Алып Ер Тоңғаны жоқтау

25 ноября, 2017 13:47

Шеңгелін ажал салды ма,

Алып Ер Тоңғаны алды ма,

Сүм дүние артта қалды ма…

Қайғылы жүрек жыртылды-ау.

Сүм ажал бүгін жылатты,

Қүрығын салып қүлатты,

Бектердің бегін сүлатты.

Қыршын да ғүмыр қырқылды-ау.

Өмірдің күні зарлайды,

Адамның күшін үрлайды,

 

Ғүмыр да мәңгі түрмайды,

Қүтылмас ешкім ажалдан.

Тәңірім торын қүрғанда,

Түтылмай адам түрған ба,

Кертілер алып шыңдар да,

Тағдырдың оғы қадалған.

Ажалмен тәңірім сынаған,

Түра алар қарсы кім оған,

Қүздар да одан қүлаған,

Қүтылып ешкім кетпедің.

Аш арландай аларып,

Қадалғаннан қан алып,

Нүрлы жүздер қабарып,

Түр қайғыға қамалып Жауға шабар бектерім.

Ерлікті қаза сынады,

Бектерім жасын бүлады,

Бөрідей үлып жылады,

Жоқтады жыртып жағасын.

Көңілімді қайғы жандырды,

Жазылмас жара қалдырды,

Кешегі күнге зар қылды,

Кеткенді қайдан табасың.

Жалғанның туып заманы,

Жауыздар қаптап барады,

Ашылды сумның араны,

Сиреді қайран бектерім.

Біліктілер қалмады,

Заман оны жалмады,

Сүрінді бектің тарланы,

Салды жанға жараны.

Ажал жұтып ағаны,

Жауыз жайлап барады,

Жақсының өшіп жанары,

Дүние азып барады—

„Алып Ер Тоңға» дастанының түпнүсқасынан бізге жет- кен үзінділерін оқи отырып, түркі тайпаларының бүл қаһармандық жыры исламға дейінгі дәуірде, яғни араб, парсы поэзиясына тән термин сөздер әлі түркі поэзиясына әсер ете қоймаған кезеңде өмірге келгенін аңғарамыз.

„Алып Ер Тоңға» дастаны — түркі „тайпаларының бай- ырғы поэтикалық өлшемінде — көг өлшемінде туған» . Бүл өлшем бойынша, жырдың алғашқы үш жо- лы өзара үйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен үйқасып отырады. Көне түркі поэзия- сының көг өлшемі негізінен а-а-а-б; в-в-в-б; г-г-г-б түрінде болып келеді. Бүған жоғарыда келтірілген жыр жолдары дәлел:

Алп Ер Тоңа өлді му?

Есіз ажун қалды му?

Өзлек өчун алды му?

Емді йурэк йыртулур.

Беглар атын арғүрб,

Қазғу аны түрғүруб,

Меңзі йузі сарғарыб,

Қурқум аңар туртулур.

Ежелгі түркі жырларына тән үйқастың мүндай түрі бертін келе қазақтың ақын-жыраулары поэзиясынан да кең орын алғаны мәлім. Мәселен, Доспамбет жырау, Шал- киіз жырау толғаулары мен Дулат, Абай сияқты ақындардың өлеңдерінде көг өлшемі жиі үшырайды. Көне түркі ауыз әдебиеті тудырған мүндай жыр өлшемін үлы Абай өзіне ғана тән шеберлікпен жазба әдебиетте көркемдік дәстүр ретінде жалғастыра түсті. Мәселен, Абай өзінің, „Білімдіден шыққан сөз» деген өлеңінде:

Әбілет басқан елерме,

Сөзге жуық келер ме?

Түзу сөзге сене ме,

Түзелмесін білген ез?

„Айтшы-айтшылап» жалынар,

Үққыш жансып шабынар.

Үқпай жатып жалығар,

Үйқылы — ояу бойкүйез — дейді

Сөйтіп, „Алып Ер Тоңа» дастаны — түркі ха- лықтарының ежелгі ерлік тарихын аңызға айналған шежіре-деректер негізінде баяндайтын, көне түркі фольк- лорының дәстүрлі талаптарына сәйкес туындаған қаһармандық жыр.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля