Автопарктің түріне және ондағы автомобильдердің санына байланысты өндірістік үдерістің механикаландырылу деңгейі

14 октября, 2017 9:10

Техникалық қызмет көрсету немесе автомобильдерді жөндеу жұмыстарына жұмсалатын уақыттың ұзақтығы төменгі формула бойынша анықталады.

Км — кәсіпорынның механикаландырылған деңгейін ескеретін коэффициент;

мұндағы:

I — осы операцияның еңбек қажеттілігі;

Кд — автомобильдің жай-күйін анықтау деңгейін есептейтін коэффициент;

Т м — ауысымның ұзақтығы, сағ.;

С — ауысым саны;

Рп — бір мезгілде жұмыс істейтін бекет саны;

Ккв — орындалатын жұмыстың күрделілігін және қызмет көрсететін жұмысшылардың біліктілік деңгейін есептейтін коэффициент

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қажетті еңбек шығыны оньщ маркасына, түріне, көлік құралының жүрген жолына, жүргізушінің біліктілігіне, пайдалану жағдайына және пайдаланылатын жабдықтарға байланысты. Жабдықтардың машинаны жөндеуден шығаруға әсер ететін факторларын экстенсивті және қарқынды (интенсивті) деп екіге бөлуге болады.

Экстенсивті факторларга: техникалық; технологиялық және ұйымдастыру жұмыстарын өзгертпестен қорды көбейту; жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттырмай санын көбейту; қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету жатады.

Қарқынды (интенсивті) факторларга: жоспарды ұлғайту; техникалық қызмет көрсету жүйесін тікелей басқару; жаңа ақпараттық технологияны пайдалану; кәсіпорынның құрылымын (кооперация, арнаулы, топтау) өзгерту; басқаруды жетілдіру арқылы уақытты үнемдеу; атқарушылардың біліктілігін арттыру; ТҚ және АЖ үдерістерін механикаландыру; материалдық ынталандыру жүйесін ендіру жатады.

Өндіріске автоматтандыру үдерісін ендіргенде, адам күшінің жартылай немесе толық қажет болмауын қамтамасыз етеді, жұмысшының міндетіне тек бақылау немесе қондыргыларды реттеп тұру ғана қалады.

Механикаландыру және автоматтандыру ғылыми-техникалық үдерістерде негізгі бағыт болып есептеледі, ол техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарын жүргізуде операциялардың орындалу уақытының ұзақтығына, жұмыстың өнімділігіне, ТҚ жэне АЖ жұмысының сапалылығына, қосалқы бөлшектердің шығынын азайтуға әсерін тигізеді.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля