АҚ «КазМұнайГаз»-дың қаржылық жағдайына талдау.

12 февраля, 2020 22:56

Жоспар

Кіріспе

  1. Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі коэффициенттерінің теориялық негіздері

1.1.Қаржылық коэффициенттерге сипаттама

1.2. Қаржылық коэффициенттердің сыныпталуы  және қаржылық талдау әдістері

 

2.АҚ «КазМұнайГаз»-дың қаржылық  жағдайына талдау

2.1. Компанияның қызметіне сипаттама

2.2. Компанияның балансын қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып бағалау

 

  1. Компанияның қызметтерін оңтайландыру шаралары

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

Кіріспе

Қаржылық көрсеткіштерді қолдана отырып кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау қаржылық менеджементтің   негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.Кәсіпорын  өз қызметін жүргізу барысында белгілі бір нәтижеге жетуді көздейді, өзінің қаржылық жағдайын талдайды, алдына қойған мақсаттары мен  жоспарларын орындауға тырысады. Кәсіпорын   шаруашылық қызметін жүргізу барысында  стратегиялар мен тактикалар қабылдайды, осы  жоспарлардың орындалуын кәсіпорын тек қаржылық жағдайды анықтау коэффициенттерін есептеп қана көру мүмкіндігі бар.Сондықтан менің курстық жұмысымның актуалдығы сонда, шаруашылық процесінің барлық жағдайын және кәсіпорын жұмысының оңтайлығы мен тиімділігн анықтауға көмектеседі.

Курстық жұмысты жүргізу барысында мен өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

  • қаржылық жағдайды анықтау үшін қажетті каржылық менеджмент коэффициенттерін талдау;
  • белгілі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайын тәжірибе жүзінде анықталған мәліметтерді қолдана отырып, қаржылық жағдайды талдау коэффициенттерін есептеу;
  • кәсіпорында қалыптасқан жағымсыз жағдайларды шешу жолдарын қарастыру.

Осы мақсатарға жету үшін мен мынандай міндеттерді белгіледім:

  • қаржылық коэффициенттерді анықтау үшін теориялық әдебиеттерді қарастыру;
  • белгілі бір кәсіпорынның бухгалтерлік балансы туралы мәліметтер баспа беттері мен интернеттерден іздеу;
  • ұсыныстар енгізу үшін әдебиетерді қарастыру.

 

1.Қаржылық   жағдайды талдаудың  негізгі коэффициенттерінің теориялық негіздері.

 1.1. Қаржылық коэффициенттерге сипаттама.

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тұрғыдан анықтауға болады. Бірінші   жағдайда қаржылық жағдайды талдау критерийі — өтімділік және төлем қабілеттілік болады.

Көптеген еліміздің  мамандарының айтуы   бойынша   өтімділік және төлем қабілеттілік  ұғымдары теңестіріледі. Өтімділік ұғымын активтердің белгілі бір уақытқа байланысты  ақшалай қаражаттарға айырбасталу мүмкіндігі. Мерзім аз болған сайын активтердің өтімділігі жоғары деген сөз. Баланстың өтімділігі дегеніміз ұйымның міндеттерін активтермен жабу  мүмкіндігі, яғни   міндеттердің   өтелу мерзімінің  активтердің ақшаға айналу мерзіміне сәйкестігі.

Ұйымның өтімділгін айтқан кезде  қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін айналыстағы қаражаттардың жеткіліктігі болып табылады. Сандық өтімділік  арнайы өтімділік коэффициентімен сипатталады.

Төлем қабілеттелік    дереу өтелуге міндетті  несиелік қарыздарды төлеу үшін ұйымдағы ақша қаражаттарының болуы. Осыған байланысты төлем қабілеттіктің негізгі көрсеткіштері: а) есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының жеткіліктік мөлшері; б)  мерзімі өтіп кеткен несиелік қарыздардың болмауы.

Яғни өтімділік пен төлем қабілеттілік коэффициенттері бір- біріне тең емес.

 

Баланстың өтімлігін талдау.

Баланстың өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі төмендеуге байланысты топтастырылған    активтік қаражаттарды  өтелу мерзімінің   ұзаруына байланысты орналастырылған пассивтік қаражаттардың арақатынасын салыстыру арқылы анықталады.

Өтімділік дәрежесіне байланысты,яғни ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігіне байланысты ұйымның активтері келесі топтарға бөлінеді:

А1. Өтімділігі өте жоғары  активтер- оларға   барлық ақша қаражаттары және қысқа мерзімді  қаржылық салымдар (бағалы қағаздар)  жатады.

А2. Тез сатылатын активтер- қолма- қол қаражаттарға айырбастау үшін уақытты қажет ететін активтер.Бұған  есеп беру кезеңінен  кейін 12 ай ішінде өтелетін дебиторлық қарыздарды жатады.

А3. Жәй сатылатын активтер- өтімділігі төмен активтер- ҚҚС қорлары, дебиторлық қарыздар( есептік кезеңнен кейін 12 айдан асатын уақытта қайтарылатын) және басқада айналым активтері.

А4. Қиын сатылытын активтер- ұзақ мерзімде шаруашылық қызметте қолданылатын активтер. Бұл топқа айналымнан тыс активтер жатады.

 

 

 

Активтерддің алғашқы 3 тобы   шаруашылық мерзімінің аралығында үнемі өзгеріп тұруы мүмкін,  сондықтан олар ағымдағы активтер деп аталады.  Басқа активтермен салыстырғанда ағымдағы активтердің өтімділігі жоғары.

Баланстың пассивтері олардың төлену мерзімінің   дәрежесіне байланысты анықталады:

П1. Тез өтелетін міндеттемелер- оларға кредиторлық қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді пассивтер- қысқа мерзімді қарыз қаражаттары, басқа да қысқа мерзімді пассивтер, дивидендтер бойынша төлемдер.

П3. Ұзақ мерзімді пассивтер-банктердің ұзақ мерзімді қарыздық кредиттері және басқа да қысқа   мерзімді пассивтер.

П4. Тұрақты пассивтер-болашақтағы пайдалар, пайдалану қорлары, келешектегі  шығындардың пассивтер.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер   бірге алғанда  сыртқы міндеттемелер болады.

Кәсіпорын   өтімді болады,егер  ағымдағы  активтер   қысқа мерзімді  міндеттемелерден көп болса. Кәсіпорын жоғары дәрежеде және төмен дәрежеде өтімді болады.Баланстың өтімділігін   анықтау үшін  пассивтер мен   активтер топтарын  теңестіру    керек. Баланс абсолютті өтімді болады, егер мынандай теңсіздік  орындалса:

А1>=П1;  А1>=П2;  А3>=П3;А4>=  П4;

 

Егер  осы теңсіздік орындалса, яғни ағымдағы активтер сыртқы міндеттемелерден жоғары болса, мұның терең экономикалық мәні бар: фирманың меншікті айналым  қаражаты бар екендігін көрсетеді,  қаржылық   тұрақтылықтың  минималдық   шарты    орындалады.

Осы үш теңсіздіктің    біреуі орындалмаса, баланс  абсолюттік сипаттан алшақтайды.

Өтімді   қаражаттардың    міндеттемелерге   теңестірілуі:

—  ағымдағы    өтімділік,қарастырылған     мерзім  аралығында ұйымның   төлем қабілеттігі(+)   немесе төлем қабілетсіздігі(-).    АӨ=(А1+А2)- (П1+П2);

—  перспективалық өтімділік-төлем   қабілеттілікті   болашақ   түсімдер мен  төлемдер    арқылы салыстыру.           ПӨ=А3-П3

 

Баланстың   өтімділігін  талдау   келесі  кестеде көрсетіледі.

1- кесте

 

Актив Мерзім басында Мерзім аяғында Пассив Мерзім басында Мерзім аяғында Артық және  жетіспеушілік
      1         2        3        4       5       6  7=2-5 8=3-6
Өтімділігі өте жоғары активтер(А1) Х1.1 Х1.2.

 

Тез өтелетін міндеттемелер(П1) У1.1 У1.2.    
Тез сатылатын активтер(А2) Х2.1 Х2.2. Қысқа мерзімді пассивтер(П2) У2.1 У2.2    
Жәй сатылатын   активтер(А3) Х3.1 Х3.2 Ұзақ мерзімді пассивтер(П3) У3.1 У3.2    
Қиын сатылатын активтер(А4) Х4.1 Х4.2 Тұрақты пассивтер(П4) У4.1 У4.2    
Баланс       Баланс      

 

 

1 топтағы активтер мен пассивтерді теңестіру арқылы  ағымдағы төлем қабілеттілік пен түсімдерді анықтауға болады.  2  топтағы пассивтер мен активтерді салыстыру арқылы, яғни А2 мен П3, жақын арадағы ағымдағы  өтімділіктің  өсуі мен кемуін анықтауға болады. 3 және 4 топтағы активтік және пассивтік қорытындыларды салыстыру арқылы болашақтағы төлемдер мен түсімдерді анықтауға болады. Жоғарыдағы схеманы талдау  уақытылы    төлемдерді өтеу мүмкіндігін сипаттайтын қаржылық жағдайы анықталады.

Бұл схема арқылы талдау жақындатылған талдау болса, нақты талдау төлем қабілеттігін   қаржылық коэффициенттердің көмегімен талдауға болады.

 

Төлем қабілеттілік коэффициенттерін анықтау және  есептеу.

Төлем қабілеттілік  коэффициенті нормативтер  арқылы талданады.

 

Қаржылық коэффициент нормативі (2 кесте)

Көрсеткіштер атауы Есептеу әдісі Оңтайлы шектеулер
Өтімділіктің жалпы көрсеткіші L1=(A1+0.5*A2+0.3*A3)/(П1+0.5*П2+0.3*П3) L1>=1
Абсолюттік өтімділік коэффициенті  

 

L2= A2/(П1+П2)

 

 

L2>0.1-0.7

 

«Нашар»   бағалану коэффициенті L3=(A1+A2)/(П1+П2)

 

0.7-0.8 жіберіледі, мүмкіндігіншеL3~1
Ағымдағы өтімділік коэффициенті  

L4=(A1+A2+A3)/(П1+П2)

Қажетті1; тиімді L4~1.5-2

Коэффициенттердің мәнін ашып айтайық. Абсолютті өтімділік коэффициенті(L2)  жақын уақыт аралығында ұйым ақша қаражаттарының көмегімен қысқа мерзімді міндеттемелердің қаншалаықты бөлігін өтей алатындығын көрсетеді. Нашар бағалану коэффициенті(L3)  төлемдер бойынша түсімдер және басқа да шоттардың арқасында тезарада міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық   айналым қаражаттарын  ауыстыру арқылы ағымдағы міндеттемелерді орындау жағдайы.

Өтімділікті  жиынтық бағалау үшін төлем қабілеттілік коэффициентін қолдану керек (L1). Оны бағалау арқала ұйымның қаржылық жағдайы өзгереді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (L4)  осы барлық көрсеткіштерді жалпылайды және бухгалтерлік баланстың  оңтайлы( оңтайлы еместігін) көрсетеді. Бұл төлем қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші.

 

Қаржылық тұрақтылықты талдау

Ұйымның   қаржылық жағдайын талдаған кезде  қаржылық тұрақтылықты қарастырмай өтуге болмайды.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығы- жеткілікті тәуекел деңгейін ескере отырып төлем қабілеттілік және несие қабілеттілік жағдайын сәйкестендіре ұйым капиталы мен пайдасы өсуге бағытталған ұйымдық ресурсты дұрыс орналастыру және бөлу кезіндегі жағдай.

Қаржылық тұрақтылықты  талдаудың мақсаты болып активтер мен пассивтердің құрылымы мен көлемін  бағалау болып табылады.Бұл мынандай   сұрақтарға жауап береді: активтер мен пассивтердің өсу деңгейін анықтауға көмектеседі. Қаржылық    тұрақтылықты    анықтайтын коэффициенттерді анықтайық.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті   көрсеткіштері  қорлар мен  шығындардың құралу көздерін көрсеттеді.

Қорлар   мен шығындардың құрылу көздерін сипаттау үшін бірнеше көрсеткіштер бар олар әртүрлі көздерді сипаттайды.

  1. Меншікті айналым қаражаттары:

МАҚ=   капитал және   резерв- айналымнан тыс активтер;

  1. Меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар, қорлар мен шығындардың құрылу көздері және әрекет етуші капитал.

МҚ= МАҚ+ ұзақ мерзімді пассивтер;

  1. Қорлардың құрылу негізгі көздерінің жалпы көлемі.

НК=МҚ+ қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар;

 

Осы үш көрсеткішкі қамтамасыз етуші үш көрсеткіш бар:

  1. Меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы немесе жетіспеушілігі.

+(-)Фc =МАҚ –ҚҚ

  1. Қорлар мен шығындардың құрылу   көздерінің меншікті және ұзақ мерзімді қарыздардың артықшылығы немесе жетіспеушілігі:

+(-)Ф т=МҚ- ҚҚ

  1. Қор және шығын құрау үшін меншікті қаражаттың артықшылығы немесе жеткіліктігі.

+(-)Фо= НК-ҚҚ

Осы  көрсеткіштердің көмегімен қаржылық тұрақтылықтың үш деңгейлі   жағдайын анықтауға болады:

1, егер Ф>0

S(Ф)=

0,егер  Ф<0

 

Экономикалық жағдайдың 4 типін бөліп көрсетуге болады:

  1. Абсолютті тәуелсіздікті қаржылық жағдай. Бұл тип өте сирек кездеседі, қаржылық жағдайдың ең нашар сипат алған кезі және былай сипатталады: +(-)Фс>=0; +(-)Фт>= 0; +(-)Фо>=0

Яғни үш деңгейлі жағдай S=(1;1;1)

  1. Жақсы тәуелсіздігі қаржылық жағдайдың, төлем қабілеттілікті кепілдендіреді: +(-)Фс<0; +(-)Фт>=0; +(-)Фо>=0 немесе S=(0; 1; 1)
  2. Тұрақты емес жағдай, төлем қабілеттілік бұзылады, бірақ дебиторлық қарызды азайта отырып, қордың айналуы тездетіліп, тұрақтылық орнатылады:+(-)Фс<0; +(-)Фт<0; +(-)Фо>=0 , яғни S=0; 0; 1
  3. Тоқырау қаржылық жағдайы, кәсіпорын қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар қорлар мен шығындарды қаржыландыруға жеткіліксіз, кредитторлық міндеттемелерді орындау арқылы нәтиже жүргізіледі:

+(-)Фс<0;+(-)Фт<0; +(-)Ф<0 яғни S=0;0;0

Қаржылық тұрақтылықтың коэффициенттері салыстырмалы түрде анықталады.Әрбір әдісте өзіндік салыстырулар бар.Қаржылық тұрақтылықты талдаудың салыстырмалы көрсеткіштерін 2 топқа бөлуге болады.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері (3 кесте)

Көрсеткіштер атауы Дұрыс шектеулер
1. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз ету  коэффициенті    Төменгі шегі 0,1

U1>=0,5

2. Материалдық қорлардың  меншікті қаражатпен қамтамасыз етілу коэффициенті  

U2=0,6-0,8

3. Меншікті қаражаттар  мен   қарыз қаражаттарының қатынасы коэффициенттері  

1,5 жоғары емес

4. Автономия коэффициенті  U4>=0,4-0,6
5. Қаржыландыру коэффициенті(ұзақ мерзімге қарыз қаражатын тарту) U5>=0,7

Тиімді U5~1,5

 

Көрсеткіштерді анықтасақ.Меншікті қаражатпен қамтамасыз ету коэффициенті айналым активтерінің қай бөлігі меншік қаражатының салдарынан қаржыландыратындығы көрсетіледі.Материалдық қорлардың меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі коэффициенті айналы қаражаты меншікті капиталмен қаншалықты деңгейде қаржыландырылғаны анықталады және қарыз қаражатын тарту қажет пе немесе керек еместігін талдайды.1,2  коэффициенттер айналым қаражатының жағдайын сипаттайды.3-ші коэффициент ұйым   активтерге салынған 1 теңге меншікті қаражаттың қаншасы тартылған қаражат екені анықтайды. Автономия коэффициенті меншікті қаражаттардың қаржыландырылған жалпы сомадағы үлес салмағын анықтайды.  Қаржыландыру коэффициенті каржыландыру қызметінің қаншасы меншікті қаражаттар есебінен, қаншасы тартылған қаражаттар есебінен қаржыландырылғаны анықталады.( 1,2,3)

Төлем қабілеттілікті бағалау (4кесте)

Коэффициенттер атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімді мәні
 

 

Төлем қабілеттіліктің жалпы көрсеткіші

Ақша қаражаттары+ 0,5*дебиторлық қарыздар+0,3ТМҚ/қысқа мерзімді қарыздар+0,5 банктің кредиттері+0,3 ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздар , болашақ табыстар  
Меншікті айналым қаражытамен қамтамасыз етілу коэффициенті Меншікті ұзақ мерзімді активтер/ айналым қаражаты 0,1-ге тңе немесе кем емес

 

 

 

Қаржылық тұрықтылықты бағалау(5 кесте)

 

Коэффициенттің атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімді мәні
Меншікті капиталдың шоғырлану коэффициенті  

Кмкш=МК/Б

 

0,6

Қаржылық тәуелділік коэффициенті Кқт= Б/МК  
Меншікті капиталды  қолдану коэффициенті Кмкқ=МҚ/МК 0,5
Тартылған қаражаттардың  шоғырлану коэффициенті  

Ктқш=ТҚ/Б

 

 

0,2-0,5

Ұзақ мерзімді салымдардың құрылым коэффициенті  

ҰМ/НҚ

 
Ұзақ мерзімді тартылған қаражаттадың коэффициенті  

ҰМ/ҰМ+МК

 
Меншікті қаражат пен тартылған қаражат қатынасының коэффициенті  

Кмқтқ= ТҚ/МҚ

 

 

0,2-0,5

 

Табыстылықты бағалау(6 кесте)

Коэффициент атауы Есептеу формуласы
Таза табыс Салық салынудан кейінгі жәй қызмет бойынша табыс- кездейсоқ жағдайларға байланысты шығындар
Өткізілген өнімнің табыстылығы, пайыз есебінде Таза табыс/ өткізуден түскен табыс
Сату көлемінің табыстылығы, пайыз есебінде Жалпы табыс/ өткізуден түскен табыс
Негізгі қызметтен түскен табыс, пайыз есебінде Негізгі қызмет бойынша табыс/ өзіндік құн+ ағымдағы кезең шығыстары
Активтердің табыстылығы, пайыз есебінде Таза табыс/ барлық активтер
Ағымдағы активтердің табыстылығы, пайыз есебімен Таза табыс/ ағымдағы активтер
Меншікті капиталдың табыстылығы, пайыз есебімен Таза табыс/меншікті капитал
Меншікті капиталдың құнын  өтеу мерзімі МК/ таза табыс
Негізгі капиталдың табыстылығы Таза табыс/ негізігі капитал
Меншікті капиталдың құнын  өтеу мерзімі 360* таза табыс/ МК

 

Іскерлік белсенділікті бағалау (7 кесте)

Коэффициент атауы Есептеу формуласы
Қордың өтелуі Өткізуден түскен табыс/НҚ
Қаражаттардың есеп бойынша өтелуі(айналыс бойынша) (А) Өткізуден түскен табыс/ ДҚ
Қаражаттардың есеп бойынша өтелуі (күн )(А1) 360 күн/ А
ТМҚ өтелуі (айналыс)  (В) Өзіндік құн/ТМҚ
ТМҚ өтелуі(күн) (В1) 360 күн/ В
Кредиттік қарыздардың өтелуі(күн) (С) КҚ*360 қүн/ өзіндік құн
Операциялық  циклдің ұзақтылығы( қүн) (D) А1+В1
Қаржылық циклдің ұзақтылығы(күн) D-C
Дебиторлық қарызды төлеу коэффициенті  

Дб/ өткізуден түскен табыс

Меншікті капиталдың өтелуі Өткізуден түскен атбыс/ МК
Капиталдың өтелуі Өткізуден түскен табыс/ капитал

 

 

Мүліктік жағдайын бағалау (8 кесте)

Коэффициенттердің атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімділік мәні
Мекеме басқарымындағы шаруашылық қаражат сомасы  

Баланс соңы- нетто, мың теңге

 
Негізгі құралдардың тозу есебі Тозу/ алғашқы құны 0,5- тен көп емес

 

Мобильденген және басқа да иммобилизацияланған  қаражаттардың қатынасы  

 

Ағымдағы активтер/ ұзақ мерзімді активтер

 

0,5-0тен кем емес

Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициенті Қалдық құны/ жалпы активтер 0,5 кем емес
Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің үлесі НҚ белсенді бөлігінің құны/ НҚ құны  

 

Төлем қабілеттілікті бағалау (9 кесте)

Коэффициент атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімді мәні
Меншікті айналым қаражатының көлемі ФК=ТА-ТМ  
Меншікті айналым қаражаттарын қолдану ДС/ФК  
Ағымдағы өтімділік коэффициенті КА=ТА/ТМ 2,0

 

 

 

  1.2.Қаржылық коэффициенттердің сыныпталуы  және қаржылық талдау әдістері.

 

Қаржылық есептілік  көмегімен қаржылық жағдайды сыныптау.

Қазақстан Республикасының ұйымның қаржылық саясатын құру бойынша ескертпелерде ұйымының  қаржы-экономикалық   жағдайларды сиапттаудың 2 деңгейін қарастыруға болады:  бірінші және екінші деңгей.Бұл екі категория өзара сапалық көрсеткіштер бойынша ерекшеленеді.

Бірінші деңгейге  кіретін көрсеткіштерге нормативтік мағыналар қатысты. Олардың қатарына төлем қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері жатады.Екінші деңгейге жататын көрсеткіштерге қаржылық жағдайды талдау белгілі бір кәсіпорынның жағдайын сәйкес өнім шығаратын

кәсіпорынның   өнім деңгейімен салыстыру арқылы анықтауға болады.Бұл топқа рентабельділік көрсеткіші, мүлік құрылымы сипаты, айналым қаражаттарының көзі мен жағдайы көрсеткіштері жатады.

Бірінші деңгей көрсеткіштерінің динамикасын талдау кезінде  осы көрсеткіштердің өзгеру тенденциясын анықтау керек.Егер олардың мәні нормативтен жоғары немесе төмен болса, оны кәсіпорын жағдайы нашар деп баға беруге болады.Бірінші топ көрсеткіштерінің бірнеше жағдайын айқындауға болады:

Бірінші деңгей көрсеткіштерінің    жағдайы. (10 кесте)

 

           Тенденциялар Жақсартылған мәндер Тұрақтылық мәндер Төмендетілген мәндер
Нормативтерге сәйкес келу           1

 

              2       3
Дұрыс мән           1.1          1.2       1.3
Нормативке сәйкес келмейтін мәндер  2  

2.1

 

2.2

 

2.3

 

 

1.1  жағдайы— көрсеткіштердің  мәні норматив  шегінде  және дұрыс диапазон аралығында орналасқан. Көрсеткіштердің динамикасын талдау қозғалыстың тиімді бағытта сипат алатындығын көрсетеді( шекарадан « коридорға» қарай  қозғалу). Егер осы деңгейдегі көрсеткіштер топтары 1.1  жағдайында болса,  онда бұл қаржылық жағдай аспектісіне « өте жақсы» деген баға беруге болады.

1.2 жағдайы- көрсеткіштердің мәндері тиімді шекарада орналасқан, динамиканы талдау  тұрақтылықты көрсетеді. Осы жағдайда ұйымның қаржылық жағдайын « өте жақсы»( көрсеткіштердің мәні « коридордың» ортасында)  немесе « жақсы» (« коридордың» белгілі бір бөлігінде)  деп анықтауға болады.

1.3 жағдайы – көрсеткіштердің мәні тиімді жағдайда орналасқан, бірақ көрсеткіштер динамикасы  нашарлауын( «коридордың»  ортасынан оның шекарасына қарай  қозғалыс)  көрсетеді.Қаржылық жағдайды бұл жағдайда бағалау-« жақсы» деген сөз.

2.1 жағдайы-  көрсеткіштердің мәні тиімділік деңгейінен төмен, бірақ  жақсару жағына қарай бағытталған. Бұл жағдайы нормадан ауытқуы мен қозғалыс  бағытына байланысты ұйымның қаржылық жағдайы « жақсы»   немесе « қанағаттандырарлық»  деп танылады.

2.2  жағдайы-көрсеткіштер мәні «коридордың» тиімсіз бөлігінде  орналасқан. Бағалау «қанағаттандырарлық»  немесе «қанағаттандырарсыз»  мәнге ие.

2.3  жағдайы-көрсеткіштердің мәні  норманың  шегінен тыс және әрқашан нашарлау  бағытына  қозғалады. Бағалау-« қанағаттандырарсыз».

Осы әдісті қолдана отырыптөлем қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық  коэффициенттерін  келесідей қорытындылауға болады:

 

Бірінші деңгейлі көрсеткіштердің  жағдайын бағалау (11 кесте)

Көрсеткіштердің атауы Нормативке сәйкес Тенденциялар Көрсеткіштің жағдайы Бағалау
L1 Сәйкес келеді Нашарлау 1.3 Жақсы
L2 Сәйкес келмейді Нашарлау 2.3 Қанағаттандырарсыз
L3 Сәйкес келмейді Нашарлау 2.3 Қанағаттандырарсыз
L4 Сәйкес келеді Тұрақты 1.2 Өте жақсы
U3 Сәйкес келеді Жақсартылған 1.1 Өте жақсы
U4 Сәйкес келеді Жақсартылған 1.1 Өте жақсы
U5 Сәйкес келеді Жақсартылған 1.1 Өте жақсы

 

Бағалаудың тағы бір әдісі бар. Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың балдық әдісі деп аталады. Бұндай әдіс қаржылық тәуекелдің деңгейін анықтау арқылы сыныпталады да, жиналған балдар негізінде ұйымның қаржылық тұрақтылығы анықталады.

Жиналған балдар саны бойынша 5 сыныпты бөліп көрсетуге болады. Олардың әрқайсысына тоқталсақ.

1 сынып(85-82,6 балл)-  ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігі  абсолютті  және оның  қаржылық жағдайы ұйымның келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің   бар екендігін анықтайды.

Бұл ұйым дұрыс мүліктік  құрылымы бар және пайдалылығы    айтарлықтай жақсы.

2 сынып(80,5-56,6 балл) – жақсы қаржылық жағдайы бар кәсіпорын. Оның қаржылық  коэффициенттері тиімділік жағдайына өте жақын, бірақ кейбір көрсеткіштер бойынша артта   қалуда.Бұндай ұйымының  қарыз қаражаттары меншік қаражаттарына қарағанда көбірек. Және қараз капиталының өсімі меншікті капиталдың өсіміне қарағанда қарқындырақ. Бұндай кәсіпорындар көбіне рентабельді болады.

3  сынып(55,1-30  балл) – қаржылық жағдайы орташа кәсіпорын. Бухгалтерлік  балансты талдау кезінде кейбір көрсеткіштер бойынша әлсіздік байқалады. Оның  төлем қабілеттігі шектің минималды деңгейінде, ал   қаржылық тұрақтылығы жақсы болады  немесе керісінше  жағдай қалыптасуы  мүмкін.

4  сынып(28,3-7,8 балл)- қаржылық тұрақтылығы нашар ұйым.  Оның капитал құрылымы  қанағаттандырарсыз  және төлем қабілеттігі мүмкін шектерден төмен орналасқан. Бұндай ұйымнын  пайда мүлдем жоқ немесе өте төмен.

5 сынып(6,1-0 балл)- қаржылық жағдайы кризистік сипатқа ие кәсіпорын. Қаржылық сипат  ол мүлдем төлем қабілетсіз  болып табылады. Бұндай кәсіпорын шығынды болып табылады.

 

Қаржылық талдау әдістері.

1.Тігінен қаржылық талдау әдісі.Уақыт бойынша қаржылық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын талдау. Бұндай талдау процесінде  әрбір қаржылық көрсеткіштердің белгеленген уақыт аралығындағы өзгерісі зерттеледі. Қаржылық менеджементте тігінен талдау әдісінің мынандай түрлері кеңінен қолданады:

  1. Есептік кезеңдегі қаржылық көрсеткіштерді алдындағы кезеңдегі қаржылық көрсеткіштермен салыстыру( мысалы, алдыңғы айдағы, тоқсандағы, жылдағы көрсеткіштер).
  2. Есептік кезеңдегі қаржылық көрсеткіштерді алдыңғы жылдағы сол мерзімдегі қаржылық көрсеткіштердің жағдайымен салыстыру( мысалы, осы жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткіштермен алдыңғы жылдың 2 тоқсаннындағы көрсеткіштерді талдау). Бұл талдау түрі көбіне мерзімдік сипатта жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін қолданады.
  3. Қаржылық көрсеткіштер алдыңғы кездегі бірнеше мерзімдермен салыстырылып, тренд құру арқылы салыстырылады.

Тігінен талдау әдісі көбіне көрсеткіштердің өзгеру себебін анықтаумен толықтырылады.

2.Көлденең  қаржылық талдау  әдісі. Кәсіпорынның  қаржылық есептілігінің   әрбір көрсеткіштерін   құрылымдық бөлуді қарастырады.

1.Активтерді құрылымдық талдау.Бұл талдау процесінде айналымдық және айналымнан тыс активтердің үлес салмағы анықталады; айналымдық активтердің  элементтері; айналымнан тыс активтердің  элементтері;активтердің өтімділігі  бойынша элементтік құрылымы;инвестиицялық портфельдің құрамы және т.б.

  1. Ақша ағынын құрылымдық талдау. Бұл процестің құрамында операциялық, инвестициялық және қаржылық ақша ағындарын анықтау, ақша активтерін әрбір элементі бойынша қалдық сомасы.

3.Салыстырмалы қаржылық талдау. Әрбір топ бойынша аналогтық  көрсеткіштермен салыстыру. Салыстыру әдістерін келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Осы кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру. Қаржылық көрсеткіштер орташа салалық көрсеткіштермен салыстырыла отырып, шаруашылықтың бәсекелестік нәтижесін талдау мақсатында және қаржылық қызметтің тиімдлігін арттыруға қажеттер резервтер нормасын анықтауға көмектеседі.
  2. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін бәсекелес кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы талдау. Бұл салыстыру процесінде кәсіпорынның әлсіз жақтары анықталып, бәсекелестік ортада бәсекелестік қабілетін арттыруға көсектеседі.
  3. Есептік және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру арқылы талдау. Мұндай талдау кәсіпорынның мониторингін құрауға әсер етеді.
  4. Қаржылық коэффициенттерді талдау. Көрсеткіштерді қолдана отырып талдау.(3)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.АК «КазМұнайГаз»-дың қаржылық жағдайына талдау

  2.1.Компанияның кызметіне сипаттама.

 

«КазМұнайГаз» компаниясы  республикасы бойынша мұнай өнімдерін  экспорты бойынша алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі болып табылады.Бұл компанияда болған жаңалықтарға қысқаша тоқтала кетсек, 2005 жылы жалғыз акционердің шешімі 235299000 теңге көлемінде дивидендтер төленді, оның құрамына салық сомасы кіреді-35294850  теңге. Бір   жәй акцияның дивиденд   сомасы 1,18   теңгені бойынша 2004 жылдың қорытындысына сәйкес акционерлерге құрайды. АҚ «Каз МұнайГаз»  Астана қаласында орналасқан және оның қаржалық  есебін жүргізуші  банк «Народный Банк Казахстана» болып табылады.(6)

Активтер Код Алдыңғы кезең Сары кезең
1.              Ұзақ мерзімді активтер

Материалдық емес активтер, соның ішінде

 

010

 

 

2702427

 

 

338426

гудвилл 011 163481  
ИЕА 020 10177481 1217264
ИЕА актив –ң баланстық құны, соның ішінде 030 1 684 946 2 181 162
гудвилл 031 168 311  
Негізгі құралдар, соның ішінде 040 65 959 084 86 524 463
Жер 041 88 711 94 234
Эпизоттар 042 13 538 902 18 141 341
Машиналар және құрылғылар 043 22 632 893 26 399 314
Көлік құралдары 044 27 646 598 39 723 484
Басқа да негізгі құралдар 045 2 051 980 2 166 090
Аяқталмаған құрылыс 046 12 096 534 14 565 947
Негізгі құралдардың тозуы 050 13 595 798 17 363 279
Негізгі құралдардың баланстық құны 060 52 363 286 69 161 184
жер 061 88 711 94 234
Ғимараттар 062 11 988 701 16 285 997
Машиналар және құрылғылар 063 19 733 946 22 174 786
Көлік құралдары 064 18 936 304 29 060 355
Басқада негізгі құралдар 065 1 615 624 1 545 812
Инвестициялар, соның ішінде 070 8 096 213
 Еншліес ұйымдарға инвестициялар 071
өкіл ұйымдарға инвестициялар 072
Бірге басқарылатын заңды тұлғаларға инвестициялар 073
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 074
Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар 075 8 096 213
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз және басқа да активтер 080 7 156 804 6 448 393
Алынуға тиісті шоттар 081 401 470
Алынуға тиісті вексельдер 082
Ішкі топтық операциялар бойынша негізгі ұйымдар мен еншілес ұйымдар арасындағы 083
АҚ «МК» «Каз Мұнай Газ» консалидациясына кіретін ішкі топтық ұйымдар арасындағы қарыз 083.1 3 479 209 469 080
Басқа да дебиторлық қарыздар 084 2 552 068 5 979 313
Болашақ мерзімдегі шығындар 085 724 057
Ұзақ мерзімді активтердің барлығы 090 73 309 666 92 356 899
ІІ Ағымдағы активтер ТМҚ 100 12 499 569 10 782 400
Соның ішінде материалдар 101 8 696 302 7 532 070
Сияқталмаған өндіріс 102
Тауарлар 103 3 803 267 3 250 330
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар және басқа да активтер 110 27 615 377 20 460 443
Ашылуға тиісті шоттар 111 10 257 829 6 878 732
Алынуға тиісті вексель 112
Ішкі топтың операциялар бойынша негізгі ұйымдары мен еншілес ұйымдар арасындағы қарыз 113
АҚ «МК» «Каз Мұнай Газ» консалидациясына кіретін ішкі топтық ұйымдар арасындағы қарыз 113.1 1 826 398 649 832
Болашақ мерзімдегі қарыздар 114 12 581 92 236
Аванстық төлемдер 115 2 174 935 1 247 764
Басқа да дебиторлық қарыздар 116 13 343 634 11 591 879
Қысқа мерзімді қаржының инвестициялары 120 100
Ақшалар 130 1 289 282 4 851 368
Атомдағы активтердің барлығы 140 41 413 228 36 094 311
Баланс   114 722 894 128 451 210
Меншікті капитал және міндеттемелер      
ІІІ. Меншікті капитал      
Жарғының капитал 150 73 19 953 109
Төленбеген капитал 160
Алынған капитал 170
Қосымша төленген капитал 180
Қайта бағалану  саласы, барлығы 190
Соның ішінде негізгі құралдар 191
Инвестициялар 192
Басқа да салалар 193
Резервтік капитал 200 115 699 115 699
Бөлінбеген пайда 210 30 305 600 42 249 685
Соның ішінде      
Есептік жылдық 211 11 167 493 13 119 303
Меншікті капиталдың барлығы 220 30 421 372 62 318 493
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелері зайымдар, соның ішінде 230 23 360 251 32 885 710
Банктер зайымы 231 21 633 000 984 541
Банктік емес ұйымдар зайымы 232 1 727 251
Ішкі топтың операциялары бойынша қарыз 233 31 901 169
Мерзімі узартылған салықтар 240 816 516
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер 245 29 536 467 21 660 996
Теріс гудвии 246 1 235 595
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің барлығы 250 54 132 313 55 363 222

 

    2.2.Компанияның балансын қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып   талдау.(12 кесте)

 

        Көрсеткіштер атауы                Есептеу
Төлем қабілеттіліктің жалпы көрсеткіші (4851368+(0,5*6448393+0,3*10782400))/

(20460443+0,5*1581900+0,3*1910721)=0,52

Айналым қаражаттарын меншікті капиталмен қамтамасыз   ету коэффициенті (62318493-92356899)/(1078400+14565947)=

-1,17

Ұзақ мерзімді салымдардың құрылымның коэффициенті 55363222/86524463=0,6
Ұзақ мерзімді тартылған қаражаттар  коэффициенті 55363222+(55363221+86524463)=0.3
Тартылған қаражаттар мен   меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффициенті 10769495/62318493=0,2
Таза табыс 11167493-0=11167493
Өнімді сатудан түскен табыс, пайыз есебімен 13119303/66622932=0,196=19,6%
Өнімді сатудың көлеміне байланысты  табыс, пайыз есебімен 26816053/66622932=0,4025=40,25%
Негізгі қызметтен табыс, пайыз есебімен 14202050/ 39806879-12614003=0,522=52,2%
Активтер табыстылығы, пайыз есебімен 13119303/128451210= 0,102=10,2%
Ағымдағы активтердің табыстылығы, пайыз есебімен 13119303/36094311=0,363=36,3%
Меншікті капиталдың табыстылығы , пайыз есебімен 1311930303/62318493=0,2105=21,05%
Меншікті  капиталдың өтелу мерзімі 62318493/13119303=4,75
Меншікті капиталдың өтелуінің  мерзімі 360*13119303/62318493=75,79
Қор өтелуі 686978800/86524463=0,79
Қаражаттардың есеп  бойынша айналыста  өтелуі-А 68697800/32885710=2,088
Қаражаттардың есеп бойынша өтелуі ( күн) -А1 360/2,088=172,2
ТМҚ  өтелуі -В 39806879/10782400=3,691
ТМҚ өтелуі ( күн)-В1 360/3,691=97,53
Несиелік  қарыздардың өтелуі-С 2143183*360/10782400=71,55
Операциялық циклдың ұзақтылығы-D 172,2+97,52=269,72
Қаржылық циклдың ұзақтылығы 269,72-71,55=198,17
Дебиторлық қарызды төлеу коэффициенті 6448393/68697800=0,093
Меншікті капиталдың өтелуі 68697800/62318493=1,102
Негізгі құралдардың тозу коэффициенті 17363279/69161184=0,251
Мобилизацияланған және иммобилизацияланған қаражаттың арақатынасы коэффициенті 36094311/923536899=0,3908
Негізгі құралдардың белсенді  бөлігінің үлесі 0

Баланстың  өтімділігін  анықтау.

А1=55363222+1581900=56945122

А2=816516

А3=42249685+62318493+32885710+1910721=139364609

А4=0

 

П1=589989

П2=3756806+2143183=5899989

П3=55363222

П4=0

Өтімділікті есептеу (13 кесте)

Актив Алдыңғы мерзімдегі Соңғы мерзімдегі Пассив Алдыңғы мерзімдегі Соңғы мерзімдегі
А1 70297680 56945122 П1 9349761 5899989
А2 0 816516 П2 9349761 5899989
А3 84809707 139364609 П3 54132313 55363222
А4 0 0 П4 0 0

 

 

Баланстың абсолютті өтімділік көрсеткіші  деп А1>=П1,А1>=П2,А3>=П3,А4<=П4

Ал   компанияның балансында көрсеткіштер тұрақты мәнге сәйкес  келмейді.Алдыңғы мерзім үшін сәйкестік мынандай А1<П1,А1<П2,А3<П3,А4=П4. Соңғы мерзім үшін бұл көрсеткіш тура сондай  теңсіздікке ие. Яғни бұл баланстың абсолютті өтімді емес екендігін көрсетеді.

Өтімділікті сипаттаудың негізгі көрсеткіштері бұл ағымдағы өтімділік пен перспективті өтімділікті анықтау болып табылады.(14 кесте)

Көрсеткіш атауы Алдыңғы мерзімдегі Соңғы мерзімдегі Қорытынды
Ағымдағы өтімділік 51598158 45961660 (+)  ағымдағы міндеттемелерді  орындауға  мүмкіндігі
Перспективті өтімділік 30677394 54452951 Өтімділіктің қасиетін  болашақтағы табыстармен сипаттау, яғни алдыңғы кезеңде мүмкіндігі бар, соңғы кезде бұл көрсеткіш  (-) таңбасымен сипатталады.

 

 

 

 

Өтімділікті арақатынастар арқылы анықтасақ(15 кесте)

Көрсеткіштер атауы Есептеу Шекті мәндері
Өтімділіктің жалпы көрсеткіші L1=(56945122+0,5*916516+

0,3*910721)/(5899989+0,5*5899989+

0,3*55363222)=2,9

 

L1>=1

Абсолютті  өтімділік коэффициенті L2=569451222/11799979=4,8 L2>0,1~0,7
Нашар бағалану коэффициенті L3=(56945122+916516)/11799979=4,9 L3~1
Ағымдағы өтімділік коэффициенті L4=(56945122+916516+910721)/11799979

=5

 

L4~1,5-2

L2-жақын арада ақша қаражаты есебінен қарыздардың белгілі бір бөлігін өтеу  мүмкіндігі бар. L3- тез арада өтеуге тиісті қажетті несиелерді өтеу мүмкіндігін  көрсетті. Бұл көрсеткіштер мерзімнің соңындағы өтімділікті анықтайды, ал көрсеткіштерді алдыңғы кездегі өтімділікпен салыстырсақ, төмендегідей болды.

Өтімділік көрстекіштері (16 кесте)

Көрсеткіштер атауы Есептеу Шекті мәндері
Өтімділіктің жалпы мәндері L1=(70297680+0,5*0+0,3*84809707)/

9349761+0,5*9349761+0,3*54132313)=

5,7

L1>=1
Абсолютті өтімділік коэффициенттері L2=70297680/186999522=3,7 L2>0,1~0,7
Нашар бағалану коэффициенттері L3=(7029768+0)/18699522=3,7 L3~1
Ағымдағы өтімділік коэффициенттері L4=(70297680+84809707)/186999522

=0,82

L4~1,5-2

Абсолютті өтімділік коэффициенті алдыңғы кезбен салыстырғанда жақсарды. Яғни компанияның ақша қаражаттары есебінен қысқа мерзімді қарыздарды жабу мүмкіндігінің артқандығын көрсетеді.Бұған әсер еткен фактор қысқа мерзімді  қарыздардың сомасының азайғандығы болып табылады. L3 , L4 коэффициенттерінің мәндеріде нормативке сәйкес  жақындады, бұл айналымдағы қаражаттарды міндеттемелерді орындау кезінде пайдалану мүмкіндігінің жоғарылағанына дәлел.

 

 

 

 

Төлем қабілеттіліктің коэффициенттері ( үлестік бірлікте)(17 кесте)

Төлем қабілеттілік коэффициенттері Мерзімнің басы Мерзімнің аяғы Айырмасы
        L1 5,7 2,9 -2,8
        L2 3,7 4,8 1,1
       L3 3,7 4,9 1,2
       L4 0,82 4,9 4,08

L1 көрсеткіші  мерзімнің ағында төмендеді.Бұл көрсеткіш жалпы өтімділікті жақсартып, төлем қабілеттілікті жақсартуға көмектесті.L2  коэффициенті өте өтімді активтердің көбейіп, тез арада өтелуге тиіс міндеттемелерді төлеуге компанияның мүмкіндігі артуда. Шын мәнінде нормативке тура сәйкес келмеседе, жақсару тенденциясына қарай бағытталуда. Бұған әсер еткен баланстан көріп отырғанымыздай, соңғы кезде кассадағы ақша қаражаттарының ұлғаюы және қысқа мерзімді міндеттемелердің азаяюы.

L3  көрсеткіші жағымсыз бағытқа ие болды. Өткені компаниының ұзақ мерзімді активтері  мен ұзақ мерзімді міндеттемелері көбейді.

 

Қаржылық тұрақтылықты талдау

Қор мен шығындар(соңында)=42249685+62318493=104568178

Қор мен шығындар(басында)= 30305600+30421372=60726976

 

Меншікті айналым қаражаты (соңында)= 115699

Меншікті айналым қаражаты (басында)= 115699

 

Негізгі  көздерден қор мен шығындар(соңында) 115699+1581900+3756806=5454405

Негізгі көздерден қор мен шығындар(басында)

115699+16165367+6875289=23156355

 

Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері(18 кесте)

Көрсеткіштер Мерзімнің басы Мерзімнің аяғы
Қор мен шығындар 104568178 60726976
Меншікті айналым қаражаты 115699 115699
Меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар 115699 115699
Негізгі көздерден қор мен шығындар 23156355 5454405
Фс 20068808-104568178=84499370 115772-60726976=-60611204
Фт -104452479 -104452479
Фо -81441823 -55272571

 

Фс<0,Фт<0,Фо<0  кәсіпорын көбіне қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады және қаржылық жағдайы өте төмен.

 

Қаржалақ тұрақтылық көрсеткіштері (мерзім басында)(19 кесте)

Көрсеткіштердің атауы Есептеу Шекті мәндері
Меншікті капиталмен қамтамасыз етілуі U1=145772/1045827=0,1106 Төмен шек=0,1

Тиімді  U1>=0,5

Материалдық қорлардың меншікті капиталмен қамтамасыз етілу коэффициенті U2=145772/30305090=0.05  

U2=0,6-0,8

Меншікті қаражат  пен тартылған қаражаттың қатынасы U3=0  

1,5 жоғары емес

 

U1 коэффициенті айналымдағы активтердің ақй бөлігін меншікті көздерінен қаржыландаралғаны анықталған. U2 материалдық  қорлардың қаншалықта деңгейде меншікті қаражатпен қамтамасыз етілетіндігін көрсетеді. Бұл  норма шегінен  ауытқыған.

 

Көрсеткіштердің жағдайын бағалау(20 кесте)

Көрсеткіштердің атауы Нормативке сәйкес келуі Тенденция Көрсеткіштердің жағдайы Бағалау
L1 Сәйкес келеді Жақсаруда 1.1 өте жақсы
L2 Сәйкес келеді Жақсаруда 1.1 өте жақсы
L3 Сәйкес келеді Жақсартуда 2.2 қанағаттандырарсыз

 

L4 Сәйкес келеді Жақсартуда 2.1 жақсы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Компанияның қызметтерін оңтайландыру шаралары.

 

Компанияның  соңғы екі жылғы балансын талдай отырып,  қаржылық коэффициенттердің мәнін анықтадым. Бұл коэффициенттер компанияның нарықтық ортадағы орынын және қаржылық жағдайын толық анықтауға көмектеседі. Жалпы талдау кезінде өтімділік коэффициенттері  шектік нормадан алдыңғы жылы өте алшақ, ал соңғы жылы нормативке  жақындауда.Бұған  әсер еткен компанияның қысқа мерзімді қарыздарының азаюы және  өтімділігі өте жоғары кассадағы ақша қаражаттарының көбейюі. Кәсіпорынның  табыстылық дәрежесі соңғы уақытта төмендей түскен. Бұғын дәлел жоғарыда анықталған табысталқ коэффициенттері. Өйткені баланс көрсетіп отырғандай,   соңғы кездегі  өнімді  өткізудегі  табыс сомасы төмендеген, өнімге байланысты өзіндік құн төмендеседе, сол кезеңге сәйкес шығындар сомасы көбейген. Кәсіпорынның  жағдайын  сипаттауда үлкен көңіл бөлетін жәйт, кәсіпорынның  ұзақ мерзімді капиталының көлемі болып табылады. Компанияның бұл көрсеткіші 1 жыл ішінде, мысалы,  негізгі капиталы 20  млн-дай сомаға көбейген. Бұл жақсы және кедергі деп айтуға болады. Өтімділігі төмен активтердің шектен көп болуы өтімділікті төмендетуге әсер етеді.Ағымдағы активтері азаяюда, ал ұзақ мерзімді міндеттемелер көбеюде. Бұл компанияның жұмысына өз кедергісін тигізуде.

Жалпы барлық талдау коэффициенттерін анықтай келіп, кейбір көрсеткіштер  нормативке сәйке келеді, кейбір көрсеткіштер нормативтен ауытқығандығын көрсетті.

Компания көбіне тартылған қаражаттамен жұмыс істейді. Яғни компания қаражатарының 80 пайыздайы бөлігі қарызға алынған қаражаттар. Өзімізге белгілі әрбір кәсіпорын қызмет ету барысында тартылған қаражаттар мен меншікті қаражаттардың арасында оңтайлы қатынасты анықтауы керек. Бұл қағидат «КазМұнайГаз»  компаниясы үшін   мүлдем жат нәрсе. Компания  қазіргі таңда қысқа мерзімді міндеттемелерін азайтып, ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасын арттыруда.  Бұл  дұрыс тенденцтя көрінеді.Компанияның   қызметі үнемі оңтайлы болып  тұру мүмкін емес. Егер  кездейсоқ шығынды жағдай туындаса компанияның  ұзақ мерзімді мендіттерні орындау мүмкіндіг қиындайды. Ал кәсіпорынның резервтік капиталының көлемі өте аз және жылдан жылға бұл көрсеткіш өзгермейді,яғни 115699 мың теңгені құрауда. Осы мәселені шешу үшін дебиторлық қарыздарды тарту немесе  ұзақ мерзімді дебиторлық ақрыздарды тарту арқылы да  жабуға болады. Өйткені компанияның дебиторлық қарыздарының   ұзақ мерзімді міндеттемелердің ½ және меншікті қаражаттың   3/1 бөлігін  құрайды.

Компания соңғы уақытта акциялар және тағы да басқа қосымша қаражаттар тарту   көздеріне алдыңғы кездермен   салыстарғанда  35 млн  теңгедей сомаға көбейген. Ал дивидендтер төлеу сомасы алдыңғы кезбен салыстырған да мүлдем өзгермеген. Компанияның  дивидендтік саясаты   капитализациялану сипатына ие. Бір жағынан   компания егер дивидендтер сомасын өндіріске жіберсе, онда тартылған   қаражаттар сомасы неліктен сонша көп. Екінші жағынан  дивидендтердің  уақытылы төленбеуі акционерлердің   сенімділік дәрежесіне кері ықпал етуі мүмкін.

Компания   өз қызметін оңтайландыру үшін тек қосымша қаражаттар тартып қана қоймай, инвестициялық  қызметті оңтайландыру  қажет. 2 жылғы мәліметтер бойынша компанияның инвестициялық қызметі 0- ге тең. Өзімізге белгілі  инвестициялық  қызмет өте көп пайда әкелетін қызмет түрі болып табылады.

Кәсіпорынның меншікті капиталы өте аз және бұл жағдай  қосымша инвестиицялар тартуды төмендетуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорын өзінің капитал құрылымына деген өзгерістеренгізсе. Олар меншікті капитал мен тартылған қаражаттар арасындағы оңтайлы қатынасты табу арқала орнатуға болады.

Қаржылық коэффициенттерді есептеу кезінде нормативтерден көп ауытқуларды анықтадым. Олар компаниының   балансының абсолютті өтімділік сипатына ие болмауы. Бұл жағдай көбіне ұзақ мерзімді міндеттемелердің көп болуымен сипатталып отыр.Яғни пассивтердің шектен көп болуы. Бұндай жағдайды кәсіпорын азайту үшін активтік операцияларды көбейтуге тырысқаны жөн. Мысалы  инвестиицялық қызметті көбейту. Кәсіпорын акцияларды шығара отырып акционерлік капиталға өзгерістер енгізу. Бұл пассивтер сомасын азайтуға жұмсалса орынды болар еді. Мысалы меншікті капиталмен қамтамасыз етілген материалдық активтер сомасы жеткілікті болса  да капиталдың жеткіліктігне байланысты көрсеткіштер нормативтерден ауытқығанын байқасақ,  капитал құрылымен өзгерту туралы ұсыныстар туындайды.Бірақ өтімділік пен төлем қабілеттілік көрсеткіштерін анықтау кезінде жыл басы мен жыл аяғындағы көрсеткіштер нормативке сәйкес келмесе де,  жақсару бағытына ұмтылуда. Сондықтан бұл тұрғыда компания қазір қолданып  отырған стратегиясын өзгерпеген жөн болар еді.

Кәсіпорынның қызмерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш  табыстылық дәрежесі болып табылады. Жалпы табыс көлем і50 пайыздан төмен. Бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсы деуге болмайды . Егер копанияның табыстылық   дәрежесі 75-80 пайызды құраса жақсы болар еді. Бірақ бір жағдай компанияның негізгі қызметтен түсетін табысы 52,2 пайызды құрасы, қосымша өндірістен түскен табысы 48,8 пайызды құрайды. Бұл бір жағынан жақсы деп айтуға болады. Кәсіпорынның өзінің саласы бойынша табыстылығы қосымша саладан қараған жоғары болса, кәсіпорынынң өзінің стартегиясы мен қызметкерлеріне деген сұранысты өзгерту мүмкіндігі төмен. Бірақ қосымша қызмет түрлерінен алатын тбыс сомасы жоғарылау деп айтуға болады. Яғни кәсіпорынның қызметтеік сипаты әртараптандырылған деуге болады. Бұл кәсіпорынның  қаржылық жоғалтуларының пайда болу тәуекелінің аздығына дәлел.

 

 

 

 

Осындай көптеген ауытқуларды ескере отырып, кәсіпорынның қызметіндегі ең басты кемшелек ол қарыз қаражаттарынң көп болуы,  қарыз қаражаттарының сипаты қысқа мерзімді қарыздарға қарағанда ұзақ мерзімді қаражаттардың көп болуымен сипатталады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жайдайына үлкен дәрежеде ықпал етуде. Әрине, бұл көрсеткіштер бәсекелестердің де көзқарастарына үлкен әсерін тигізуде.

Тәуекелді өлшеу проблемасының бір  жағын алдыменен тәуекледі күткен табыстылықпенне салыстыру мүмкіншілігін қарастыру керек. Және мынандай сұраққа жауап берген жөн  болатын тәуекелділік деңгейін өтейтін қажетті табыстылық көлемі қандай болуы керек.

Тәуекелділік ықтималдылық пенен байланысты болғандықтан нақты табыстылық күткен мағынадан кем болады. Сондықтан ықтималдықты тарату тәуекелді өлшеуге негіз болады.

Кәсіпорында  тәуекелдің пайда болу факторлары:

Объективті факторлар

  1. мемлекеттің экономикалық даму деңгейі
  2. кәсіпорынның қаржы деңгейін ммелкеттеік реттеу сипаты

3.елдегі инфляцияның қарқыны

4.қаржы нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

  1. қаржы нарғының жекелеген сегментіндегі бәсекелестік деңгейі
  2. аймақтағы криманогендік деңгейі

Субъективтік фактор

  1. кәсіпорынынң қаржылық стартегиялық негізгі бағыты
  2. кәсіпорының меншік капиталының мөлшері
  3. пайдаланатын активтердің құны

4.жекелеген қаржылықы агрегаттардың жүргізетін қаржылық ниструменттердің түрлері

  1. қолданатын ақпарат толықтығы
  2. қаржы менеджментінің классикалық деңгейі

Тәуекелді бейтараптандыру механизмі:

  • тәуекелден қашу
  • кәсіпорын шығындарын өз табыстармен жабу
  • қосымша кредит алу
  • тәуекелді беру
  • тәуекелді факторингтік шарт жасау арқылы беру
  • кепілгерлік шарт жасау арқылы беру
  • тәуекелді шикізат пен материалдар жеткізушілерге беру
  • қаржы тәуекелін сақтандыру
  • тәуекелді біріктіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осындай механизмдерді қарастыра отырып, компанияда бұндай қатты  қиын жағдайлар туындап жатыр деп айтуға болмайды, өйткені кәсіпорынның қаржылық  пайдасы шығындарды жабуға толығымен жіберіліп жатқан жоқ. Яғни    шығындарды өтеуге кетсе, таза пайданы  толығымен акционерлер пайдалану мүмкіндігі бар. Бірақ қандай іс болса да,   тәуекелмен байланысты болады. Сондықтан   бұл кәсіпорында да тәуекелдік  дәрежесі минимум болса да, тәуекел бар деуге болады. Жоғары да ұсынған тәуекелді төмендету механизмдерін қоладанған жөн болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдай отырып, мен мынандай көрсеткіштерді негізгі алдым, ол  өтімділік көрсеткіштері,тұрақтылық коэффициенттері, төлем қабілеттілік, рентабельділік  көрсеткіштері анықтадым. Бұл көрсеткіштердің норматив шегінде орналаспағандығын байқадым. Егер мен ұсынған оңтайландыру шаралары орындалса, кәсіпорынның жағдайы жақсарады деген үміттемін. Кәсіпорынның басты проблемасы менің анықтауым бойынша ол тартылған қаражаттардың  көптігі болы табылады. Осы проблема шешілсе кәсіпорынның   жұмыссы жақсарады деуге болады. Өзімізге белгілі «КазМұнайГаз» компаниясы еліміздегі ірі мұнай өндіруші және тасымалдаушы басты кәсіпорын болып табылады. Еліміздің экономикасын құраушы басты кәсіпорындар бұл мұнай саласындағы кәсіпорындар болады.Сондықтан бұл салада жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайы үлкен еліміздің экономикасына әсерін тигізеді. «КазМұнайГаз» кәсіпорыны Қазақстандық нарықта аз уақыт істегендіктен, оның нарықтық үлесі өте аз. Сондықтан кейбір коэффициенттердің   ауытқуыда осыдан болар. Жалпы компанияның  жағдайы ондай жаман деп айтуға болмайды. Өйткені нарықтық ортаға бірден бейімделу оңай емес.Қазіргі таңда біздің нарықта өте көп мұнай саласында қызмет атқаратын  ірі компаниялар өте көп. Сондықтан әрбір фирмаға өзінің қызметін жүргізу  қиындық тудыруда. Жалпы мен курстық жұмысды жүргізу кезінде алдыма қойған мақсаттарыма жеттім.Яғни белгелі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдай отырып, өз ұсыныстарымды бердім. Қаржылық көрсеткіштерді қолдана отырып кәсіпорынның жағдайын талқыладым.  Жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайын  өте жақсы деп айта аламаймын, өйткені кейбір коэффициенттер нормаға сәйкес келеді, өте нашар деуге де болмайды, өйткені коэффициенттердің бір шамасы номативтерден ауытқиды.Қорыта айтқанда «КазМұнайГаз»  компаниясының  мұнай саласындағы қызметіне « жақсы» деген баға беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Әмірқанов Р.Ә. «Қаржа менеджементі»/ Алматы.-2002ж.-16-20 б.

  1. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента» /Москва.-«Финансы и статистика».- 1999 ж-432-480б
  2. Бланк И.А. « Основы финансового менеджемента» /Киев.- «Ника Центр».-74-99б

4.Стоянова  Е.С. «Основы финансового   менеджемента»/ Москва-«Перспектива».-1998.-62-82б

  1. Ковалев И.А. « Введение финансовый менеджмент»/Москва.-«Финансы и статистика» .-2000.-177-182б
  2. О «КазМұнайГаз» /Каз Правда.- 18.10.2005.-6б
  3. Баланс «КазМұнайГаз»/ Каз Правда.- 17.01.2006.- 8б
  4. Интернет сайт «www.google.kz»

9.Интернет сайт  « www. Neft.kz»

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля