Табиғат — тіршілік көзі

29 сентября, 2017 11:24

Загрузка файла:

сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Табиғат — тіршілік көзі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Тақырып бойынша  мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрау, әңгімелеуге жетелеу.

 Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: аралас  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кітап, грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс:  орыс тілі

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.

Түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Кабинеттің тазалығын бақылау.

Назарларын сабаққа аудару.

Кезекшіге сұрақ:    Сыныпта кім кезекші?

Сыныпта кім жоқ?

Қазір қай жыл мезгілі?

Ауа райы қандай?

Үйге қандай тапсырма берілді?

 

 

 

Оқыту мақсаты: табиғатты қорғау  туралы  оқушыларды  таныстыру, еңбексүйгіштікке баулу, бір-біріне деген сыйластық, сыпайыгершілік сезімдерін дамыту

Сабақтың міндеттері:

Табиғат  туралы жаңа сөздермен таныстырып, оларды өмірде қолдана білуге баулу.

Оқушының қазақ тілін үйренуіне көмек беру.

Күтілетін нәтиже: 

Табиғат  туралы сөздерді біледі, мәтінмен жұмыс жасай алады.

  1. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
  2. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1-тапсырма. Сөйлемдерді ретімен жазып, мәтін құрап, әңгімелеңдер.

Ақсу-Жабағылы — емдік қасиеті бар, ауасы таза, жарқыраған күн, әсем көріністер мен мөлдір су, ерекше өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

Қорықтың орталық бөлігі Шымкент қаласынан 70 км жерде және Түлкібас теміржол бекетінен 18 км жерде орналасқан.

Ақсу-Жабағылы — мемлекеттік табиғи қорық.

Қорықтың символы — грэйг қызғалдағы экспорт көзіне айналды.

2-тапсырма. Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар.

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды

3- тапсырма. Сөйлемдерді жазып алып, көп нүктенің орнына септік жалғауын қойыңдар.

Табиғат… басты байлығы — жер.

Жер — біз… қазынамыз, байлығымыз.

Жер — біз… алтын бесігіміз.

Анамыз… қалай жақсы көрсек, табиғатымыз… да сүйе

білуіміз керек.

Адам үшін табиғат — ең қасиетті де қастерлі ұғым.

4- тапсырма. Табиғатты қорғау туралы өсиет сөздерді жалғастырыңдар.

Суға түкірме.

Ұяны бұзба.

Жас шыбықты сындырма.

Аққуды атпа.

Құмырсқаның илеуін бұзба.

5- тапсырма. Мәтінге ат қойыңдар. Сөйлемдерден сұрақ құраңдар.

Табиғат — ол су. Суды «тіршілік көзі» дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайды.

Сөздік

тіршілік – жизнь

елестету – представлять

көңіл – настроение

сезім — чувство

6-тапсырма. Ы. Алтынсариннің өлеңін оқып, жаттаңдар.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңнен бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

 

Үйге тапсырма. Нәтиже сабаққа дайындық.

Суға түкірме қоқыс тастап бүлдірме.
ұяны бұзба жұмыртқасын алма.
аққуды атпа досынды сатпа

Денисов ауданы әкімдігі  білім бөлімінің «Фрунзе орта мектебі» КММ

Өмірбекова Айшагүл Сыздыққызы

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

 

0

Автор публикации

не в сети 8 лет

umerbekova

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 12-04-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля