26 «ә» тобының»Сыныптантысжұмыс технологиялалары» педагогикалық іс- тәжірибесінің қорытынды конференциясы

21 сентября, 2017 14:41

Загрузка файла:

Мақсаты:  Білім алушылардың тәрбие теориясы мен әдістемесінен алған білімдерін кеңейту және бекіту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша педагогикалық біліктерімен дағдыларын қалыптастыру.

Альфия:Армысыздар, құрметті «Сыныптан тыс жұмыс технологиялалары» атты педагогикалық іс- тәжірибесінің қорытынды конференциясына қатысушы 26 «ә» топ студенттері және қонақтар! 13 қазан мен 26 қазан  аралығында 26 «ә» топ студенттері №4 ЖОББМ КММ іс- тәжірибеден өтті.  Біздің топқа 4-9 сыныптар аралығындағы  оқушылар берілді. 26 «ә» топ машықкерлері сынып жетекшілік қызмет атқарды. Практикадан өту барысында  2 тәрбие сағаты және 1 сыныптан тыс жұмыс жүргізу тапсырылды.  Барлығы 30 тәрбие сағаты, 12 сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 

Қадырғажиева Айым: Өткізілген тәрбие сағаттары:

4 «а» сыныбы — Муратбекова Акерке, Токеева Алина.«Сәлем саған, алтын Күз!» , «Салауат өмір салты».

Болатова Айдана:4 «ә» сыныбы – Кадырбай Әсел, Смағұлова Қадиша.«Жаныңда жүр жақсы адам, «Ас- адамның арқауы».

Қадырғажиева Айым:4 «б» сыныбы – Жанболатова Еркежан, Байгазинова Маржан. – «Менің отаным- Қазақстан» , «Қайырымдылық- адамгершілік белгісі».

Болатова Айдана:5 «а» сыныбы – Қосетова Құралай, Бағжанова Гүлнұр. – «Отбасы- аялы алақан мекені!» , «Рухани келісім – бірлік пен татулық кепілі».

Қадырғажиева Айым:5 «ә» сыныбы – Шалтаева Іңкәр, Исаева Әсел. «16 қазан- Дүниежүзілік тамақтану күні!», «ҚР мемлекеттік рәміздері- менің мақтанышым».

Болатова Айдана:5«б» сыныбы – Төлеуханова Балым, Жүкенбекова Жүзім. – «Бала және оның құқығы» , «Нашақорлыққа жол жоқ!».

Қадырғажиева Айым:6 «а» сыныбы – Абренова Альфия, Аймаханова Аңса. «Менің отбасым- менің тірегім», «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан».

Болатова Айдана:6 «ә» сыныбы – Мусақызы Мадина,Шалқарқызы Айя.      «18 қазан- Рухани келісім күні!», «Талант- халық қазынасы».

 

Қадырғажиева Айым:7 «а» сыныбы – Зейноллина Ұлжан, Бердешова Еркеназ. «Діни келісім- бірлік пен тұрақтылық белгісі», «Отбасы- аялы аақан мекені».

Болатова Айдана:7 «ә» сыныбы – Болатова Айдана, Қадырғажиева Айым, Толғанбаева Диана. «Күз- береке, күз-мереке», «Жанұя- тәрбие мектебі».

Қадырғажиева Айым:8 «а» сыныбы – Ілиясова Дамира, Омаргалиева Айгерим. «Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығы!», «Қазыбек Қалдыбекұлының- 350 жылдығы!».

Болатова Айдана:8 «ә» сыныбы – Доскина Алина, Саветканова Дана. «Қазақ елінің уставына- 105 жыл!», «Бөкей ордасында қазқ мектебінің аылуына 175 жыл».

Қадырғажиева Айым:9 «а» сыныбы – Төлегенқызы Аңсаған, Касенова Жанель. «Зорлық-зомбылықсыз алалық шақ», «Үлкенге-құрмет, кішіге- ізет»

Болатова Айдана:9 «ә» сыныбы – Кажыкенова Назым, Серікова Айтолқын. «Мен- елімнің патриотымын!», «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан- Қазақ елі!»

Кажыкенова Назым: Өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар:

4 «а» және 4 «б» сыныптарында – «Ертегілер еліне саяхат!»

4 «ә» сыныбында – «Менің отаным – Қазақстан!»

5 «а» сыныбында – «Табиғатты аялайық!»

5 «ә» сыныбында – «Жақсылық – жан шуағы»

5 «б» сыныбында – «Адамгершілік – рухани байлық!»

6 «а» және 6 «ә» сыныптарында – «Тәуелсіз елдің білімді де, өнерлі ұрпақтары!»

7 «а» сыныбында – «Тамақтана білу – денсаулық кепілі»

7 «ә» сыныбында – «Жас математиктер»

8 «а» сыныбында – «Сынып аруы»

8 «ә» сыныбында – «Оян қазақ өлеңіне 150 жыл!»

9 «а» сыныбында – «Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы!»

9 «ә» сыныбында – «Сынып ханзадасы»

Ілиясова Дамира: Сынып ұжымын зерттеу диагностикасын жүргізу барысында біз алдын-ала танысу,бақылау ,табиғи экперимент жүргіздік яғни,
Алдын-ала танысу -тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға,оқушылар ұжымын ынтымақтандырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік беретін сынып ұжымын зерттеу әдістері болып табылады.
Бақылау-оқушылардың мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейтін әдіс.Бұл зерттеу әдісі арқылы бала дамуының өзгерістері қадағаланып отырса,бақылау зерттеудің тиімді әдісі болмақ.
Табиғи эксперимент -оқудың тәрбиелік дәрежесін,өмір мен қызметін әр түрлі жағдайындағы белсенділігін немесе мінезін ,тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.

Аймаханова Аңса: Біз іс-  тәжірибеден өтуге барған №4 ЖОББ мектепте 4 «а», 4«ә», 4 «б», 5 «а»,5 «ә»,5 «б», 6 «а» 6 «ә», 7 «а», 7 «ә», 8 «а», 8 «ә», 9 «а», 9 «ә» сынып оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу картасы бойынша 4-9 сынып арасындағы оқушылардың мінезінің жағымды жағымсыз- жақтарын  анықтадық. зерттеулерінің қорытындысынан барлығы 216 баланың 147-сі  жағымды, 69-ы  жағымсыз болды.

4-9 сынып арасындағы оқушылардың Темпераментін зерттеудің қорытындысы бойынша барлығы 216 баланың: 64 холерик, 117 флегматик, 66 меланхолик, 59 сангвиник екендігін анықтадық.

4-9 сынып арасындағы оқушылардың қабілетін зерттеудің қорытындысы бойынша барлығы 216 баланың: 50 спортқа, 32 сурет салуға, 36 есте сақтауға, 54 би билеуге, 42 ән айтуға, 2 ғылыми тұрғыда қабілетті екенін анықталды. Жүкенбекова Жүзім:Оқушылардың тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу. Бұл тәсіл тәртіпсіз, үлгерімі нашар, қиын оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Әр баланың тұрмыс жағдайын зерттеу мүмкін емес болғандықтан, бұл тәсілде ата-аналардың балаларының бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға көмек беру арқылы баланың өз уақытын тиімді өткізуге ықпал етеді. Сынып ұжымы арасындағы бір-біріне деген қарым- қатынасы, ұйымшылдығы және т.б. қасиеттерді анықтау  үшін зерттеу жұмысын жүргіздік. Соның нәтижесін ұсынамыз.

Қосетова Құралай: Оқушылардың қоршаған ортамен қатынасын анықтау барысында 4 және 9 сыныптар арасында зерттеу жүргізілді. Осы жүргізілген зерттеу барысында отбасы, достары, сыныбы, сабақ, мұғалім, көше, басқаларымен қарым-қатынасы төмендегідей болды.

Смағұлова Қадиша:Әр машықкер оқушылармен социометрия әдістемесін өткізді.

Муратбекова Ақерке:Біз іс-тәжірибеден өту барысында сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралардан бөлек оқушылармен қарым-қатынасты нығайту барысында мектептен тыс жұмыстар атқардық. Осы жұмыстар арқылы сынып жетекшінің сынып оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста болатыны жайлы түсіндік. Оқушылармен тығыз байланыста бола отырып, әр оқушының жеке дара қабілеттерін психологиялық ерекшеліктерін білуге, тануға мүмкіндік ала алдық.

Мусақызы Мадина: Педагог деген атқа ие болу ерекше мәртебе. Себебі, ол адамзатты тәрбиелеуші , әлемді тәрбиелеуші. Машықкер ретінде біз болашақ мұғалім болу үшін үлгі өнеге болатын №4 ЖОББМ мұғалімдері.Екі апталық іс-тәжірибе барысында сынып  оқушыларының сабақтарына қатыса отырып «қалай балаға теориялық білім беру, ынталандыру, қызықтыру» керек екендігін игердік. 6 «Ә» сынып мұғалімдері арасындағы қазақ тілі және  қазақ әдебиеті мұғалімі Толқын Болысқанқызы үлгі өнеге болды. Толқын Болысқанқызы әрбір оқушының жүрегіне жол таба алатыны, сабақты оңтайлы үйрету, мысалды өмірден алған мысалдармен сабақты өткізу арқылы ерекшеленді.

Тек сабақты түсіндіру емес олардың сөйлеу мәнерін дамыту, жалпы оқыту әдісін қолдануы жағынан мұғалімді сыйлай білуге тәрбиеледі.

Әрбір сабақтың мақсатына толықанды жете алды. Сондай мұғалімдердің қатарына 5 «А,Ә,Б» сыныптарының мұғалімдері ішінде математика мұғалімі Селғазы Қайроллаевичті, 6 «А,Ә» сыныптары бойынша орыс тілі мұғалімі Роза Талғатбековна , 7 «А,Ә» сынып бойынша география мұғалімі Сарыбаева Айнұр және 8 «А,Ә» сыныптары бойынша орыс тілі пәні мұғалімі Айсұлу Өркеновна сынды мұғалімдерді атап айтуға болады.

Шалтаева Іңкәр:26 «ә» топ студенттері «сыныптан тыс жұмыс технологиясы» барысында машықкерлер бір-бірінің тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларына қатыса отырып, басқа машықкерлердің ұйымдастыру тәжірибелері мен сабақты талдауды меңгерді. Басқа машықкерлердің сабақтарында қолданған оқу- тәрбие әдістерін қолдануын және тәрбие сағатын жүзеге асыруын бақылай отырып, айтылған жетістіктер мен ұсыныстарды қабылдап, түзету бойынша жұмыстар жүргіздік деп айта аламын.

Исаева Әсел:    « Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы » іс- тәжірибесін өту барысында әр түрлі тақырыптың мазмұның ашатын көрнекіліктер қолданылды. Көрнекіліктер тәрбие сағаты мен іс-шараның талаптарына сай көркемделді. Көрнекіліктер тақырыпты толықтай ашуға мүмкіндік берді. Оқушылар өз ойларын көрнекіліктер арқылы ашық жеткізе алады, көру арқылы  білімдерін кеңейтіп, тәрбие сағатына деген қызығушылықтарын ояту мақсатында қойылады .

Серікова Айтолқын:«Сыныптан тыс жұмыс технология» іс-тәжірибе бойынша оқушылармен жекелей жұмыс жасалды. Біз сынып жетекшісінің Оқушылармен, ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болып оқушылардың үлгерімін тәртібін қадағалайтынын көрдік.Сынып жетекшісінін жанында жүріп балалармен қалай жұмыс жасау керектігін үйреніп бойымызға сіңәрдік.Біз 9 «ә» сынып жетекшісімен бірге жүріп, сабақта үлгерімі төмен, мұғалімдерге дөрекі сөйлейтін, сыныптағы қыздармен қарым-қатынас жасамайтың оқушымен  жеке жұмыс жасадық. Муратова Ырысбала №17 мектептен қыркүйектін онында №4 мектепке ауысып келді оның мінезі басқа оқушыларға қарағандаөзгеше болды. Онымен жеке сөйлестік бұдан нәтиже болмағандықтан ата анасын мектепке шақырдық бірақ олар келмеді Ырысбаланың сабақта үлгерімі өте төмендей бастағандықтан біз инспекторды ертіп үйіне бардық анасымен сөйлесіп баласының тәрбиесіне мән беруін оны күнде қадағалап отыруын айттық.

Толғанбаева Диана: Педагогикалық тәжірибеден алған әсерім-тамаша.Оқушылардың мінездері әртүрлі болды.Бірақ,біз оқушылардың көңілдерін таба білдік.Оқушылармен қалай жұмыс істеу керек екенін білдік.Оқушылармен жұмыс жасаған қатты ұнады.Бірінші тәжірибе болғандықтан әртүрлі қиындықтар болды.Бірақ біз бұл қиындықтарды жеңе білдік.Себебі,бұл менің сүйікті мамандығым бойынша басқан алғашқы қадамымның бірі болды.

Бердешова Еркеназ: Осы практикадан өту аралығындағы ұсыныстарға келетін болсақ.Біздің толық тәжірибеміз болмағандықтан, практикадан өту барысында сабақтың түрін, ұйымдастыру формасын анықтауда, жоспар құруда қиыншылықтар болды. Бір ай көлемінде ғана теориялық біліміміз болмағандықтан, қиыншылықтар болды. Бізге қиындық тудырғандықтан ІІ семестрда аптасына 1 күнді арнап барған дұрыс деп ойлаймын. Біздің бірінші практикамыз болды және ІІ семестрда болса, біз өз тәжірибемізді толықтай жинақтап, сабақтың мақсатын, міндетін құру, сабақтың түрін, формасын толықтай меңгеріп барып, бірақ барғанымыз тиімді деп ойлаймын.

Шалқарқызы Айя: «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» іс-тәжірибесі барысында бөлінген сыныптар бойынша сыныптың сабақтарына қатысып ең бірінші өзімізге педагогикалық этика, педагогикалық шеберлік пен қасиеттерді сіңіре алдық. Ол үшін №4 мектептің әкімшілігіне және ұстаздарына алғыс айтқымыз келеді. Іс-тәжірибе уақытында кездескен қиыншылықтар мен келеңсіздікті шешуде әр түрлі жағдаяттан шыға білуге үйрендік. Біздің ең алғашқы іс-тәжірибеміз болғандықтан, ең бірінші балалармен тіл табысып, жұмыс жасау қиынға соқты. Бірақ, әдіскер-педагогтың үйреткен бағыттары арқасында іс-тәжірибе барыснда сынып жетекшілік жұмысты  жауапкершілікпен атқара алдық. Іс-тәжірибеде көптеген мәліметтерді ала отырып, болашақта педагогикалық еңбегімізде қолдана аламыз деп ойлаймын.

Топ басшысы ретінде тобымның көрсеткен нәтижелерін, жеткен жетістіктеріне ризамын және мақтана айта аламын.

 

Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

ШҚО, Семей қаласы, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

    «Педагогика және психология» ПӘК әдіскер-оқытушысы

 

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

Aigul-1977

1
Комментарии: 0Публикации: 3Регистрация: 01-06-2016

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля