„Қорқыт ата кітабының» сюжет қүрылысы

28 ноября, 2017 15:14

Эпикалық бейнелері, композициялық желісі, өлең қүрылысы, көріктеу қүралдары — қазақтың „Алпамыс», „Бозжігіт», „Қозы Көрпеш — Баян сүлу», тағы басқа толып жатқан жыр-дастандарына жақын түр.

„Қорқыт ата кітабында» автордың ой-пікірін филосо- фиялық түрғыдан түжырымдайтын ғақлия сөздер, өсиет- нақылдар, қанатты сөз тіркестері жиі үшырайды. Қорқыт ата есімімен байланысты мүндай үлгі-өнеге сөздер ел аузында да көп сақталған. Енді Қорқыт атаның өсиет- нақыл сөздерінен мысал келтірейік.

„Қорқыт ата сөйлейді: «Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бір>ақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей- шүбыра сулар тасыса, теңіз толмас. Тәкаббарлықты тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да үл болмас. Ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ, көрдім демес. Қар қаншама қалың жауғанымен — жазға бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек — күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас. Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған үл жаман. Ондай бала ел басын қүрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала — екі көздің сыңары. Үлың өсіп жетілсе, ол от- басының мерейі, бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң.

Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Уа, хан ием, сізді тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасын».

Қорқыт ата өзінің ел-жүртына тағы мынадай өсиет айтқан: „Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке, Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жүмсай білмеген, қорқаққа сер- меп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Қонағы жоқ қараша үйден қүлазыған түз артық. Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз бала- ның, әке омыртқасынан жаралып, ана қүрсағында шырла- нып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп ар- тық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бүл дүниеде отыз жыл- ды үшке көбейтіп, өмір сүрген де аз. Хан ием, сізге сансыз үзақ ғүмыр тілеймін. Тәңірі сізді жамандықтан сақтап, бақ-дәулетіңіз арта берсін».

Қорқыт бүдан басқа не айтқан екен соған келелік: „Хан ием сайдың шөбін жеген білер, түздің шөбін бөкен білер. Күн мен түннің келгенін бозторғай білер. Үлдың кімнен туғанын ана білер. Иесінің иісін ат білер. Жүктің ауыр-жеңілін есек білер. Беліне қай жерден арқан түскенін тең білер. Қолына қобыз үстаған үлан елден елге, бектен бекке барады. Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер. Қобызын сарнатқан жырауға думан керек. Уа, хан ием, мынау жарық дүниеде тәңірім (сіз бен бізді) адастырып, жарты жолда қалдырмасын» (164, 7—10).

Бүл сияқты дидактикалық-философиялық сарындағы қанаггы сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер Қорқыт ата заманынан сан ғасырлар бүрын, ғүндар дәуірінде-ақ айтыла бастаған. Ол кезде тайпа көсемдері, хандар, ел басқарған әкімдер өздерінің белгілі бір мәселе жөніндегі шешімін, яки болашақ жайындағы болжамын қарапайым қауымға бірден түсінікті болатын- дай түрде қанатты сөздермен түйіндеп, сомдап, қысқаша айтатын болған.

Ал Қорқыт ата ойшыл данышпан адам ретінде сол дәуірге көненің көзіндей болып жеткен терең философи- ялық ой-түйіндерін оғыз-қыпіиак, дәуірінің талап- тілектеріне сәйкес келетіндей етіп қайта тудырған.

Қорқыт ата айтты деген осындай шешендік ой толғамдары XV—XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақтың Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау сияқты көркем сөз зергерлері поэзиясынан өз жалғасын тапты. Бүл хақында үшінші тарауда рөз қозғаймыз.

Сонымен, „Қорқыт ата кітабы» Көк түріктер дәуірінің сан қилы қоғамдық-әлеуметтік көріністерін салт-санасын, діни сенімін, әдет-ғүрпын, көркем сөз үлгілерін, ертегі аңыздарын біздің заманымызға жеткізген ғажайып туын- ды болып табылады.

Л. Н. Гумилевтың сөзімен айтқанда, „Көк түріктердің өздері туралы» жазған дастандары саналатын „Күлтегін», „Білге қаған», „Тоныкөк» жырлары және „Қорқыт ата кітабы» жөніндегі ойымызды жинақтай келіп төмен- дегідей қорьггынды жасауға болады.

Б і р і н ш і д е н, Түркі қағанаты тұсында жазылған „Күлтегін», „Білге қаған» және „Тоныкөк» жырлары — одан сан ғасырлар бүрын, яғни ғүндар мемлекеті гүлденіп түрған дәуірде өмірге келген „Алып Ер Тоңа», „Оғыз қаған», „Атилла», „ІІІу батыр», „Көк бөрі», „Ергенекон» да- стандары негізінде қалыптасқан, солардың жаңа тарихи жағдайда қайта туындаған көркемдік, қисынды жалғасы болып табылады.

Екіншіден, „Күлтегін», „Білге қаған “ және „То- ныкөк» жырлары — түркі елінің VI—VIII ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғүрпын, наным-сенімін, өзіндік поэзиясын, тілін тари- хи негізде танытатын көркем шежірелер.

Үшіншіден, „Күлтегін», „Білге қаған» және „То- ныкөк» жырлары Қазақ хандығы қүрылғаннан кейінгі ке- зеңде өмірге келген қаһармандық дастандарының идеялық, көркемдік, композициялық түрғыдан ерлік эпо- стары ретінде қалыптасуына негіз болып қаланды.

Төртіншіден, „Қорқыт ата кітабының» оғыз- қыпшақ дәуірінің көркем сөзбен бейнеленген көне тари- хын, әдебиет үлгілерін, ақындық дәстүрін, қанатты сөз- дерін, наным-сенімін, салт-санасын, тағы басқаларын біз- дің заманымызға жеткізген қаһармандық эпосы деуге бо- лады.

Көк түріктердің көне дәуірдегі сан қилы тарихынан сыр шертетін тасқа қашап жазылған дастандар мен „Қорқыт ата кітабы» бертін келе қазақ халқының батыр- лар жырынан өзінің көркемдік жалғастығын тапты.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля