ЕРІН ҮНДЕСТІГІ

23 марта, 2018 19:32

 

Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне карай үндесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, калған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйолөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, кыргыз тілдеріне тэн заңдылык түрінде танылады.

Қазак тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе элі күнге толык шешімін таба алмай келеді.

Қазіргі казақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазак тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған карағанда ерін үндестігінің казак эдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мэні бар деуге болмайды» (283-6). Ал келесі бетге мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашкы буынның еріндік ықпалы анык сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы кағида фонетика окулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз кайталанып жүр.

Бұдан шығатын тұжырым: казіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү,) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда оларға (е, ы, і) еріндік (ө, ұ, ү,) дауыстылардың міндетті түрде әсері болады. Тіпті «Қазақ тілінде өзге түркі халыктарының тілдеріндегі сиякты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ» — дейтін автор да: «құлұп, жұлұн, төсө сияктанып естіліп тұрса да» — дейді.

Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықовада ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ү,ү,у,о,о дыбыстары жэне екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сиякты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ү, ү-лерге жуықтатып естіртеді. Мысалы: кү-ліп, қү-лын, бү-гін, о-рын болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ыкпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсті».

Сол сияқты сөздің басындагы немесе бірінші ашық буындағы ө дыбысы келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырай естіртеді, бүл әсердің күші үшінші, төртінші буындарды әлсірей түседі. Мысалы: ө-нер, кө-ре-ді, ө-сер деген сөздер өнөр, көрөді, өсөр болып айтылады. Қазіргі кезде бұл сиякты ерін үндестігі байқалатын сөздерді жазылуынша оку орын алып барады, әсіресе, екінші буындагы е дыбысын э етіп, внэр, өрэн, үлэс түрінде айтылушылық байкалады. Бұл, әрине, қате. Ал щолтық, қойдыр, қүлдық көзде сияқты сөздердің екінші буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солгындау (күмүс, өнөр дегенге караганда)»

Ғалымның айтуынша, тілімізде еріндіктер екінші буынның өзінде «жуыктаңкырап», солгындау естіледі. Мұның өзі казіргі айтуга негізделген деуге болады.

Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз. Еріндіктердің орнына езуліктерді жазу — орфографиялык норма, бірізді жазу үшін қажет. Өйткені ерін үндестігінің қанша буынды камтитындығын накты білмей тұрып, еріндіктермен жазған жағдайда ала-кұлалык болмай коймайды. Ал, жазудың орфографиялық норманың басты қағидасы — бірізділік.

Ерін үндестігі, оның күшін аныктауга байланысты пікірлер алалыгы сөздің бірініші буынынан баска буында ерін дауыстыларының жазылмауынан болып отырған жок. Жазудың жетегінде кетіп, солардың айтылуын кадағаламаудан, ескермеуден пайда болып отыр. Қазіргі кезде, эсіресе жастардың тілінде тіпті екінші буында да (өлең, өнер, күлкі, түлкі сияқты создерде еріндіктерді айтпау заңдылыққа айналды деуге болады. Бұл үшін, әрине жастарды кінэлауга болмайды. Окулыктың өзі «еріндік дауысты дыбыставр үндестігі жок» десе, қарапайым тұтынушы оны кайдан ескере берсін.

Еріндіктерді «бас буыннан басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» — деп жазуда шектеген А.Байтұрсынұлы екені белгілі. Бұған карағанда, олар бас буыннан баска буында айтылмайтын сияқты.

Ерін үндестігін аңгарып, айкындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазак тілі жөніндегі еңбектерін екшеп, зерделеу керек болды. Сол үшін де біз оларға біраз токталған едік.

Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. галымдардың еңбектерінен жаксы көруге болады.

Академик В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречи» деп аталатын данкты еңбегінде казак (кітапта кыргыз деп берілген) сөздерін мол қамтыған- Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылган. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айкындау мүлдем киын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін: бөлтүрүк, дүрүлдө, тоқшұлұқ түрінде жазған. «Түркологияның атасы» аталған акдемик В.В.Радловты сөздерімізді бұзып жазған деуге ешқандай хақымыз жоқ.

Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүц, төрөлөргө, төрөлөрдө, төрөлөрдөн, төрөлөрдө, төрөлөрдөй деп септеп, жүдөгөй .жүдөгүймүн, жүдөгүйсүң, жүдөгөйсүз деп жіктейді. Оның айтуынша, ерін үндестігі қазақ, қырғыз тілдерінде ұқсас, тек қазақ тілінде о дыбысы бірінші буында ғана айтылады.

В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранскийде де: «Сонда Таргын сөйлөйдү, сөйлөгөндө бүй дейді»леп келеді. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында (дэл мэселеге байланысты) жаңсақтық, білместік бар деуге әсте аузымыз бармайды. Қайта жазуды күйттейміз деп жүріп, тіліміздегі осы бір жарасымдылықтың киюын кашырып, кұнсыз етіп алсак керек.

Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у дауыссызы да өз айналасындағы кысаң дауыстыларға (жазуда — ы,і, е) азды-көпті эсер етеді. Мұны кезінде В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранский де байкаған. Мәселен, В.В.Радлов сөздігінде: «дәурөн, дэулөт, даусұ, аузұ, ұқшұл, ал П.М.Мелиоранскийде: біредұ, таудұң, ауұздұқ т.б. түрде ұшырайды.

Сингармонизм — тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылык, өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасылымдылығына ерін үндестігі де жатады. «Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішінде күшті болган, енді әлсіреп құрып барады» (академик Н.Сауранбаев) десек, оган себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің кұнтсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялык базамыздың дамуы, ерін үндестігі жок көрші тілдердің әсері деп карау керек [22].

Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін еріндік дауыстылар мен езулік дауыстылардың көрші буындарда катар тұру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сонда екі буынды сөздерде тек ашык а езулігінің гана о, ұ еріндіктерінен кейін тұру мүмкіндігінің барын көруге болады: ора, орақ, отан, қола бұта т.б. Қалған жағдайда еріндіктер мен езуліктер бір сөз ішінде катар айтылмайды. Әсіресе еріндіктерден кейін езуліктің айтылу мүмкіндігі жок деуге болады. Тек мазмұн, мақұл, мақұлық, марқұм, мәжнун, куә, күнә, мәжбүр, дэстүр деген сияқты санаулы ғана кірме сөздерде бұл заңдылық сакталмауы мүмкін. Ашык а және ә езуліктерінің өздерінің ашыктыгының арқасында еріндік Дауыстылармен еркін катынаска түсу мүмкіндіктері бар. Алайда тілдің табиғи жарасымы оларды да шектеп қойған.

Еріндіктердің езуліктермен қарым-қатынасының барынша шектеулі болуы, еріндіктердің өзара (о дыбысынан басқалары) мидай араласып Жататыны, яғни тілімізде ерін үндестігінің барын куаттайды.

Сингармонизмнің мэні мен сэнін кұрауға тіл жэне ерін үндестігі тең Қатысады. Ерін үндестігінің күші, жұрт айтып жүргендей, екі буынмен щектелмейді. Бірінші буында дөңгеленіп, сүйірленіп алған ерін екінші буында (ашык а дыбысы болмаса) тез жайылып өз калпына келмейді және ол үшінші буында да аяктала коймайды [22].

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен катар кояды: олардың тілдегі кызметі мен маңызы, қолданылуы ұксас екендігін, ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтудай-ақ айтып, дәлелдеп жүр. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация корғаган Ұ.Шүленбеава да осы пікірді қуаттап, көп буынды сөздер тұтасымен еріндік болып айтылады дейтін тұжырым жасады.

Қазак тексінің айтылуын күйттеген еңбектерінде Ж. Әбуов, Ә.Жүнісбеков мұны іс жүзінде жақсы көрсетеді, еріндік дауыстылардың шідерін шешіп, тілдің табиғи болмысын танытады.

Егер тілдік норма сол тілді тұтынушылардың басым көпшілігінің колдану практикасына негізделеді десек, әдетте норманы айқындауда осындай критерий алынады, онда қазіргі казақ тілінде ерін үндестігі «енді элсіреп кұрып барады» (Н.Сауранбаев) дегенді де койып, бір жола жойылды десек те болар еді (казіргі казак лингвистерінің көбі осылай ойлайды). Мұның өзі тілдің табиғи дамуынан туып отырған жоқ, тағы да қайталап айту керек, қолдан жасалған жазу нормаларының нәтижесінде жеделдеп отыр.

Ерін үндестігінің сұлбасы ауызекі тілімізде сақталса керек еді. Бұл мэселені арнайы зерттеген авторлар: «Сөздің бірінші буынында ерін дауыстылары келген жерде екінші буындағы қысаң және жартылай қысаң дауыстылардың еріндік сипатка ие болуы — тілімізге тэн заңдылык. Мысалы: дөңгөлөк, бөдөнө, жұмұр т.б.» — дейді де, келесі сөйлемде: «үшінші буындағы дауыстының ерін ықпалдығына шалдығуы оншалық емес», — деген корытындыға келеді жэне сол екінші буыннан асырмауга тырысады. Тек 51- бетте бөгөлөк, өрөскөл, бүлдүргү, 73-бетте көбүрөк, сол 51-бетте бір сөз түсүнүктү болып кетіпті. Авторлар казіргі окыған қауымның ауыз-екі тілін айтып отырған сияқты.

Қазақ тілінің алгашқы орфоэпиялык сөздігінде С.Кеңесбаев пікірі басшылықка алынған, яғни екінші буында еріндіктер жазылып, үшінші буынға емеурін (арнайы белгі койып) жасалган. Одан кейін дүниеге келген сөздік екінші буынмен біржола шектелген. Тек араға 15 жыл салып жарық көрген үшінші сөздікте ғана ерін үндестігі біршама шешім тапқан. Сөздіктің авторы белгілі ғалым М.Серғалиев ерін үндестігі «үшінші буында да айқын байқалады, — деп алады да — ол әсердің әлсіздігі, мүмкін төртінші, бесінші буындарда байқалар. Мәселен: өгүз (жазылуы өгіз) деп айтканға ешбір казактын таңданбайтыны белгілі. Сол сияқты өгүздүң (жазылуы өгіздің) дегеннің кандай кателігі болмак? Тіпті өгүздөрүң (жазылуы өгіздерің) дегеннің де айыбы жок сиқты. Ал өгүздөрүңе (жазылуы өгіздеріңе) дегенде соңғы дыбыстын жазылуынша е (о дыбысы емес) дыбысының айтылуы орынды, — деген қорытындыға келеді.

Сөздікте үшінші, төртінші, ара-тұра бесінші буында да, еріндіктер жазылған. Мысалы: өзгөрүссүз, өкүнүштү, өмүлдүрүк, өршөлөнгөн, т.б.

Біз мұны құптаймыз. Үндестік заңы, еріндік дауыстылардыцң тіркесі бабалар тілінде осылай болғанына күмэніміз жок. Қазіргі айту, жазуға кұлағы, көзі үйренген жұртка бұл, әрине, өгей де жат [22].

Бұл айтылғандардан шығатын корытынды: қазақ тілінде ерін үндестігі болған жэне оның күші санаулы буынмен шектелмейді: алдыңғы буында дауысты о, о, ұ, ү сондай-ақ дауыссыз у дыбыстары болса, келесі буындарда жазылған е, ы, і әріптері айтуда ә, ұ, ү еріндіктеріне айналады.

Мысалы: қорұтұндұсұ (қорытындысы), құлұнұмдұ (құлыньімды), әуөстөндүрұп (әуестендіріп), өздөрүцүзгө (өздеріңізге);

Сонымен ерін үндестігі де тіліміздің өзіндік жарасымын танытады. Әсіресе екінші буындағы еріндіктің езулік болып айтылуы сөздің дыбысталуына ғана нұқсан келтіріп коймайды, тіпті бірінші буындағы еріндіктің анық айтылмауынан сөз мағынасының бұзылу қаупі байкалып жүр.

сөж

  1. Ерін үндестігінің пайда болу себептері.
  2. Қазактіліндегі ерін үндестігінің көрінісі.

соож

  1. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі туралы көзқарастар.
  2. Қазіргі казақ тіліндегі ерін үндестігінің даму дәрежесі.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля