6 марта, 2018 18:56
¥ғым және сөз мағынасы арасындағы байланыс
Сөз бар жерде ұғым бар. ¥ғым сөз мағынасымен тікелей байланысып, оймен, ойлаумен ұштасып жатады.
¥ғым адам танымына негізделеді. Танымның төменгі сатысы болып табылатын сезімдік таным адамның көру, есту, ұстау, иіскеу, дәмін алу сиякты нақты физиологиялық каналдары негізінде жузеге асады. Олар аркылы адам айналасындағы коршаған дүниені кабылдайды. Бұл процесс мида белгілі бір нәрсе туралы түйсік тудырады. Заттардың, кұбылыстардың сезім мүшелерімізге тікелей эсер еткенде олардың жеке белгілерінін санада бейнеленуі түйсік деп аталады. Егер түйсіктің нәтижесінде адам шындык болмыстагы заттардың, кұбылыстардың жеке касиеттері, сапалары туралы мағұлмат алатын болса, қабылдау кезінде заттың, кұбылыстың тұтас бейнесін сезінеді, бағамдайды. Кез келген затты немесе кұбылысты кабылдау адамда бұрыннан ұрпақ жалғасып келе жаткан тэжірибе, білім негізінде жүзеге асады.
Заттар мен кұбылыстардың сезім мүшелерімізге тікелей әсер етпеген кездегі көрнекі, тұрақты, жалпы белгілерінің санамызда бейнеленуі елестету деп аталады. Елестету түйсік пен кабылдаудан ойға ауысу сатысы болып табылады.
Танымның жоғары сатысы болып табылатын психикалык процесс — оилау сезімдік танымға негізделеді, санадағы бейнелерге сүйенеді. Дүниедегі кұбылыстарды, жекелеген фактілерді қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдеидц олардың эркайсысының мәнісі мен касиетін, өзара байланысын танып біледі. Осылайша дүниедегі заттар мен құбылыстар адам санасында сэулеленеді, зерделенеді, олар туралы ұғым пайда болады. ¥ғым шындық өмірдің ең жалпы, ең қажетті жақтарын білдіреді. Демек, ұгым — заттың немесе құбылыстың жай ғана бейнесі емес, ойда қорытылған, жинақталған, бейнесі. ¥ғым — заттардың, ісұбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы жэне мэнді белгілері туралы ой [79.5-6].
Үғымның туғаны оны жарыққа шығаратын атаудың, яғни сөздің пайда болуына экеледі. Сөйтіп сөз ұғымның материалдық жағы, басқаша айтқанда материализациялануы болады. “Ұғымды сөз жинақтайды, аяқтайды. Адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дэрежеге жеткен кезеңде, сөз — түйсікті ұғымға айналдыратын форма болады” [32.14].
¥ғым — логикалык категория да, ал мағына лингвистикалық категория. ¥ғым дүниенің бейнесі ретінде санада өмір сүреді. ¥ғым сөзге мағына түрінде бекітілген жағдайда, дүниенін тілдік бейнесі түзіледі. Санадағы ұғымның адамдардың коғамдық өмір тәжірибесі барысында сөздік кабыкка бекітілген бөлігі ұғымдақ мағына деп аталады. Сөзбен бірге өмір сүретін ұғымдық мағынада материалдық дүниенің белгілі бір дәрежедегі бейнесі көрініс табады [60.82-88]. Ұғымдық мағына гылыми эдебиеттерде заттық-логикалык ұғым деп те аталады.
Адам санасында өмір сүретін үгым мен сөзге бекіген ұғымдык мағына бірдей болмайды. Логикалық — заттық ұғымға ие болған әрбір сөз тарихи даму барысында әлденеше тілдік мағыналарға ие болып, өзінің семантикалық аясын кеңейтеді, осыган орай сөздің грамматикалык мағыналары да байи түседі. Басқаша айтқанда, элденеше тілдік мағынаға ие болған сөз ұғымдық мағынадан тыс адамның ақиқат дүниеге деген көзқарасын да, эр алуан көңіл күйі мен сезімін де білдіре алатын кабілетке ие болады. Сөйтіп ұғым мен сөз мағынасының арасы уақыт өткен сайын алшактай түседі [73.9].
Әрбір сөзде белгілі бір мағына болады. Заттар мен құбылыстар сөз арқылы аныкталады да, сөздің білдіретін мағынасы белгілі бір ұғыммен сабақтасады. Сөздер мен олардың білдіріп тұрған мағыналары, олардың арғы жағында жаткан ұғымдар саны жағынан бірдей емес. Сөзге карағанда ұғым- мағыналар одан әлде кайда көп жэне өте күрделі.
¥ғым мен мағынаны жеке сөздер ғана емес, сөз тіркестері бере алады. Әркайсысы белгілі бір ұғым беретін мағыналык единицалар катарына жататын жай тііркес, лексикаланған тіркес, тұрақты тіркес, идиомдар, кіші жанрға кіретін жұмбақ, нақыл сөз, мақал-мэтелдердің әркайсысы ның беретін ұғымы сөздерге карағанда элдекайда күрделі, аукымды, астарлы, бейнелі. Мысалы, кой коз, бота коз, жылқы мінез, т.б. осы сияқты тіркестердегі кой, бота, жылқы деген сөздер өздерінің лексикалык мағынасынан элдеқашан алыстап, жақсы адам, жаман кісі, биік жігіт, сұлу қыз сияқты тіркестердегі жақсы, жаман, биік, сұлу деген анықтамалармен бірдей жаңа кызмет аткарып тұр.
Жылқы мінез тіркесі мағынасының күрделі болуы оның астарында жай ұғым емес, халықтың өмір-тіршілік болмысына тікелей катысты ұгым, дүниетаным, этнолингвистикалык түсінік жатуына байланысты. Жылкы мінез адамның қандай болатынын түсіндіру үшін алдымен жылқы малына тэн жаксы мінез-касиеттерді білу кажет. Сол сияқты бір ғана құлақ деген сөздің мағынасынан эр алуан күрделі ұғымды беретін ақпа құлақ, кәрі құлақ, калқан күлақ, кұйма кұлақ, сақ құлақ, санырау құлақ, шой құлақ, құлақ қағыс, құлагы түрік, құлақ кесті құл, құлақтан семіру, құлағына құю, құлагының құрышын қандыру, естіген құлақта айып жоқ, құлақ естігенді коз көреді, т.б. белгілі бір ұғым, түсінік, мән-мағына төңірегінде шоғырлану аркасында калыптаскан мағыналық единицалар өрбиді. Демек ұгым сөз санымен емес, сапа, мазмұн безбенімен өлшенеді [34.124-125].
Сөз — ұғым мен магына аралык шартты таңба. Сөз ұғымнан кейін пайда болады, ал сөз мағынасы заттар мен кұбылыстарды топшылап аңғартады, ұғымды материалдандырады. Зат пен кұбылыс, эрекет және оның накты атауы болмаған жерде ұғым болмайды.
Шындык дүниедегі заттар мен кұбылыстар тілдегі сөздерден тыс, оларға тэуелсіз өмір сүреді, бірак олар сөздар аркылы аталып, сөз мағыналары аркылы аңғарылады. Тілдегі сөздер мағынасы мен кызметі және белгілі бір ұғымды білдіруі, білдірмеуі жагынан алуан түрлі болып келеді. [3.24]. Мәселен, шындык өмірдегі зат, іс-әрекет, сапа, белгі сиякты сан алуан кұбылыстарды білдіретін, атайтын толық мағыналы атауыш сөздерде, айталык, зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерде лексикалық мағына да, логикалық ұғым да бар. Ал көмекші етістіктер, септеулік шылаулар, демеуліктер, жалғаулыктар сиякты көмекші сөздерде дербес сөздік мағына болмайтындыктан олар накты ұғымды білдіре алмайды. Сол сияқты есімдік, сан есім, одағай сөздер бойында атауыштык касиеттен гөрі көмекшілік қызмет, таза көмекші касиеттен гөрі атауыш сөздердің орын басуға деген дербестікке ұмтылыс басым болғандықтан, реалды затпен байланысты ұғымды білдіре алмайды.
Есімдіктер әлдеқалай белгілі бір ұгымды білдірумен байланысты қолданыла қалган жағдайда заттық мағынада ұгынылады. Ал сан есімдер сан туралы жалпы түсінік ғана арқалайды. Олардың математикалық сандык ұғымды ғана білдіру қасиеті заттык магынадағы сөздермен тіркескенде ғана нактылана түседі. Одағай сөздер куану мен шаттану, сүйіну мен күйіну, шошыну мен тітіркену, ұнату мен таңыркау сияқты адамның эр түрлі көңіл күйін, сезім жайын танытканымен, бұлардың ешкайсысының атауы емес, яғни оларда дербес сөздік мағына жок. Сондықтан да олар да ешкандайда ұғым аркаламайды.
Ойлау категориясы ретінде каралатын ұғымда эмоциялык бояу болмайды, ал сөз объективті шындыкты атап, оның сапа белгісін, жалпы жэне жеке қасиеттерін білдіріп коймайды, сонымен катар оған деген адамның катынасын, бағасын, күйініш-сүйінішін, куаныш-ренішін т.б. көңіл күйін де бере алады, яғни сөзде экспресивтік-эмоциональды реңк болады.
Ұғымда ұлттық ерекшелік болмайды. Ол эртүрлі халыктардың бәріне ортақ, жалпылық сипатта болып келеді. Мысалы, тас, тау, ағаш, кол, жақсы, жаман т.б. ұғымдар дүниежүзіндегі барша халыкка ортак. Ал сөз мағынасынан тіл иесі халыкка гана тэн ұлттык нышан, ұлттык ерекшелік көрініс табады.
Бір заттың, кұбылыстың екі түрлі күйін екі түрлі атаумен беру ұғымның аиқындылығын, деректілігін көрсететін ұлттык таныммен байланысты. Сөз мағынасының кодын эртүрлі ұлт өкілі ұлттык таным жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне карай шешеді. Мысалы, қойтас дегенде казак сырт кейп жайлып жаткан койга ұксас болып келетін кесек-кесек жұмыр тасты жерді айтады, көмір деп руда-кен атауының сыртында казак “отып”, “от орпында бықсып сопгеп шоқ’’ дегендерді де атайды.
Тіл тілдің лексикасында сөз бірнеше ұғымды білдіретін атау түрінде колданылады, немесе керісінше, бірнеше сөз бір ұғымды білдіруі мүмкін. Мысалы, сүлу, әдемі, көркем, сымбатты, корікті деген синоним сөздер әр басқа ұғымды емес, бір ғана ұғымды білдіретін атаулар.
Белгілі бір ұғым дара сөзбен ғана емес, күрделі сөздермен, бірнеше тұракты сөз тіркестермен таңбалануы мүмкін. Мысалы, тез, жылдам сөздері, қас қағымда, қас мен көздің арасында, көзі ашып жұмғанша деген фразеологизмдер “іп-лезде” деген ұғымды білдіреді.
Сөздің әр алуан мағына аркалауы, сол мағынаның туындауына негіз болатын ұғым-түсініктердің эркилы болып келуіне тікелей байланысты. Кейде баста накты ұғымға негізделген сөз немесе сөз тіркесі мағыналык дамудың барысында мүлде баска ұғым-түсініктерді білдіретін тілдік бірліктерге айналып отырады. Мысалы, “ыстык нәрсе ауызды күйдіред” деген пайымды білдіретін аузы күю еркін тіркесі мағыналык жактан дами келе, “бір нәрседен опык жеу” деген ұғымды білдіретін аузы күю тұрақты тіркесіне, ол өз ретінде “бір нәрсені орындаудан бұрын оның кыр-сырына үңілу кажет” деген ұғымды аңғартатын аузы күйген үріп ішеді деген макал-мәтелге айналады.
Ұғым — жалпы жэне жеке заттар мен құбылыстардың ұқсас жэне ерекше белгілерін айкындайтын ойлаудың элементі болуына байланысты өз ішінен жалпы ұғым, жалқы ұғым болып екіге бөлінеді. Осыған байланысты сөз мағыналары да жалпы мағына, жалқы, жеке мағынаға бөлінеді. Мәселен, аға — жалпы жасы үлкен ер адам деген ұғымды білдірсе, қайын аға, туған аға, немере аға, отағасы деген сөздер жеке, нақты ұғымдарға атау болады.
Қоғам өміріндегі әлеуметтік, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты туындап жататын жаңа ұғымдар тілдің ішкі даму заңына байланысты ескі сөздер (түбірлер, туынды сөздер) негізінде сөзжасамдык ескі тәсілдер аркылы жасалған жаңа мағыналы жаңа сөздерге бекіледі.