Өндірістік оқытудың жүйелері

23 февраля, 2018 18:47

 

Көсіптік қызметтің жекелеген компоненттерінен өндірістік оқыту бағдарламасының мазмұнына өту маңызды әдістемелік мөселе болып табылады. Осыған орай мынадай заңды сұрақ туындайды: “Оқушылардың оқу-өндірістік әрекетінің логикасын өндірістік процестің логикасына сөйкестендіру неліктен маңыз- ды?”. Теориялық білімнің қүрылымымен салыстырғанда жеке- леген еңбек операцияларының арасындағы ішкі байланыс қатаң емес. Мысалы, өткізгіштерді тазалау мен дөнекерлеу операция- ларын оқушылар оқытудың белгілі бір кезегінде дербес операци- ялар ретінде қабылдайды. Егер де мұның барысында осы опера- циялардың арасындағы технологиялық байланысқа назар аударылмаса, онда оқушыларда электромонтаж бойынша технологи- ялық процесс туралы тұтас көзқарас қалыптаспайды. Осы себепті өндірістік оқыту бойынша оқу материалының мазмүнын жіктеу жөне сүрыптау маңызды мәнге ие болады.

Өндірістік оқыту әдістемесіндегі өндірістік оқыту жүйесі дегеніміз — оқытудың мазмұнын жіктеу тәртібі, оның бөліктерін жұмыс кәсібінің шеберліктері мен дағдыларын оқушылардың сабақтастықпен жүйелі игеруіне қарай топтастыру.

Өндірістік оқыту жүйесінің бүл анықтамасы тар мағынада алынған, яғни өңгіме оқытудың бүкіл процесі туралы емес, тек оқу материалының мазмұнын таңдауда ғана болып отыр.

Егер өндірістік оқыту жүйесін кең мағынада алсақ, онда өндірістік оқыту жүйесі дегеніміз оку материалы мазмүнынын шешуші рөлі барысында нақты көсіпке сәйкес жүмыстың түрлері мен еңбек операцияларын, жұмыс тәсілдерін оқушылардын жүйелі және оңтайлы игеруін қамтамасыз ететін оқытудың мазмұнының, формалары мен дидактикалық қүралдарыныц тұтастығын білдіреді.

Өндірістік оқытудың отандық жүйелерін сипаттау барысын- да назарға өндірістік оқыту бойынша оқу материалы мазмұны- ның топтастырылуы мен сұрыпталуы алынатындығын ескеру қажет.

Қазіргі уақытта отандық оқу-өдістемелік әдебиетте өндірістік оқытудың жиырмаға тарта өртүрлі жүйелері сипатталған. Олар- дың даму тарихы, негізінен көсіптік оқыту өдістемесінің тари- хын бейнелейді. Өндірістік оқытудың ең алғашқы ғылыми негізделген жүйесі орыс жүйесі деп аталады. Өкінішке орай қазіргі уақытта біздің еліміз өндірістік оқытудың технология- сын даярлауда өзінің басымдылығын жоғалтты.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля