ФОНЕТИКАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ

8 марта, 2018 22:26

 

АБЛАУТ (апофония) (нем. аЫаиІ) — фонетикаға байланысты болмайтын сөзжасамдык жэне сөз түрлендіруші мағынаны білдіретін дыбыстардың алмасуы. Үндіеуропалық (герман) тілдерде А. тұлға мен сөзді ажырату үшін колданылатын тәсіл, бұл ішкі флексия болады [25].

Аккомодация (лат. ассотоёаііо — бейімделу) — фонетикалық бейімделу, катар тұрган аралас дауыссыздың және дауыстының жарым-жартылай артикуляциялык бейімделуі. Жасалу бағытына карай прогрессивті (ілгерінді) жэне регрессивті (кейінді) А. болып бөлінеді. А. бойынша кейінгі дыбыстың басталуы алдыңғы дыбыстың аяқталуына бейімделсе, оны ілгерінді А. керісінше, алдыңғы дыбыстың рекурсиясы кейінгі дыбыстың зкскурсиясына қарай бейімделсе, оны кейінді А. дейді. Мыс., ор. Т. А, О, У дауыстылардың жіңішке дауыссыздарга бейімделуі (мал — мял, вол — вел, лук — люк). Сонымен катар А. ассимиляцияның көрінісі ретінде карастырылады [25].

АКУСТИКА (грек. ассизіісоз — есту) — жалпы акустиканың бөлімі, ол лебіздік сигналдың кұрылымын, сөйлеу процестерін зертгейді. Сөйлеу А.-сы екі кезеңнен тұрады: 1)артикулярлық жолда (дыбыстау мүшелері) дыбыстың пайда болуы; 2)актив жэне пассив дыбыстау мүшелері жасайтын акустикалык фильтерден дыбыстық кұрамының қалыптасуы, қалыптаскан дыбыстың ауыз бен мұрын жолы аркылы кеңістікке шығуы. Жасалу түріне байланысты дыбыстар мынандай топтарға бөлінеді: а) дауыс аркылы жасалған: дауысты жэне үнді; э) салдыр арқылы жасалған: қатаң, ызың жэне аффрикаттар; б) импульсті: катаң, шұғыл дыбыстар; в) дауыс пен салдыр аркылы жасалған: ұяң, ызың жэне аффрикаттар; г) дауыс пен импульс аркылы жасалған: ұяң және шұғыл дыбыстар. Тілдің акустика негіздерін Г.Л.Ф.Гельмгольц калаған.

АКЦЕНТ I (лат. ассепһдз — дауыстың көтерілуі, екпін) ағыл. ассепі, фр. ассепі, нем. акгепі — Екпінмен бара — бар.

АКЦЕНТ II — Екінші тілде өзіндік айтылуы, мұнда Ана тілдің Артикуляциялық базасы еріксіз көрінеді; фонетикалық деңгейдегі Интерференцияның байкалуы.

АКЦЕНТОЛОГИЯ (лат. ассепШз — дауыс көтеру, екпін+грек. Ьо§іа — ілім) — Екпіннің табиғатын, түрлері мен қызметін (қара. Акцент I), онымен байланысты Тон, Просодия кұбылыстарын зерттейтін Тіл білімінің бөлімі.

АКЦЕНТУАЦИЯ (лат. ассепШаІіо, ассепіиз) — 1. Сөз немесе сөйлемшеден Екпіннің көмегімен Сөздегі немесе Фразадағы бір элементтің ерекшеленуі.

  1. Туыстас тілдер тобындағы немесе жекелеген тілдегі екпін жүйесі.
  2. Жазба мэтіндегі екпіннің (қара. Акцент I) таңбалануы, мыс., жазба ескерткіштер мэтіндерінде немесе окуға арналған мэтіндерде т.б.

АЛЛОФОН (грек. АПоз — өзге, баска + рһопе дыбыс) АПорһопе — фонема ның нақты фонетикалык позицияларда таралуы. Мыс., Қаз. т. мектеп деген сөздің түрлі формасы (мектеп — мектепке — мектебім — мектебі) эр түрлі фонетикалык түрде жүзеге асырылады: [мектеп], [мектепке], [мектебім], [мектебі]. Бұл арада олардың әрбір элементі тек қана белгілі бір фонетикалык позицияда мүмкін болатын А. альтернативтік қатарлары көрсетілген (қара.

Фонеманың дифференциялдық белгісі, Фонеманың интегралдық белгісі, Фон, Диструбиция жэне Альтернация).

АЛЬФАВИТ (грек. АІрһаЪеІов, грек. А. Алғашқы екі әрпінің атынан шыккан — альфа мен бета [жаңа грек. вита]) ағыл. АІрһаЪеі, фр. АІрһаЬеІ, нем. АІрһаЬеІ (әліппе) — Жазу үлгісінде белгілі бір орналасу тәртібімен кабылданған Әріптер жиынтығы. А. ойлап табу тілдегі кез келген мэтінді олардың мағынасына көңіл бөлмей жазуга мүмкіндік береді (салыс. Идеограмма, Логограмма, Иероглиф). А. түзу принципін батыс-семит халықтары б.д.д. 3 мыңжылдыктың ортасында ойлап тапқан.

АЛЬТЕРНАЦИЯ (лат. аһетаііо — алмасу, ауысым, ауысып қозғалу) — морфемада немесе сөзде гүрлі колданыста бір орында тұратын дыбыстардың Алмасуы мен айырмашылығы. А. сипатына карай фонетикалык жэне фонетикалык емес (тарихи, дәстүрлі) блып бөлінеді. Фонетикалык позициялық

А.     Фонологияда зерттеледі және Фонемалар кұрамын анықтау үшін колданылады (ор. Ж [гһ] — ш [$һ] номож — нож деген сөздерде). Фонетикалык емес А. позициялык және позициялық емес болып бөлінеді. Көбінесе олар сөзжасамға (морфологиялык А. ор. Т. бегу — бежишь, каз. т. себу — сеуіп, мен — менің — маған — менімен) немесе түрлендіруге (грамматикалык А., ор. Т. сухой -сушь сияқты) ықпал етеді немесе қатысады. Позициясыз А. түрлері — Аблаут, умлаут, Ішкі флексия.

АНЛАУТ (нем. Ап — касында + Ьаиі — дыбыс) — Сөздің фонетикалык бастауы (салыс. Ауслаут)

АРТИКУЛЯЦИЯ (лат. апісиіаіо — бөлшектеу) ағыл. — дыбыстау мүшелерінің дыбыс жасау барысындағы кызметі.А.-ның бірнеше кезеңдері болады: 1( дыбыстың бағдарламасын жасау, қимыл баскарудағы ең жоғары деңгей; 2) нейростимуляция нәтижесінде бұлшық еттердің жиырылу; 3) дыбыс щығару үшін дыбыстау мүшелерінің козғалуы. А. термині бүкіл процеске немесе оның соңғы кезеңіне байланысты колданылады. А.-ны баскару кинестезиялык (кимыл түйсігі) жэне есту кабілетінің кайта байланысу жүйесі аркылы жүзеге асады.

АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ БАЗА (лат. агіісиіаіо < агіісиіаге — анык айту) агыл. Ьа$і$ оГ апісиіаііоп, фр. Ьа$е сі’ апісиіаііоп, нем. айіси1аІіоп$ Ьа$і$ — Дыбыстау мүшелерін колдану дағдыларының аталмыш тілде сөйлеушілерге үйреншікті жиынтығы. А. б. Буын немесе басқа да ырғак единицаларын жасауда жеке дыбыстардың Артикуляциясын, дем шығару, жинақтау жэне бұлшық ет энергиясын бәсеңдеудің жиынтығы. А. б. Акцент II түрінде өзге тілді үйренуде байқалады.

АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ АППАРАТ (лат — агіісиіаіо < агіісиіаге анык айту) ағыл. Агіісиіаііоп, фр. Апісиіаііоп, нем. Апісиіаііоп (артикуляторлы аппарат, сөйлеу аппарагы, айтылу аппараты) — кара. Дыбыстау мүшелері.

АРТИКУЛЯЦИЯ (лат. агіісиіаю < агіісиіаге анык айту) ағыл. Апісиіаііоп, фр. Агһсиіаііоп, нем. Апісиіаііоп — Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыс шығару мүшелері жұмысының жиынтығы (кара. Дыбыстау мүшелері).

АРХИФОНЕМА (грек. Агсһі — баскы + рһопета — фонема) ағыл. . Агсһі рһопете, фр. Агсһірһопете, нем. Агсһірһопет — І.А. вариантпен барабар

(МФШ теориясы бойынша).

  1. Кейбір фонологиялық концепциялар бойынша А. дегеніміз бейтарап қалыптагы дыбыс (Н. С. Трубецкой термині) немесе элсіз фонема Р. И. Аванесов бойынша).

АССИБИЛЯЦИЯ — шұгыл (эксплозив) дауыссыздардың ызың дауыссыздармен алмасуы.

АССИМИЛЯЦИЯ (ыкпал) (лат. аязітііаііо — ұксату) — дыбыстардың комбинаторлық езгерістері; Сөз ішінде немесе Сөз тіркесінде дыбыстардың өзінен бұрынғы (кейінді А) немесе өзінен кейінгі (ілгерінді А) дыбысқа артикуляциялық икемделуі. А. біртекті дауысты дыбыстар (вокаликалық А) немесе дауыссыз дыбыстар (консанантты А.) арасында пайда болады. А. сон дыбыстартолык немесе ішінара сәйкессе, А. толық болады, егер А. соң дыбыстар баска белгілері бойынша өзгешіліктерін сактаса, жартылай А. болады.Шектес дыбыстардың А. (контактілі А.) және өзге дыбыстармен ажыратылган дыбыстардың А. болуы мүмкін (дистакті А. немесе дистантты А.) каз. т. Сингармонизм (үндестік) заңы вокаликалык дистакті ілгерінді А. мысал болады; кейінді консанант контактілі жартылай А. ор. Т. «юбка» сөзіндегі ұяң [в] дауыстың катаң [к] дыбысқа икемделуі мысал бола алады.

АУСЛАУТ (нем. Предлог ап — касында + Іаиі — дыбыс) сөздін фонетикалық аяқталуы (салыс. Анлаут).

АФЕРЕЗИС — қатар тұрган сөздердің арасындагы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. А. құбылысында алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерінен кейінгі тұрған сөздің бастапкы дыбысы жоғалады (түсіріліп айтылады). А. элизияға қарама-карсы құбылыс.

АФФРИКАТ — актив жэне пассив дыбыстау мүшелерінің толык ашылмауына байланысты пайда болатын саңылаулық дауыссыз дыбыстар.

АШЫҚ БУЫН — буынның бір түрі. Жалғыз дауыстылардан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыларға бітетін буын. А.б.-ның дыбыстык құрамы: 1)А: ә-ке, а-на; 2) ВА: да-ла-да; 3) ВВА (кірме сөздерге тән): ста-нок; 4] ВВВА (кірме сөздерге тән): стра-тегия.

АШЫҚ ДАУЫСТЫЛАР — жақтың қатысына қарай дауыстылардың түрі. А.д.-ты айтылғанда астыңғы жақ үстіңгі жактан барынша кашыктайды, ауа еш кедергісіз еркін шығады. А.д.: а, ә. Жартылай А.д.: о, ө, е.

ӘРІП ағыл. Ьеиег, фр. ЬеЦег, нем. ВизһкІаЬе — Дыбыстарды жэне олардың элементтерін, Фонемаларды белгілеу үшін пайдалынылатын графикалык таңба. Ертедегі жазу жүйелеріндегі Ә. Реттелген бір ізділігі (қара. Альфавит) сандарды беру үшін қолданған, ал қазіргі кезде барлық сақтау кұралдарында жэне информация іздеу кезінде жүйеленген кұрал ретінде пайдаланылады, ғылымда, (матем, химия, физика т.б.) арнаулы Таңбаларды жасау негізі жэне т.

б.   Үшін колданылады. Жазылуы бойынша кіші жэне бас Ә. Болып белгіленеді (қара. Графема).

ӘУЕН (тембр) — дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен байланысты. Сөйлеу тілінде Ә. Ұғымы ең алдымен дауыстыларга қатысты болады. Фонетикада дыбыстың жиілігіне байланысты болатын дыбыстың реңкі, музыкада дыбыстың сапасын (тон биіктігін) белгілейді.

ШҰҒЫЛ-ҚОПАРМАЛЫ ДАУЫССЫЗДАР ағыл. Ріозіұе, фр. ЕхрІокіГ, нем. Ехріокіуіаиі — экспозивті, жабасынкы- шұғыл дауыссыздар. Еріннің жабысып, ауаның шұгыл шыгуынан жасалады, мыс., каз. т. к [к], г [§], к [ц], г [§ һ].

ВОКАЛИЗМ (лат. уосаііз — дауысты) ағыл. уосаіізгп, фр. Уосаіізше, нем. уосаіізтиз — тілдегі дауысты дыбыстар (дифтонгтарды коса) жүйесі. Бір тілдегі

  1. Сипаттау кезіндегі тілдегі дауысты фонемалардың саны, түрлі фонетикалык позицияларда олардың қолданылу ережесі. Фонемадагы фонетикалық вариант мүмкіндіктері жэне сөйлеудегі функциялық басымдылығы ескеріледі. Әр тілдегі фонемалар жүйесінде дауыстылардың саны әр түрлі болады.

ГАПЛОЛОГИЯ (гаплолалия, буындық диссимиляция) — (грек. Наріооз — жалгыз + 1о§іа — сөз, ілім) ағыл. һар1о1о§у, фр. Нар1о1о§іе, нем. Нар1о1о§іе, 2і1Ьепзсһісһ[ип§, ЗіІЬепсііззішіІаІіоп дыбыстардын Комбинаторлык өзгерісі, ол диссимиляция әсеінен өзара бірдей (немесе үқсас) көрші буындардың бірінің түсіп калуы. Мыс., ор. т. минерологиядан минерология, шивовороттан шиворот; каз. т. жайтаңдандаудан жайтаңдау, қайсысынан қайсы.

ГИПЕРФОНЕМА (грек. Нурег — жогары, үстінде + рһопеша) — топтык фонетикалық ерекшелікті белгілейтін, фонемалық толық теңестірілуі мүмкін емес ерекше единица. Мыс., «қара» деген сөздің бірінші буынындағы дауысты дыбыс «қора» деген сөздегі [о] Г. Салыстырғанда [а] Г жүзеге асырады (кара. Архифонема, Фонема, Фонеманың интегралдық белгісі, Аллофон және т.б.) Г.

  1. И. Сидоров, П. С. Кузнецов, А. А: Реформатский және т.б. еңбектерінде карастырылған.

ГРАФЕМА (грек. §гарһо — өрнектеймін, жазамын) — 1. Лингвистикалык мағынасы бар, тілдің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі. Г. Термині эріптің, иерогливтің немесе оның бір бөлігінің синонимі ретінде жиі жұмсалады.

ГРАФИКА (грек. §гарһіке, §гарһо — өрнектеймін, жазамын) — 1) ііграфемалар, тыныс белгілері, екпін белгілері жэне т.б. жазу кұралдарының Іжиынтыгы: 2) графема мен фонема арасындагы катынастарды зерттейтін тіл білімінің саласы. Г түсінігі эдетте фонематикалык жазуга катысты қолданылады, оның үш кырын бөліп қарастырады: алфавитті, графиканы жэне орфографияны.

ДАУЫСТЫЛАР агыл. УО\уе1з, фр. Уоуеііез, нем. Уокаіе — дауыс тоны іМен ауаның ауыз қуысынан еркін өтуінен пайда болатын Дыбыстар ,(Дауыссыздарға қарама-карсы). Тілде немесе диалектіде Д. Жүйесі вокализм даеп аталады. Д — буын жасаушы дыбыстар. Д артикуляциялык сипаты тілдің, іерін мен таңдайдың қызметіне байланысты; а) тілдің бірнеше деңгейге Ікөтерілуіне (3-7 дейін) бөлінеді, эдетте үш не төрт: Ашық Д тіл ең төмен ІМсағдайда болады; Қысаң Д — тіл жогары, үстіңгі жагдайда болады; жартылай |ашык Д — тіл ауыз қуысында орташа жағдайда болады; б) тілдің ауыз қуысының алдыңгы жэне артқы бөлігіне қозгалуына байланысты бөлінеді: тіл іалды Д. (тіл барынша алга жылжиды), Тіл арты Д. (тіл барынша артка ркылжиды), аралас Д. (тіл бейтарап жағдайда болады); в) ерін катысына қарай іЕріндік (ерін сүйірленіп, алга созылады) жэне Езулік (ерін жиырылады) болып рөлінеді; г) жұмсақ таңдайдың қатысына қарай ауыз қуысы, Таза (жұмсактаңдай көтеріліп, ауа ауыз қуысы арқылы өтеді) және мұрын куысы, назалды (жұмсак таңдай түсіріліп, ауа мұрын қуысы аркылы өтеді) Д. деп бөлінеді. Кейде дауыстыларга Фарингалдану қоса жүреді. Д Монофонг пен Дифтонгке бөледі. Акустикага карай Д накты тұлгалық кұрылымымен сипатталады. Көмей үсті жолында пайда болатын резонаторлы тондар немесе форманттар (Іформант жиілілігі тілдің тілдің көтерілу деңгейіменжоғарылайды; II формант жиілігі дауыстының алға жылжуына карай жоғарылайды) Д д акустикалық классификация негізін құрайды: Компакт жэне Диффузды Д Күшті (жуан) және Әлсіз (жіңішке) Д. Халықаралық фонетикалық алфавитке сәйкес Д жалпы классификациясы келтірілген.

ҚАТАҢ ДАУЫССЫЗДАР ағыл. уоісеіезз, фр. Зоигё, іпуоіз <, нем. Іаийоз, (опіоз, зііттіоз — тонның (дауыстың) қатысынсыз жасалатын Дауыссыздар. Мыс., ор жэне каз т. к [к], п [р]

КӨМЕЙ ДАУЫССЫЗДАР (грек. Ьагупх — жұткьіншак) — көмейдің катысуымен жасалатын ларингал дауыссыз дыбыстар. Мыс., нем. кпакіаій.

ГРАФЕМА (грек. Огарһе — сызылуы) агыл. §гарһете — Жазу единицасы. (кара. Әріп). Г жазу стиліне, сөздегі жэне сөйлемдегі орнына кұарай эр түрлі варианттарда коданылады. Мыс., «а» Г бас эрпі «А», кіші эрпі «а», курсивті «а» жэне т.б. Қазіргі тіл білімінде Г термині бірдей мазмұнға ие емес. Бұл ғылыми дәстүрлердің, фонологиялык мектептердің Фонема терминін эр түрлі түсіндірулеріне байланысты болды.

ГРАФИКА (грек. Огарһіке грекше §гарһо — жазамын, сызамын, сурет саламын) ағыл. §гарһісз — 1. Белгілі Жазу тәсілдерінің жиынтығы, Әріптер мен сөйлеу (Фонемалар) Дыбыстарының арасындағы катынастар жүйесі, сондай-ак эріп кескіні мен белгілері. Г кұралына әріптер, тыныс белгілер, сөз кысқартудын жэне басқа түрлі жолдары жатады. Графикалык жүйенін даму деңгейі әріптердің сөйлеу дыбыстарына каншалыкты дэрежеде сәйкес келуімен аныкталады. Жазу жүйесі мен тіл дыбыстарының сәйкес келуі жэне келмеуіне карай монограф (в[в]) жэне әріп тіркесі — диграф (ск [к]), триграф (оеи [и:]), полиграф (аи^һ [о:]) болып бөлінеді. Көптеген Г жүйелерінде позициялык принцип коданылады: эр графема графемалық контекстке тәуелді болып, көршілес эріптер мен басқа жагдайларға байланысты қолданылады.

  1. Графемалар мен фонемалардың арақатынасын зерттейтін Тіл білімінің бір саласы.

ЕРІНДІК ДАУЫССЫЗДАР — Лабиал дауыссыздармен барабар.96-б.

ЕКПІН — сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Е. үндіеуропа тілдеріне тән кұбылыс. Түркі тілдерінде Е.-нің қызметін сингармонизм атқарады.

ДИАХРОНДЫҚ ЛИНГВИСТИКА ( грек. сііа — арқылы + сһгопоз — уакыт) — тілдің тарихи дамуын, жеке тіл деректерін және тіл жүйесін тұтастай зерттеу саласы. Д. мәселелерін эр түрлі тілдердегі және диалектілердегі тілдік өзгерістердің себептерін, олардың пайда болу жэне аякталу уакытын, бұл кұбылыстардын және процестердің дамуын, калыптасуын Д. анықтайды.

ДИССИМИЛЯЦИЯ (лат.йіззітііаііо — өзгеріс) — дыбыстардың игерулі (дкомбинаторлы) өзгерісі, бір сөздегі бірдей немесе ұқсас екі дыбыстардың бірі баска дыбысқа айналуы. Олар ортак фонетикалык белгілерін жогалтады. Д. біртекті дауысты дыбыстың (вокалдык Д.) немесе дауыссыз дыбыстың (консонанзтық Д.) арасында пайда болады. Іргелес дыбыстардың Д. (контактілі Д.) жэне өзге дыбыстармен ажыратылған дыбыстың Д. (дистакт, дистант Д.) болуы мүмкін. Алдыңғы дыбыстың ықпалымен дыбыстың өзгеруі ілгерінді Д. аталса дыбыстың өзінен кейінгі дыбыс ықпалымен өзгеруі кейінді Д. аталады.

ДИФТОНГ (грек. ёі — екі рет +рһоІоп2оз дауыс, дыбыс) буын жасайтын патенциалды мүшеленбейтін екі элементтен тұратын күрделі дауысты.

ДИФФУЗ ДАУЫСТЫЛАР (лат. сііДизіо — тарату) екі жақты универсалды касиетті компакті дауыстыларға сәйкес келеді.

ДИЭРЕЗА — сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне эсері, ассимиляция негізінде пайда болады. Д.-ның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады. Мыс.: қалмады — камады.

ЖАЗУ — графикалық элементтер аркылы хабарды сактап, белгілі бір кашықтыкка жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Ж.-ның негізгі төрт түрі бар: идеографикалык, сөздік-буындык, дыбыстык-әріптік (алфавиттік).

ТІЛ АРТЫ ДАУЫССЫЗДАР (нем. §и«ига1) таңдай арты, постдорСалды, веляр, гутуралды дауыссыздар тіл артының жұмсак таңдайға немесе таңдай шымылдығына тиюден жасалады.

ТІЛДІҢ ДАМУ ЗАҢДАРЫ тілдердің даму жолдарын үздіксіз жетілдіріп отыратын тұрақты ағым. Тілдің дамуына түрлі сырткы (экстра лингвистикалық) жэне ішкі (интерлингвистикалық) тілдік факторлар ыкпал жасайды.

¥ЯҢ ДАУЫССЫЗДАР (ағыл. Ьоісесі, фр. Воізе, зопоге) дауыс түтігінде дірілдің ұяңдап шығуы, салдырдан гөрі үннің басым болуына жасалатын дауыссыз дыбыстар.

СӨЙЛЕУ ДЫБЫСТАРЫ тілдің ең кіші сөйлеу единицасы; дыбыстау мүшелері жұмыстарының нәтижесі; сөйлеудің сигмент единицасы. 127-6.

ИНСТРУМЕНТАЛДЫ ФОНЕТИКА (лат.іпзІгишепШт — кұрал, кару) — караңыз эксперименталды фонетика.

ИНТОНАЦИЯ (лат. іпіопаііо — катты айтылатын) — мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сиякты бір — бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі.

Кей зерттеушілер И. сыңарларына паузаны да жатқызады. И. екпін сиякты тілдегі просодия жүйесін жасайды. И сөйлеудің жүзеге асуы мен оның мэнін айқындайды.

ФОНЕМАНЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ БЕЛГІСІ (лат.іп1е§ег- бүтін) фонеманың фонологиялық оппозиция құрамайтын белгілерінің бірі (кара. Фонеманың дифференциялды белгісі, Аллофон т.б.).

ИНТЕРДЕНТАЛ ДАУЫССЫЗДАР (лат. іпіег аралық + сіепз — тіс) — бұл дауыссыз кейде тіс аралық дауыссыздар деп те атайды. Бұл дыбыстың жасалуында тілдің ұшы тістің арасында болады.

СЫНА ЖАЗУ (клинопись. Агыл. сипеіГогт \угіііп§) кіші Фзия елдері шумер халқынан кабылдаган идеографияга негізделген буындық жазу. Бұл жазу — тіке сызыкша болып, бір жағы жалпактау, екінші жағы үшкірлеу сынаға ұксас келгендіктен сына жазуы деп аталган. С. ж. алгаш б. д. д. Шумерде пайда болды.

КОМБИНАТОРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР (лат. сошЬіпаге — косу, тіркестіру) — сөйлеу ағымы кезінде дыбыстардың бір біріне әсер етуінін нэтижесінде пайда болатын фонетикалык өзгерістер. К. ө. Аккомодация, а»симиляция, диссимиляция, эпентеза, диэреза, гаплология, метатеза кұбылыстары жатады. К. ө себептерінің бірі — дыбыстардың артикуляциялык жақтан байланысы. Дыбыстардың бір біріне әсер ету багытына карай к. ө ілгерінді жэне кейінгі түрлерге ажыратылады.

КОМПАКТ ДАУЫСТЫЛАР (лат. сошрасШя — тығыз, ыкшам) — екі жақты универсалды белгілер жүйесінде диффузды дауыстыларга карсы спектордың ортаңғы бөлігінде жоғары консентрацияга ие болады.

КОНСОНАНТ (лат. сопзопапз — дауыссыз дыбыс) — дауыссыз дыбыска карама-карсы. Функциясы жағынан буын жасамайтын, буын кұрамайтын дауыссыз дыбыс.

КОНСОНАНТИЗМ (лат. сопзопапз — дауыссыз дыбыс) — тілдегі дауыссыз дыбыстар жүйесі нақты тілдегі к. Сипаттау кезінде дауысссыздардың саны, олардың колдану ерёжесі түрлі белгілердің фонетикалык көрініс табуы жэне оныңй варианттылыгы. Сөйлеу сәтіндегі функциялық күш ескеріледі.

ЛАБИАЛДАНУ (лат. ІоЬіаІіз — еріндік) — еріннің сүйірленуі немесе алға тартылуы аркылы жасалатын дауысты жэне дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы.

ЛАБИАЛ ДАУЫССЫЗДАР (лат. ІаЬіа — ерін) — еріндік дауыссыздар еріннің бір-біріне тиюінен (билабиал — кос ерін) немесе ерін мен тістің жанасуынан (лабио — дентал) жасалады.

ЛАРИНГАЛ (грек. Іапіпх — көмей) — артикуляциясы көмейде болатын дауыссыз дыбыс.

ЛЕБІЗДІ (динамикалык) ЕКПІН — фонациялық ауаның каркынымен байланысты болады. Л.е.-ні экспираторлык екпін деп те атайды. Л.е. кей тілдерде мағына айкындаушы, сөз айкындаушы кызмет атқарады. Мыс.: ор.т. замо’к — за’мок.

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТЛАС — 1. диалектологиялык атласпен барабар. 2. Сөйлеу дыбыстарының атласы — берілген тілдің дыбыстарын айткандағы сөйлем мүшелерін жэне олардың акустикалык сипаттамасы бейнелеген карталардың альбомы.

ШҮҒЫЛ ДАУЫССЫЗ (ағыл. шошепіагу — шүғыл — қопармалы дауыссыздардың ерекше түрі, каз. т. п [р], т [т], к [к] т.б.

МЕТАТЕЗА (грек. шеіаіһезіз — ауыстырып кою, перемутация, транспозиция) — дыбыстардың (комбинаторлы) өзгерісі, бір сөз немесе буын ішінде буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.

МОНОСИЛЛАБИЗМ (грек. шопоз — бір + яуІІаЫе — буын) — кейбір тілдерде бір буынды сөздердің көп болуы. М. Көптеген кыт.-тибет. Тілдеріне тэн (караңыз буын).

МОНОФТОНГ (грек. шопоз — бір + рһоЮп§08 — дауыс, дыбыс) — артикуляциялык жэне акустикалык бүтіндігімен, біркелкілігімен сипатталатын дауысты (салыс. Дифтонг).

МОНОФТОНГТЕНУ (грек. шопок — бір + рһоІоп§05 — дауыс, дыбыс) — тарихи лингвистикада екі дыбыстың бір дауысты дыбысты беруі: дифтонгтік тіркес немесе дифтонгтің екі элементі.

МОРФОНЕМА (грек. гпогрһе — форма + рһопе — дыбыс, фонема) — морфонологияның карапайым единицасы. Бұл ұғымды 1927 ж. Х.Улашин ұсынған. Онымен бір кезенде М. Терминін Н.С.Трубецкой енгізген. Бір морфемадағы морфтар қатарында немесе дыбыстық алмасуларда орын ауыстырушы фонемалар морфонема деп аталады.

МОРФОНОЛОГИЯ (грек. шогрһе — форма + рһопе — дыбыс, фонема + 1о§іа — ілім) — әртүрлі типтегі морфонемалардың фонологиялық құрылымын және морфологиялық айырмашылықтарды білдіру үшін фононлогиялық салыстыруларды пайдалануды зерттейтін тіл білімінің саласы. М. Пэні сөздер мен морфемалардың фонологиялық құрылымы болып табылады.

ҰЯҢДАНУ — сөйлеу агынындағы фонетикалық өзгерістің нәтижесінде қатаң дауыссыздардың ұяң дыбысқа айналуы.

СІҢІСУ (деэтимологизация) — лексикалық-грамматикалық құбылыс: сөздің морфологиялық құрылымының өзгеруі, туынды сөздің түбір сөзге айналуы. С. Құбылысын алғаш рет сипаттаған жэне «опрощение» деген терминді ұсынған В.А.Богородицкий.

ДЫБЫСТАУ МҮШЕЛЕРІ — артикуляция мүшелері, артикулятты аппарат, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға катысатын адамның дене мүшелері. Д.М. екі топқа бөлінеді: а) дыбыс жасауға кажетті ауа ағынын тудыратын жэне өткізетін тыныс алу мүшелері (өкпе мен кеңірдек тарамдары); б) дыбыс жасауға тікелей қатысатын Д.м.

ОРФОГРАФИЯ (грек. огіһо§гарһіа: огіһоз — тура, дұрыс + §гарһіа — жазамын) 1. Бірыңгай жазба тіл түрлерінің тарихи қалыптасқан жүйесі. 2. Жазу ережелерінің жүйесін зерттейтін және талдап жасайтын тіл білімінің бір саласы.

ОРФОЭПИЯ (грек. оПһоёгарһіа: ойһоз — тура, дұрыс + ероз — сойлеу, сөйлеу формасы) — 1. Дыбысталу қалпының бірлігін сақтауды қамтамасыз ететінұлт тілінің айтылу нормаларының жиынтығы. 2. Айтылу нормаларын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

ПАЛАТАЛ ДАУЫССЫЗДАР (лат. раіаіиш — таңдай) — тіл ортасының қатты таңдайға жақындауынан, жанасуынан жасалатын таңдай, орта таңдай, қатты таңдай дауыссыздар.

ТІЛ АЛДЫ ДАУЫССЫЗДАР- тіл үшының актив қызметінің нәтижесінде пайда болатын дауыссыздар.

ТУЫНДАУШЫ СЕМАНТИКА (генеративті семантика) — трансформациялық грамматика теориясының бағыты. Т.с. максаты — тіл моделінің кұрылымдык жүйесін «магынадан мэтінге карай» жэне «мәтіннен магынага қарай» қалыптастырады.

ПРОТЕЗА (грек. ргоіһезіз — алдына қою) — сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Бұл құбылыс дауыссыздардың тогысуы сөз басында келмейтін тілдерде кездеседі. Мыс. Ррай, ылақ, т.б.

ПУНКТУАЦИЯ (лат. рипсіиш — нүкте) 1. Алфавиттен тыс белгілердің (тыныс белгілердің) графикалық жүйесі. 2. Мәтінді пунктуациялық жағынан рәсімдеудін ережесі. 3. Пунктуациялык заңдылықтар жэне нормалармен айналысатын тіл білімінің саласы. П. Жүйесі көптеген тілдерде, соның ішінде орыс жэне қазақ тілдерінде тыныс белгілердің екі түрлі кызметіне — бөліну жэне оңашалану қызметіне негізделген; осылайша тыныс белгілердің екі тобын — жалкы (нүкте, үтір, көп нүкте, үтірлі нүкте, сызыкша, кос нүкте, сұрак белгісі, леп белгісі) және жұп (кос үтір, кос сызыкша, жақша, тырнакша) деп ерекше бөліп атауға болады. Басылған мәтіннің композициялық жактан ажыратылуы үшін колданылатын таңбалар (жұлдызшалар, ұзын сызык, үзік сызық, дөңгелекше, көрнекі шрифт, абзац) П. аукымына кіреді.

РЕДУКЦИЯ (лат. гейисііоп — кайырылу, кері кайтару) — айкын естілмей көмескіленуі немесе созыңкылыгының кыскаруы нэтижесінде дыбыстың артикуляциялык жэне акустикалық сипатының өзгеруі. Негізінен дауыстылар Р. ұшырайды, бірак буындар мен сөздердің де Р. түсуі кездеседі.

ЫРҒАҚ (грек. гһуіһшоя — біркелкілік, біркалыптылық) — сөйлеу единицаларының үнемі жүйелі түрде кайталануы: прозада — синтагма, ырғақ тобы; поэзияда — дыбыс, буын, жол, шумақ, ырғақ тобы.

ЫЗЫҢ — фрикатив дауыссыздар. Олардың жасалуында тар саңылау аркылы шығарылган ауа ызыңдаган шуылмен қозгалады.

СЕЛБЕСПЕЛІ ДЫБЫС — сөз құрамының ұлғаюына себеп болатын дыбыс. Морфонологияның зерттеу объектісі ретінде қарастырып, С.д. терминін енгізген А.Айғабылұлы.

СИЛЛАБЕМА (грек. яуІІаЫе — буын) — буынмен барабар.

СИНГАРМОНИЗМ (грек. $уп — бірге + һаппопіа — байланыс, үндесу) — үндестік заңы — дауыстылардың үндесуі немесе буын үндестігі; түбірдегі дауысты дыбыстың жуан немесе жіңішке болуына байланысты косымшадағы дауыстының да жуын немесе жіңішке болуы. С. тілдік (лингвалды) жэне еріндік (лабиалды) үндестік түрінде қарастырылады. Дауыстылардың тілдің қызметіне карай бір сөз көлемінде не бірыңгай жуын, не жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі дейміз. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің кызметіне карай ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейміз.

СИНХРОНИЯ (грек. зуп — бірге + сһопоз — уақыт) — дамудың белгілі бір мезгілінде тілдің калпын өзара байланысты жэне үйлесімді элементтер жүйесі ретінде зерттеу. Тілді синхронды тұргыдан зерттеу- сипаттама синхронды лингвистиканың пэні.

БУЫН (грек. куІІаЬікоз — буындық) — силлабема, дыбыс пен сөйлеу тактісі ортасындағы аралық фонетикалык-фонологиялык единица; ен кіші дыбыстық бөлік, тыныстау импульсі; артикуляциялық тұтас комплекс. 3496. Буын — фонациялык ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы.

ДАУЫССЫЗДАР ( консонантизм) (ағыл. сопзопапіз) — кедергіге ұшырау нэтижесінде үн мен шудың катысуымен жасалатын дыбыстар.

СПИРАНТТАР (лат. зрігаге — үрлеу, дем алу) — фрикативті, созылыңқылы, ашық, ызың дауыссыздар ауаның етуі кезінде сөйлеу мүшелерінің біріне жартылай жакындауынан жасалады.

ТЕМБР (әуен) — 1. Дыбыс т. — қосымшалы негізгі тонның көтеріңкілі мен күшінің катыстылығына байланысты. 2. Дауыс т. — дауыска немесе инструментке тэн дыбыс бояуы; дауыстың өзіндік сипаты.З. Сөйлеу т. — кара. интонация.

СӨЙЛЕУ ҚАРҚЫНЫ — интонация компоненттерінің бірі, сөйлеу, сөз, буын дыбыстарын айтудың жылдамдылыгы.

ТАРНСКРИПЦИЯ (лат. Ігапскгірііо — көшіріп жазу) — ауызекі сөйлеу тілін арнайы белгілерінің көмегімен біркелкі және жүйелі түрде түрде таңбалау тәсілдері. Қарастырылған ерекшеліктеріне сәйкес Т. төмендегідей бөлінеді: өзіндік дыбыстык Т.; интонациялык Т.; фонемалык Т.; фонетикалык Т.

УВУЛЯР ДАУЫССЫЗДАР (лат. таііа — кішкене тілшік) — кішкене тілшіктің көмегімен жасалатын тілшік дауыссыздар.

ЕКПІН — акцентке барабар, суперсегмент фонологиялык амалдардың көмегімен буынды (морф), сөзді, фразаны айыру. Дем шығарудың каркыны мен күшеюіне қарай динамикалык, экспираторлык болып ажыратылады; тонның жоғарлауы мен төмендеуіне байланысты музыкалды, тоникалык ажыратылады; созыңқылығына карай сандык Е. ажыратылады. Сөздің орнына байланысты еркін жэне матаулы Е. болып бөлінеді.

ФАРИНГАЛДАНУ (грек. рһагіпх — жұтқыншақ) — тіл ұшының жұткыншактың ішкі кабырғасына тиюден пайда болган дауыссыз дыбыс.

ФОН, ФОНА (грек. рһопе — дыбыс, дауыс) — фонемаға тәуелділігіне қарамастан сөйлеу кезінде окшауланатын единица.

ФОНАЦИЯ (грек. рһопе — дыбыс, дауыс) — 1. дыбыстың кұралуы, сөйлеу мүшелерінің жұмысы, сондай-ақ естуге болатын сөздің дыбысталуы. 2. Дыбыстау мүшелерінің жұмысына байланысты сөз сөйлеу бірлігінің саласы.

ФОНЕМА (грек. рһопе — дыбыс, дауыс) — төменгі белглермен айкындалатын тіл единицаларының бірі: 1. Тілдің ең аз мөлшердегі мағыналык жігін ажырату единицасы; 2. Конкретті варианттардың (фондардың, аллофондардың) абстрактілі инварианты; 3. Жеткізу өрісінің (Л.Ельмслев бойынша) айшығы; 4. Дифференциалды белгілердің жиынтыгы; 5. Фонологиялык оппозицияның ең аз мөлшердегі мүшесі және т.б. Ф. Мәтінде танымдык (перцептивті), айрымдык (мағына жігін ажыратушылық, сигнификативті), кей жағдайларда шектеулік (делимитативті) қызмет аткарады.

ФОНЕТИКА (грек. рһопеіікоз — дыбыстық, дауыстык) — тілдің дыбыстык саласын, тілдің қызметін, дыбыстау аппаратының жұмысын, дыбыстык кұбылыстардың акустикалық касиетін жэне олардың кабылдануын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

ФОНЕТИКАЛЫҚ ТРАНСКРИПЦИЯ (грек. рһопеіікоз — дыбыстык, дауыстык + лат. ігапскгірііо — көшіріп жазу) — сөйлеу бірліктерінің дыбыстык сипаттамаларын накты жазбаша тіркеу тәсілі. Транскрипция дыбыстык бірліктердің қандай касиеттерді бейнелейтіндігіне байланысты Ф.т. және фонематикалық транскрипция болып бөлінеді. Ф.т., эдетте, тік жакшаға алынады.

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗАҢДАР (дыбыстык заңдар) — тіл дамуының белгілі бір кезеңінде ұдайы жүзеге асатын фонетикалық өзгерістер.

ФОНЕТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР — тілдің фонетикалык заңдарынын ыкпалымен фонетикалық единица ұшырауы мүмкін кез келген өзгерістер, сондай-ак аталған тіл дыбыстарының позициялық (комбинаторлык) тербелісі. Ф.ө. заңдарды катаң сактай отырып жасалады.

ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ТРАНСКРИПЦИЯ (грек. рһопе — дыбыс, дауыс + Іо§іа — ілім жэне лат. (гапскгірііо — көшіріп жазу) — сөздің немесе морфеманың фонемалык кұрамын беру үшін сөйлеу единицаларының белгіленуі. Фонемалық кұрамын түрліше түсіндіру кезінде Ф.т. әртүрлі болады. Ф.т., әдетте, кигаш немесе бұрышты жақшаларға алынады.

ФОНОЛОГИЯ (грек. рһопе — дыбыс, дауыс + 1о§іа — ілім) — тілдің дыбыстык кұрылымын, оның функционалдық заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

ФРАЗАЛЫҚ ЕКПІН (грек. рһгазез — сөйлемше, сөйлеу оралымы) — фразаның аякталуын жэне оның коммуникативтік үлгісін білдіретін интонациялык-просодиялык единица.

ФРИКАТИВ ДАУЫССЫЗДАР (лат. ҒгікаІіГе — үйкелу) — ызың дауыссыздармен барабар, дыбыстау мүшелеріне жакын орналасқан саңылаудан өткен ауа әсерінен пайда болган дауыссыз дыбыс.

ЫЗЫҢ ДАУЫССЫЗДАР — фрикатив дауыссыздармен барабар.

ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ (инструменталдык) ФОНЕТИКА (лат. ехрегітепіит — байкау, тэжірибе) — тілдердің дыбыстык жағын зксперименталдық әдістерінің жиынтығы: статистикалық, динамикалық палатография (дыбыстың жасалуы кезінде тілдің таңдайга тиетін орнын аныктау), тензопалатография (артикуляциялық күшін өлшеу), рентгенография (сойлеу органдарының орналасқан жерін айқындау және олардың козғалысы), осциллография (дыбыстардың созыңқылыгын, көтеріңкілігін жэне каркындылығын анықтау), спектография )дыбыстың жалпы акустикалық бейнесін аныктау). Э.Ф. мәселесі — сөйлеуді айырып тану.

ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ӘДІСТЕР (лат. ехрегіпзепиіш — байкау, тәжірибе) — зерттеушінің баскаруы мен бакылап қадағалуы арқылы тіл деректерін талдағыш аспап-кұралдармен танып білудің ғылыми тәсілдері.

ЭКСПЛОЗИВ ДАУЫССЫЗДАР (лат. ехріозіуе — жарылыс) — шұғыл дауыссыздар.

ЭЛЛИПСИС (грек. еііірзіз — түсіп қалу, түсірілу) — тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның кұрылымдылык жагынан толымсыздығы.

ЭПЕНТЕЗА (грек. ерепіһезіз — үстеме) — дыбыстардың комбинаторлык өзгеруінің бір түрі — түбір сөздің өзіне тән емес, косымша бір дыбыстың пайда болуы. Э. Кірме сөздерді қабылдағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Э. Көбінесе нормаға түспеген ауызекі тілде жиі айтылады.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля