6 октября, 2017 13:40
Ережеге сәйкес жөндеудің келесі түрлері қарастырылған: ағымды жөндеу (АЖ); ілеспелі жөндеу (ІЖ); күрделі жөндеу (КЖ); калпына келтіру жөндеуі (ҚК).
Агымды жөндеу (АЖ) автомобильді пайдалану барысында туған акауларды жою үшін қолданылады. Ағымды жөндеуде жеке бөлшектер, механизмдер және агрегаттар ауыстырылады.
Парктің техникалық пайдалану коэффициентін арттыру үшін, АЖ- ды мүмкіндігінше ауысым аралығында, жұмыстан кейін немесе түнде орындауға тырысады. Егер күрделі агрегат ауыстырылатын болса, онда жөндеу күндіз арнаулы жұмыс орнында агрегатты тәсіл бойынша атқарылады. Ондай жағдайда агрегат алдын ала жөнделіп қойған қордан алынып қойылады.
Ағымды жөндеуге тиісті еңбек қажеттілігі адам/сағ. арқылы автомобильдің 1000 шақ. жүрген жолына есептеліп беріледі.
Күрделі жөндеу (КЖ) кезінде жұмыс істеу қабілетін жоғалткан автомобильдің агрегаттарын қалпына келтіріп, келесі КЖ-ге дейін жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Автомобильдерді күрделі жөндеу арнаулы жөндеу кәсіпорындарында, автомобиль жөндеу зауыттарында толық агрегаттарға, бөлшектерге ажыратып жөндеп, оларды қайта жинау жұмыстары орында- лады.
Ілеспелі жөндеу (ІЖ) — еңбекті аз қажет ететін ТҚ көрсету жұмыс- тарымен бірге орындалатын жөндеу (ТҚ-1 кезінде 5…7 адам/мин., ал ТҚ-2 кезінде 20…30 адам/мин.). ІЖ-ді ТҚ жұмыстарымен бірге орындауға болады.
Автомобильді күрделі жөндеуге қоюдың көрсеткіші оның жүрген жолы болуға тиіс. Мысалы, Горький автомобиль зауытының жеңіл автомобиліне 300 мың шақ., жүк автомобильдеріне 250 мың шақ. жол жүру белгіленген. БелАЗ автомобильдері үшін — 500 мың, ал алға қойған жоспар бойынша 1 млн. шақ. жол жүру жоспарланған. Көпшілік шетелдік жеңіл автомо- бильдер үшін — 450…500 мың шақ. Кейінгі кезде ЕУРОстандартқа сәйкес күрделі жөндеу қарастырылмаған.
Автомобиль жөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен автомобильдердің жөнделу сапасы одан ары пайдалану үшін кейінгі талаптарға сай келмейтінін және оның қымбаттығын тәжірибе көрсетуде. Сондықтан автомобильді күрделі жөндейтін зауыттар қазіргі кезде жеке агрегаттарды ғана жөндеуге көшкен.
Жаңа экономикалық жағдайда нарықтық қатынасқа байланысты автопарктердің барлығының толық немесе жартылай жекеменшік басқаруына көшуі нәтижесінде тасымалдауды жаңаша үйлесімді ұйымдастыру жолдары іздестіріліп, автомобильді тиімді пайдалану іске асырылуда, соған байланысты жөндеу саласында да өзгерістер енгізілуде. Авто- парк жұмыстарын ұйымдастыратын көптеген нұсқаулар мен ұсыныстар, нормативтік көрсеткіштер түбегейлі өзгеріске ұшырап, автопарктің еркін басқаруға көшуіне байланысты жөндеу жүргізудің реттілігіне, көлеміне, техникалық қызмет көрсетудің еңбек қажеттілігіне өзгерістер енгізілді.
Мысалы, кейбір автомобиль шығарушы зуыттар өздерінің тиімді жоспарлы техникалық кызмет көрсету кезектілігін ұсынса, кейбіреулері жалпы қабылданған техникалық қызмет көрсету (ТҚ) жүйесінің атын өзгертіп, қосымша техникалык қызмет көрсету түрін енгізуде (айталық, автомобильдерді жұмыс істеуге төселту кезеңі). Горький автомобиль зауыты «Волга» автомобилі үшін ТҚ-1 жол жүру нормасын 8000 шақ. дейін көбейтуді, ал «Газель» автомобилі үшін ТҚ-2 16000 км болуын ұсынады. Камск автомобиль зауыты КамАЗ автомобилі үшін сервистік техникалық қызмет көрсету тэсілін: бірінші 1000 шақ. жол жүргеннен кейін — «Сервис А», 4000 шақ. жол жүргеннен кейін — «Сервис Б» ТҚ-1-дің орнына «Сервис 1», маусымдық қызмет көрсетудің (МҚ) орнына «Сервис С» ендіруді ұсынады. Бұл ұсыныстардың барлығы — дүниежүзілік стандартқа көшудің алғашқы қадамы.
Қалпына келтіру (ҚК) жөндеуі күрделі жөндеудің шарттарына жатпайтын жылжымалы құрамдардың функциональдық ақауларын қалпына келтіру мақсатында жасалады.