Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (Э)

27 января, 2018 15:19

Экзоттар — климаты өзгеше аудандардан әкелінген өсімдіктер немесе жануарлар.

Экспозиция (лат. ехрозіііо — көрмеге қою) — көркем шығармалардың немесе басқа заттардың бір тақырыпқа арнап дайындалған көрмесі.

Экспонат (лат. ехропаіиз — көрмеге қойылған) — экс- позицияға шығарылған (мұражайда, көрмеде, т.б.) зат.

Экспрессионизм (фр. ехргеззіоп — айқындау, мәнер- леу) — XX ғ. 10-20 жж. Еуропа елдерінің өнері, буржуа- зиялық сананың түбегейлі құлдырауын көрсеткен авангардизмнің бір бағыты болып табылады. Экспрес- сионизм Германияда бірінші дүниежүзілік соғыс қар- саңында пайда болды. Ғасырдың басындағы Еуропадағы қарама-қайшылықтар, бірінші дүниежүзілік соғыс және революциялық жағдайлар (Ресейде болып жатқан) көптеген зиялылардың жасқаншақтық сана-сезімін ту- ғызды. Өздерін экспрессионистерміз деп атайтын суретшілер пікірінше, дүние — тынымсыз қозғалыс, күштердің беталды соқтығысуы, адам табиғатына зиян- ды құбылыстар.

 

Соғысқа қарсы шығу, адамзаттың бірігуі өнер саласына толық енді. Экспрессионизм біржақты идеология болған жоқ. Егер оның өкілдерінің бірі өнердің саясаттан тыс болуын қаласа, ал «белсен-

 

ділер» атты топ шығармалары түсініксіз болғанымен, революцияға немесе дүниенің түбегейлі өзгеруіне еенді. XX ғасырда өмірге деген көзқарас экспрессионизм сти- листикасын анықтады: «антиклассика», бейнелердің үйлесім анықтығы, абстракцияға тартылу, қызбалы экс- прессия, суретшінің «мен» деген ұғымының лирикалық түрі. Экспрессионизмнің сүйікті жанры — драма. Көркем суретте графика ерекше көзге түседі. Сызықтардың сы- нықтығы, қисықтығы, түс қарама-қайшылығы — эксп- рессионизмге тән қасиет. Экспрессионизм өнер бағыты болып көп өмір сүрген жоқ. 1918 жылы Қазан револю- циясы жеңілісінен кейін 20-жылдардың ортасында ка- питализм орныққаннан соң, оның бағыттарының тия- нақсыз екені байқалды. Бірақ экспрессионизм Еуропа және Америка өнеріне кейінгі 10 жылда біраз әсер етті.
Эмблема (лат. етЫета — дөңес әшекей) — қандай да бір түсініктің, идеяның, құбылыстың шартты бейнесі.
СЧэршетті гщлу зкшы-2000
Эргономика — адамның техникалық жабдықтармен қатысының психологиялық, психофизиологиялық, ан- тропометриялық, биомеханикалық жағдайларын зерттеуші пән. Сонымен қатар, қызмет құралымен және ортамен оларға «адам — машина — орта» түсінігін енгізудің басты мақсаты тиімді қызмет жасау, адамның денсаулығына зиян келтірмеу болып табылады. Дизайнерлік шығармалардың, жобалардың эргономика- сын қамтамасыз ету үшін жобаны пысықтау барысына эргономист мамандар қатысады. Заттардың эргономи- калық қасиеттері оны қолдану кезінде «адам — зат — қол- дану ортасы» эргономикалық талаптарын орындау бары- сында іске асады.

Эстетика және ақпарат теориясы — қазіргі кезеңдегі БАҚ және коммуникацияның дамуы өнерді жалпы мәдениеттің бір түрі ретінде қарастыру мүмкіндігін береді. 1960 жылдары кең тараған шара өзінің қажеттілігін, ең алдымен, эстетика және ақпарат тео- риясын қолдануда тапты. Бұдан зерттеудің екі бағыты

 

тарады. Біріншіден, өнер шығармасының құрамдың жабдығына (тілі жөне құралы) эстетикалық баға беруді оның саны мен статистикалық тәсілдері арқылы байқап көру. Екіншіден, көркемдеу барысының интерпретация- лық және эстетикалың категориясын жалпы ақпарат теориясының аймағында байқау. Ақпарат теориясын эстетикада тарихи қолдану семиотиканың және кибер- нетиканың дамуына байланысты, өйткені кез келген хабарды жариялау көркем, неше түрлі белгілер мен тілді қолдану арқылы іске аспақ. Бұл жағдайда белгі ақпарат жинағы, ал тіл оның кілті болып табылады. Қазіргі кезеңдегі ақпарат жайлы түсінік оны адам өмірінің әр түрлі саласында қолдануға мүмкіндік береді. Ақпарат эстетикалық және семантикалық айырмашылықтың негізін қалады. Өнер ақпараттың ерекше түрі болып та- былады, ал көркем шығарма — «эстетикалық жағдай- дың» ерекше бөлімі. Эстетикалық ақпарат басңа тілге аударылмайды, семантикалық ақпаратқа қарағанда ол сана заңдылықтарына бағынады және басқа белгі жақ- тарына аударылады. Ақпарат теориясын өнерде қолда- ну олардың қалыптасқан эстетикалық идея және кате- горияда бөлінуін талап етеді. Сәулет өнерінде көркем бейненің бұл жағдайы — сан түрлі бөлшектердің қарым- қатынасының мағынасы және маңызы, үйлесімдегі орны, мысалы, сәулеттік ансамбльді құрастыру қоғам- дық көркем ақпарат теориясы болуы мүмкін.

Эстетикадағы интуитивизм (лат. тесіліп қарау) — иррационализмнің бір түрі, шығармашылық қиял-ой барысында шығармаға сезімталдық баға беру, сезімді сезіне білу кезеңінде интуицияны абсолюттау (көркем фантазия). ХХ-ХІХ ғасырлар қарсаңында, позитивизм және механицизмге қарсы күрес барысында бекітілген. Интуитивизм метафизикалық әдіспен интуицияны ра- ционалдық (немесе тыйымды) сана бөлшектеріне, соны- мен қатар шындықты әдеттегідей сезімтал қабылдауға қарсы қояды. Иррационалды эстетикада интуитивизм

 

(мысалы, Бергсон тұжырымы бойынша) көркем интуи- ция тартысы ой-таласңа қарсы, сонымен қатар өмірді түсінудің жоғарғы формасы болып саналатын интеллектке қарсы, ішкі сезімді, шығармашылықты өрістетудің мистикалық түрі деп үғынады.

Эстетикалық сезім — көлемдік мінездемесі, оның даму немесе дамымау сатысымен, кеңдігі және жіңіш- келігімен анықталады. Оның дамуы — эстетикалық қүндылықтарға жету тереңдігі мен мағыналы байлығын анықтай алудан көрінеді. Ал дамуы кешеуілдеген эсте- тикалық сезім белгілі шекке шейін жақсы болуы мүмкін, одан кейін сенімді бағыттауыш болмайды. Кеңдігі мен тарлығы эстетикалық құндылық аймағы- ның қаншалықты кең екеніне, қандай дәрежеде адам өзінің эмоциясымен әр кезеңде әр түрлі мәдениетте, әр түрлі өнер жанрларында туындайтын эстетикалық қүндылықты бағалай алатындығына байланысты. Эсте- тикалық сезім адамның эстетикалық қабілеті және сүра- ныс түрі ретінде жеке тұлға ерекшелігі болып табыла- ды. Эстетикалық сезім тәрбиеге, мінез-құлыққа, тәжірибеге, араласу ортасына байланысты. Адамның көзқарасы, қүрмет тұтатын түлғалары эстетикалық сезімнің даму бағытын анықтайды. Ол қоғамдық-пси- хологиялық құбылыс — «модамен» тығыз байланысты. Оның басты мақсаты — эстетикалық тәрбие.

Этюд (фр. еіисіе — зерттеу) — болашақ көріністің алғаш- қы нобайы.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля