Әлеуметтік нормалар және әлеуметтік девиациялар (аномия)

12 мая, 2018 11:32

Жоспары

  1. Әлеуметтік норма мен кұкықтық норма түсінігі, ерекшеліктері
  2. Аномия ұғымы

І.Әлеуметтік норма мен құқықтық норма түсінігі, ерекшеліктері

Әлеуметтік норма — адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым- қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.Қоғам өмірін кұндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды кұқықтык және моральдык нормаларга бөлудін маңызы зор. Құкықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі коғамдык пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ак әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арқа сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.

Мораль (латын тогайз — әдет-ғұрып) — адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалык сапаларын (ізеттілік, мейірбандык, әділеттілік, мінез-құлык, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың біркатар ерекшеліктері бар:

  • Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы калыптаскан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
  • Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
  • Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары койылады;
  • Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында калыптаскан адамгершілік құлык нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым- қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін калыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама- қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз — бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже.

Құқықтық норма құқықтын бір клеткасы, коғамдық катынастардың жаксы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жүмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-катынасын реттеп, басқарып отырады.

  1. Нормада субьектілердің құкығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі накты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
  2. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
  3. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет камтамасыз етеді.
  4.  Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс  істейді.

Сонымен, құқықтық норма — коғамдагы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен камтамасыз етілетін ереже-кағида.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция. Диспозициця — қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы түлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен кұқығы айкын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстык кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі. Сілтеу түрі: мазмұны туралы баска бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза — диспозиция кашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім калай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.

Санкция — құкыктық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда колданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытьтмалы. Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1 Қоғамның әр саласныа карай өндірістік, ауылшаруашылык, кұрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттагы               нормалар.

2 Құкыктың эр саласныа карай мемлекеттік, әкімшілік, каржы, еңбек, отбасы, азаматтык, кылмыстық, азаматтык-прцессуалдык, кылмыстык- процессуалдык, т.б. саладағы нормалар.

3  Аткаратын жұмысына карай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, корғаушы нормалар.

4  Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

5   Мамандандырылган күкықтық нормалар — қоғамның мамандык салаларының қарым-қатынасын реттеп, баскаратын нормалары                         Мысалы, азаматтық, кылмыстык, заңгерлер, дэрігерлер, мүғалімдер.

Ол «Еңбектің коғамдық бөлінуі» кітабында аномия еңбек белінісінің бұрмалануы нәтижесінде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебін мамандандыру кезіндегі адамдар арасындағы ынтымактастык пен үйлесімдіктің жоғалуынан көреді.

«Өзін-өзі өлтіру» деген еңбегінде Дюркгейм эгоистік, альтуристік және аномиялық суицидтердің түлерін атап өтеді. Соңғысы дәстүрлі шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делінеді. Шектелмеген тілектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешімі жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.

Аномия ұғымын қазіргі социологияда әрі карай дамыткан американдык ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға занды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған баскарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі коғамдарда жиі кездеседі. Бүрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай кайшылықтар түлғалар санасында ауытқушылык туғызуы мүмкін.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля