Майсорғыға техникалық қызмет көрсету

24 ноября, 2017 18:38

Егер май қысымы төмендеп немесе жоғарылап кетсе, оны механикалық манометр көмегімен тексереді. Оны май қысымы сезгісінің орнына ор- натады, өйткені автомобильдің қысым көрсеткіштері айтарльщтай қате көрсетуі мүмкін.

 Майсоргыны тексеруге арналган қондыргы сұлбасы:

1 — сору магистралі; 2 — тексеріліп жатқан соргы; 3 — манометр; 4 — екі жүрісті
кран; 5 — шыгын өлшегіш; 6 — соргының электр механикалық жетегі;

7 — май құйылган ыдыс

 

Май сорғысының техникалық жағдайын оны шешкеннен кейін стендте анықтауға болады.

Сорғы жетегі қосылып және кран (4) жабық болғанда, редукциялық клапан ашылғандағы қысымды анықтайды, ол 0,35…0,45 МПа аралығында болуы керек. Сорғының жағдайын кешенді бағалайтын, айтарлықтай сезімтал параметр — ол оның өндірістілігі болып табылады. Ол тегеріштер мен тұрғысының тозу дәрежесін сипаттайды. Жетекті (6) іске қосып жэне кранды (4) ашып, шығын өлшегіш (5) көмегімен сорғының өндірістілігін анықтайды (литр/мин). Сорғы өндірістілігінің қалыпты шамасы 10…30 л/мин (жүк автомобильдері қозғалтқыштарының майсорғысының өндірістілігі жоғарғы шаманы көрсетеді).

 Соргы тұрқысы мен тісті
тегеріш арасындагы саңылауды
өлшеу әдісі (тегеріштердің сыртқы
ілінісу соргысы):1 — қармауыш; 2 — жетектеуші
тістегеріш; 3 — соргы тұрцысы;4 — жетектелетін тістегеріш
Автомобильді ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін немесе майсорғының өндірістілігі төмендеген кезде оны шешеді жэне бұзады. Майсорғының барлық бөлшектерін керосинмен жуып жэне ауамен үрлеп тазалайды. Егер майсорғының кақпағында немесе тұрқысында сынық бар екені анықталса, оны жаңаға ауыстыру керек. Майсорғыны тексеру барысын- да тістегеріштің тозғаны анықталса, онда оларды да жаңасына ауысты- рады. Тексеру кезінде майсорғының тұрқысында орналасқан тегеріштер білікшесін қолмен, күш салмай айналдырғанда жеңіл айналуға тиіс.
Соргы тұрқысы мен
тегеріштің сыртқы диаметрінің
арасындагы саңылауды өлшеу әдісі
(тегеріштердің ішкі ілінісу соргысы)

 

Тегерішті майсорғыларының қармауышының көмегімен сорғы тұрқысы мен тегеріш сыртқы диаметрінің арасындағы саңылауды анықтайды. Қозғалтқыштың үлгісіне байланысты саңылаудың рүқсат етілетін шама- сы — 0,22-0,25 мм, қалыптысы — 0,105-0,175 мм.

Сонымен қатар тегеріш тістерінің арасындағы саңылауды да тексереді, ол 0,20 мм-ден артық болмауға тиіс. Тегеріштің бүйір жағы мен сорғы тұрқысы тегістігінің арасындағы саңылауды сызғыш немесе қармауыштың көмегімен өлшейді. Қозғалтқыштың үлгісіне байланыс- ты рұқсат етілетін саңылау — 0,25 мм, ал қалыптысы — 0,140-0,215 мм. Тегерішті сорғылар тегеріштің диаметрін өлшейді жэне өс пен жетек- телетін диск арасындағы саңылауды анықтайды. Ол 0,017-0,057 мм аралығында болуға тиіс, ал ақырғы рұқсат етілетін саңылау — 0,1 мм. Сорғы білікшесі мен тұрқысындағы тесік арасындағы саңылау 0,016-0,055 мм аралығында болуы керек.

Егер майсорғының қақпағы мен тұрқысының арасында пароти немесе картоннан жасалған қалыңдығы 0,3 мм төсеме болса, онда сорғыға жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін төсемесін жаңаға ауыстырады. Төсемені орнату кезінде лак, сыр немесе басқа да тығыздағыш зат қолдануға жэне де одан қалыңырақ төсемені орнатуға болмайды. Өйткені мұның салдары- нан сорғының өнімділігі төмендейді.

Майсорғыға жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, оның редукциялық клапанын бұзады жэне оның ұяларын еріткішпен жуады. Клапан мен ұяларында сызық-із болмауға тиіс. Плунжерлі клапандардың кішкендай сынықтары мен сызықтарын зімпара қағазымен жылтыратады. Клапан серіппесін тексеру барысында, серіппені сыққан кезде оның ұзындығы 11- 13 мм-ден артық азаймауы керек.

Автомобильді пайдалану барысында қозғалтқыш майсорғысының жел- дету жүйесі жану қоспасының толық жанбай қалған заттарымен бітеліп калады. Қозғалтқышты жөндеу кезінде құбыршектерді, май құбырларын, торларды ажыратып жэне оларды еріткішпен, бензинмен немесе керосин- мен жуады.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля