Гидрожетекті тежеу жүйесіне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу

3 декабря, 2017 19:12

Тежеу жүйесінің негізгі ақаулары:

•       тежеу тиімділігі жеткіліксіз, себебі тежеу механизмінің қалыптары майланған;

•       дөңгелектегі тежегіштің поршеньдері цилиндрдің ішінде нашар

қозғалады;

•       тежегіш қалыптың қаптамасы тозған;

 

•       тежегіш механизм қатты қызған;

•       бір контурының герметикасы бұзылған;

•       тежеу механизмі дұрыс реттелмеген.

Егер тежегішті босатқанда тежегіш қалыптар кері қайтпаса, онда тежегіштің басқышында саңылаудың болмағаны, басты цилиндрдің манжеті ісінген, бір дөңгелегі сынған.

Тежеу жүйесінің толық жұмыс істемеуінің себебі басты тежеу жүйесінің ыдысында сұйықтың болмауынан.

КТҚ көрсету — жұмысқа шығар алдында тежеу жүйесін тексеріп, ақаусыздығына көз жеткізу. Тежеу жүйесінің басқышын екі-үш рет басып, басқыштың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Кабинадағы құрылғыларды тексергеннен кейін капотты ашып, басты тежегіш цилиндрдің бекітілуін, сұйықтың мөлшерін, гидровакуумдық күшейткіштің жағдайын тексереді. Жұмыс істеу барысында тежеу жүйесінің жұмысын үнемі қадағалап отыру. Егер қадағалағыш шам жанатын болса, автомобильді тез тоқтату кажет.

ТҚ-1 — тежеу жүйесінің элементтерін қол жететін жерлерінің бэрін шаң-тозаңнан тазалау. Сұйық жүретін түтіктердің бекітілген жерлерінен сұйықтың дағы байқалса, оны бекіту, ыдыстағы сұйықтың деңгейін тек- серу, оның қақпагындағы атмосфералық тесікті тазалау. Сұйық деңгейі төмен болса, онда сұйық құю керек, сұйық құйғанда басқа сұйық құйып араластыруға тыйым салынады.

Егер автомобиль шаңды жерде жұмыс істейтін болса, тежеу жүйесіндегі сұйықты жылына бір рет ауыстыру ұсынылады, ал қалыпты жағдайда жұмыс істесе, 2…4 жылда бір рет ауыстыруға болады.

ТҚ-2 жұмысын жүргізгенде, оған ТҚ-1 жұмысы қоса жүргізіледі. Те- жеу жүйесінің жұмысын тексеру үшін жылжымалы құралдар, сонымен бірге стационарлы стендтер қолданылады. Автомобильді ТҚ-2 жүргізуге қою үшін, егер деселерометр бар болса, оның жүргендегі көрсеткішін тек- серген тиімді болады.

 

Маятник түріндегі деселерометр маятнигі бар тұрқыдан жэне кронштейннен түрады. Оны резеңке бекіткіш арқылы алдыңғы тере- зеге немесе есіктің эйнегіне маятниктің қозғалыс бағыты автомобильдің жүріс бағытына бағытталатындай етіліп орнатады. Автомобильдің жылдамдығының баяулауын автомобиль 30 км/сағ. жылдамдықпен қозғалып келе жатқанда тежегенде (КамАЗ және ЗИЛ-4331 автомобильдер үшін 40 км/еағ.), маятниктің ауытқуына қарап, нормативтік көрсеткішпен салыстырып, тежегіштің сапасын анықтайды. (ГАЗ-3101 — 5,2…6,1 м/с2).
Деселерометр: 1 -маятниктің өсі; 2, 3 — аспапты бекіткіш;

4 — түрқыны бекітетін бүранда; 5 — қайтарғыш түтқа; 6 — багыттагыш;

7- бақылагыш сызық

Тежеу коэффициентін өлшеу үшін, автомобильдің жылдамдығын 40 км/сағ. дейін көтеріп, тежегіштің басқышын соңына дейін 1…2 с. баса- ды. Деселерометрдің маятнигі бағыттағышпен бірге қозғалыс бағытына қарай ауытқиды. Көрсеткішті жазып алғаннан кейін бағыттағышты «0» көрсеткішіне апарып бекітіп қояды. Ол аспаптың келесі өлшеуге дайын екенін көрсетеді.

Тежеу жүйесінің ақаусыз болуы жүргізушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін .негізгі фактор болып табылады. Тежеу жүйесінің жай-күйін анықтау автомобильге жоспарлы түрде міндетті техникалық кызмет көрсету элементі болып табылады. Сондықтан тежеу жүйесінің жай-күйін 50 мың шақ. жол жүргеннен кейін тексеріп тұру қажет.

Қазіргі кезде тежеу жүйесінің жай-күйін аныктау үшін автомат- тандырылған стендтер қолданылады. Ол жұмысшы жэне тұрғандағы те- жеу жүйесіндегі күштің деңгейін; тежегіш барабанның конустығын және сопақтығын өлшейді. Дөңгелекке берілетін күштің мөлшерін, тежегіш күштің бірқалыпты еместігін өлшейді.

 

Осындай стендте автомобильдің тежеу жүйесінің жай-күйін анықтау нәтижесі эртүрлі көрсеткіштерімен кесте түрінде жоғарғы дэлдікпен кағазға түсіріліп беріледі. Бұл тежеу жүйесіндегі ақауларды жөндеуді

женілдетеді.

Тежеу жүйесінің техникалык, жагдайын тексеретін стендтер
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля