ДЕМЕУЛІКТЕР

12 апреля, 2018 10:49

 

Демеуліктер — шылаулардың құрамына енетін көмекші сөз таптары. Өздері тіркескен сөздерге әр алуан грамматикалық мағына қосатын сөздерді демеулік шылаулар деп атаймыз. Демеуліктер — грамматикаланудың нәтижесінде лексикалык мағынасынан айырылып, тек көмекші кызметке көшкен сөздер.

Ғалым Ы.Шакаман демеуліктердің морфологиялык ерекшелігінің бірі ретінде олардың сөзге жалпылама тіркесе беретін касиетін айта келіп, оларды үш топқа бөледі: «1) еліктеуіш, одағай сөздерден баска барлык сөз табына тіркесетін демеулік шылаулар: да/де, ма/ме, гана/қана, қой/гой, -ақ, -ды/-ді, — тын/-тін жэне одағайға да тіркесетін демеуліктер: -ай, -ау; 2) есім сөздер таптарына, есімдерше түрленетін етістіктерге тіркесетін демеулік шылаулар: екеш, түгіл, түрсын, түрмақ; 3) жіктелеген етістікке ғана тіркесетін демеулік шылау: -мыс/-міс» [59, 17]. Демеулік шылаулардың мағыналары тек сөйлемде, контексте көрінеді. Мысалы, Қой асығы демеңдер, колына жаксы сака кой, жасы кіші демеңдер, акылы асса аға ғой (Қазақтың би-шешендері). Тіл дегеніміз қай халыктың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры (Б.Момышұлы). Берілген мысалдардагы қой, ғой шылаулары нактылау, тұжырымдау мәндерін білдірсе, ғана демеулігі шектеу мәнін білдіру мақсатында колданылган. Демеулік шылаулардың білдіретін мағыналары алуан түрлі. Олардың тілдік жүйедегі калыптасқан негізгі мағыналары мынадай:

  1. Күшейткіш демеуліктер: -ак, -ай, -ау, да/де, та/те;
  2. Сұраулык демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;
  3. Нактылау демеуліктері: ды/ді, ты/ті, тын/тін, кой/ғой;
  4. Шектеу демеуліктері: ғана/кана, тек;
  5. Болжалдык демеуліктері: мыс/міс;
  6. Қомсыну демеулігі: екеш;
  7. Салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмак;
  8. Күшсйткіш демеуліктердің катарына -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те шылаулары жатады. Бұл топтағы демеуліктер сөйлемде айтылған ойға күшейту реңін косу үшін колданылады. Да/де, та/те демеуліктері күшейткіш мәндерін үнемі сактайды. Мысалы, Қызметін істесе де қарайласкысы келмегені ғой! (М.Әуезов). Көше сондай қараңғы да емес қой (Н.Ғабдуллин). Сөйлемдерде демеуліктер етістікпен, сын есіммен келіп, оларға күшейту мэнін. үстеген. Бұл демеуліктер жалгаулык, септеуліктермен тіркесе береді жэне өзінің күшейту мағынасынан айырылмайды. Мәселен, Егер де маған сенбесеңіздер ояздын өзінен сұраңыздар (Ә.Әбішов).

-ақ демеулік шылауы өзі тіркескен сөздерге күшейткіш реңін косады Мысалы, Амантай өз ойын Қайырға әлдекашан-ак айтып койған ғой (Ғ.Мүсірепов). Қаланың адамдарын қысылтпайын-ақ дейсің, бірак амал жок (Б.Нұржекеев). Ахмет Қуанұлыньщ семьясы үлкен еді, бірак ол нан-тұзын ұсынып, конакжайлык білдіру парызын адал-ақ аткарды (Е.Брусиловский). Мұнда -ак демеулігі есімдік, етістік және сын есіммен тіркесіп күшейткіш мәнін беріп түр.

-ау демеулігі көбінесе сөйлемге эмоциялык реңк береді. Мысалы, Көп күн жүріп жеттік-ау (Ш.Жиенкұлова). -Айтыңыздаршы, Жұртьш-ау, Күрманбек тірі ме?- дедім үнім дірілдеп (Ш.Жиенқұлова).

-ай демеулік шылауы толық мағыналык сөздерге тіркескенде оның күшейткіш мэні басымырак болады. Ал -ай шылауы зат есімнен болған сөздерге тіркескенде ол сөздерге ой екпінін түсіріп ерекшелеп тұрады. Мысалы, Қайран ер көңілді аналар-ай!-дедім менде ішімнен (Ш.Жиенқұлова). Жарыктық-ай, бұл күнді де жұртгың көретін күні бар екен-ау (Б.Майлин). Мұнда эрі таңдану, эрі таңыркау мэні бар.

  1. Сұраулық демеуліктері ма/ме, ба/бе, па/пе қандай сөз табымен келгеніне, кандай тұлғада тұрғанына карамастан үнемі сұрау мэнінде жұмсалады. Олар үнемі баяндауышпен катар жүреді. Мысалы, Құлын тайга өтпей меі Тай кұнанға жетпей меі Құнан ат боп кұлдырап, Қырдан асып кетпей меі (Д.Әлімжанов). «Гэккудің» авторы Ыбырай ма, Құлмағамбет пе, элде Иса маі (Е.Брусиловский). Сагынып, аңсап барғанда, сағына күткен жан бар маі (М.Макатаев).

Ше демеулігі зат есім, етістік, үстеу сөздерге тіркесіп, ойды толыктыру үшін кайталай сұрау мақсатында сөйлемнің соңында қолданылады. Мысалы, Ей, элгі Мәскеуде Мұкаңның бізді ұялтатыны ше?…(Ш.Жиенкұлова).

  1. Нақтылау демеуліктері -ды/ді, -ты./ті откен шактагы сөздерді нактылайды. Мәселен, Осының алдында Құрманбек екеуіміздің басымызға күн туып жас шаңырактың уыктарын солкылдаткандай ауыр жағдай өткен-ді (Ш.Жиенкұлова).

-Тын/тін демеулігі -ды/ді демеулігімен магыналас өткен уакыттағы ойды нақтылау мағынасын береді. Мысалы, Болымсыз нәрседен шатак шығаратын жайсыздау кісі-тін (Б.Нұржекеев). Үрия мінезге бай әйел еді, тек жалгыз ғана осал жері — ерке-тін (Е.Брусиловский).

  1. Шектеу демеуліктері гана/қана үнемі шектеу мағынасын үстейді. Мысалы, Кімде-кім өзін билеп, ілім мен өнер үйренген жагдайда гана баянды бақытка қолы жетеді (У.Кайкавус). Халық тәжірибесі тек бізге гана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де кымбат касиет (Б.Момышұлы). Кітап аяулы досы бола бастаған шактан былай гана эрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады (М.Әуезов). Ғана/кана демеуліктері тек демеулігімен қатар айтылып, сөздерге күшейту, шектеу мағынасын косады. Мәселен, Тек Қана окуменен өнер білмек (С.Торайғыров).
  2. Болжалдық демеуліктері -мыс/міс өзі тіркескен сөзге тек болжалдык Мағына жамайды. Ол көбінесе етістіктермен тіркесіп, болжалдык мәнді береді. Мысалы, Ойратка сонау дүрбіт, торғауыт, төлеуіт тайпалары жатады-мыс (Ә.Кекілбаев).
  3. Қомсыну демеулігіне тек кана екеш демеулігі жатады. Екеш демеулігі Үмемі қомсыну мэнінде жұмсалады. Мысалы, Жан рахатын қус екеш кұс та ^іпеді (Ш.Мұртаза).
  4. Салыстыру демеуліктеріне жататын түгел, түрсын, тұрмац демеуліктері сөз таптарына калай бірдей тіркессе, сөзге үстейтін мағыналары да сондай ұксас. Мысалы, Мұны естігенде, Күлэштің калтырағаны былай түрсын, зәрем зәр түбіне жеткендей жүректен жүрек калмады (Ш.Жиенқұлова).
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля