27 марта, 2018 22:53
Бүл септіктің косымшалары -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен.
Шығыс септіктің басты мағыналары:шыгыс септігіндегі сөз істің, кимылдың неден, қай жерден басталғанын білдіреді. Мысалы, Тақырланып қалған жазғы жайлаудан келе жатқан жылкы… ұстарадай өткір тістерін жерге қадай бастады.(Ғ.Мүсірепов)кимыл, іс-әрекеттің қандай объектінің төңірегінде, маңында өткендігін білдіреді. Мысалы, Досанды мойнынан кұшақтай алды (Н. Ғабдуллин).шығыс септіктегі зат есімдер істің, қимылдың, әрекеттің себебін білдіреді. Мысалы, Мен көпшіліктен емес, ең алдымен Мұқтардан жасқанатынмын (К. Оразалин).сындық мағынадагы сөздермен грамматикалық қатынаста айтылған шыгыс септікті зат есім салыстыру мэнін аңгартады. Мысалы, Алтыннан кымбат сөз айтсаң, ақымақ көңіл коймайды.шығыс жалғаулы зат есімдердің жиі қолданылатын мағыналарының бірі- белгілі бір бөлшегі, белгілі бір үлесі алынатын затты білдіру. Мысалы, Шолпан асыгып тұрса да, ертеңгі астан ауыз тиді (X. Есенжанов).кейде шыгыс септігіндегі сөзден нэрсенің, заттың тегі, неден, не нәрседен істелгені көрініп тұрады. Мысалы, Үлкен сырлы тегенедегі сары қымызды аркар мүйізінен ойып жасалған ожаумен кұйды (К. Оразалин).сөздің негізгі лексикалык мэніне қарай шығыс септігі өлшем, мөлшер мағынасын да аңғартады. Мысалы, Жұмысқа кіргеніне жеті айдан асты (газеттен).істің, кимылдың мекенін білдіреді. Мысалы, Осы үш ұлы адамның туган жерінен ашылған әдеби корыктың канша міндет аткаруға тиісті екендігін уакыт көрсетеді (К. Оразалин).Шығыс септікті сөз сөйлемде пысықтауыш, жанама толықтауыш кызметін аткарады. Мысалы, Өз үйімнен ешкімнің келмегені тегін емес (Ә. Сэрсенбаев). Белгі жолдан тайдырмас, білім сөзден жаңылдырмас.Шыгыс септігі жалгауының түсіп калатын кездері өте сирек. Мысалы, Шыңгыс асып, жайлаудан құлаған бетте (К. Оразалин).