Ақпан төңкерісі. Саяси партиялар мен ағымдар.

27 февраля, 2020 19:10

Ж о с п а р

 

І. Кіріспе………………………………………………………………………………………………..3

 

І  тарау   Ақпан  төңкерісі.  Саяси  партиялар мен  ағымдар

1.1 Ақпан-буржуазиялық-демократиялық төңкерісінің  Қазақстанға

әсері……………………………………………………………………………………………………….5

1.2 1917 жылғы  Ақпаннан қазанға дейінгі  кезеңдегі саяси  партиялар мен ағымдар………………………………………………………………………………………………….9

 

ІІ  тарау.  Саяси  партиялар  мен  қоғамдық    қайраткерлер қызметі

2.1  Саяси  партиялар  Қазақ   төңкерісі қарсаңында……………………………….17

2.2 Үш  жүз  партиясының  қоғамда  атқарған қызметі……………………………22

 

ІІІ.  Қорытынды………………………………………………………………………………….24

  1. Сілтемелер тізімі…………………………………………………………………………26
  2. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………..27

                           Кіріспе

Курстық жұмыс тың өзектілігі:

Тарихта  үлкен   із   қалдырған  Ақпан   және  Қазақ   төңкерістері  қоғамның   бет-бейнесін  түбегелі   өзгертті.  Россияда    мыңжылдық  монархия құлап,   уақытша  үкіметі мен  кеңестер   үкіметі  құрылған  кез.  Қазақстанда  да  монархияның  құлатылуы  әртүрлі     топтарға    әрқалай   әсер  етті. Уақытша  үкімет   дін  мен   партия   бостандығына   рұқсат   берісімен-ақ  қазақ   жерінде    қаптаған   партиялар    құрыла  бастады.  Ішіндегі  ең    белдісі  де  беделдісі  «Алаш»   партиясы   дараланды.   Осынау   бір   толқлумен   аласапыран   уақыттағы   қоғамдық  партиялар  мен   ағымдардың   шығуы  мен   іс-әрекетін   қарастыру  курстық    жұмысты ң    өзекті  мәселесі.

Курстық жұмыстың  мақсаты:

Курстық жұмыстың   негізгі мақсаты:  Ақпан  төңкерісінің  мәнін  ашу,  уақытша    үкімет   тұсындағы   сьаяси  партиялар  мен   ағымдар    шығуына   олардың   қызметіне   тоқталу.

Курстық жұмыстың   мітндеттері:

Курстық   жұмыьста   төмендегідей   міндеттер   қойылады:

— Ақпан  буржуазиялық   демократиялық    ревалюциясының    мәні,   Қазақстандағы   ревалюция   кезіндегі   жағдайға    жалпы   шолуъ

—   Саяси  партиялар  мен   ағымдардың  құрылуына   тқталу

—  «Алаш»   партиясының   қоғамдық    халықтық қызметін   атып өту

—   Саяси  париялар   мен     ағымдардың   қоғамдағы   іс-әрекетін   баяндау.

Курстық жұмыстың   құрылымы:

Курстық  жұмыс  екі  тарауданҮ

І тарау.  Ақпан  төңкерісі.  Саяси   партиялар   мьен   ағымдар.

ІІ  тарау.  Саяси    партиялар   м  ен  ағымдар  және  үш  тақырыптан

1.1 Ақпан  буржуазыиялық – демократиялық   төңкерісі

1.2 1917  жылғы  Ақпаннан  Қазанға    дейінгі   кезеңдегі    саяси   партиялар  мен   ағымдар

2.1  Саяси   партиялар  Қазан   төңкерісі   қарсаңында

Сынды  тақырыптардан    құралған.

Курстық  жұмыстың    тарихнамасы:

Курстық   жұмыста   Артықбаевтың,  Ч.Мусинның, Хамит  Мадановтың  Қазақстан тарихы   оқулықтары,   Алаш   ақиқаттары   және   Ө.Әбілманұлының   Ахмет  Байтұрсынұлы   кітаптары   пайдаланылды.

  • Ақпан — буржуазыиялық – демократиялық  төңкерісі

Ұлт – азаттық қозғалысты  қатаң   жазалағаннан   кейін    патшалық  отаршыл  әкімшілік  110 мың      адамды тыл жұмысына    күштеп  алып,  10   мың   адамды  Түркістан   шегінде   жұмыс     істеуге   қалдырды.   Дала   өлкесрінің   150   мыңнан   астам    қазағы да  осындай    тағдырға душар   болды.  Реквизияланған    көптің   бірі   Қангелдиев   кейіннен   былай   деп   еске  алды:  Жігіттерді   солдаттар   қоршап    алып,   оларға    туысқандарын    жолатпады.

1917 жылғы ақпанның  27-сінде ресейде     буржуазыиялық-демократиялық   төңкеріс   болып,   монархия   құлатылды.  Петроградтағы   оқиғалар   туралы хабарды  Қазақстан   халқы   қуанышпен   қарсы  алды.   Қазақтан    самодержавиенің    құлатылуын   құттықтап, бұл   фактіге    өздерінің  с  ан  ғасырлық   күресінің   нәтижесі, 1916   жылғы   ұлт-азаттық  ревалюция  мақсаттарының    қанағаттандырылуы   деп   қарады.

Ревалюция  туралы хабарды   Қазақстанда  ұлттық-демократиялық  қозғалыстың басшылары қуанышпен   қарсы алды.

Ұлт-азаттық қозғалыстың  басшылары  демократиялық,   бостандық  пен  теңдіктің  орнатылуына   байланысты   ұлттық  автономия  құратын,  жалпы ұлттық    проблемаларды   шешетін  сәт    туды деп   санады.

Қазақ халқының орасан көпшілігі  ревалюцияға   осындай  көзқараста  болды.

1917 жылғы  наурыз  сәуір  абйларында   жер-жерде  жұмысшы  және  солдат  депутаттарының   кеңестері   құрылды.   Мәс  елен   наурыз айында Омбыда, Ташкентте,  Семейде,  Верныйда,  Петропавлда,  перовскіде,  Қазалыда, Қостанайда, Ақтөбеде   тағы басқа қалаларда жұмысшы    және    солдат депутаттарының  Кеңестері құрылды. Қазақ Кеңестері  жекелеген  қалаларда  Оралда,  Верныйда, Ақмолада,  Семейде,  Әулие-Атада /Қырғыз/Қазақ/  ұлттық  комитеттері пайда болды.  Уездік  және  облыстық  шаруалар  съездерінде  шаруа  және  қырғыз   /қазақ/  депутаттарының Орал  облыстық,  Ақмола, Ақтөбе және  павлодар  уездік  Кеңестері,   шаруа  қырғыз  және  қазақ депутаттарының  Семей  облыстық  Кеңесі,   сайланды. Шамамен  алғанда  жергілікті   жерлердегі  істіьң  жабйы   да   осындай болады.

Уақытша   үкімет  әр  түрлі  қоғамдық саяси   қозғалыстардың  арастында  қоғам дамуының  белгілі   бір  жолын  таңдау   тұрғысында   күрес  басталды.  Ресей   капитализмі    дамуының кейінге қалып,  соның салдарынан  буржуазияның  қуатты экономикалық  саяси  күш  болып қалыптаспағанын   негізге   алған.  Уақытша үкімет   реформистік  жолмен     капитализмді    дамытуға   бет  алу   қажет   деп   сьанады.  Алайда    монархияның   қойнауынан шығып,  көп   жағынан   буржуазия мен   помещиктердің    саяси  және экономикалық  мүдделерін  білдірген. Уақытша  үкімет  ресейдегі   қайта    өрлетудің    нысаналы    балама  бағдарламаларын   ұсына   алмады.

1916  жылғы   оқиғалар  мазасыздандырған   қазақ   қоғамындағы  ерекше   жағдай   бәсеңдей  қоймаған еді. 1917 жылдың   көктемінде   Торғай  облысында  ерекше   мазасыз   жағдай    сақталып қалды.

1917  жылғы наурыздың 7-сінде   жұмысшы  және  солдат  депутаттары  Петроград   кеңесі  мен   Мемлекеттік  бмүшелерінің бірлескен мюәжілісінде Ә.Жангелдин  сөз сөледі: «ол  Торға й   облысында   ескі  үкіметтің  жазалау отрядтары   өздерінің   зорлық-  зомбылық жасап,  ойран   салған   арам  істерін  осы    кезге  дейін  жалғастырып   отырғанын»  Кеңестің   назарына   аударды.

Кеңес   жазалау    экспедициясын   дереу    кері шақырып    алуға  шешім   қабылдады.  1917   жылғы  наурыздың  28-інде  Торғай  облысының   губернаторы  Эверсмон  Ішкі істер Министірлігіне берген   жеделхатында  Әділғафархан  уақытша үкіметі  жолында да   және   оның  кешірім  бергенін  ескере   отырып,  соғыс   қимылдарын тоқтатады.  Сонымен бірге Торғай комиссары Ә.Бөкейханов   Ішкі Істер  Министіріне Орталық  тыныш  деген  телеграммасын   жіберді.  Ежелгі  Торғай    топырағында   көптен бері   аусаған бейбітшілік    орнады.  Көтерілісшілердің  сеніміне   қол  жетті.

Ал Уақытша   үкімет   империялық    ұлт саясатын   қайта қаратуға   қадам   жасады.  1917   жылғы   наурызда   ол  Ресей  азаматтарының  белгілі   бір дін  ұстануына,   дінге   сенуіне   немесе   ұлтқа   жататындығына байланысты    құқықтарын   қандай  да  болсын  шектеудің   күшін   жойды.

1917 жылғы наурыздың   18-інде  Уақытша    үкімет  Түркістан   генерал-губернаторына   1916 жылғы   көтеріліс  кбезінде  Түркістанда   қазақтарға  зорлық-зомбылық   жасаған  орыстарға  «Орыстар мен     өзге де ұлыстарға күш қолданылғаны жөнінде   кінәлі бұратаналмен тең  негізде  кешірім  берілуге   тиіс  деп   түсіндірді.  Уақытша   үкіметтің   бұл  шешімі    осынату   кең   байтақ  аймақта   ұлттық  келісім  орнатуға   бабғьытталған  еді. Үкіметтің  Жетісу облысының  1916  жылғы  толқулардан   зардап   шеккен орыс  және      жергілікті  тұрғындарына   көмек    көрсету үшін     қазынадан  11.150 000 сом  болу   туралы  1917   жылғы   қыркүйекті ң  8-індегі   қаулысын   оның   кемсітушілік  сипатта   болғанына   қарамастан,  халқ жылы қабылдады.  Оның  5000 000 сомы  жергілікті  салыққа 6 15 000 саны орыс  халқына  арналды. Әрбір   шаңыраққа   100 сомнан  беру   көзделді. Орыс халқына   «әрбір қираған   үйге  шаруашылығын қалпына   келтіру   үшін    қазынадан  500 сомнан     жеңілдікпен және  оның  үстіне    өрт салдарынан   тұрғын  үйі мен   қора – қопсысынан  айрылған  әрбір   үйге    тағы да  қосымша  500  сомнан   тегін   жәрдем алуға құқы    берілді.  1917  жылғы  сәуір  — мамыр   айларында    уақытша үкімет  мәселе  бойынша   түпкілікті шешім қабылдады. Жергілікті  жерлерде демократиялық   күштерді топтастыру    процесі   жүріп   жатты.

Мәселен, Қарабұтақта   солдат   комитеті  жазалау   отрядының   командирі полковник  Клаповты   қонысынан   қуып   жіберді. Азаматтық комитет болыс   басқарушыларынан олардың   реквизициялау  мен  мобилизациялау  кезінде   тонап алған   мал-мүлкін  кедейлерге   қайтарып беруді  талып  етті.  Ревалюциялық    пиғылдағы жұмысшылар Кеңес   арқылы    сегіз  сағаттық  жұмыс күнін енгізуге /Верный, Семей,  Екібастұз,  Кеңестердің  бағдарламасына  помещиктердің    жерін  конфискелеу    туралы   талаптарды   қосуға күш  с алды.

Көріп  отырғанымыздай  1917 жылғы  Ақпан   төңкерісі   патша   өкіметінің  геноцид   саясатын  тежеді,  ұлт  саясаты  сбаласында   өзінің  жалпеы   адамзаттық  мұраттарды  — бостандықты,  халықтардағы  теңдігін   қолдайтынын   мәлімдеді.  Сөйте тұра    ол  шет  аймақтардыьң   халықтарына   ұлттық-аьймақтық өзін-өзі  билеу  құқығын  беруден   тартынды,   отаршылдық  басқару  органдарын   жоймады.  Ол  аймақтарда   ұлтаралық   қатынастарда   реттеу   жөнінде    жалтақ  қадамдар ғана жасап,   сол  арқылы  орын  алып   келген   шиеленісті   бәсеңдетуді   көздеді.

1.2  1917    жылғы ақпаннан  қазанға   дейінгі  кезеңдегі  саяси  партиялар   мен  ағымдар.

Үнді  халқының   ұлт-азаттық  күресінің идеологы   Джавахарлап  Неру  былай  деп жазған:  «Бз  бостандықты  жақында   ғана   жеңіп  алдық,  бірақ  біздің  күресімізге   дем  берген   ұлттық  сезім   жүрегімізді  әлі де  жылытып отыр;   ол  әрбір   азиялықтың  жүрегіне   жылу   ұялатады,   өйткені   өткен  кездегі   отаршылдық    туралы  естелітк   оның  ақыл-ойынан  әлі өшкен жоқ. Сонымен, ұлтшылдық  Азияның   кбез-келген  бөлігінде    әлі де  нақты  күш   болып  отыр»

Ұлттық демократияшыл   зиялылар  ұлттық азаматтық   идеясын  таратушы,   қазақ   халқының  ұлттық  сана  сезімін    оятушы,   отаршылдыққа   қарсы    күреске   дем    беруші    болды.  Оны   Шыңғыс    хан   ұрпағы,    Ресейдің либералдық  — демократиялық  қозғалысының   жоғары  білімді   қайраткері,  бұрын   кадет   партиясы   Орталық   Комитетінің     мүшесі  болған   Ә. Бөкейханов басқарды.  Көрнекті   ағартушылар   мен  демократтар,    ревалюциялық   юқозғалысқа   белсене    қатысушылар  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, Ә.Ермеков,  жаһанша  және  Досмұхаммедовтар, Ж.Ақбаев және   басқа да   көптеген   адамдар  осы   пікірлестері  мен    серіктеріне   а йналды.

Алаш   партиясының    әлеуметтік      негізгі   даланың бетке ұстарлары  билердің,  батырлардың,  жартылай  феодал байлардың   мүдделерін  білдірген,   капиталистік   даму   жолына    бағдар    алған   зиялылар  болды. Олар сондай — ақ   оппазициядағы   кең   көлемді   демократияшыл   бұқара – шаруалардың, жұмысшылардың, қала   демократиясының     мүдделерін    де  білдірді. Қозғалыстың   әлеуметтік   негізінің  ауқымдылығының  азаттық  қозғалысының жалпы   ұлттық  көлемімен, оның   демократиялық,    ағартушылық  және  отаршылдыққа    қарсы    сипатымен   түсіндіруге   болады.  Қазақ халқын   отарлық  езгіден  азат  ету,    автономиялық   ұлттық     мемлекет  құру  идеясы   қозғалыстың   негізгі    өзегіне   айналды.

Ақпан   төңклерістінен  кейін   1905   жылдан   бастап    өмір     сүрген   алаш   қозғалысы   қайта   жанданды.

1917  жылғы  сәуір-мамыр  айларында «Алаш»  партиясының  облыстық    ішінара  уездік   съездері  болып өтті.

Мәселен   қазақтардың 1917   жылғы  с әуір   аьйында болған  Жетіс у облыстық  съезі  жергілікті    өзін-өзі басқару   орындарының   өкілеттілігіне    жататын   мәселелер    жиынтығын қарады.  Олардың    қатарында азық-түлікпен  жабдықтау,     жергілікті өзін-өзі басқару,  сот  ісін жүргізу, салық  салу, білім  беру  және   абғарту   проблемаларын   шешу   көзделді.

Аграрлық   мәселе    қыз талқыланды.   Атап   айтқанда,   съезд «облысқа  сырттан   әкеліп  қоныстандыруға «жол  бермеу»  қажет   деп  тапты.  «Қазақстардың  орыстармен   өзара  қарым-қатынасын   реттеу  әдістері  «Босқындарды  Қытайдан  қайтару   әдістері»  арнайы  қаралды».

Қазақстардың    семей  облыстық   съезі  (27/IV -7 V 1917) Бүкілқазақ  съезіне Қазақстанның  болашақ  автономиясын   құру   туралы   өз    көзқарасын   ұсынды. Съезд «Ресейлік   бірінші   Құрылтай  жиналысында, Ұлы   Ресейді     мекендейтін   ұлыстардыьң   еркіндігі   теңдігі    мен  туысқандығы   баянды   етілуге тиіс  және  оларға    өздерінің   саяси  өмірін   ұлттық,   тұрмыстық,   мәдени   экономикалық,    тарихи-географиялық   ерекшеліктеріне   сьәйкес   қайта    құруға   мүмлкіндік    беруге   тиіс», – деп   санады.

Съезд «дворян  —  помещиктер   үстемдігі  тұсында  құрылып, ескі  режимнің    са ясатына  қолдап келген,    қазіргі  кғездегі   күні   өткен,   халыққа  мүлде   пайдасы жоқ  және   зиянды»   шаруа  бастықтарды,   стоновойлық   приставтар,  урядниктер   мен  дала  генерал-губернаторлығы   институттарының   таратылуын  талып  етті.

1917  жылғы    съезі болып,   оған  Ақмола,  семей,  Торғай,  Орал,  Жетісу,  Сырдария,   Ферғана облыстары   мен   Ішкі  Бөкей  ордасынан   делегаттар қатысты.

Съезд  мемлекеттік   басқару   формасын,   қазаққ   облыстары   автономиясын,   жер   мәселесін, халықтық милиция  ұйымдастыру,  земство,   халыққа білім беру,   сот,  рухани дін  мәселелерін   және  т.б. қарады.  Көріп отырғанымыздай,  қазақстың   демократияшыл   жұртшылығын   қазаққ   мемлекеттігі,  демократиялық   реформалар,    ұлттың саяса өзін-өзі   билеуі  үшін қажетті  алғышарьттар жасау   проблемалары    толғандырды.   Съезд қазақтың  «Алаш»  саяси  партиясын құру  туралы  мәселе   қарап   оның   бабғдарламасын   жасау   қажет  деп   тапты. «мемлекеттік   басқару  формасы»  мәселесі   бойынша  съезд  «Ресейде  демократияшыл    федерациялық   парламенттік  респбублика    болуға   тиіс»- деп   жазды;  съезд     қазақ облыстары «облыстық,   ұлттық-аймақтық  автономия алуға   тиіс» — деп тапты. Съезд Қытайдағы  83  мың қазақ   босқындары   және 1916 жылғы  оқиғаларға   қатысып  Жетісу  қазақтары   мен   Уақытша   үкімет   органдары   тарапынан   келіспеушілік   пен   қуғындарға     ұшырағандар   жөнінде   өз   көзқарастын   білдірді.  Съезд  өлке   еңбекшілерін  Жетісудың  ашыққан   қазақ даласына,   халқына   тез   арада  және  шын   мәнінде  көмек    ұйымдастыруға   шақырды.

Ақпан  төңкерісінен  кейін  Ресейдің  ұлтаймақтарында  мұсылмандар  қозғалысы  жандана түсті.

1917   жылғы сәуір   айында   Түркістан, башқұртстан, татарстан, Кавказ  мұсылмандарының   съездері    болып  өтті.

1917   жылғы   мамырда   мұсылмандардың   Бүкілресейлік   съезд   болды. «Соғысқа  көзқарас» мәселесі  бойынша  съезд   өзінің   ұраны:  «Еуропа, Азия мен   африка    халықтарының   өзін-өзі    билеуі»-деп,  санайтынын   мәлімдеді.  Съезд  ресейдіьң    мемлекеттік     құрылыс  формасы    ұлттық-аймақтық  — федерациялық   негіздегі   демократиялық    республика деп   тапты.

Съезд  әйелдер   мәселесі    қызу  талқыланды.  «Мұсылман  әйелдері   саяси   құқықтары  жағынан да,  азаматтық   құқықтары   жағынан да   еркектермен  тең құқы лы    болуға  тиіс» — деген қарар  қабылданды.

Съезд    көп    әйел   алушылық пен   қалыңмалға  қарсы   шықты. Жұмысшы   мәселесін  талқылағаннан  кейін   съезд  өз  қарарында  былай деп   жазды:

  1. 8 сағаттық жұмыс күні енгізілсін.
  2. Апта сайынғы  үздіксіз  мерекелік   демьалыс 42  сағат  болып  белгіленсін

Съезд бастауыш мектептерде   оқыту   түркі халқының  әрбір тобының ана тілінде  жүргізілінуінде   деп   тапты.  Мұсылмандардың  діни   басқармасының   міндеттері   белгіленді.

Мұсылмандардың  1917  жылғы   шілде    оқиғаларынан кейьін  болған  екінші  Бүкілресейлік    съезд  Құрылтай жиналысы     сайлаьуындағы    тұғырнаманы  әзірледі.

Көріп отырғанымыздай,  мұсылман   съездері  саяси проблемаларды   абсқан зор  ықыласпен    талқылады.   Уақытша    үкіметке   қолдау    көрсете  отырып,   бұл   съездер   сонымен  бірге   ұлттық   шетаймақтардың    толғағы   жеткен   мәьелелері    бойынша   нақты  пікірлерін   де   айтты.

Ресейдің   шет   аймақтарының   30 млн   халқына    ықпалын   жүргізген   мұсылман    қозғалысынының    қаулап   дамуы   бірқатар   ислам  партияларының   құрылуына   алып келді.

Ақпаннан  қазанға   дейінгі  кезеңде    ұлттық  демократия  идеясы  қалыптасты.  1917 жылғы қыркүйекте   мұсылман ұйымдарының   съезі    тұңғыш  мұсылман    партия  Түркістан   федералистер    партиясын құрды.  Съезд  Ферғана,  Сырдария,  Каспий сырты,  Жетісу  облыстары құрамындағы   Түркістан   өлкесін  «Ресей  республикасымен   федерациялық  бабйланыстардағы  автономиялы   ел» деп  жариялайтын  тұғырнама    қабылдады.

Түркістан  және  қазақ   мұсылмандарының  Түркістан,  Орал және  Торғай  облыстарының делегаттары   қатысқан   сюъезі  1917  жылғы  қыркүйектің 17-20 – сында  «партияның  құрылғанын  жариялады,  «Иттифок – и  муслимин» партиясы  ресей республикасы   құрамындағы  аймақтық  автономия идеясын ұсынды. Съезд Түркістан  Федарациялық  республикасы парламенттік  республика  негізінде   құрылуға    тиіс  деп белгіледі. Республиканың  негізгі  органдары  — заң шығарушы   Түркістан  парламенті,  атқарушы  секретариат пен  республикалық   үкімет (аххма –И Шария)  заңдар палатасы органдары  —  жалпыға бірдей,  төте және жасырын дауыс  беру негізінде   оған  Түркістан    өлкесін  мекендейтін  барлық халықтар  өкілдерінің  міндетті  түрде   тең    өлшеммен  қатысуымен  сайланады.  Сыртқы    шекараны  күзету,  почта, телелграф,  темір  жолдар  Ресей   республиькасы   үкіметінің   құзыретіне  беріледі. Құжаттарға   жолдау  жасаудың  көрсеткеніндей «Шуро-и-Исламия»  сияқты «үнем» де  Түркістанды  Ресейден  бөлудің   сепараттық  идеяларынан  аулақ болған.  Көрнекті  дін  заңының  белгілері  басшылық  жағдайға   ие   болған   бұл   саяси  ағымдар  шариғат  пен   әдет  негіздерін  қорғатумен   қатар,  адамзат қогғамының    демократиялық нормаларын   да   қорғады.

Оқушылардың   көпшілігіне өз  ана   тілінде    халықтық тегін  бастауыш  білім   беруді  енгізу,    фабрикалар мен  зауыттарда  сегіз  сағалттық   жұмыс  күнін   белгілеу,   қозғалмайтын  заттардан    алынатын барлық жанама   сбалықтар  мен  алымдарды негізгі бір  табыс  салығымен  алмастыру   және т.б. Бұл   с аяси    ағымдар   мьен   солардың  негізінде  құрылған «Иттифок-и муслимин» партиясының балама   бабғдарламалық   идеялар ұсынғанын   және патша  өкіметіне   қарсы  біртұтас  демократиялық  блокқа    қосыла    алатынын   аңғармау   мүмкін емес.

Діни  сипатына қарамастан   бұл  саяси ағымдар  сонымен бірге  Түркістан мен Қазақстан  жерінде  тұратын халықтардың   жалпы  ұлттық   мүдделерін   де   білдірді.  Ревалюцияның   дамуына  саяси  тайталаьстытң  өрістеуіне   қаратй  күштердіьң   ұлттық    негізде   топтасуы   жүріп   жатты.

Мәселен,   өлкеде  социол-демократиялық  топтардың   ескілері   жанданып,   жаңалары   құрыла бастады.  1917 жылғы   наурыз айында   облыстар  мен  өлкелердің   орталықтарында Омбыда,  Орынборда,  Ташкент пен  Верныйда   жария   социол  —  демократиялық  ұйымдар  құрыла бастады.  Сонымен бірге Қазақстанның басқа  облыс  және  уезд  орталықтарында   да   ұйымдар  құрылды.  Бірақ,  күзге қарай  партия  ұйдымдары   ара-жігінің  аймақтауы  күшейе түсті.  Қазақ  халқының  таңдаулы   өкілдері: А.асылбеков, Б.Серікбаев, С.меңдешев,  Т.Бокин, М.Жәнібеков, С.Арғыншиев, С.Сейфулин,  Т:Рысқұлов, Ә.майкөтов және т.б.  танымал  саяси   басшылар  болды.

Жұмысшы  табы  халықтың   небары 1,2 процент болған   өлкеде   Кеңестердің   өкімет  билігі  жолындағы  күресте жергілікті  гарнизондардың  сондай-ақ  майданға  жіберілетін роталар  әзірлеп   жатқан запастағы полктердің  солдаттары  қазақ  шаруалары  мен  қоныс аударған  шаруалардың   ең   кбедей  топтары    шешуші рол   атқарды.

Эсерлер,  кадеттер  және басқа  саяси  партиялар  солдат  казармаларында, кәсіпорындарында  пікірсайыстар   өткізді. Митингілердің,  жиналысты ң   съездердің    мінбелерінен  қызу   айтыстар   жүргізілді.  Еңбекшілердің    соғысқөа   қарсы    бүкіл   өкімет билігінің   жұмысын   және   солдат    депутаттары Кеңестерінің   қолына  көшуі  жолында   күреске   шақырған   ұрандар   айтылды.   Сол  кездің   өзінде-ақ Қазақстанның кейбір  қалалары   мен   ауылдарында   құрылған   жастар   ұйымдары    белсенді  түрде  жұмыс   жүргізілді. Мәселен  1917   жылғы  Әулие-Ата  қазіргі   Жамбыл  мен  меркеде  «Қазақ  жастарының   ревалюцияшыл  одағы    құрылды,   Ақмолада  нақ сондай   «жас  қазақ» ұйымы  жұмыс   істеді.  Кейіннен  осы    ұйымдардың    көптеген   мүшелері  С.Сейфулин,  Т.Рысқұлов Қазақстанда Кеңес  өкіметін орнату  жолында   жанқиярлықпен күресті.

1917 жылы Ақпан  төңкерісінен   кейін  Сермейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскемтенде  кадеттер ұйымы   жұмысын    таңдандыра  түсті.   Семейде  ол  «Своводная  речь» деген  өз   газетін   шығарып тұрды. Қазақ зиялылары  кадеттерден  іргесін  аулақ  сала бастады. Кадеттер   бөлінбес    біртұтас  Ресейді,  конституциялық монархияны  қоныстандыру  саясатын  жақтады.  Кадет  партиясы  орталық   комитетінің   мүшесі  Ә.Бөкейханов  мұндай   бағдарламалық  қағидалармтен   келічпейтінін,   өзінің   бұл  партиядан  шығатынын   мәлімдеді.

1917  жылдың  көктемінде   өлкенің    ірі  қалаларында   уездердің   көпшілігінде, болыс   ортралықтарының   бір   бөлігінде   әскерлер ұқйымдары    пайда   №болды.  Ос ы     ұсақ  буржуазиялық  партияоның   «Жерді оны   өңдейтіндерге  беру   керек»,  жер – бүкіл  халықтың  меншігі  деген   ұрандары.  Түркістандағы   съезде   патша   өкіметінің    отарла у   саясатын   айыптау ы    оның   убақытша   табыбсқа     жетуьін   қамтамасыз   етті.  1917   жылы    жазға қара й    Кеңестер   (Черняев,  Кеңесінен   басқасы)   солардың   қолында   болып шықты.  Сонымен   қоса   Оралда,   Атырауда,   Петропавлда,    Павлодарда,  Көкшетауда, Семейде  қазақ   партиясының   бөлімшелері   істеді.

Сөйтіп   Ресейдегі  сияқты, оның    ұлттық  аймағы – Қазақстанда   да   көп    партиялы  жүйе  қалыптасты.  Қазақстанда   ұлттық, діни, таптық,  сословилік  негізде   пайда   болған   әр   түрлі  партиялар  мен  топтар   көптеген  реттерде   келісімге  немесе  ымыраға  келе  алмай,   бір-бірінен   шиліскен   айтыс  жүргізді.   Сонымен     бірге  1916 жылғы,  оның  ізінше болған  1917  жылғы  Ақпан   төңкерісі  Қазақстанның   халық   бұқарасының   орасан    көпшілігін    дүрсілкіндіріп,   тарихи  процестің  дамуын  жеделдетуге   себепші   болғаны   анық еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 саяси  партиялар   Қазақ төңкерісі   қарсаңында

Уақытша   үкіметке бұрынғы    империядан  ауыр  мұра қалды.  Елді  таптық,  әлеуметтік,   экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар етеьктен  тартып   жатты.   Уақытша   үкімет   елді  титықтатқан   ұзаққа   созылған   империалисті к    соғыстан   шығаратын   күш   таба    алмады.

Уақытша    үкімет   ұлт   проблемасын,   аграрлық  мәс  елені   түбегеьйлі   шешіп   бермеді.    Елге   ашаршылық   қаупі   төнді.

Қазақстан   еңбекшілерінің   Уақытша    үкімет   саясатына наразылығы  күн сайын    күшейе   түсті.  Өнеркәсіп өндірісі   тоқырап,   егіс  көлемі   азайды.  Жұрттан  мал көп   қырылып  қалды.   Ең   қажетті  тауарлардың     әкелінуі   азайып,  ауылшаруашылығы   өнімдерінің   бағасы   қымбаттады.  Сырдария  және   Жетісу   облыстарының   тұтас    аудандарын  ашаршылық   жаюйлады.

Осындаьй   жағдайға   Уақытша    үкіметке  оппазициялық  қорғаныс  өрістеп,  кеңейе  түсті.  Жұмбысшы   солдат   шаруа  кеңестерінің   ықпалы   барған  сайын   арта   түсті.

Клерикалдық-буржуазыиялық  топтардың   ықпалы   күшті    болған  жекеленген   аудандарда   еңбебкшілер  таптық  принцип  бойынша   кеңестер  құрды.  Мәселен:  Ташкентте  мұсылман   жұмысшылары   депутаттарының  Кеңесі   сайланды.   Кейіннен  Кеңестік  Шығыстың  көтрнекті    мемлекет   және  қоғам   қайраткері   болған   ғалым  С.Асфендияров 1917   жылғы  қыркүйекте   Ресейдің   барлық   мұсылмандарының   бірігуге  шақырған  бірқатар  демократиялық  қоғамдық  қазғалыстардың  саяси   және мәдени – ағартушылық   проблемаларға     көңіл бөлгенін   атап   өтті.  Халықтың    кең   көлемді   демократиялық  бұқарасының экономикалық мұқтаждарды  таптық  мүдделерін  қорғау    лайықты   көрініс    таппады.

Бұл  орайда   қоғам  басшылары   мұтсылмандары    арасында   болуы   ықтимал   жікке   бөлінушіліктен   қауіптенеді және  мәселенің   бұлай  қойылуы  қала   буржуазиясының   жартылай  феодал  бойлар  мен    дінбасыларының күшті  отппозициясын  туғызар  еді.

С.Асфендияров мұндай   Кеңестердің  құрылуын  «халық  психологиясымен,   мұсылмандар  үшін  мейлінше   сипатта   тым  енжарлығы   және    көнбестілігімен,  халықтытң   тұрмыс  жаюғдайларымен   оның  үлкендерге —  имамға  (молдаға), ақсақал мен   байға қарсы   келу   мен  тыңдамау  үлкен  күнә   деп  санайтын    дүниетанымымен   есептесуінен» деп   түсіндіреді.

Бірқатар   аудандарға   қазақ  депутаттарының  Кеңестері   құрылды. Бұқара  санасының  өсуіне   қаратй  олар шаруа  депутаттарының   Кеңестерімен  бірікті.  Мәселен    1917  жылғы  маусымда  шаруа   және қазақ    депутаттарының   біріккен  Қостанатй  уездік  Кеңесі,  Өськемен   де     шаруа,  казак   және   қазақ  депутаттарының   Уездік  Кеңесі  құрылды.   Нақ   осындай  Кеңестер  көптеген     уездерде  пайда  болды.

Өлкеде   ревалюциялық   қозғалыс   өрістей  түсті. Мамыр  айында  Семей  облысындағы  Даубай   кбенішінің  қазақ   жұмысшылары   ереуіл  жасады.    Олар  жалақының  арттыруьын,  тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардыьң     жақсартылуын   талып етті.  Кеніш  әкімшілігі    ереуілшілердің    талаптарын  қанағаттаныдрудан   бас    тартты. Бұған  жауап  ретінде   жұмысшылар   жұмысты   тоқтатты. Риддерде   де  жұмысшылардың   бой  көрсетуі  болды. 1917  жылғы   мамыр   айында   Реддер   кеніштерінің  басқарушысы  лессинг  өз  қожайыны ағылшынның белгілі кәсіпкері  Урквартқа  былай   деп  жазды: «Ус мүддесі   тұрғысынан  алғанда   менің   мұнда    қала   беруім   керек бола   қоймас,   өйткені   қазіргі  уақытта  ең    алдымен «Лессинг» деген  фамилияның  өзі   жұмысшы  Кеңестерімен   жақсы қарым-қатынас  жасауды  қиындатып  отыр.  Егер  сіз   менің  қайткен күнде де  Реддерде  болуымды  қажет  деп   тапсаңыз  — мен   өзімді   одан  қуып жібергенге  дейін қала  беремін».

Жұмысшы  депутаттары  Кеңестерінің  бастамасы  бойынша   Петропавлдың,  Семейдің, Оралдың, Петровскінің  кәсіпорындарында,  кен  зауытында   және  мұнай  өнеркәсібі кәсіпорындарында  8  сағаттық  жұмыс  күні   енгізілді.

Уақытша   өкіметтен  жер   де,   астық та  алмаған  Қазақстан еңбекшілері  аграрлық  мәс елені  өз   бетімен  шеше  бастады. Олар  болыстар  мен  ауылнайлардың   жерімен  малын  күшпен   тартып алды.

Мәселен  Верный  уезінің  жекелеген  болыстарында   қазақ   кедейлері   болыстарды  орнынан   түсіріп  байлардың  көп   малын   айдап  әбкетті.  Қарқаралы   және  Павлодар    уездерінде,   Бөкей   ордасымен    басқа да жерлерде  қазақ шаруаларының  бой   көрсетулері   болды.

Қоныс   аударып   келген  қарашекпенділер  де  жер  мен  астық жолындағы  күреске    көтерілді. 1917  жылғы  маусымда   Атбасар   уезінің  Красивое  қонысында   шаруалар  қазынасының   астық  қоймасттынан 12 мың  пұт астықты  алып  кетті.

Алаш  партиясы   Қазақстанның  біртұтастығын   сақтау  және  жергілікті  қазақ   халқының   өзін-өзі   басқару   құқығы   билеу  құқығын  алу  яғни  автономиясы   республика  ретінде   Ресей  Федерациясының   құрамында   болу  идеясын   бекем ұстанды.

«Алаш»  партиясының  қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар және  басқа да   зиялы   қазақ    интелигенциясы  «Уақытша үкіметпен»  тіл табысып, қоян-қолтық жұмыс істей   бастады.

Кеңестермен   бірге Бөкей ордастында Орталық  Атқару   Комитеті   құрылды.   Уақытша    үкімет  органдары,   мысалы,   құрамына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев енген   Түркістан  комитеті   №жұмыс   істеді. Біріншісі  Торғайдың,  ал  екіншісі  Жетісу облысының  комиссары   болды.  Бүкіл   елдегі сияқты  Қазақстанда да  қос  үкімет   орнады.

Уақытша    үкімет  пен   әр түрлі  қоғамдық – саяси   қозғалыстардың   арасында   қоғам   дамуының  белгілі   бір   жасын   талдау   тұрғысында    күрес  басталды.  Ресей  капитализмі   дамуының    кейінге қалып,  соның  саладрынан  буржуазияның   қуатты  экономикалық   және   саяси    күш   болып  қалыптаспағанын    негізге  алған   уақытша   үкіметі   реформистік   жолмен    капитализмді   дамытуға   бет алу қажет  деп  санады.  Алайда,   монархияның  қойнауынан  шығып,   көп  жағынан буржуазиялық мүдделерін  білдірген   Уақытша  үкімет Ресейді  қайта   орнатудың  нысаналы   балама бағдарламасын   ұсына  алмады.

1917  жылдың   күзіне қарай ревалюциялық   өрлеу  қуаты   серпін алды. 1917  жылғы  тамыздың   29-ында  Провск  Кеңесі    кәсіподақтармен  және  солдат  комитеттерімен   бірлескен    мәжілісінде   бүкіл   өкімет  билігін   кеңестерге  беру қажет   екені туралы   қарар   қабылданды.  Келесі   күні  митингіге   қатысқан   1500 адам   осы  шешімге   қосылды.  Қыркүйектің  5-інде  жұмысшы және солдат депутаттары  облыстық Кеңес  ағарту   комитетінің  гарнизонның   рота комитетінің  бірлескен  мәжілісі бүкіл  өкімет  билігін Кеңес  қолына көшкені  туралы   қарар  эқабылдады.  Жұмысшы   солдат   және   шаруа   депутаттарының Черничев  Әулиеата Кеңестері  де   осындай  көзқарас  ұстанды.

Ақпан  төңкерісі  мен   Қазан  Төңкерісі  аралығындағы   жалпы    іспен де  іс  атқара    алуымен де   көзге  түскен  «Алаш»   партиясы   және  оның  қайраткерлері   Кеңес  үкіметіне  қырын  әлі күдікпен   қарап,  Уақытша үкіметтің   мықты тірегі  мен жақсатастарына   айналды

Бұл кезде  Ә.Бөкейханов (1869-1937) қазіргі  Жезқазған  облысы Ақтоғай ауданында   туған.  Шыңғыс хан тұқымы,  Омбыда   білім алған,  1894  жылы петербургтегі  Орман  шаруашылығы институтын  бітірген.   Тобыл  губерниясының   әкімшілік  органдарында  жұмыс  істеген және   Омбы  Орман  шаруашылығы  институнда   профессор   қызметін  атқарған 1897-1903 ж  Дала  генерал – губернаторлығы  әкімшілігінде    және   самара ауылшаруашылық  банкісінің  директоры  болып қызмет  етті.  Бөкейхан   инженер, тарихшы экономист  және   фольклоршы  болған. 1905  жылдан  кейін   орыс   кадеттерінің   қатарына   өтті.

1905-1906 ж  І және ІІ  Думаларға депьутат   болып   сьайланды.  Сонымен   бірге  «алашорда» саяси  ұйымын  құрушылардың   бірі  және   қазақтың Батыс  даласындағы   зиялыларының  Орынбордағы   съезінің   төрағасы болды.

Бөкейханов  социал-демократиялық   және  социол-ревалюциялық   бағыттағы  бірқатар  радикап газеттерге «Ертіс», «Степной голос», «Факир», (Орал). «Айқап» (Тройцк) Қазақстан (Орал) және Қазақ (Орынбор) мақалалар   жазып   тұрды.

Ә.Бөкейханов  «Алаш»   партиясының   негізін   қалаушылардың  бірі,  автономиялық  қазақ үкіметінің  басшысы.

М.Дулатов  (1885-1935)  Уфада  мбедреседе  және   Қорғанда орыс  — қазақ  мбектебінде  оқыған.  Дулатов   өз  қызметін  мұғалімдіктен бастады. Әдеби   таланты жас кезінен-ақ  байқалған.

«Оян қазақ» деген   қазақтың тұңғыш  романы «Бақытсыз жамал» оны ең   көрнекті   және   таңдаулы  қазақ  ақындары мен   жазушыларының   қатарына   қосты.

М. Дулатов,  А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановпен  тығыз   ынтымақтаса   отырып,   ұлт-азаттық қозғалыстың   соның  ішінде  «Алаш»  партиясының танымал   басшысы    болды.

М.Дулатов  қазақ  өнерпаз   зиялыларының   тұтас ұрпағына  зор   ықпал  жасады. 30   жылдарда  М. Дулатов    жазаға   тартылып 1935 жылы   Саловки  лагерінде  қайтыс болды.

«Алаш» қазақ   тарихындағы   тұңғыш  өз алдына белгілі бір  мақсат  қойған   өзінің   төл  ұлттық  бағдарламалары  партия  болды.

Алаш»   партиясы   қазақ  халқының   бірлігі   елді,   мемлекеттің   біртұтастығы мен  өзін-өзі  билеу   құқығы үшін   күресін   жүргізді.

 

2.2 Үш жүз партиясының қоғамда атқарған қызметі

1917 жылдың соңында Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстанда құрылған қазақтың ұлттық, демократиялық бағыттағы саяси ұйымы. Негізін 1917 ж. ақпан айында Омбы қ-нда құрылған «Қазақ еңбекшілері одағының» мүшелері құрады. Бұл одақ 1917 жылдың соңында «Ү. ж.» п-на айналды. Партия мүшелері өз ұйымын «Қазақтың соц. партиясы» деп атады. Жетекшілік рөлді бұрынғы адвокат, журналист әрі драматург Көлбай Төгісов, фельдшер, тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Әйтпеновтер атқарды. Ұйымның құрамында зиялы топ өкілдерімен қатар қаладағы қазақ кедейлері де болды. «Ү. ж.» п. ОК-нің орналасатын жері Омбы қ. болып белгіленді. Әйтпенов — партияның төрағасы, орынбасары — Төгісов, хатшысы — Көбеков, қазынашысы Қьшышбаев  болды. Баспасөз органы » Үш жүз» газеті Қызылжар қ-нда шығарылды. Кейіннен «Ү. ж.» п-ның төрағасы болып Төгісов сайланды. Партияның Қызылжар, Ақмола, Семей, т.б. қалаларда өз ұйымдары мен топтары жұмыс істеді. Қазақтың демокр. радикалды топтарының мүдделерін білдіре отырып, Алаш партиясына қарсы идеялық-саяси күрес жүргізді. «Ү. ж.» п-ның бағдарламасында негізгі мақсаттар ретінде қазақ халқын көшпенділіктен отырықшылыққа көшіру, оларға шаруашылықпен айналысу үшін жеткілікті жер бөліп беру, кедейлер мен жарлыларға жәрдем ұйымдастыру, оқу-білім тарату, мұсылман дінін құрметтеу, құрамына қазақ жері де кіруге тиіс Түркістан Федерациясын құру, т.б. атап көрсетідді. «Ү. ж.» п. 1-дүниежүзілік соғысты тоқтатып, бітім жасауды, мұсылман халықтарының арасындағы ынтымақтастықты, басқа діндегі халықтармен де достық қарым-қатынастарды сақтауды жақтады. «Ү. ж.» п. болыневиктерді қолдап, оларға жаңа қоғамдық құрылыс орнатуға жәрдемдесті. Партияның бірқатар қайраткерлеріне Батыс Сібір, Қызылжар, Семей кеңестерінде жауапты қызметтер атқаруға ұсыныс жасалды. «Үш жүз» газетіне қаржылай көмек көрсетілді. Газет кеңес өкіметінің саясатын насихаттап, оның шешімдерін қолдап отырды, ашаршьшықпен күрес жөнінде мақалалар жариялады. Омбыдағы кеңес өкіметі құлағаннан кейін Колчак үкіметі «Ү. ж.» п-ның басты қайраткерлерін түгелге дерлік тұтқынға алып, қуғынға ұшыратты. «Ү.ж.»п-ның бағдарламасы негізінен солшылдық, радикалдық бағытта болды. Қазақ халқының ұлттық мүдделерін басшылыққа алғандарымен, әлеум. экон. Және саяси мәселелер бойынша большевиктер партиясының ықпалында болды. 1918 жылдың жазында «Ү. ж.» п. таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тарихта өте терең із қалдырған Ақпан революциясы, патша үкіметінің яғни монархияның құлауы, елде әр түрлі көзқарастар мен дүрбелең тудырды. Қазақ зиялылары, қоғам қайраткерлері енді Қазақстанның өзін — өзі билеу құқығын алатын шығар деген арман мақсаттары болды.

Революция туралы хабарды Қазақстанда ұлттық демократиялық қозғалыс басшылары үлкен қуанышпен қарсы алды. Ресей халықтары үшін – деп телеграфпен сәлем жолдары. Минскіден майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімнің басшысы Ә.Бөкейханов, Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау керек, ол үшін қазақтардың бірігуі қажет.

Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену қажет.

Бірлік  пен әділдік жолында күресіңдер….

Ұлт  — азаттық қозғалыстың басшылары демократияның, бостандық пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын жалпыұлттық проблемаларды шешетін сәт туды деп санады.

Қазақ халқының орасан көпшілігі революцияға осындай көзқараста болды.

Бірақ қазақ зиялыларының үкілі үміті ақталмады. Уақытша үкімет қазақ зиялылары айтқан жергілікті халықтарға өзін — өзі билеу құқығын беруге асықпады, баяғы отаршылдық әкімшілік сол қалпында сақталып қалды.

Ақпан төңкерісінен кейін қазақ  жерінде құрама әртүрлі діни, азаматтық партиялар пайда болды. Көбісінің ғұмыры ұзаққа созылмады, бірақ бәрінің де мақсаты қазақ халқының өзін — өзі билеу құқығын алуы үшін күресі болды.

Ауқымды бағдарламаларымен, көрнекті қазақ зиялыларының  партия қатарында болуымен, өткір ой-пікірлері мен алға қойған мақсаты дәл тұңғыш қазақ ұлттық партиясы «Алашты» ерекше атап өтуге болады. «Алаш» қайраткерлері Уақытша үкіметпен біте қалжасып араласып, қоғамдық- мемлекеттік қызметттерге де тартылды.

Бірақ жақындап келе жатқан тағы бір революцияның большевиктердің үкімет басын басып алу әрекеттері дәлелдей бастады. Әр – әр жерлерде Кеңестер өкімет билігін өз қолына ала бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер тізімі

 

  1. Ж.О.Артықбаев. Қазақстан тарихы. (ХVIII-ХХ) Хрестоматия. Алматы
  2. Қазақстан тарихы оқу — әдістемелік журналы. Алматы № 5. 2005 ж.
  3. Чапай Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы 2005 ж.
  4. Хамит Маданов. Қазақ халқының арғы бергі тарихы. Алматы 1995 ж.
  5. Е.Бекмаханов. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1994 ж.
  6. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1989 ж. 3-ші том.
  7. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық, үшінші том. Алматы 2002 ж.
  8. Әбілманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы. Зерттеу эссе. Алматы Арна 2007 ж.
  9. Алаш ақиықтары 5-ші том мақалалар деректі құжаттар, аудармалар. Алматы. Алаш 2006 ж.
  10. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін 3-том. Алматы  2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Алаш ақиықтары. 2-ші том. Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. Алматы. Алаш 2006 ж. Редакциялар алқасы.
  2. Әбілманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы. Зерттеу – эссе. Алматы: Арна. 2007 ж.
  3. Ж.О.Артықбаев. Қазақстан тарих (ХVІІІ-ХХ) Хрестоматия. Алматы 2004 ж.
  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі дейін. Бестомдық 3-ші том. Алматы 2002 ж.
  5. Қазақстан тарихзы. Оқу — әдістемелік журналы. Алматы № 5. 2005.
  6. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1989. 3-ші том.
  7. Е.Бекмаханов. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1994 ж.
  8. Чапай Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы 2005 ж.
  9. Хамит Маданов. Қазақ халқының арғы бергі тарихы. Алматы 1995 ж.

 

 

 

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля