Адамгершилик тарбиеси — Курстык жумыс

22 января, 2020 9:07

Загрузка файла:

Тақырыбы: Мұғалім бейнесі,қабілеті және оны мұғалімнің өз бойында тәрбиелеуі

 

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………….3

 

  1. Мұғалім бейнесі

1.1  Мұғалімнің  тұлғалық бейнесі…………………………………..4

1.2  Мұғалімдік шеберлік –негізгі сапа…………………………….7

      

  1. Жаңа формациядағы мұғалім моделі

2.1   Жаңа формациядағы мұғалім моделі……………………….14

2.2   Моделдеу технологияны қолдану саласы бойынша  педагог мамандардың біліктілігін артыру кезеңдері..17

 

 

  1. Педагогикалық технология кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа үрдісІ.

 

  Қорытынды……………………………………………………………………….24

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………..27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бұл кезеңде елімізде орта мектептің құрылымы мен мазмұнын жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу, жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру, оқу-тәрбие ісінің сапасын жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып көтеру сияқты іргелі реформалар жүргізілуде. Бұл істе ұстаз басты әрі шешуші тұлға.Сонау ХХ ғасырдың басында «Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Яғни мұғалімнің іс-әрекеті оқыту процесінің көрсеткіштік өлшемі бола алады.

Егеменді еліміздің ұрпағына саналы тәрбие, сапалы білім бере­тін болашақ мұғалім мамандарын даярлайтын республикамыздағы педагогикалық оқу орындарының қатарында алпыс жылдан астам тарихы бар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты да бар. Институт ректоры, профессор Ш.Беркімбаеваның басшылығымен қазақ мектебінің тарихы мен тәжірибесі, қазіргі қазақ мектебі, тәрбие жүйесінің этнопедаго­гикалық негіздері мен оқытудың инновациялық технологиялары, жаңа формациядағы мұғалім даярлау және ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі жөніндегі кө­кейкесті мәселелер жүзеге асыры­луда.

Дидактикалық әдебиеттерде инновациялық іс-әрекет — деп педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертуге ықпал ететін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа модельдерін, әдістерін құрудың үлгісі деп анықтайды. Бұл жүйе ұдайы өзгеріп отырады, олардың қарама-қайшылығы  мұғалімнің инновациялық іс-әрекетімен шешіледі.

Мұғалімнің кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетін біз оның мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінде кездескен мәселені инновациялық жолмен шешуі ретінде қарастырамыз.

Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет.

Мұғалiм–ақпараттанушы емес, оқушының жеке-тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Мұғалімнің тұлғалық бейнесі.

Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушы және іске асырушы жеке тұлға бұл мұғалім болып табылады. Ол тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске асырады, оқушылардың жан-жақты жеке тұлғалық сапаларды дамыту мен қалыптастыруға бағытталған, белсенді оқу-танымдық, спорттық сауықтыру және көркемдік-эстетикалық қызметін ұйымдастырады.

Білім беру мен тәрбие берудегі мұғалімнің шешуші қызметін мектеп тәжірибесінен алынған көптеген мысалдар мен белгілі педагогтардың айтқан қағидалары дәлелдейді.

Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұғалімнің ролін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес».

Қазақ халқының белгілі ағартушы –педагогі, қазақ топырағында тұңғыш «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан  Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың кіріспесінде мұғалім туралы: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы- мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі»- деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады.

Мұғалім- арнайы мамандығы бар және педагогикалық қызметпен кәсіби айналысатын адам. Кәсіби емес педагогикалық қызметпен барлық адамдар айналысады, ал тек ғана мұғалімдер педагогиканың заңдылықтарына сәйкес шәкірттерді қалай, қайткенде дұрыс тәрбиелеуге болады, өзінің кәсіби борышын сапалы орындау жауапкершілігін белгіленген тәртіппен алып жүруге болатындығын біледі. Мұғалімдік мамандық әрбір шәкірттің, жас жеткіншек ұрпақтың, қоғамның және мемлекеттің тағдырына жауапкершілікпен сезінумен сипатталады.

Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің тәртібінде тұрған күрделі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.

Қазақ педагогикасының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы  мұғалім туралы былай деген болатын-ды: «…мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, педагогикалық-психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелілік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға бейім мұғалім қажет.

Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне  мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу міндеті тапсырылған.

Халық мұғалімі- жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы- балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.

Әркім өзінің мұғалімдерін біледі және есінде сақтайды, ең алдымен тәжірибесі жоқ абыржыған сәбиге таяқша сызуды, ал сонан кейін әріптер мен сөздер жазуды, оқып, санауды үйреткен, оның алдынан кітаптар мен білімдердің құпия да тамаша дүниесін ащқан өзінің тұңғыш мұғалімін біледі және есінде сақтап жүреді.

Бұдан кейін оқушының жолында көптеген мұғалімдер кездеседі. Олардың ішінде жақсы көретіндері де, жақсы көрмейтіндері де, баланың жүрегінде қайсыбір із қалдыратындары да, із қалдырмайтындары да болады.

Нағыз мұғалім деп тәрбиелеушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бұл бас әріппен жазылатын мұғалім, оған сенгің келеді, ауыр минуттарда онымен ақылдасқың келеді. Бәлкім, әрбір адамның мектеп қабырғасында өткен өмірінде бейнесі көз алдында мәңгі-бақи сақталып қалған әлгіндей мұғаліммен кездескен де болар.

Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі жан-жақты. Ұстаздық қызметтің ең негізгі міндеті- шәкіртті оқыту, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру үрдісін басқару. Оны оқу тәрбие үрдісіндегі басты тұлға ретінде қарастыруымыз керек.

Мектеп оқушыларының дене және психикалық даму ерекшеліктерін, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиелілік деңгейін, сыныптық және жанұя тәрбиесінің жағдайын, т.б. білмейінше, дұрыс мақсат қоюды іске асыру, оған жетудің тәсілдерін таңдау мүмкін емес.

Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі сан-салалы.

Мұғалімнің еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны мен қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті деп есептеледі.

Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.

Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі бала, ал оның дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу бірінші кезектегі міндет. Осыдан мұғалімді адамтану мамандығының иесі деуге де болады. Мұғалім еңбегі өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім- бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.

В.А.Сухомлинский «Менің өмірімдегі ең басты нәрсе не болып еді? Деген сұраққа ойланып жатпастан-ақ «балаларға сүйіспеншілік» деген болатын-ды.

Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі жүйесінің мақсаты жаңа тұрпатты мұғалімнің үздіксіз, жалпы және кәсіптік дамуын қалыптастыру.  Ол төмендегі бағытта сипатталады:

—   жоғары азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік. Ондай ұстаз еліміздің тыныс-тіршілігіне, балалардың тағдырына  қалай болса солай қарай алмайды. Оның қызметіндегі негізгі бағдары жоғары кәсіби борыш сезімі;

— баланы сүю, балаға жүрек жылуын сыйлауға бейімділігі мен қабілеттілігі. Баланы сүйе де, түсіне білетін ұстаз олармен, ата-аналармен, әріптестерімен педагогикалық ынтымақтастыққа бейім келеді;

— шынайы интеллигенттілік, рухани мәдениеттілік, ұжымдық педагогикалық шығармашылықта өз күші мен қабілетін орынды пайдалана білуге бейім тұратын ұстаз ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасай білуге көмектеседі. Ондай ұстаздар балалар үшін үлгі-өнеге болып табылады.

—  өз пәнін жете білетін, ғылыми-педагогикалық ойлау стилінің жаңалығы, жаңа құндылық пен шығармашылық шешімдерді алуға бейімділігі бар. Бір сарандылық пен формализмге табиғатынан жат, шәкірттермен жұмыста әр уақытта да дәстүрлі емес шешім алуға даяр тұратын, ізденіс үстіндегі ұстаз.

Қоғамды демократияландырумен қатар бүкіл жоғары педагогикалық білім беру жүйесін түбірімен жаңартуды қажет етеді. Оның негізіне төмендегі идеялар мен ұсынымдар жатады:

  • жоғары педагогикалық білім берудің үздіксіздігі;
  • кәсіптік-педагогикалық бағдарлау, базалық-кәсіптік даярлау, мұғалімді кәсіптік жетілдіру;
  • шығармашылық қызметке бағдарлау, әрбір мұғалімді қайталанбайтын тұлға ретінде қарастыру, оны даярлауда саралап, жеке шығармашылықпен қарауды қамтамасыз ету;
  • жоғары педагогикалық білім беруді жаппай ізгіліктендіру жағдайында мұғалімнің жеке басының әлеуметтік адамгершілік, жалпы мәдени және кәсіптік дамуының бірлігі;
  • жоғары педагогикалық білім беруді ізгіліктендіру, қарым-қатынас, әлеуметтік шығармашылық субъектісі ретінде жеке тұлғаға құрметпен қарау;
  • қазіргі уақыт талабы болашақты жобалауға сәйкес мұғалім даярлаудың мазмұны, түрлері мен әдістеріндегі өзгерістерінің ашықтығы, икемділігі, әрнұсқалылығы.

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі бәрімізге мәлім.

Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстазға егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу тапсырылған. Сондықтан ХХІ ғасырдың мұғалімін даярлауға қойылатын талаптар студенттерді- ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

[Шәбжантайқызы, Мақтым.     Ұстаз — мектептегі басты

тұлға[Мәтін].- Көкшетау: [Б.ж.], 2004.- 158 б.]

 

1.2 Мұғалімдік шеберлік – негізгі сапа.

Ерекше педагогикалық таланты бар мұғалімдер, тумысынан дарынды мұғалімдер бар, мұндай мұғалімдер өздерінің оқу-тәрбие жұмысындағы бүкіл жолында табысқа жетіп отырады.

Тәжірибеде кез-келген мектептің ұжымымен балаларды қызықтыра білетін, сабақтарында әрдайым тамаша тәртіп болатын, мектепте бәрі солардың айтқанын істейтін, қисық-қыдыр оқушыларды соларға жөнге салуға жіберетін талантты мұғалімдерді табуға болады. Олардың шәкірттері әйтеуір бұлардың беделін бірден мойындап, түйсігімен сезінеді, оған мойын ұсынады. Әрине, мұндай мұғалім баланың жүрегінде айтарлықтай із қалдырады.

«Шеберлік» дегеніміз- қол жеткізуге болатын нәрсе,- деп жазды А.С. Макаренко, — атақты шебер токарь, тамаша шебер дәрігер болатыны сияқты, педагог та тамаша шебер бола алады    және болуға тиіс те. Біздің бәріміз де бірдей адамдар екенімізге кәміл сенімдемін. Мен 32 жыл жұмыс істедім, ал азды-көпті ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген әрбір мұғалім, жалқау болмаса, шебер болып алады. Ал сіздердің, жас педагогтардың әрқайсысы біздің ісімізді тастап кетпесе, міндетті түрде шебер бола алады, ал оның шеберлікті қаншалықты  меңгеруі- оның өзінің табандылығына байланысты болмақ».

Әрине шеберлік жылдар өткеннен кейін барып келеді. Педагогикалық стаждың әрдайым белгілі дәрежеде мұғалімнің кәсіптік шеберлігін сипаттайтыны тегін емес.

Адамның бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп әсер етеді.

Мұғалімдік бейімділік дегеніміз өз пәнін жете білетін, психологиялық-педогогикалық теорияны және оқу-тәрбие ептілігі мен дағдысын жақсы меңгерген, сонымен қатар біршама дамыған кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен сапаларының жиынтығы, сайып келгенде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді іске асыра білетін мұғалімнің кәсіби шеберлігінің деңгейін айтамыз.

Мұғалімдік бейімділік- кәсіби шеберлігінің негізі А.С.Макаренко дауысты ұстай білу өнері, сыңай білдіру, көз тастау өнері, тағы сол сияқты оқытылатын актерлер даярлайтын оқу орындарының тәжірибесінен үйренуге кеңес береді.

Мұғалім үшін дауысты билей білудің зор маңызы бар. А.С.Макаренко дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деп атады, ал бұл аспапты арнайы түрде ұштап отыру керек.

Мұғалімнің кәсіби қызметінің ең жоғарғы деңгейі педагогикалық жаңашылдық – адамдардың жаңа жасампаздық қызметі. Осы ұғым латын тіліндегі novato сөзінен шыққан, қазақшалағанда жаңарту, яғни адамдардың белгілі бір іс-әрекет саласында адамның жаңа, прогрессивті принциптерді, идеяларды, тәсілдерді енгізеді және іске асырады.

Бұл анықтама педагогикалық жаңашылдыққа тікелей қатысы бар. Ол оқу-тәрбие үрдісіне жаңа, прогрессивті идеяларды принциптер мен тәсілдерді енгізу және іске асыру болып табылады. Мәселен, жаңашыл-педагог Игорь Петрович Волков – орта және жоғары сынып оқушылары үшін «шығармашылық тапсырмалар» әдістемесін жасады. Оның мәні мынада: мұғалім оқушыларға көптеген шығармашылық тапсырмалар береді, ол негізінен қағазбен, картонмен, ағашпен , металмен, пластмаспен жұмыс істеу, сурет пен картиналарды жасау, әдебиетте, өнерде өз күшін байқап көруді қамтыды.

Бұл тапсырмаларды орындау ерікті сипатта болды, әрбір оқушы тапсырманың түрін өз жүрек қалауымен өздерінің  бейімділігіне сәйкес таңдай алады. Осындай жұмыстың түріне араласа отырып, олар бірте-бірте өз қызығушылығын анықтайды, қабілеттері мен талантын дамытады.

Мұғалімнің кәсіптік өсуінің келесі сатысы педагогикалық шеберлік. Шеберлік- бұл әр уақытта да жетілдіріліп отыратын тәрбие және оқыту өнері. Өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті маман, өз пәнін жетік білетін, ғылым мен өнердің белгілі салаларынан хабардар, жалпы психология, әсіресе, балалар психологиясын жақсы меңгерген, оқыту және тәрбие әдістемесін терең білетін педагог.

Мұғалім шеберлігінің негізінде сондай-ақ оның өз пәнін және оқыту әдістемесін терең білуі де жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана оқушылардың білімге деген ынтасын туғызып, мұғалімге және оның талаптарына құрметпен қарата алады. Оқушылар мұғалімнің нашар білетінін, оның сабақ бере алмайтынын ешқашан кешірмейді.Әлбетте, мұның орнын еш нәрсемен толтыруға болмас.

Жақсы шебер мұғалім дегеніміз баланың психологиясын, балалардың жас ерекшеліктерін және тіпті әрбір баланы жеке-жеке жақсы білетін ойлы, байқағыш психолог.

Балалар мұғалімнің әділдігі мен адалдығын, сөзінде тұра алатынын, уәдесін орындайтынын өте бағалайды.

Әділеттілік бәрінен де гөрі баға қоюдан, көтермелеу және жаза беруден, қоғамдық тапсырмаларды бөлу мен бағалаудан айқын көрінеді. Балалар әділетсіз атаулыны өте сезгіщ келеді. Ал әділетсіздіктің көзі екінің бірінде балаларды, олардың тұрмыс жағдайларын, белгілі бір тәртіпсіздіктің шығуына себеп жағдайларды нашар білуден болады.

Педагогикалық әдеп- мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.

Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техниканы меңгерудің өте зор маңызы бар. Осы ұғымға байланысты мәселелер А.С.Макаренконың еңбектерінде неғұрлым толық, әрі айқын талданған. Педагогикалық институттардың болашақ мұғалімдерді даярлаудағы кемшіліктеріне тоқтала келіп, А.С.Макаренконың ойынша, жоғары оқу орындарында оқитын педагогтарды басқаша тәрбиелеу керек еді деп көрсетті.

Ол қалай тұру, қалай отыру, столдан қалай тұру, дауысты қалай көтеру, қалай жымию, қалай қарау сияқты.

Жақсы шебер мұғалім оқушылармен қарым-қатынастарда белгілі сыңай да жасай алады.

«Ұжымдағы қатынас, стиль сыңай» деген еңбегінде А.С.Макаренко былай деп жазды: «Балалармен сөйлескен кезде мұғалім жадырап, жымиып тұруы тиіс, ал бұл күлкісі жасанды болмай, сезімге толы жұмсақ күлкі болуы тиіс».

Ол мұғалімнің сыртқы кейпіне ерекше мән берді: «Мен сыртқы кейпіне баса назар аудардым. Сыртқы кейпі адамның өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-салақ адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын».

Педагогикалық шеберліктің мәні-мұғалімнің жеке мәдениетінің, білімінің және ой-өрісінің өзіндік жиынтығы, оның жан-жақты теориялық даярлығы, оқыту және тәрбиенің тәсілдерін, педагогикалық техника мен алдыңғы қатарлы озат тәжірибені меңгеру.

Педагогикалық техника жекеленген оқушыларға, сонымен қатар жалпы балалар ұжымына педагогикалық әсер ету, әдістерін тәжірибеде тиімді қолдану үшін педагогке қажетті білімнің, ептіліктің, дағдының кешені.

Педагогикалық техниканы меңгеру- педагогикалық шеберліктің құрамды бөлігі. Педагогика мен психологиядан терең де арнаулы білімді, сонымен қатар тәжірибелік даярлықты қажет етеді.

Педагогке ең алдымен, балалар мен қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, тон және қатынас стилін таңдай білу ептілігі қажет. Балалармен қарым-қатынаста қарапайымдылық, табиғилық керек.

[Педагогиканың жалпы негіздері: оқу құралы.- Ақтөбе:

Полиграфия, 2004. «Мұғалімнің шеберлігін қалыптастыру»- 211б.]

С.А. Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу-баланың қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз.

Мұғалімнің шеберлігін дамытуға қажетті факторлардың бірі-біліктілікті артыру ісін оның өзін-өзі дамытатындай етіп ұйымдастыру. Ол үшін мына төмендегі ережелерді еске алу қажет:

-тұлға –қайталанбайтын ерекше тұтастық, оны сол тұтас күйінде зерттеу керек;

-адам табтғатында оның өзін-өзі жетілдіру, дамытуға ұмтылысының негізі қаланған (А.Маслоу).

-тұлғаның өзін -өзі дамытудың қозғаушы күші – оның алдында үнемі жаңа мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылдырып отыратын мотивтер, құндылықтар. Барлық мотив ішіндегі ең ернкешеленетіні –«өсу мотиві» Оларды үнемі қолдап құнарландырып отыру қажет.

-«адамның ішкі әлемі сыртқа әсер етушілерге қарағанда оның мінез құлқына әлдеқайда күштірек әсер етеді» (Г.Олпорт).

-тұлғаға жанама әсер ету керек, ол тұрпайылықты көтермейді.

Біліктілікті артыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеті білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуына құрал болып табылады. Мұғалімдердің шеберлігін, біліктілігін артыру барысында шығармашылық әлеуетін дамыту білімнің акмеологиялық,  синергетикалыұқ, аксиологиялық, андрогогикалық негіздерінің жиынтығын жүзеге асыру жағдайында нәтижелі болады.  [«Білім образования» 2005 № 5 журналдың — 22беттінен.]

Педагогикадан, негізінен, оқыту тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай-ақ оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл  бөлінеді. Әрине, олардың мәнділігін кемітуге болмайды.

Бірақ , педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістеріді қолданғандығына қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігіде белгілі.

Оқыту әдістері педагогтың тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара әсерлесіп отырады.

   Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді.

  • оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу оны нығайтып отыру;
  • мәлімметерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да , күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу;
  • жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу;
  • мейірімді бірақ талап қоя білу;
  • оқушыны білім алуға жұмылдыра білу;
  • оқудағы қиындықтарды алдын-ала білу, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;
  • өз жұмыстарының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылу.

Педагогтың сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыруынан көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға екендігін түсінуі тиіс.

[«Қазақстан мектебі» -2007. №4,  9—11 беттерден.

«Педагогтың тұлғалық сапалары» атты мақаладан.]

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген Елбасы Н.Әбішұлы Назарбаев мұғалімдердің  II-съезіндегі сөйлеген сөзінде. Мұғалім мектептің жүрегі десек, мектеп әдістемелік жұмыс орталғы, өйткені мұғалімнің кәсіби өсуі күнделікті педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асырылады.

Мұғалімнің кәсіптік қажеттілігін анықтауда оның еңбегінің нәтижесін жан-жақты талдай отырып, диагностикалық зерттеу жүргізілді. Мектепте мұғалімдерді ғылыми –ілімдік, мәдени деңгейлерін, кәсіптік,әдістемелік шебердіктерін көрсететін «Педагогикалық кәсіби қызметті» картасың жасалынып, 28 параметр бойынша «жоғары», «жеткілікті», «қанағаттанарлық», «төмен» деп бағаланулары арқылы оларды «Талапкерлер», «Ізденімпаздар», «Шеберлер», «Шығармашылдар», «Жанашылдар» топтарына бөліп әдістемелік жұмысты деңгейлік негізде жүргізілуде.

Мектепте мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыруда әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке белсенді түрлері, әдістер жиынтығы кеңінен қолданылуда.

Ойымызды қорыта келе айтарымыз, мұғалімдердің оқыту үрдісіне жаңаша көзқарас қалыптасып, педагогикалық мәдениеті мен шығармашылық ізденіс жағдайы артты. Технологияны меңгеру мәдениеті қалыптасып, оқушылардың қабілеті мен мүмкіндігі ескеріле отырып, саралай қатынас жасауға жол ашылды.

Жаңа технология мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық келбетінің қалыптасуына әсер етіп өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға көмектесті, мұғалімнің жеке тұлғасы мен кәсіптік мәдениеті артты, әлеуметтік беделікөтерілді.

Технологияларды енгізу арқасында оқу процесінің деңгеі көтерілді. Нәтижесінде қазіргі талапқа сай өзін-өзі көрсетуге қабілетті, шығармашылық тұрғыдан дамыған, әлеуметтік қалыптасқан тұлға тәрбиеленуде. Олай деудің дәлелі: соңғы екі жылдың нәтижесін алғанда оқушылардың білім сапасы артып, шығармашылық қабілеттері жетілді.

[«Мектеп директоры» 2005жыл, №3-16-18беттері.

Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру және

инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру»]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Жаңа формациядағы мұғалім моделі

 

Бұл кезеңде елімізде орта мектептің құрылымы мен мазмұнын жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу, жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру, оқу-тәрбие ісінің сапасын жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып көтеру сияқты іргелі реформалар жүргізілуде. Бұл істе ұстаз басты әрі шешуші тұлға.Сонау ХХ ғасырдың басында «Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Яғни мұғалімнің іс-әрекеті оқыту процесінің көрсеткіштік өлшемі бола алады. Бұл орайда ұстаздың педагогикалық мәдениеті де үлкен орын алады.

Сонымен, оқыту дегеніміз – оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы оқу-танымын ғылыми тұрғыда игерту, дүниетанымын және эстетикалық көзқарасын қалыптастыратын педагогикалық үрдіс. Бұл үрдіс тек қана білім берумен ғана шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау, салыстыру, жасау, қорытынды шығару – бұл мұғалімнің еңбегі, мұғалімнің кәсіби білік-дағдылары, оның жеке кәсіби – педагогикалық іс-әрекеті. Бұған мұғалімнің адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген кезде ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, оқуға деген қызығуын қалыптастыра алады. Бүгінгі таңда білім сапасын анықтауда түрлі бақылау, сараптау жүйесі енгізіліп, шығармашылықпен үздіксіз жұмыс жасап, іскерлік қабілетін ұдайы арттырғанда ғана қол жеткізеді. Оқушыға өз бетімен білім алуға, теледидар, компьютер, интернет т.б. ақпарат көздері арқылы жағдай жасауда мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты болады. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің жаңаруы мұғалімнің алдына зор міндеттер жүктеліп отыр. Сондықтан, оқу үрдісін жандандыру, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру – оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Сондықтан сол жолды шешу әрине, ұстаздың кәсіби педагогикалық іс-әрекетіне байланысты болады.

Ресейлік ғалым-әдіскер Н.В. Кузьмина педагогтың кәсібилігін былайша түсіндіреді: «Ол қалай оқыту, қалай тәрбиелеу, оқушынғы бір күйден екінші күйге қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді қалай шешуге және үнемді жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі… педагог білімнің жүйесін анықтайды».Н.В. Кузьмина педагогтық іс-әрекетті екіге ажыратады:

  1. бірін-бірі тәрбиелей отырып барлық адам айналысатын кәсіби емес педагогикалық іс-әрекет;
  2. арнайы оқу-тәрбие мен білім беретін мекемелерде жүзеге асатын және кәсіби білімді, іскерліктер мен дағдыларды талап ететін педагогикалық іс-әрекет;

 

 

 

Н.В. Кузьмина бойынша мұғалім білімі құрамды үш компоненттен тұрады:

  1. Ғылыми және кәсіби білімнің жүйесі. Бұл жүйенің маңызды компоненті – ол мұғалім оқытатын пәнін терең біледі;
  2. Оқушылардың білімді қабылдау, игеру ерекшеліктерін қамтитын психологиялық білім;
  3. Оқушылардың білімді сапасын анықтайтындай, біліміндегі кемшіліктерді, іскерліктерін байқай алатын педагогикалық білімі мен іскерлтері бар. Оқушының оқу жұмысында игеруі тиісті білімі және іскерліктерінің ертерек қаслыптастыруға қажетті жүйесін алдын-ала болжайды. Осыларды басшылыққа лап, біз инноватциялық іс-әрекеті өз бетімен игерудің мынадай деңгейлерін ұсынамыз:
Көрсеткіштік деңгей Жоғары деңгей Орташа

деңгей

Төмен

 деңгей

Инновациялық проблеманы көре білу Проблеманың инновациялық мәнін ұғыну, өз бетімен тұжырымдау Инновациялық танымдық мәселелерді өз бетімен айқын тұжырымдауға қиналады Инновациялық технологияны мектепте қолдануға қажетті кәсіби білімі жеткіліксіз

 

Дидактикалық әдебиеттерде инновациялық іс-әрекет — деп педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертуге ықпал ететін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа модельдерін, әдістерін құрудың үлгісі деп анықтайды. Бұл жүйе ұдайы өзгеріп отырады, олардың қарама-қайшылығы  мұғалімнің инновациялық іс-әрекетімен шешіледі.

Қосымша А

Инновациялық іс-әрекеттер моделі

 

Педагогикалық – инновациялық іс-әрекеттер

 

 

 

 

Теориялық зерттеу                   Тәжірибелік зерттеу         Зерттеу

нәтижелерін

қорытындылау

Мұғалімнің кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетін біз оның мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінде кездескен мәселені инновациялық жолмен шешуі ретінде қарастырамыз.

Мұғалімнің инновациялық негізде құрылған іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы мына 2-сызбада көрсетілген:

 

 

Қосымша Ә

 

Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекетінің моделі

 

Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті       

 

 

 

 

Мұғалімнің               жаңа тұжырым-                              мұғалімнің

инновациялық   дамаларды, идеяларды,              инновациялық

іс-әрекеті           заңдылықтарды,                          іс-әрекетіндегі

ұсыныстарды білуі                      оқыту іскерлігі

 

мақсаты               олардың мазмұны

 

 

 

инновациялық          инновациялық                       игерілген инно-

іс-әрекетті игеру                                                     ұғымдар мен заңдарды,                                 вациялық білімді

міндеттері          жаңалықтарды игеруі                 мектеп практикасында

пайдалануы

 

 

 

мұғалімнің өз даярлығын жетілдіру

іс-әрекеті

 

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін, жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік және мәдени дайындығын шыңдау маңызды мәселе деп есептейміз.

 

 

 

2.2.   МОДЕЛДЕУ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.

Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.

Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды.

 МҰҒАЛIМДЕРДIҢ БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:

  1. Пәндiк-мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  2. Аналитикалық бақылау  пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
  3. Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  4. Коммуникативтiк — «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
  5. Бейiмделген — қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  6. Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
  7. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
  8. Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Б

 

Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған. Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды.

Мұғалiм–ақпараттанушы емес, оқушының жеке-тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн  оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi,  оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.

Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.

Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:

 

—  бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;

  • тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;
  • тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын қалыптастыру.

Тыңдаушылардың бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен байланысқан үш блоктан тұрады:

Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) — «ҚР бiлiм саласындағы негiзгi мемлекеттiк саясатының бағыты» (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру мәселелерiн қамтиды:

  • ҚР “Бiлiм туралы” заңы;
  • Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi;
  • Тұлғалық әлеуметтендiрудiң құқықтық негiздерi.

Екiншi блок-модуль (инварианттық)– «Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-психологиялық жағынан қамсыздандыру» (24 сағат):

  • Оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын психологиялық диагностика;
  • Мұғалiм – тұлғаны әлеуметтендiрудiң негiзi.

Үшiншi  блок-модуль – «Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге бағытталған инновациялық әдiстер» (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:

  • бiлiм берудегi нәтижеге бағытталған құзырлылық тәсiл;
  • тыңдаушының кәсiби шеберлiгiн шыңдауға бағытталған модельдеу мен жобалау қызметiн дамыту;
  • қазiргi мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жинағын өзiн-өзi дамыту көрсеткiшi ретiнде бейнелеу;
  • бiлiм беру қызметкерлерiнiң қызметiн ақпараттандыру саласына бағыттау (информатика курсының мазмұны жаңартылып, әрi дамытылады. Оның басты себебi ақпараттандыру саласы жылдан-жылға жаңа мазмұнмен толығып отырады. Сондықтан информатика мұғалiмдерi осы проблеманы басқарушы болғандықтан аталған проблемаға сәйкес олардың бiлiмi кеңейтiледi).

Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға жүргiзiлген тест пен сауалнама қорытындысы бойынша жүргiзiлуi қажет. Курстағы әрбiр топқа жасақталған бағдарламаның мазмұнына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп отырады.

Курстық дайындықты жобалау барысында тұлғалық-бағдарлық бөлiктер ескерiлдi. Ол педагогикалық өзара қарым-қатынасты орнықтырумен байланысты. Бiздiң жағдайымызда, тыңдаушылар өзара бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу мен ойларын ортаға салу әрекеттерi жүзеге асырылады.

Аталған блокты қолдану кезiнде  бiрлескен өзара әрекет пен қарым-қатынас iске асырылады, эмоциональдық-психологиялық және iскерлiк қарым-қатынастар дамытылады және  тұлғалық бағдарлау қалыптасады. Мұндай жағдайда, тыңдаушылардың өзiндiк жұмысы ұйымдастырылып, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуы қамтамасыз етiледi.

Бiлiм мазмұнының аралығындағы аралық топ пен оны ұйымдастыру келген тыңдаушылардың дайындық деңгейiне байланысты. Бiлiктiлiктi көтеру жүйесiндегi негiзгi келелi мәселелердiң бiрi түрлi салалардағы теория мен  практика бойынша мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену болып табылады.

Шет елдiк және отандық тәжiрибелерге талдау жасау барысында педагог кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына әсер ететiн оқу қызметтерiнде қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды.  Сондықтан дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар, практикалық жағдаяттарды талқылау  және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi кеңiнен қолдану қажет.  Мұндай әдiсте сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың өздiгiнен жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына және жекелей жұмыс жасау iс-әрекетiнiң қалыптасуына мүмкiндiк бередi.

Оқытуды ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, фронтальды, ұжымдық жұмыс жасау формалары.

Қолданылған технологиялар: жобалау әдiсi, модульдеп және  деңгейлеп саралап оқыту технологиялары.

Қорытынды диагностика: тестiлеу, рефлексия, жобаны қорғау.

Жоғарыда атап көрсеткендей, педагог мамандардың бiлiктiлiгiн үздiксiз көтеру барысында вариативтiлiк қағидасы жүзеге асырылады. Мұндай тәсiл педагог мамандардың жаңа ақпараттық технологияны өз салаларына қолданудың сапасын арттыратыны сөзсiз.

Мазмұндық құрылым мұғалімдері үшін  келесі деңгейлер бойынша беріледі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
  2. Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.
  3. Арнайы. Бұл пәннің әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады

Білім беру мекемелерінің басшылары мен  «Информатика» пәні мұғалімдері үшін мазмұндық құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:

 

 

  1. Педагогикалық технология кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа үрдіс.

 

Егеменді еліміздің ұрпағына саналы тәрбие, сапалы білім бере­тін болашақ мұғалім мамандарын даярлайтын республикамыздағы педагогикалық оқу орындарының қатарында алпыс жылдан астам тарихы бар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты да бар. Институт ректоры, профессор Ш.Беркімбаеваның басшылығымен қазақ мектебінің тарихы мен тәжірибесі, қазіргі қазақ мектебі, тәрбие жүйесінің этнопедаго­гикалық негіздері мен оқытудың инновациялық технологиялары, жаңа формациядағы мұғалім даярлау және ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі жөніндегі кө­кейкесті мәселелер жүзеге асыры­луда. Біздің ғасыр – білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы орайда білім берудің, білім алудың өмір бойы жалғасатын үздіксіз үдерісі екені ұйымдастыру жүйесі бойын­ша кәсіби оқытудың жаңа үлгілерін енгізу, интерактивті әдістерді пайдалану, ғылым мен білімнің кіріктірілуі, педагогикалық техно­логияларды меңгеру, тест және рейтинг арқылы білім дәрежесін бағалау сияқты бағыттарды ерекше атап көрсетуге болады. Болашақта кәсіптік білім беруге қатысты идея­лардың керектігі заман талабына сай туындап отыр. Жаңа техно­логия бойынша білім мазмұнын анықтау барысында мына қағида­ларды басшылыққа алуға болады: қазақ халқының жалпы ұлттық игілігін бүкіл өркениет мәдение­тімен ұштастыру; ірі ғылыми жаңа­лықтар топтамасы мен пәндер деңгейінде білім мазмұнының басты бағдарын белгілеу; оқыту мен тәрбиені интеллектуалды пайдалану және өнімді еңбекпен жалғастыру; жастарға жалпы орта білім беруді алғашқы кәсіптік және  бастапқы арнаулы мамандықтарды меңгерту­мен ұтымды ұштастыру; техника мен технология негіздерін оқытуға бағытталған политехникалық білім беру мен кәсіби бағдар беру.

Осы орайда қазіргі кезде елімізде ақпараттық технологиялар парктері ашылуда. Солардың жа­ны­нан тәжірибе алмасу орталық­тарын құрып, шетелдік мамандар дәрістерін жиі-жиі ұйымдастырып отырса, ұлттық педагогиканың технологиялық шеңбері өз ауқы­мын аша түсер еді.

Технология – “шеберлік тура­лы ғылым” деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Осы анықтамаға сүйене келе, “жаңа технологияның мәні —педагогикалық шеберлікті жетіл­дірудің жолдары” деген қорытынды жасауға болады. Біз институт бой­ынша оқытудың кредиттік техно­логияларын биыл үшінші жыл пайдаланып келеміз.

Жоғары білім беру кезеңінде біз қолданылған технология негізінде үздіксіз даярлаудың мақсаты- болашақ мұғалімдерде ақпараттық моделдеу  бойынша білім, іскерлік, дағдылар жүйесін және білім беруді ақпараттандыру жағдайында кәсібіи әрекеттерін іске асыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады.

Барлық модельдер әртүрлі формада өз объект туралы жаңа ақпарат алу және басқа тәсілдермен тану мүмкін болмаған заңдылықтарды щеттеу мүмкіндігін береді. Модельдеу- үрдістер мен олардың күйін, нақты физикалық немесе идеалды, ең алдымен математикалық модельдер көмегеімен зерттеудің теориялық әдісі. Ғылыми таным үрдісінде модель түпнұсқалны алмастырады және оқып-үйренудің түпнұсқасы туралы ақпарат береді.

Жоғары оқу орнындағы оқыту үрдісінің жүйелі білім беретін модельдерді қалыптастыру шарттарын анықтайтын негізгі сапалы өзгешелігі мынада: бұл үрдістің мақсатқа бағдарлы жүйе ретіндегі өндірістен ерекшелігі – оның құнды бағдарлы жүйелер класына жататындығы болып отыр. Сондықтан мұндай жүйеде өзара әрекеттесудің барлық мүмкін түрлерін бақылау қиындық туғызады, себебі бұл өзара әрекеттердің сипаты оларға қатыстырылатын тұлғалардың сапалық мұғалімдердің педпгогикалық іс-әрекеттердің сапалық мінездемелеріне тәуелді болады. Сондықтан болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың модельін жасауда біз танымның бақылау, ұқсастыру, талдау, біріктіру, дерексіздендіру және т.б. тәсілдерін қолдандық.

Бұл тәсілдердің әрқайсысы белгілі бір мағыналы жүктемеге ие, яғни бақылау тәсілдерін қолдану оқып-үйрететін объект туралы ақпаратты тікелей  және жанама қолдану түпнұсқасы ұсынылған модельмен ортақ ұқсастыққа ие модельдерді (ЖОО бітірушінің моделі, ЖОО оқу үрдісінің модельі және т.б.) модель туралы білімдерде және олардың қажеттісі құрастырылап отырған модельге орналастыру қарастырады; талдау тәсілдерін қолдану моделдердің негізгі элементтік құрамын анықтау; абстракциялау тәсілін қолдану аз мағынаға иелерін ықшамдау арқылы негізгілерін ерекшелеуді, әртүрлі көздерден алынғандардың ішіндегі ұқсастарын түрлендіру арқылы оқу үдерісіне өзара байланысқан компоненттердің жүйесі түрінде ұсынау; ссинтездеу тәсілдерін қолдану, модельдің өзара қайшылықсыз әрекеттесудегі бліктерін жүйелі гармониялы бүтінге біріктіру  мүмкіндігін береді.

Қазіргі жоғары оқу орындары студенттерінің тұлғалық-бағдарлы іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделінің жалпы құрылымы бес компоненттен тұрады. Олардың әрқайсысы мақсаттан, іс-әрекеттер түрлерінен, осы мақсатқа жету құралдарынан және оқу әрекетінің соңында баға берілетін болжанған нәтижелерден тұрады.

Мотивациялы компонент студенттерді жоғары орында ұтымды құрастырылған педагогикалық іс-әрекеттерге бағыттауға септігін тигізетін мотивтер мен  стимулдар жүйесін ойластыруды қарастырады. Бұл компоненттің мақсаты:

  1. Студенттерге жоғары оқу орындарындағы өз орнын ұғыну және білім алу мен оқу іс-әрекетіндегі әртүрлі іскерліктерді меңгеру қарқындылығын арттыру, яғни оқу мотивациясын құру;
  2. Оқыту үрдісінде студенттердің оқу іс-әрекетінің әрбір түрін меңгеруін, өзінің ой еңбегін ұйымдасытру іскерліктерін ынталандыруы;
  3. Әрбір студенттің тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін жағдай жасау, яғни оның ерекше қырларын – еріктілігін, креативтілігін, рефлексивтігін, жауапкершілігін дамыту.

Бұл компоненттің мақсатына жету үшін қажетті құралдар:

  1. Жоғары оқу орнында оқөытудың алғашқы курстарында «Компьютерлік модельдеу негізінде» арнайы курысын енгізу;
  2. Студентерді өздігінен тиімді және өнімді жұмыс істеу мүмкіндігін беретін жағдайлармен қамтамасыз ету.

Алға қойылған мақсатқа байланысты қол жетерлік, көзделген нәтижелер:

1.Оқытудың мемлекеттік жүйесін жоғары оқу орынының жүйесіне ыңғайлы өтуді қамтамасыз ету;

2.Оқу пәндеріне, оқыту үрдісіне қызығушылығын студенттерді оқытудың ішкі мотивациясын дамыту арқылы ынталандыру (тұлғалық-бағдарлар өзіндік жұмыстың көмегімен)

3.Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерін тұлғалық-бағдарлы бағыттылық арқылы ұйымдастыру.

Бағдарламалық-мақсаттық компонент  әртүрлі деңгейдегі масаттар жүйесін ойдастыру мен мақсат қоя білуді және осы негіде студенттердің тұлғалық-бағдарлы педагогикалық іс-әрекеттерін оқу жоспарындағы пәндер бойынша ұйымдастырудықарастырады.

Бұл компоненттің мақсаты:

  1. Білімгер үшін оқу пәні бойынша оның педагогикалықоқу үрдісіндегі жұмыстарының көлемінбелгілеу жәнеоның жекелеген түрлерін орындау мерзімін көрсету;
  2. Педагогикалық жұмыс кезіндегі студенттің тұлғалық даму кеңістігін қамтамасыз ету. Бұл үшін «бұл кеңістіктегі оқытушы мен студенттің әрекетін және орнын анықтау» қажет. Педагогикалық үрдістегі екі субъектінің өз-ара әрекетін қамтамасыз ету;
  3. Оқу пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының кестесін, бірнеше рет қайталану мен жүктеменің көбеюін болдырмау үшіноқытушысымен келісілуін жүзеге асыру.

Бұл компонент бойынша мақсатқа жету құралдары:

  1. Бақлау түрлері мен формалары көрсетілген студенттердің студенттердің жеке, өзіндік, педагогикалық жұмыстарының графигі;
  2. Пән бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттер. Қолданбалы компьютерлікбағдарламалар.

Алға қойылған мақсатқа байланысты қол жетерлік нәтижелер: өз уақытын тиімді пайдалануүшін оқу пәні бойынша педагогикалықжұмыстардың көлемін әрбір студенттің ұғынуы және әрбір білімгердің тұлғалық сұраныстары мен жеке сапалық қасиеттеріне байланысты жеке, өзіндік тапсырмаларды орындауға көп күш салуы қамтамасыз етіледі.

Операциялық компонент студенттердің оқу іс-әрекетінің түрлері бойынша практикалық іскерліктерді қалыптастыруды қамтамасыз етуді қарастырады.

Бұл компоненттің мақсаты: әрбір студенттің өзін дамытуы жіне мүмкіндігін іске асыруы үшін пән бойынша терең, орнықты және сапалы білімдердіжинақтауға ықпалы ету және танымдық әрекеттердің тәсілдерін дамыту.

Мақсатқа жету құралдары:

  1. Студенттердің тұлғалық-бағдарлы педагогикалық іс-әрекеттері үшін күрделілек деңгейі мен шығармашылық дәрежесі әр түрлі болатын оқулық тапсырмалар пакеті;
  2. Әдістемелік, оқулық және ғылыми әдебиеттер мен мультимедиялы электронды оқулықтар.

Бұл компонент бойынша мақсатқа жету арқылы алынатын нәтижелер: болашақ мұғалімдердің танымдық әрекеттерін студенттердің оқу үрдісіндегі жұмыстарына тұлғалық мағына беретіндей етіп ұйымдастыру (аудиторияда және аудиториядан тыс), яғнни бұл олардың шығармашылық белсенділігін реттейді, өздігінен білім алуына, өздігінен дамуына, кәсіби маман ретінде қалыптасуына ұмтылуына ықпал жасайды.

Атқарушылық компонент оқу іс-әрекеттерін тікелей орындауды қарастырады. Бұл компоненттің мақсаты:

  1. Оқу іс-әрекеттерін сапалы және өз мерзіміндеорындау үшін жағдай жасау;
  2. Әрбір тұлғаға өз қабілеттерін оқу пәнінің мазмұны және өзіндік, жеке жұмыстар үшін тапсырмалар кешені арқылы шығармашылықпен іске асыруға мүмкіндік туғызу, жоғары оқу орнының оқу үрдісіне дамытушы білім беру технологияларын өндіру болып табылады.

Мақсатқа жету құралдары:

  1. Студенттің аудиторияда және аудитриядан тыс атқаратын жұмыстарының жеке жоспары;
  2. Студенттің оқу іс-әрекеттерінің, өзіндік жұмыстарының жеке жоспарына сәйкес мазмұнын таңдауда баламалық принципін қолдану;
  3. әдістемелік, оқулық, ғылыми және қосымша әдебиеттер. Телекоммуникация (қашықтан оқыту, интернет, т.б.) құралдары;
  4. Оқытушы бағдарламалар (мультимедиялы, электронды оқулықтар) пакеті бар ЭЕМ;
  5. Оқу үрдісіне дамытушы білім берутехнологияларын ендіру.

Қол жетерлік нәтижелер: жоғары мектептің оқу үрдісіне даралап (саралап) оқыту технологиясын ендіруге алып келетін, білімгердің даралық қызығушылығын, қабілеттерін және бейімдеуін ескеретін математикалық, және ақпараттық модельдеуді ендіру арқылы әрбір студентті дамыту және өзіндік жұмыстар негізінде өзін-өзі дамыту.

Бақылау компоненті оқу үрісінде студенттердің педагогикалық іс-әрекеттері мен өзіндік жұмыстары нәтижесінде сапалық диагностикалау мен бақылауды қамтамасыз етеді.

Бұл компоненттің мақсаты: оқыту нәтижесінің жетістігін, студентпен бірлесе отырып зерттеу арқылы оның ақыл-ойы мен кәсіби біліктілігінің дамуының дара жеке өзіндік жолын жобалау.

  1. Педагогикалық іс-әрекетке және өзіндік жұмыстарға арналған, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі бақылау тапсырмаларының пакеті (тұлғалық-дамытушы тестер, сұрақтар және т.б.);
  2. ЭЕМ-ді қолдану арқылы жұмыс істейтін білімді бақылау бағдарламалардың пакеті.

Қол жетерлік нәтижелер: студенттің тұлғалық дамуы траекторияны (оқытушының, студенттің өзінің) бақылауы негізінде білімгерлердің белсенді түрдегі шығармашылық қабілеттерін дамыту, жетілдіру мақсатында оқу іс-әрекетін түзету және өзін-өзі түзету мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетерін ұйымдастырудың екінші бөлімі математикалық және ақпараттық модельдеу негізінде оқыту үрдісінде студенттердің өзіндік жұмысын басқаруды қамтитын ақпараттық моделін құрайды.

Мұнда жоғары мектептің оқу үрдісін ұйымдастыруда білімгерлердің іс-әрекеттерін басқарудың технологиялық аспектілері келтіріледі және осы жүйедегі студенттердің өзіндік жұмыстарының орны анықталады.

Математикалық және ақпараттық модельдеу арқылы білім беру технологиясы аумағында студенттердің қарқынды оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады, яғни дайындық, ұйымдастыру және  атқарушылық. Бұл модель, жоғары мектепте оқу үрдісін ұйымдастыру талаптарына және әлеуметтік-педагогикалық жағдайға бейімделуге байланысты өзгеріп отырады.

       Сонымен, болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың маңыздылығы оның жеке тұлғасы мен қызметіне деген осы заманғы талаптарымен сипатталады. Мұның өзі жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде жалпы және кәсіби біліктілікті ұдайы көтеріп отыратындай бағыт-бағдар беру қажеттігін туғызады. Жоғары білім беруде кәсіби даярлау үрдісі арнайы оқу пәндерімен, әртүрлі бағытта практикамен, ғылыми зерттеу жұмыстарымен қамтамасыз етіледі және осының әрқайсысының студент сауаттылығын  қалыптастыруға қосатын үлесі  неғұрлым ауқымды болған сайын ОПҚ еңбегі де жемісті бола түсетінін дәлелдейді.

 

Сондықтан да кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастыруда педаго­ги­калық және кредиттік оқыту техно­ло­гияларын меңгеру арқылы білікті маман даярлау мәселелері еліміздің өркендеуіне, дүние жүзіндегі озық елдердің қатарына жету мүмкін­дігіне тығыз байланысты.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қоғамды тұрақтанды­ра­тын, ұрпақты ұрпаққа сабақтас­тыратын оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, білім деңгейін мемлекеттік және халық­аралық стандартқа жеткізуге күш салу — мұғалімге  қойылған бүгінгі күннің басты талабы болып қала бермек.

 

Қорытынды:

Нағыз ұстаз , шынайы мұғалім — өскелең ұрпақтың бақыты, қоғамның мемлекеттің байлығы. Әрине, ұстаз деген ұғымның өзі мұғалімнен тек мамандығының шебері ғана емес, сарқылмас білім мен тәрбиенің кеніші, жан-жақты дамыған дар тұлға болуды талап ететіні белгілі.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасуы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.

Жалпы қай заманда болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен талғамның ерекше болғанын жоққа шығармау керек. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы- жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген.

Адамзаттық асыл қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай, оны жарыққа шығаруды әрекет етпей, оларды баламен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, қоғам, болашақ алдындағы жауапты ісін өз деңгейінде атқара алуы мүмкін емес. Ал бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты- өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жек тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.

Атап айтсақ, жаңа инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісіне тиімді пайдаланып, белгілі нәтижеге қол жеткізген мұғалімдермен жұмыс істеу. Оқу үрдісіндегі электронды оқулармен жұмыс жасауды, оқытуда эксперименталдық, авторлық бағдарламалармен айналысатын ұстаздардың озық тәжірибесін тарту сынды жұмыстарды іске асыру-негізгі мақсат болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетін біз оның мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінде кездескен мәселені инновациялық жолмен шешуі ретінде курыстар арқылы қарастырамыз.

Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.

Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:

—  бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;

  • тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;
  • тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын қалыптастыру.

Тыңдаушылардың бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен байланысқан үш блоктан тұрады:

Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) — «ҚР бiлiм саласындағы негiзгi мемлекеттiк саясатының бағыты» (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру мәселелерiн қамтиды:

  • ҚР “Бiлiм туралы” заңы;
  • Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi;
  • Тұлғалық әлеуметтендiрудiң құқықтық негiздерi.

Екiншi блок-модуль (инварианттық)– «Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-психологиялық жағынан қамсыздандыру» (24 сағат):

  • Оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын психологиялық диагностика;
  • Мұғалiм – тұлғаны әлеуметтендiрудiң негiзi.

Үшiншi  блок-модуль – «Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге бағытталған инновациялық әдiстер» (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:

Мамандардың бiлiктiлiгiн арттыратын жүйе бойынша негiзгi қойылған мiндеттердi жүзеге асыруда.

Ақпараттық-коммуникациялық технология саласы бойынша мамандардың дайындығын жетiлдiру үшiн келесi бағыттар iске асырылуы қажет екенiн жасақталған тәжiрибелердiң негiзiнде байқадық:

  • педагог мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн дайындық өткiзудi жетiлдiру;
  • қашықтықтан оқыту технологиясын бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне енгiзу мәселелерiн байқаудан өткiзу және оны ендiру;
  • бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне виртуальды консалтингiлiк қызметтi енгiзу моделiн жасақтау және оны ендiру;
  • мектеп басшылары мен мектеп пәндерiнiң мұғалiмдерiнiң практикалық қызметiне қолданылатын қолданбалы программалық құралдарды (электрондық оқулық, энциклопедия) жинақтау банкiсiн толықтыруды жалғастыру.

Үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесi  — бұл көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
  2. Бабамұратов, Д. Мұғалімдердің қадір-қасиетін бағалай білейік… : [Сұхбат] / Шүкірбекова, Ә // Түркістан.- 2005.- 6 қазан.- 9 б

 

  1. Бұзаубақова, К. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру // Қазақстан мектебi.- 2007.- № 4.-11-15 б.

 

  1. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

 

  1. Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ. высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.

 

  1. Захарова И. Г. Информационные технологии е образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003.

 

  1. Жүніс, Н. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті [Текст]: [Ел тілегі — білімді ұрпақ]// Сынып жетекшісі.- — N1.- 36-39 б

 

  1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
  3. Қайдарова, А. Мұғалім тұлғасына қойылатын негізгі талаптар// Бастауыш мектеп.- 2005.-  N 2.-  5-6 б.

 

  1. Қаратаев, Н. Қ. ХХІ ғасыр: ұстаз бейнесі [Мәтін]:Педагогикалық мінбе// Білімдегі жаңалықтар.- 2005.-№4.- 39-43 б.

 

  1. Құтпанбаев, Ә. Мұғалім мәртебесін көтеру керек:[Мұғалімге көмек]// Білім.- — N 2.- 13-16 б.

 

  1. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26

 

  1. Профессиональное развитие: из опыта учителей/ под ред.: С. Мирсеитовой, А. Иргебаевой ;Казахстанская ассоциация по чтению.- Алматы:ИздатМаркет, 2004.- 288 с.: ил.-(Школапрофессионального развития)

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Aiaru2017

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 15-01-2020

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля