Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (Ф)

22 января, 2018 15:13

Факсимиле (лат. /ас зітііе — осылай істе) — фотомеха- никалың шығарманың қөмегімен орындалатын суретті айнытпай салу.

Фешенебельді (ағыл. ^азһіопаЫе — сәнді) — сәннің ең жоғары талаптарына жауап беретін, ңолайлы, ыңғайлы.

Фирмалық стиль — белгі, заттар жөне төсілдер жи- нағы. Арнайы ңандай да бір ңызмет көрсетуші немесе өндірістік ұжымдардың әрқашан да көзге көрінетін бейнесін жасау мақсатымен, оның қызметіне және шы- ғаратын өніміне байланысты жобаланады.

Фирмалық стиль — ерекше концепция негізінде және жобалау тала- бының кең тармағының шешуіне жалпы түрде қарау: фирма өнімдерінің көз қабылдайтын бейнесі, фирма белгісі, түсі, құжаттары, жұмысшылардың киімі, фир- ма көлігі, заттардың стиль үйлесімі және жиынтығы, сонымен қатар, сол ұжымның өндірістік жұмыстарының ұйымдасуы, құрылуы және коммерциялық қызметі.

 

Фовизм (фр. /аиье — жа-
байы) — XX ғасыр басындағы
кескіндемедегі бағыт. Фо-
визм деген атау көркемдік
сын ретінде Париждегі жас
суретшілер тобының шығар-
машылығын мысңылдап
және келеке ете қойылған
(А. Маттис, А. Дерен, М. Вла-
минк, А. Марке, Р. Дюфи,К. Ван Донгель, т.б.). 1902-
1907 жылдардағы көрмелер-
ден кейін, осы топ өкілдері
фовизм деген атты қабылдап,

нақтылаған. Фовизмнің бағдарламасы, манифесті және
өз теориялары болмаған. Өкілдерін көркем бейнелерді
тек жарық, ашық түстердің көмегімен бейнелеуге ұмты-
лу талабы біріктіреді. Постимпрессионистердің ізін баса
отырып, кескіндеменің колористік мүмкіншіліктерін
пайдалануды қолдаған (табиғат, пейзаж). Олар үшін бей-
нелеу түлғалары емес, экспрессивті түсті бояу қысымы-
ның симфониясы суретшінің көзіне көрінген шындық-
ты анықтау болып табылады. Негізгі түстердің қатына-
сын фовизм табиғаттан алған, бірақ оны күшейтіп, ас-
қындырған. Фовизм мінездемесі: түсті бояудың анық-
тығы, ортада тек дәстүрлі жарық пен көлеңке моделінің
болмауы, түстің әсемдігі мен үйлесуіне көп көңіл бөлу.
Фовизм анықтаған түстердің көптеген мүмкін-
шіліктерін XX ғасырда өмір сүрген бірқатар суретшілер
қолданған.

Функционалдық — заттың қабілеті. Заттар кешенінің, ортаның белгілі жүмысты орындауы немесе соның орын- далуына жағдай жасау, заттың өзінің қолданылуына сәйкестігі, қандай да бір қызметті атқара алатын мүмкіндігі. Көп функциялық — заттың бірнеше қызмет атқара алатын мүмкіндігі.

 

Функционализм (лат. іипсііо — орындау, туындау, жа- сау) — XX ғасырдың 20-жылдары сәулет өнерінде және қолөнерде тараған қоғамдың-эстетикалық қозғалыс. Оның өкілдері заттық көркем бейне өзгеруінің қоғам- дық-техникалық дамуға бағынуын талап еткен. Функ- ционализмге интернационалдық мінездеме тән (Ф.Л. Райг, Ле Корбюзье), оның сәулеттік мектептері болған (немістік «Баухауз», голландиялық «дестийл», советтік конструктивизм). Олардың бәрін біріктіруші болып әсемдеушілікке қарсылық, көркемдік әсемдікті жаңа құрал-жабдықтарды және конструкциялардың эс- тетикасын жоғарылату арқылы, сонымен қатар тек бейнелерді салу емес, оларды адам өміріне арнап салу табылады. Өздерінің эстетикалық қызметтерін болашақ өмірді салу деп ұғынған, ал кейбіреулерінің өмір салу концепциясы бойынша көркем бейне өзгерісі, тіпті, өмірді салу тәсілі болуы мүмкін деген. Бірақ (30-50 жж.) функционализм идеяларын сынап, сәулеттік бейнені салуда көркем эстетикалық мәселелерден бас тартуға болады деген ой-пікірлер айтылды. Ал позитивті функ- ционализм идеялары дизайн саласында қабылданып да- муда.

Функция немесе қызмет — заттың орындайтын неме- се орындауға арналған жұмысы: заттың маңызды ісі, белгісі, мағынасы. Функция заттың мінезін және түрін (немесе қызметін) анықтайды. Қызмет түріне байланыс- ты: үйрену функциясы — заттың немесе ортаның адам- ның үйрену кезеңін жеңілдететін қасиеті. Үйрену функ- циясы ортаның сапасына адам көзқарасының немесе құралдың өзгеруіне байланысты. Жұмыс істеу, ңамта- масыз ету негізі болып табылатын қорытынды функция қызметі — заттық белгімен нақтыланған қоғам санасын- дағы ңызметі жөне адам өміріндегі мағынасы.

Футуризм (лат. іиіигит — болашақ) — XX ғасырдың 10-20-жылдарында Еуропа өнерінде қалыптасқан аван- гардтық ағым. Италияда құрылған. У. Боччони, Дж. Се-

102

 

верини өнер тұлғасы етіп қозғалысты немесе динамика- ны алған. Дәстүрлі мәдениеттің көркем құндылықтары- нан алшақтап, техниканы марапаттап, Италия футу- ризмі урбанизм адамгершілігіне қарсы мінезде болды; ол жайлы «Италия футуристерінің манифесі» еңбегінің авторы Ф.Т. Маринетти былай деген: «Мотордың өмірі әйелдің күлкісі және көз жасынан құнды». Кескіндеме өнерінде: жазықтық пен сызықтың беталды орналасуы, бояу және бейненің үйлеспеуі, адамның көбіне машина бейнесінде көрсетілуі, үйлесімнен мүлде бас тарту. Ре- сейде туындаган «кубофутуризм» тек терминология жа- ғынан ұқсайды, айырмашылығы — классификациясын- да және нақты эстетикалық мағынасында. Орыс футу- ризміне ұсақ буржуазиялық мінездеме тән. Революция- дан кейін олар социалистік мәдениет құруға ұмтылды. Олар «Леф» (редакторы — Маяковский) журналында топ- тасқан.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля