Қаратпалы сөйлемдер

2 мая, 2018 11:11

 

Қаратпа сөз дегеніміз — тыңдаушының назарын аудару мақсатымен соған каратыла айтылган сөз немесе сөз тіркесі. Қаартпа сөз сөйлемнің басқа мүшелерімен белгілі синтаксистік тәсілдер аркылы байланыспайды, бірак сөйлем күрауға катысып, өзіне тэн магыналык кызмет аткарады.

Қаратпа сөз сөйлем мүшесі болмайды, ол сөйлемнен тыс тұруы да мүмкін, сөйлем ішінде келуі де мүмкін. Қаратпа сөздің сөйлем ішіндегі орны эр түрлі болып келеді. Қаратпа бір сөз болып та, бірнеше сөз болып та келеді.

Қаратпа сөз болатындар:

  • Жалқы есімдер, көбінесе, туыстығына, жасына, жынысына байланыстьг айтылатын сөздер мен сөз тіркестері:
  • Жеңеше, сабыр етіңіз, Әбіштей баласы бар шеше де жылай ма екен? 0 неғылғаныныз! — деді. (М.Ә.) Оны байқап койған Айғанша:
  • Жиен-ау, көзің талды ғой… Тым болмаса кірпігіңді бір каксаңшы, — деді Назыкеш колынан тартып, қасына отырғыза беріп. (Ғ.Мүсірепов).

Жалкы есімдердегі эр түрлі реңкті білдіру олардың одағаймен, эмоционалды сөздермен тіркесіп, қолданылуынан, сол сияқты түрлі демеуліктерді үстеуінен көрінеді. Келісімен Әбішпен жаксы амандасып:

  • Қалқам, Әбіш-ау, кара жерге отырып капсыңдар ғой! Тұрыңдаршы, орын жайлап берейін! — деп шапшаң қозғалып, үйден таза сырмағын әкеп жайды. (М.Ә.)
  • Баска да тірі жан-жануарлардың аттары да каратпа ретінде колданылады:
  • Шыдай тұрыңдар, кошақандарым. Ертең кешке дейін шыдаңдар. Әйтпесе Жәкеннің пышағы кайраулы көрінеді. Шыдаңдар, — деп Айгүл әр қозыньщ басын бір сипады. (Ғ.М.)
  • Жансыз, дерексіз заттардың атауы да каратпа бола алады: — Ой, дүние- ай, соның бэрі, енді мінекей көрген түстей. (Ә.Н.)

Қаратпа сөздер құрылымы жагынан жалаң және жайылма болып келеді.

  1. Атау тұлғадагы жекеше, көпше түрдегі тәуелдік жалғаулы жэне тәуелдік жалғаусыз зат есімдер немесе зат есім орнына қолданылган есімше, сын есім.
  • Жігіттер, осы біз тым кызып кеткен жокпыз ба? — деді ол отырғандарға жағалай көз салып. (Қ.Ж.)
  • Балам дүниеге кызығып кайтесің. (Қ.Ж.)
  • Уа, лебізің, періштенің құлағына шалынсын, өркенім, жалғасым!
  1. Жасы кіші адамға, балаға, жаксы көрген адамға айтылатын карағым, жаным, шырағым т.б. сөздер I жак жекеше тәуелдік жалгауда тұрып, каратпа сөз ретінде жұмсалады:
  • Жаным, есен жеттің бе?
  • Сэулем, ұзағынан сүйсіндірсін!?
  • Көп сағындырдың ғой, қуатым!
  • Айналайын, күнім!..
  • Сапарың құтты болсын, карагым!
  • Қош келіпсің, Әбішжан! — деген сан тілеулес жүректерден шықкан ыстык сөздер. Әбіш үйге кіргенше барлык жиын атаулының түла бойын шымырлаткандай. (М.Ә.)
  1. Әй, ау, ей, ой, уа тэрізді одағайлар да каратпа сөз ретінде жұмсалуы мүмкін:

Сонда үйде отырган желөкпелеу жігіт, анау кіргенде:

  • Әй, сен менің үстіме негі кіресін? — дейді. (М.Ә.)
  • Уа, үйде кім бар? (М.Әуезов).

Жайылма каратпалар құрамы жагынан эр түрлі болып келеді.

1 .Жалкы есім мен туыстык катынаска, адамның жасына, кәсібіне, әскери шеніне, кызмет дэрежесіне т.б. байланысты сөздердің тіркесі:

  • Жок Игілік мырза, сіз уакытты бағаламайды деп ешкім айта алмас!.. (Ғ.М.)

Сейіт күндегі әдетінше есікті еркін ашып кіріп:

  • Айғанша апа, пана бола көріңіз… Бұл Назыкеш екеуіміз ғой, — деді шошып оянған Айғаншаға. (Ғ.М.)
  1. Бір немесе бірнеше сөзден жасалған анықгауышы бар каратпалар. Ол аныктауыштар сын есім, есімшеден жасалуы да, ілік септікті сөз болуы да

мүмкін:

  • Осы бір көмірі құрғырымен-ак басымызға секіріп болды-ау, жынды ит! — деп оган да бір кейіп калды. (Ғ.М.)
  1. Есім мен етістіктің тіркесімен жасалған каратпалар тілек, карғыс, ұрсу т.б. сәттерде айтылады:
  • Құдай атқыр-ау, ендеше, мына ашығып келе жатқан жұртка сойсаңшы бір атыңды, — деді Мьщбай «Құдай аткыр-ау» деп сөйлейтін эдетімен. (М.Ә.)
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля