Асоциалды-криминалды жастар мен жасөспірімдер топтарының дамуы

14 мая, 2018 12:26

 

Жоспары

  1. Кәмелетке толмаған балалар қылмыстарынын өсу қарқыны
  2. «Құқық бұзуга бейім мінез-кұлыққа ыкпал ететін әлеуметтік жағдайлардын сипаттамасы»

І.Кәмелетке толмаған балалар қылмыстарының өсу қарқыны

Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр кылмыстарының өсу карқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары. Ал Қазақстанда 2000-2007 жылдары аралығында қылмыс жасағандар ішінде 16-17 жастағылар саны 35,5%-ға кеміген, ал 14-15 жастағылар керісінше 34%-ға көбейген.

Бұл жас санаттары арасындағы қылмыстылык деңгеиі де едәуір өзгеше. Мысалы, 14-15 жастагы 10 000 адамға шаққанда 2000 жылы 778, ал 2006 жылы 507 қылмыс жасалса, мұндай көрсеткіш 16-17 жастағылар арасында 2000 жылы 318, 2006 жылы — 3103, ал студенттер арасында 2000 жылы 257, 2006 жылы — 392,5 болған.

Сондықтан да қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін, бүгінгі таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар жасалынуы аса кажет. Өйткені казіргі таңда Қазакстан Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары кездесуде. Мысал ретінде тоқталатын болсақ, соңғы жылдары криминологиялық зерттеулерде жастардың қарама-қарсы екі санатын — студенттер мен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу максаты алға койылған жок- Жасөспірімдердің кұкык бұзуға бейім мінез-кұлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ыкпалдан барып калыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, кұкық бұзуға бейім мінез-кұлық криминогендік деп те карастырылады. Әрине, ондай мінез-құлыктан (делинквенттік) кылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез- құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ңана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалык ауыткуларын камтып зерделеуді кажет еді. Себебі соңғы жылдары Қазакстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай калыптасты, онда қылмыстық көріністердің аукымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ыкпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың кұкык бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан килы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді. Жұмыста, 14-29 жастар аралығындағы адамдардың мінез құлқына катысты бөлек қарастырады. Бұл Қазақстан Республикасы «Президентінің жастар саясаты туралы» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Сонымен катар, адам физиологиясының даму процессі осы аралыкты қамтиды.

Адамның тәні туғаннан бастап картайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-кұлық та ешуақытта қандай да бір тиянакты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-кұпық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондыктан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ыкпал етеді — адамның кандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, — деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан килы процесінде биологиялык және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сырткы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына коршаған ортаның эсері зор, сонымен катар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы аркылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық жэне әлеуметтік) — әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалык өзгерістерді — даму, ал өнеге, рух өзгерісін — адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.

2.«Құқық бұзуға бейім мінез-кұлыққа ыкпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы»

Криминологиялық ғылым да адамның өмір бойы басынан кешіретін өзгерістерін, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи және эволюциялық факторлардың жиынтықтарынан туындаған ықпалының нәтижесі және сол ықпалдар нығайған кезде ғана байланыс арта түседі — деп санайды. Мысалы, криминологиядағы биологиялық тұжырымдама бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігінде биологиялық қасиеттер мынадай түрде көрініс тапты: а) қылмыскердің шыккан тегіне, содан барып өзіне, оның табиғи қасиетіне әсер етеді; э) қылмыскердің жан-тәнінің, яғни бойға біткен қасиетінің дамуын анықтайды; б) кылмыс жасап жаткан кезде тұлғаға әсер етеді; в) тәрбие табиғи даму процесін тек ғана тездетеді, не баяулатады. Оған әлеуметтік факторлар әсер етеді. Мысалы, 1) адам өмірге биологиялык тұлға болып келеді, содан кейін өз ортасының, төңірегіндегі өзі қатысатын топтардың әсерінен біртіндеп әлеуметтенеді; 2) орта — адамның калыптасуының басты факторы; 3) тәрбие орта ыкпалының сипатына түзету енгізуге тиіс; 4) даму деңгейі неғұрлым төмен болса, адамның биологиялық кейпі соғұрлым айкын көрінеді. Бірак, «шыккан тектің жамандығы», физиологиялық немесе психикалық ауытқулар, қылмыстылыктың дамуында шешуші рөл аткармайды, себебі коғамда адамды әлеуметтік кұбылыстар өзгертеді, ал көрсетілген факторлар адам өмірінің әлеуметтік негіздерінің туындысы ғана болады

Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс калыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның коғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы рөлі сөз болады.

Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің аркасында төмендегідей жетістіктерге кол жеткізуге болады: азаматшылық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады; азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады; тату өмір сүруге дағдыланады; өз талаптарында, әрекет-қылыктарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында да астамшылыққа бармауға үйренеді; басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады; қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін кажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.

Жұмыста агрессияның пайда болуы, оның әсерінен пайда болған қылмысқа итермелейтін себеп-салдардың пайда болуы туралы, адам дамуындағы биологиялық факторлардың әсері нақты жіктеледі.

Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдаманың, адамның кұкық бұзуға бейім мінез-кұлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт екендігі дәлелденеді: 1) адамның кұқык бұзуға бейім мінез-құлқын психологтармен, педагогтармен бірлесіп зерттеумен катар, болашағы зор әлеуметтік биология ғылымының жетістіктерін де пайдаланған жөн; 2) адамның құкық бұзуға бейім мінез-құлык көрсетуіне, негізінен, биологиялық факторлар (әлеуметтік биология ғылымдарының, сондай-ак кейбір криминологтардың пікірінше) себеп болады, олардың ең негізгісі — агрессия, ал ол калыпты шамада ешкандай теріс салдарға алып келмейді. Бірақ адамның бұл психикалык қасиеті коғамдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға карай ушығуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыздык, мұктаждық, ешкайда кажет болмай қалу, әлеуметтік дәрменсіздік, тіршілік деңгейінің төмендеуі, кауіпсіздікке кепілдіктің болмауы адамдардың психикасына теріс әсер етеді, агрессивтігін көтереді, қылмысқа итермелейді; 3) жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді; 4) агрессивтік (биологиялык) деңгейінің төмендеуі әлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалык саясатка көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпакты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру кажет, тәрбиелеу, окыту, моральдык-өнегелік кұндылыктарды санасына кұю, тамаша эстетикалык және этикалык сезімдерге баулу — агрессияны азайтудың бірден бір жолы; 5) этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына карсы максатсыз жасамайды екен. Өзіне кажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол акыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырак қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек. 6) жабайы аңдарда табиғи жағдайларда өмір сүрудің ішкі талаптары мен сыртқы жағдайлары арасында қақтығыс болмайды, яғни оның ішкі талабы коршаған табиғи ортамен кандай да бір үйлесімде болады. Ал адамның жоғарғы интеллекті, оның мәдени дамуын және онымен байланысты барлық атрибуттарды камтамасыз етіп, туыстарынан бөлек, жеке өз тірлігін жасауға, бөлініп шығуға мүмкіндік береді. Бұл мән-жай адамның генетикалық деңгейде ерекшеленуін күшейтті.

Ситуациялық-криминогендік тип тармағының, мораль нормаларын бұзумен және қылмыстық сипатта емес құкық бұзушылық жасаумен, коғамға жарамды әлеуметтік рөлдерді дұрыс орындамаумен сипаттапатындығын; карама-қайшы микроортада қалыптасады және әрекет ететіндігін; кылмыс едәуір шамада оны жасаудың қолайсыз әлеуметтік-экономикалык, өнегелік жэне құқықтық ситуациясына  байланысты (қылмыстық құрамда болу, баска адамдармен қақтығыс, т.б.) екендігін; бұл жерде адамның жеке басының сипаттамасы мен әлеуметтік орта сипаттамасы арасындағы өзара әрекеттестік шешуші болып табылатындығын; Мұндай адамды қылмыстылыққа оның микроортасы, соған дейінгі өмір салты алып келеді, ал кылмыстык жағдай оның занды жалғасы болып саналатындығын.

Статистика бойынша кәмелетке толмағандар арасында кылмыс ауылды жерге карағанда калалық жерлерде 2 есе көп жасалынады екендігі, оған мынадай жағдайлар әсер ететіндігі көрсетілген: 1) отбасындағы байланыстың нашарлауы, күнұзак жұмыста болғандықтан ата-аналардың баланың жүріс- тұрысын бақылай алмауы; 2) қылмыстық элементтердің қалаларда шоғырлануы, ал олардың бір мақсаты — жастарды кылмыстық әрекетке тарту; 3)калаларда мінез-құлқы қоғамға жат адамдардың өзара байланысу, топқа бірігу мүмкіндіктері зор; 4) кәмелетке толмағандардың ересектердің көзінен таса жерде уақыт өткізуге мүмкіндік табуы; 5) тұрған жерді тез ауыстырып, сол кала аумағында басқа жерге оңай жинала салу мүмкіндігі; 6) тұрған жері мен бос уақытын өткізетін жер аралығының алшақтығы, мұндай жағдай әсіресе отбасылар бір жерден екінші орынға жаппай көшкенде болады, балалар бос уақытын бұрынғы тұрған жерде өткізуге ұмтылады; 7) калада материалдык каражатты қылмыстық жолмен табу оңай; 8) қалада жастарды өзіне тартатын «бұзылған» жерлер жеткілікті; 9) ауыл жастары сиякты табиғатқа жакын емес, оларда мейірімділік, баскаларды аяушылык сезімі жаксы калыптаспайды; 10)ауылдағы сиякты емес, төңірегіндегілердің пікірімен онша санаспайды;11)ауылға карағанда калада кәмелетке толмағандардың бос уакытты өткізуі көп шығынды керек етеді және жастарға арналған демалу орындарының болмауы кұкыққа қарсы мінез-құлықтың асқындауына алып келеді.

Осыған байланысты, бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты максат екендігі, қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздык, кедейшілік жэне т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән- жайлар адамға теріс ыкпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля