмүны- ның даму тарихы онда базистік ғылымның даму тарихы бейнеленетіндігін көрсетеді. Осыған орай бірнеше ондаған жыл- дар бойы электротехника қолданбалы ғылым ретінде қарасты- рылды, оқу пәнінің мазмұнында кешегі күнге дейін электр қүрылғылары жұмысының техникалық принциптері жараты- лыстанымның қолданбалы аспектілері ретінде түсіндірілді.

1940 жылдардағы электротехника бойынша бағдарламалар- ды тақырыптық жоспарлау көрсететіндей, электр тізбектерін үйренуге арналған тарауда токтың өткізгіш арқылы ағымы барысында физикалық қүбылыстар мен процестер қарастыры- лады. Мысалы, электростатика, токтың химиялық жөне жылу- лық өсері, электромагнетизм жөне т. б. қүбылыстар оқытылды. Ол жылдардың бағдарламалары өз қүрамына түрақты токтың тізбектерін есептеу бойынша (тізбек кесіндісі үшін Ом заңы, Кирхгофтың заңдары) жекелеген мөселелер негізі, бір фазалы ауыспалы токтың тізбектеріндегі элементтер қосындысының қарапайым схемасы, токтардың үшфазалы жүйесін алу принципі қарастырылды. 1960 жылдардың бағдарламаларында бүрынғы қүрылым сақталып қалды. Алайда “Түрақты ток”, “Ауыспалы ток” тақырыптарының мазмүнында түрақты жөне ауыспалы ток тізбектері сияқты электротехникалық практикалардан алы- нған объектілер қарастырылды. Оқытылатын материалға ауыс- палы токтың электрлік тізбектерінің негізгі заңдары енгізілді-

Оқу бағдарламаларын онан өрі талдау 1978 жылы өнеркәсіптік электроника негіздеріндегі электротехника бойынша жасалған бағдарламаларда тақырыптық жоспардың құрылымы өзгергендігін көрсетеді. Тақырыптық жоспарда оқытылатын электротехника- лық құрылгылар — тұрақты токтың тізбектері, ауыспалы ток- тың тізбектері жөне т.б. көрсетіледі. Қарастырылатын физика- лық құбылыстар мен тұрақты және ауыспалы токтардың тізбектерін есептеу зандылықтары мен өдістері зерттеудің өзегін құрайды. 1978 жылдан 1985 жылга дейінгі аралықта орта және техникалық училищелерге арналған электротехника бой- ынша 15 бағдарлама қызмет етті. Бүл оқытылатын пәнді жос- парлау бойынша электротехника оқытушысының жұмысын қиындатты.

Жүргізілген талдаудың нәтижелерін талдай отырып, оқу пөнінің қалыптасуы туралы төмендегі тұжырымдарға тоқталуға болады:

  • оқу пәнінің мазмүны логикалық байланыста болуы керек. Онсыз электротехникалық үғымдар жүйесінің қалыптасуы мүмкін емес. Алайда электротехниканың мазмұны физиканы қайтала- мауы тиіс;
  • электротехниканы оқыту тұрақты ток тізбектерінің қара- пайым құрылғыларынан басталган 1940-70 жылдардың бағдар- ламаларындағы сияқты оқу пөні базистік ғылымның даму та- рихын көшіріп қайталамауы керек;
  • оқу пөні оқытудың мақсаттарынан, оқыту процесі мен базистік ғылымның құрылымына қойылатын психологиялық- педагогикалық талаптардан шыға отырып, белгілі бір кейіпте кұрылымдалуы тиіс/23/.
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля