22 апреля, 2018 11:00
Бір негізді сөйлемдердің бір түрі — атаулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердін кұрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара катынасқа түсетін мүшелер болмайды. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады:
Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше кұбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемге тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, сын есім, есімше (-ған, -ген, -кан, -кен, -тын, -тін) формалары, түйык рай тұлғалы етістік жұмсалады. Сөйлем кұрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылык катынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді:
Атау сөйлемдерде предикативтілік катынас болмағанмен, предикативтіктің өзі болады. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ойды, окиғаны болмыска шак, жақ тұрғысынан қатыстырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге сөйлемге тэн синтаксистік форма беретін — интонация, контекст: Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ак боран ұйытқып ойнап тұр. (М.Ә.)
Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді үш топқа бөлуге болады: 1) бейнелеу мағынасындағы атаулы сөйлемдер: Майдың күні. Көк жетіліп, гүл- жапырақ молайған. (М.Ә.)
- эмоциялы атаулы сөйлемдер.
- Жарықтықтың исі-ай! — деді кемпір үнді шайының жұпарын сезіп. — Танауымды жарып бара жатқаннын карашы!.. (Ж.М)
- сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер.
- Ә, зэнталақ! Сен маған сәлем бере келген шығарсың! — деп Жұман атпен бастырмалатып келді де, жаурын ортадан ала камшы сілтеді. (Ғ.М.)
Атау сөйлемдерді негізгі мүшенің грамматикалық түр-тұрпатына карай:
- Негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлемдер окиганы, бейнені қыска етіп хабарлау үшін жұмсалады:
Айсыз ашык аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Үркер төбеден ауып кетті. Тымырсық аяздағы тымык әуені сіміре, Жақып күндегі эдетімен колхоз ауылын аралап келеді. (Ғ.Мұст.)
- Негізгі мүше сын есімнен болған атаулы сөйлемдер субъектіге тән сын, сапаны білдіру үшін жұмсалады.
- Қайран менің, ақ жеңешем-ай! (Қ.Ж.)
- Негізгі мүшесі -гыр, -гір, -қыр, -кір жұрнағы аркылы жасалган сын сөйлемнен болған атаулы сөйлемдер тілеу, сөгіс білдіру амалы болып жұмсалады:
Ол бүгін де бір арка отынды есік алдына жыға салып: «Үһ, қара байланғырдың арканы иыгымды киып кетті ғой», — деді. (Ә.Н.)
- Негізгі мүшесі -ган, -ген, -қан, -кен, — тын, -тін тұлғалы есімшеден болған атаулы сөйлемдер іс-әрекет туралы пікірді эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.
Тоба-ай, сенің түсінбейтінің-ай. (Б.М.)
- тапсырма. Текстен атаулы сөйлемдерді тауып, өзіндік магыналық, гРамматикалық белгілері мен стильдік мәнін айтыңдар’,
Тұрлаулы мүшелері (не бірі) ііақтылы айтылмаган толымсыз сойлем түрлерін тауып, олардыц атаулы сөйлемге үқсастығы бары-жоғын айқындандар.
…Түн. Көзге түртсе көрінбейтін караңғы. (С.М.)
Көш келді. Боскын көш. Үш-төрт ауыл. Көш еру боп, жайгасқан соң Қазыбек енді жай-жапсарды кайта сұрады. (С.См.)
Күй күңіреніп кетті. Ақ сакалға кесек-кесек жас тамшылайды. Қос тамшы жас, касірет жасы. Ер жасы… (С.С.)
Түн. Тастай караңғы. Қар сабалап жауып, жел ышқынып соғып түр екен. (Ә.Н.) Жат жер. Қылшылдаған кыс. Қатпар-катпар қарлы таулар. Қалың түскен кар астында таңқылдап катып жатқан жерге күрек жүзі батпайды-ау, батпайды-
ау. (Ә.Н.)
- Анадан туғалы теңізге иек асып келеді. Өзіне даярлап қойган үйге барды. Жуынды. Киімін алмастырып киді. (Ә.Н.) Түнімен үлкен үйде Қазыбек бидің әңгімесін тыңдап еді. (С.С.) Жұлдызы самсаған түнді жамылып сар желіп келеді. (С.С.) Қара жерге маңцайын ұргылай берді. Бір кезде тау кұлағандай үстінен езіп, бара жаткан ауыр салмакты сезді. (С.С.) Түн ұйқысы катты. Демалуға жаткан кол шырт ұйкыда. Жұлдызы бүркек даланың көзге түртсе көргісіз караңғылығы қатты қымтап жапкан көрпедей. (С.С.) Бейқам қос беймарал ұйкы үстінде. (С.С.)
Сөйлем мүшелері — кұрылымдық семантикалық жагынан сөйлемнің дербес бөлшектерін кұрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.
Сөйлем мүшелері бірталай уақыттан бері арнайы зерттеу нысанына айналып келе жатыр. Олар жөнінде мектептерге жэне жоғарғы оку орындарына арналган оқулықтардан, сондай-ак арнайы зерттелген эдістемелік ғылыми еңбектерден бірталай толык мәліметтер алуға болады.
Синтаксистің ең негізгі обьектісінің бірі- сөйлем екендігі белгілі. Сөйлем, эдетте, синтаксистік бірлік болып есептеледі. Ол — күнделікті тұрмыста пікір алысу, байланыс, катынастың ең негізгі көзі болуымен катар коммуникативті міндет атқарады. Жай сөйлем синтаксисінде, ондағы ең басты элемент — сөйлем мүшелерін еске алмау, оган соқпай өту мүмкін емес нәрсе. Демек, сөйлем аясында сөйлем мүшелерінің кызметі ерекше екені осыдан-ак көрініп тұр. Егер сөйлем деген ұгымнан сөйлемнің өн бойындагы ой туралы түсінік туатын болса, ал сөйлем мүшелері — сол ойдың мэнді бөлігі ретінде танылатын синтаксистік топ. Белгілі ғалым Р.Әмірдің сөзімен айтканда: “Сонымен, пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысында да тиісті единицалар болады. Олар — сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері — сөздің сөйлем кұрамындағы негізгі кызметін функциялык қатынасы тұрғысынан зерттеудін нэтижесі” ( 10 Л10).
Сөйлем мүшелері деп аталган синтаксистік категория өзінің грамматикалык магынасымен және морфологиялык табиғатымен аныкталады. Сөйлемге негізгі материал болатын сөз жэне сөз тіркесі сөйлем кұрамына енгенде жана сипатка ие болады. Ондағы эрбір сөз морфологиялык тұлғаға еніп, грамматиканың карамагына түскенде, оның тілдегі аткаратын кызметі айқындала түседі, яғни сөйлем кұрамында сөйлем мүшелерінің өзіне тиесілі аткаратын жүгі, синтаксистік қызметі бар. Синтаксистік белгілі бір міндетті атқарумен катар сөз синтаксистік катынастарды да қалыптастырады. Сөздің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесетін сөздің лексика- грамматикалык ерекшелігіне байланысты болады да, көбіне сөз тіркесі қүрамында айқындалады. Бұған Т.Сайрамбаевтың:”Сөйлем мүшелері сөйлемде қаралады дедік. Бірақ сөз тіркесі сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына карай алмаймыз.Олардың өмірі тек сөйлемде тұрғанда ғана айкындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бастауыштың не баяндауыштың немесе соларга қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, толыктауыш, аныктауыш, пысықтауыш деп жеке-жеке алынып, талданғанымен, бәрібір екінші бір сөзге катыстылығы айқын байқалып отырады”,- деген пікірі накты дэлел ( 48,66). Сөйлем мүшесі міндетін лексикалык толык мағынасы бар жеке сөздер де, еркін сөз тіркестері де, тұракты тіркестер де атқаруы мүмкін. Бұлар сөйлем мүшелерінің міндетін аткарғанда айналасындағы басқа сөздермен грамматикалық байланыста және ішкі қатынастарда тұруы, сондай-ақ белгілі бір грамматикальщ формаға ие болса ғана сөйлем мүшесі міндетін атқарады. Сөйлем мүшелері жайында орыс ғалымы В.В.Виноградов былай анықтама береді: “Члены предложения — это синтаксические категории, возникающие в предложении и на основе форм слов и форм словосочетания и отражающие отношения между струтурными элементами предложения” ( 19,412).
Ал А.А.Потебняның пікірі бойынша, әрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына катысты дейді. Сөйтіп, сөйлем мүшелері мен сөз таптарын параллельдік тұрғыда алып карастырады. Осы көзқарасты Д.Н.Овсянико-Куликовский, А.М.Пешковскийлер де колдайды.
Қазак тіл білімінде сөйлем мүшелері жайлы нақты, оң әрі дэл тұжырым жасаған — А.Байтұрсынов. Барлык сөйлем мүшелерін өте ыңғайлы терминдермен атап, қыскаша сипаттап беріп кеткен ( 14,282).
С.Аманжолов та сөйлем мүшелерін анықтауда мынандай пікір айтады: “Сейлем мүшелерін біз тек мағынасына байланыстырып кана айырамыз. Әр сөзге сұрау койып, сол арқылы сөздің магынасын жэне тұлғасын ашып аламыз” ( 2 ,94). Сондай-ак Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдар да сөйлем мүшелері жайлы көзқарастарды дамытуға өзіндік үлес қосты.
Сөйлем мүшелері туралы елеулі еңбек жазған бірден-бір галым — М.Балақаев. Автор сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерін айқындауда ең алдымен бірнеше мақала жазды. Сонымен бірге сөйлем мүшелері туралы практикалык көзқарасын 1949 жылғы мектеп грамматикасында нақты көрсете келіп, солардың негізінде сөйлем мүшелерінің теориялык мэселесі туралы бірінші рет жан-жақты түрде 1954 жылы шыққан академиялық грамматикада сөз етті.
Сөйлем мүшелері жөнінде көзқарасын батыл білдіріп, синтаксис саласында салмакты еңбек еткен ғалым — Р.Әмір. Ғалым: “Синтаксистік единицаларды дұрыс тану үшін біз оларды білдіретін мағыналарымен ұштастыра отырып тануымыз керек. Осы ретте синтаксистік форма мен единицалар білдіретін мағыналар синтаксистік мағына деп бөлек аталатынын ескертіп кетпекпіз. Синтаксистік мағына — грамматикалык абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік единицалардың арасындагы абстрактылы, жалпылық сипаттағы катынасты білдіреді” (10,8), — дей отырып, сөйлем мүшелерінің семантикалык жағына баса назар аударды. Осы мэселе төңірегінде соны пікір бере білді.
Сөйлем мүшелері жасалу кұрылысына карай дара жэне күрделі болып келіп, белгілі бір сұракка жауап береді. Сөйлем мүшелері мүшесінің катысуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң жэне жайылма болып жіктеледі. Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем мүшелері бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелерден тұрады.. Ал сөйлем мүшелерінің кұрамында тұрлаулы мүшелерден басқа мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сонда жалпы екі үлкен топка жіктелетін болады: тұрлаулы мүшелер жэне тұрлаусыз мүшелер. Тұрлаулы мүшелер бэрімізге белгілі бастауыш жэне баяндауыш деп аталған. Тұрлаусыз мүшелерді аныктауыш мүше, толықтауыш мүше, пысықтауыш мүше деп жіктеген. Қазірде қазақ тілі білімінде сөйлем мүшелерінің жіктелуі осы негізде калыптасты.
Сөйлемнің негізін тұрлаулы мүшелер (бас мүшелер) құрайды. Ал тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, соларды айқындап, толықтырып тұрады. Сөйлемнің бас мүшелері предикаттық қатынастың негізінде құралады.
Тіл білімінде сөз топтары бұрын қалыптасты ма, элде сөйлем мүшелері бұрын пайда болды ма, бұл әлі шешілмеген мәселе. Алайда, көпшілік ғалымдардың мойындауынша, сөйлем мүшесі тарихи тұрғыдан сөз таптарының негізінде қалыптасқандығы айтылады. Бұл тұжырымның дұрыс болуы да мүмкін. Өйткені қай тілдегі сөздер болмасын, олар әуел бастан-ак белгілі бір ұғымның әр дәрежедегі қасиетіне (атауын сандық, сапалық, кимыл т.б.) байланысты туындап жатады. Сөйлем мүшелерінде бір сөз тұрған орнына, баска бір сөздермен тіркесу қабілетіне байланысты эр түрлі сөйлем мүшесі бола береді. Сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің арасындағы басты бір айырмашылықтың негізі де осында жатыр. Мысалы, «Жақсы бала жақсы оқиды» дегенде жақсы сөзі кандай колданыста болса да сөз табы болып кала береді. Ал сөйлем мүшесінің бойында осы турасында басқаша заңдылық байқалады. Атау қалпындағы сөздер көбінесе бастауыш, ілік жалғаулы сөз анықтауыш болса, өзге септікте тұрган сөздер толықтауыш (кейде пысықгауыш, баяндауыш) қызметінде жұмсалады. Демек, белгілі бір сөз топтарының эр түрлі септік жалғауында тұруы олардың сөйлем ішіндегі синтаксистік кызметіне де эсер етеді. Мұндай заңдылық жалғамалы тілдердің табиғатымен үйлесіп жатады.
Сонымен, жалпы алганда, белгілі бір таптары эуел бастан-ак белгілі бір сөйлем мүшесі болуға икем тұрады. Мысалы: зат есім негізінен бастауыш, толықгауыш қызметтерінен басқа қызметте де жұмсала береді. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі баяндауыш болса, өзге функцияда жұмсалуы оның екінші қызметімен байланысты болады.