. Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденісте.

4 января, 2020 23:17

 

                                               Жоспар

 

 

 

  1. Абылай және Қазақ тарихы
  2. Абылай сүйегіне жүргізілген антропологиялық зерттеулер
  3. Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер

 

 

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды.

Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.

Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.

Арыстан туған Абылай ханның қазақ тарихында, еліміздің тәуелсіздігі үшін күресте халқымызды өркениет әлеміне танытуда алар орны зор. Мұны нақтылау үшін алғашқы қадамдар жасалып, салиқалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Абылай — белгілі бір тарихи кезеңнің кайраткері деген ұғымның шеңберінен шығып, үш ғасырдай қазақ халқының азаттық символына, бірлігі мен тірлігінің үранына, бостандық жолында желеп-жебеп жүретін аруағына айналған үлы түлға.

Соңғы уақытқа дейін Абылай жөніндегі зерттеулер көбінесе жазба деректерге негізделіп келген еді. Осыған орай, дерек кездерін кәбейте түсетін тарихи-археологиялық және антропологиялық зерттеулерді жүргізу кажет болды. Бұл бағытта жүргізілген кешенді жүмыстардың нәтижесінде мынадай ғылыми түжырымға келген. Қазіргі кездегі сәулет, археология, атеизм т. б. туралы әдебиеттерде айтылып жүрген: «Абылай хан қабірі Әзірет Сүлтан ғимараты ішінде қойылмаған, оның мүрдесі сыртта орналасқан» деген пікір жаңсақ, тарихи дерек-терге негізделмеген.

Қабір орны жөнінде нақты белгіленген байырғы және Кеңес өкіметіне дейінгі деректер Абылай мүрдесі Қожа Ахмет Йасауи кесенесі ішінде, «айна тас» деп аталатын құлпытас астында екені тайға таңба басқандай дәлелденді және бұл қүлпытас пен оның астындағы шикі кесектермен қоршалған қабір арасында ешқандай байланыстың да жоқ екендігі де ғылыми шешімін тапты.

Осы күлпытастың астында бірінші кабатта орналасқан шикі кесекпен қоршалған жеке қабірдегі адам сүйегінің морфологиялық анықтамалары мен жазба деректерде Абылайдың дене бітімі туралы айтылған сипаттамалары (жасының қартаң тартуы, дене қимылының ширақтығы, орта бойлы болғаны, тістерінің түсіп қалуы, санынан жаралы болуы т. б.) бір-бірімен дәлме-дәл келетіні анықталды.

Монолит-блокпен алынған үстіңгі мәйіттегі шикі кесекпен қоршалған адам сүйегінің барлық анатомиялық- морфологиялық анықтамалары мен тарихи деректердің өзара сәйкестіктері сондай, оның барлығы кездейсоқ басқа бір адамдікі болу мүмкіншілігі бұл күнде ешбір ғылыми дәлелін

таба алмайды. Ұқсастықтардың барлығына сәйкестендіріп анатомиялық-топографиялық және патологиялық ерекшеліктерді қолдан жасау жүмыстары мен оның бәрін бас пен қаңқа сүйектердің жасына, жынысына, фенобейнесіне, бойына, салмағына орай жасанды түрде сәйкестендіру, тіпті бүгінгі дүние жүзіндегі ешкдндай медико-биологиялық, ғылыми эксперименталдық лаборатория бойынша қолдан келер іс емес екені баршаға аян. Сондықтан зерттелген монолит-блоктағы шикі кесекпен қоршалған мәйіттегі адам сүйегі тек қана Абылай хандікі екендігіне ешқандай күмән жоқ, нақты фактілер бойынша дәлелін тапқан ақиқат шындық. Сөйтіп екі жүз жыл бойы беймәлім жатқан Абылай мәйітінің мүрдесі анықталып, оның растығына бүгінгі үрпактың көзі жетті.

Антропологиялық қайта калпына келтіру жұмыстары бойынша, Абылайдың бас сүйегі негізінде алғаш рет жасалған фенобейненің мүсіні, онын 70 жас И- Гамасындағы бет-пішіні мүсіншінің қиялынан мейлінше аулақ, табиғи қалпына сәйкес сақал-мұрт формасынан басқасы жасалды.

Осы уақытқа дейін кеңтараған Абылай «суреті» алғаш рет 1943 жылы Германияда пайда болғаны және оны кәсіби маманданбаған суретші, әрі ақын-жазушы Мәжит Айтбаев салғаны анықталды.

Абылайдың бетпішінін типологиялық әдіспен сипаттағанда, оның фенобейнесі аралас тураноид расасының казақстандық нүсқасына жатады. Сонымен қатар оның жеке басындағы морфологиялық ерекшеліктердің біріне мандай ені кең, мүрын құрылысы үлкен, бет жалпақтығы қазақ краниологиялык серияларының ауытқу шеңберінен альіп қарағанда, біраз кушықтау болып келетіні жатады.

Арнайы остеометриялық өлшемдерге қарағанда, Абылайдың 70 жас шамасындағы бойының биіктігі шартты формула-лар арқылы есептегенде, шамамен 164 см, ал дене салмағы 65 кг-дай болған1.

Остеоскопиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша, Абылайдың оң қолы өте қарулы, дене қимылы шапшаң, ширақ, жамбас үйектердің қүйымшактөмпешігі жақсы жетілгендіктен атүсті жүріске мықты, ер үстінде мығым отырған.

Ресей әдебиеттерінде Иоганн Ренат туралы біраз мағлұматтар бар. Солардың ішінде назар аударатын жері: бұл швед инженері Сібір тұтқыны кезінде, Жоңғардың қолында 17 жыл бойы (1716—1733) тұтқында жүріп, ешқайда шықпаған екен. Ренаттың еліне тек Ресей арқылы ғана кеткені анық жазылған2. Стокгольмге барғаннан кейін ол Жоңғар өңірінің торсыз (ме-ридиансыз) картасын шығару жөнінде редакциялық жұмыстар атқарған. Шынында бұл картаны Ренат өзі жасамаған, оны біреуден көшіріп алған делінеді кейбір деректерде. Ренат өз елінде — Швецияда қайтыс болған, өзінің Азиядағы саяхаты туралы ешбір күнделік, жазба қалдырмаған дейді тағы бір деректерде3. Сөйтіп орыс әдебиеттерінің нүсқауына қарағанда, Ренаттың Қазақстанмен, әсіресе Абылаймен байланысы болмаған.

Расында Абылай ол кезде небәрі 20 жаста ғана еді. Сондықтан Абылай «суретін» швед инженері салды дегені ешбір шындыққа жанаспайды.

1997 жылы қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында Азамат Алтаймен соңғы рет Махмет Қүлмағамбет* арнайы кездесіп, одан Абылай «суреті» туралы сұрағанда, ол Сайын Балмүхановқа 1963 жылы Абылай «суретінің» негативін бергендігін растаған. Бірақ Абылай «суретінің» Германияда, я болмаса Америкада қалай пайда болғаны туралы шешіліп ештеңе айтпаған.

Абылай «суретінің» шығу тарихын іздестірудің соңы жазушы Хамза Абдуллинге тірелді. Көпшілікке мәлім, X. Абдуллиннің соғыс кезінде және соғыстан кейін көрген қиыншылықтары туралы баспасезде та-лай рет басылды. Оның Германиядағы бүркеніш аты «Сайран» екені белгілі6. Абылай бабамыздың жүз теңгедегі «суретінің» шығу мәнісін Хамза Абдуллин былай әңгімелейді (Бұл әңгіме 1997 жылы 4-желтоқсанда жазылып алынды): «Мен бүл суреттің қалай пайда болғанын үстіртін болса да жазғанмын. Бірақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ, — дейді Хамза Абдуллин. Ол әңгімесін одан әрі тереңдете түсті: мен соғыс кезінде Германия-да түтқында болдым. Бірақ белгілі қалаларда біз секілді адамдар бос жүрді. Сол кезде Берлинде Түркістан Ұлттық комитетінің баспасезінде Мәлікеш Қайбалдин және Мәжит Айтбаевтармен 1943 жылдан бастап бірге жүмыс істедім. Онда Мүстафа Шоқайдың барлық түркі тілдес халықтарға ортақ тілде жазылып, шығып жатқан газет, журналын оқитын болдым. Соның біріне «Милли әдебиет» журналы жатады. Осы журналдың редакторы болып менің бұрыннан соғысқа дейінгі белгілі досым әрі ақын және суретші Мәжит Айтбаев7 қызмет жасап жүрді». Жалпы, Айтбаевтар түқымымен суретші болған көрінеді. Өйткені оның жақын туысы Салихитдин Айтбаевта танымал суретші.

Мәжит Айтбаев соғыс уақытында түтқынға түсіп, Берлинге келгеннен кейін, оның лақап аты «Қобызшы Қорқыт» болған. Берлинде жүргенде Мәжит Айтбаев қазақтардың суретін кептеп жинаған6. Оның түрған бөлмесінде қазақтардың әдемі суреттері ылғи да ілініп түрады екен. Бір күні Мәжит Айтбаев Берлин кітапханасынан «Ш. Уәлихановтың шығармалары» деген Н. И. Веселовскийдің редакциялауымен 1904 жылы Санкт-Петербургтен шыққан кітабын алып келіп, ондағы Шоқанның суретіне қарап отырып, өзінің қиялына сүйеніп, алғаш рет Абылайдың «суретін» салған екен. Бүл суретте Абылай өте сүйкімді, әрі сымбатты болып шығыпты. Бірақ суреттің бүл нүсқасын сол кезде Германиядағы Түркістан Ұлттық комитетінің президенті Уәли Қаюмхан көріп үнатпаған.  Содан Мәжит Айтбаев Абылай «суретінің» екінші нүсқасын салады, ол — бізге таныс ұлттық 100 теңгедегі бейнесі». Абылай «суретінің» қалай салынғанын басы-қасында болған Хамза Абдуллиннің айтуы бойынша, жүз теңгедегі сурет пен оның көшір-мелері тек Мәжит Айтбаевтың ойынан салған жасанды, «Абылайдың нақтылы түріне жатпайтын, тек көркемдік образ түрғыдан салынған сурет».

Ең бастысы — елімізде абылайтанудың жаңа кезеңі басталады, іске жарататын, терең қаузап, кең қамтитын деректер жүйеленіп, қолымызға тиді. Әлбетте, құрастырушының өзі атап көрсеткендей, қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне қатысты жазба деректер осы кітаппен ғана шектелмес.

Түйіндей келе ең соңында айтарым, кең-байтақ Қазак даласының үрпақтары әлемнің жаңа мыңжылдығының магистралдық ақ даңғылының жаңғырық аясында, танымал елдер катарында бақытты өмір сүрулеріне аруақты Абылай бабамыздың касиетті рухы әрқашан демеу болсын деймін.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.О. Смағұлұлы. М.Кожаев. АОразаққызы. Абылай Хан. А.-1999

  1. www.rambler.ru ЗиннерЭ.П. Сибирь в известиях заподноевропейских иследованиях.
  2. www.rambler.ru ЗиннерЭ.П. Сибирь в известиях заподноевропейских иследованиях.

4.О.Смағұлы. М.Кожаев. АОразаққызы. Абылай Хан. А.-1999

  1. Абылай ханнын бассүйек — бейнесі анықталды. Т.Нұрмағамбетұлы .Қазақ елі- 14- қараша 1997ж

6.Хамза Абдулин. Жау қолында қалған жазушылар\\”Халық кеңесі» 9-қантар 1992

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля