3 декабря, 2017 19:07
Кезінде дүниені дүр сілкіндіріп, жүмыр жердің жартысына билік жүргізіп түрған империясы жайында жазылған ғажайып тарихи дастандар бар екені мәлім. Оны жазған Түрік қағанатының қабырғалы бектерінің бірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі, үлы ақын Йоллығтегін еді.Бүкіл түрік елін егемендік пен азаттыққа, ерлік пен бірлікке үндейтін бүл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпес- тей етіліп үлкен-үлкен қүлпытастарға қашалып жазылған.Демек, бүл дастандар бүдан он екі ғасыр бүрын Түрік[1] мемлекетінде болған сан қилы оқиғаларды бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз, айна-қатесіз күйінде жеткізіп отыр.
Дәл осы арада біз кейбір елдерде әр патшаның түсында қайта-қайта қағазға көшіріліп, бертін келе саясатнамаға айналып кеткен шежіре яки жылнама дастандар да бар екенін оқырманға ескерте кеткеніміз жөн деп білеміз.
Үлы Түрік қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда жүдырықтай жүмылып отырған түрік елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мүны істеген табғаш Қытай елі еді.
Ақыры Үлы Түрік империясы екіге бөлініп, бірі — Шығыс түрік қағанаты, ал екіншісі — Батыс түрік қағанаты деп аталып кетті.
Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түрік қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін суреттеуден басталады. Мүнда исі түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған барынша мадақталады:
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының Ел-жүртын қалыптастырған, иелік еткен.
Төрт бүрыштың бәрі дүшпан екен,
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бүрыпггағы халықты Көп алған, бәрін бейбіт еткен,
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген,
Ілгері (шығыста)— Қадырқан қойнауына дейін,
Кері — Темір қақпаға дейін жайлаған.
Екі аралықта жүрген иесіз көк түріктерді осылай қоныстандырған екен.
Білге қағандар екен.
Алып қағандар екен.
Әміршілері де білгіш болған екен.
Алып болған екен,
Бектері де, халқы да сенімді екен.
Сол үшін де елін сонша (үзақ) билеген екен,
Ел үстап, заң жасаған,
Өздері қаза болған (146, 44).
Бүл жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батырға арналған дастаннан алынып отыр.
[1] Түрік сөзі ертеректе бүкіл түркі тілдес халықтардың жалпыла- ма аты ретінде, яғни қазіргі түркі сөзі мағынасында айтылып келді.