„Қаңлы-қожаұлы Қан-Туралы жайындағы жыр”

25 ноября, 2017 15:04

Негізгі тақырыбы — әке-шешесінің мүрагер баласын үйлендіріп, оған жаңа отау тігуі деуге болады. Сонымен бірге, мүнда оғыз-қыпшақ, әсіресе, түркімен батырлары- ның жат жүрттық христиан қыздарына үйлену дәстүрі өз көрінісін тапқан. Тарихи деректер бойынша, XI—XIV ғасырларда түркі елін билеген хан балалары алыс өлкелер- ге жорық жасап, сол жақтан христиан сүлуларын әкеліп үйленуді өздеріне зор мәртебе көрген.

Трапезунд империясының тарихын зерттеуші ғалым Фалмерайер бүл жөнінде қызықты деректер келтіре оты- рып, итальян жазушысы Джованни Амброджо Маринидің „Калоандро» романын атап өтеді. Түркі елі әміршісінің Са- пар деген баласы Трапезунд империясы патшасының қызына қүда түсіп келгені романда егжей-тегжейлі жа- зылған.

„Қаңлы-қожаүлы Қан-Түралы жайындағы жырда» осы бір тарихи оқиғалардың көмескі ізі, елесі бар. Мүны жыр- дың сюжетінен аңғару қиын емес.

Алтыншы жыр былай басталады. Сонау оғыз-қыпшақ дәуірінде Қаңлы-қожа деген бір данышпан кісі болған екен. Бір күні ол өз үлы Қан-Түралыны үйлендірмек бо- лыпты. Бірақ баласы болашақ қалыңдығына бүрын қүлақ естіп, көз көрмеген қатал талаптар қояды: „Маған тием деген қыз төсектен менен бүрын түруы керек, менен бүрын атты ертеп, атқа менен бүрын мінуі тиіс. Мен әлі жауға шабуыл жасамай түрған сәтте ол соғыс ашып, маған жаудың басын кесіп әкелуі керек. Мен тек сондай қызға үйленем»,— дейді. Әкесі үлына: „Ондай қалыңдықты өзің іздеп тап»,— дейді. Жігіт күллі оғыз-қыпшақ елін аралап ондай қалыңдық таппайды.

Сонда Қаңлы-қожа қасына бір топ ақсақалдарды ертіп, баласына қалыңдық іздеп сапарға шығады. Ақыры олар Трапезунд еліне келіп, сондағы патша қызы нағыз алып екенін, екі қабат садақты қиналмай тартатынын есітеді. Бірақ патшаның күйеу баласы болам дегендерге қоятын талабы қатал екен. Патша қызына үйленуге дәмеленгендерге алдымен үш жыртқыш аңды: арыстанды, қара өгізді, қара түйені жеңуі керек. Осы шартты орындай алмаған отыз екі жігіттің басы қамал қақпасына қағып қойылыпты.

Қаңлы-қожа мүның бәрін баласына айтып келеді. Қан- Түралы қаймықпайды. Сол елге барып, патша шартын орындайды. Қызын алып, той бітісімен дереу еліне қайтады. Жолда батыр бір жерге келгенде үйықтап алмақ болады. Бірақ қалыңдығы үйықтамай, қару-жарағын әзірлеп отырады. Өйткені қыз өз әкесінің опасыздығын, артынан қуып келетінін біледі. Шынында да патша көп әскермен келіп, Қан-Түралыны өлтірмек болады. Сақ отырған қыз үйықтап жатқан жігітті оятады. Қыз батыр- ларша сауыт, дулыға киіп әкесімен шайқасқа шығады. Қан-Түралы жараланады. Қыз қалың қолды жалғыз өзі жеңіп шығады. Бірақ Қан-Түралы өзін ажалдан алып ара- шалаған жігіт емес, қыз екеніне намыстанып қалыңдығын өлтірмек болады. Екеуі жекпе-жекке шығады. Шайқаста ол Қан-Түралыны өлтіріп қоя жаздайды. Сонда ғана екеуі қайта татуласып, жігіт қызды өз еліне апарып үйленеді. Жыр осылай аяқталады.

Батырлығы, күш-қуаты күйеуінен кем түспейтін қалыңдық іздеу — ғүндар дәуірінде өмірге келген дәстүр болса керек. Ол дәстүр бойынша, қыз өзі үнатқан жігітті жан-жақты сынап көретін болған. Жігіт көбінесе садақ тарту, ат жарыс, күрес арқылы сыналған. Мүндай сарын қазақтың ежелгі ертегі-аңыздарында да кездеседі.

Қан-Түралы жайындағы жыр осындай сарынға қүрылған. Сүйген жігіті үшін қыздың өз еліне қарсы қан майданға қару алып шығуы секілді көріністер түрікменнің „Көроғлы» және „Саят пен Хемра» дастандарында да едәуір орын алған.

„Қорқыт ата кітабындағы» теңдесі жоқ алыптардың бірі — Қазылық-қожаүлы Ер Жүгенек. „Қазылық- қожаүлы Жүгенек туралы жырда» Игенек деп те атайды. Жүгенектің жырдағы басқа батырлардан ерекшелігі — ол сегіз қырлы бір сырлы жігіт ретінде суреттеледі. Ол — әрі жойқын алып ер, әрі қобызшы, әрі ақын. Елі оны ерекше үнатқан.

Қазылық-қожа жауға аттанып, соғыста жеңіліп түтқын болған еді. Бүл кезде Жүгенек әлі бір жасқа да толмаған екен. Ол он бес жасқа келгенде Баяндыр ханға барып:— Маған әскер беріңіз, әкемді түтқыннан боса- там,— дейді. Жүгенек соңына үлы алыптар бастаған әскер ертіп жорыққа аттанады. Жолшыбай Жүгенек түс көреді.

Түсінде Қорқыт ата кеңес береді. Әулие атаның ақылын тыңдап Жүгенек жол-жөнекей сырт оғыздардан тағы да көп нөкер қосып алады.

Әкесін түтқын еткен Дюзмюрд елінің әміршісі Дирек деген екен. Ол бойы он алты аршын, алпыс батпан шоқпарды үршықтай иіретін алып батыр. Жүгенек сондай алыпты жеңіп, әкесін түтқыннан босатады.

Бүлар еліне аман-есен оралып, бүрын-соңды тірі пенде көрмеген үлан-асыр той жасайды. Тойға Қорқыт ата келіп, ел-жүртқа өлеңмен үлағатты ғибрат сөз айтады: „Ей, Баян- дыр хан, бүл жырымыз Жүгенек ерге бағышталсын. Мына өмірге менен кейін келген үзандар (ақындар) да Жүгенек туралы осылай деп мәңгі-бақи мадақтап жырлай берсін»,— дейді.

Сосын Қорқыт ата тойға жиналған игі жақсыларға ба- та береді: Қаратаудың жүзі жығылмасын, жапырағы қалың қаба ағаштың басы кесілмесін. Ақсақалды ба- баңның жері үжмақ болсын, ақ бүркендік анаңның жері бейіш болсын — дейді.

Жүгенек батыр жөніндегі бүл жыр қазақ эпосына композициялық қүрылысы түрғысынан да өте үқсас. Бүл сақталған „Хан-Шентай“ жырына сюжеті жағынан да, үқсастықты алғаш В. В. Радлов байқаған. Сөйтіп, Қорқыт ата есімімен байланысты осы жырды да қазақ эпосы сан ғасырлар бойы сол күйінде сақтап келген.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля