19 февраля, 2018 18:24
Түсіну процесін зерттеуші психологтер оқу ақпаратының қабылданғанымен, оның үғынылмаған немесе жеткіліксіз үғыныл- ған айғақтарын келтіреді. Түсіну процесінде келесі кезендерді бөліп көрсетуге болады: қабылдау (тілдік белгілерді олардың мағынасымен сөйкестендіру, формалды және мөндік алдын ала таңдану), мәтінді түсіну (эмоция, бағалау, ой қорыту арқылы рөміздік мөндерді ашумен байланысты оны пайымдау) және оның интер- претациясы (контекстке орналастыру: пәндік немесе түлғалық).
Мөтіннің мөндік мазмүнын қабылдаудың күрделі аналити- калық-синтетикалық сөз бен ой еңбегін қүрайтыны бекітілген. Ол “мөтінде берілген мәндік қатынастарды білдірудің тілдік қүралдарының сабақтастығын бейнелік схемалардың метатіліне” немесе “мәтінде әңгіме болатын пөндік қатынастарды түтастай күйінде елестетуге, симультандыруға мүмкіндік беретін әмбе- бап-пәндік код (ӘПК) жүйесіне аударудан” түрады.
Зерттеушілердің пікірінше, жазба тіл білімдерді түсіну, бекіту және тасымалдау процесінде анағүрлым маңызды, ал мөнді қабылдау “жазбаша коммуникация процесінде ойды тасымалдаудың (берудің) соңғы кезеңі, түпкі пункті ретінде көрінеді”. Сондықтан мәтіннің (сөздік хабарламаның) мазмүнындағы мәндік ақпаратты оқушы- лардың қабылдауы мен интерпретациясының сәйкестілігінің (адек- ваттылығының) деңгейі туралы мөселе қарастыру үшін өте ма- ңызды болып табылады. Психологтер мен психолингвистер оның түсіндірілуімен қоса, мөтіннің қабылдануы мен интерпретациясы арасындағы тығыз байланысты атап өтеді.
Мөтінді түсіну 1980 жылдардың басынан бері ғана зерттеудің пәніне айналды. Түсіну үш сатылы процесс ретінде қарастыры- лады. Бірінші саты сөйлемдерді түсінумен, олардың өзіндік “фреймалар” ретінде сипатталуы мүмкін түңғиық қүрылымда- рға аударылуымен тығыз байланысты, ал екіншісі байланысты- рушы мөтінді түсінумен, логикалық түжырымдар, ойқорытын- дылар жөне т.б. шаралардың көмегімен үстанымаралық байла- ныстарды іздестірумен байланысты. Үшінші саты мөтінге қаты- сы бар білімдерді пайдаланумен сипатталады.
Осыған орай, бір ғана мәтінді өр түрлі оқушылардың өрқи- лы (вариативті) түсінген феноменін бекіткен психолингвистердің зерттеулері ерекше маңыздылыққа ие болады. Мәтінді түсінудің вариативтілігі оның интерпретациясын білдіреді. Дөл осы вариативтілік (интерпретацияның) түсіну процесінің қиынды- ғының себептерінің бірінен саналады.
Ландаматика, оқу психологиясы, психосемиотика салала- рындағы ғалымдар мөтіндік формаларды (оқулықтарды, инст- рукцияларды, техникалық қүжаттарды жөне басқаларын) түсінудің өзге де психологиялық ерекшеліктерін бекітеді. Бүл ерекшеліктер мыналармен сипатталады:
- мәтіндік формаларды жазу логикасы мен “пайдаланушы” психологиясының сәйкес келмеуімен;
- танымдық білім мазмүнының дамудың өр түрлі деңгей- леріндегі өр түрлі когнитивті дағдылардағы оқушылардың перцептивті мүмкіндіктеріне бағыныштылығы;
— мәтіндік формалар логикасының оқушылар әрекетінің қүрылымымен жөне логикасымен келісімсіздігі.