Делинквенттік топтар мен экстремистік секталардың жас мүшелерімен әлеуметтік кызметкердің жүргізетін жұмыстарының ерекшеліктері

6 июня, 2018 18:51

 

Жосапары

  1. Делинквенттік топтар ерекшеліктері
  2. Терроризм, экстремистік топтар және оларды алдын-алу

І.Делинквенттік топтар ерекшеліктері мүшелеріне  тән: лидерді сынамау, ұйымдасқан қылмыстың иерархиясында өсуге ұмтылу, арсыз болу, қылмыс жасағанда қатігез болу, еңбексіз табылған табысқа өмір сүруге дағдылану, қылмыс жасау арқылы арам-тамаққа үйрену. көптеген делинквентті жастар тобы алғашқыда бос уақыттарын өткізуге біріккен бейресми топтардың қылмыстық әрекеттер жағына ауысып кетуінен құрылады. Мұндай өзгеріп кетудің механизмдері бірнеше факторлардан болады: күш көрсету, зорлық көрсету арқылы өзінің «күшті екенін» дәлелдеу арқылы қарама-қарсы қоюы; топтың бос уақытын өткізуге ақша тапшылығын қарапайым жолдар арқылы — зорлық көрсету, қылмыс жасау арқылы табу және т.б.
Делинквентті тәртіп (лат. бейсШт -құкықбұзушы) — мінез-құлқындағі теріс қылықтардың шектен шығуы қылмыстық жазалатын әрекет. Жастардың делинквентті тобы — қоркыту арқылы және криминалды кіші мәдениет бойына сіңірген, ұйымдастырушылық шеберлігі бар қылмыстық лидердін құкыққа қарсы әрекеттір жасау үшін құрған бейресми топтар. Жастардың делинквенттік топтарының қалыптасуы мекен жайға немесе оқу орнына байланысты аяқ астынан, немесе жастар ортасына қылмыс әлемінен әдейілеп енгізілген адамдарды жатқызуга болады. Мұндай топтардың қалыптасуына жастар ортасындағы әртүрлі әлеуметтік аутсайдерлердің пайда болуы әсер етеді. Жас адамның делинквентті топқа кіруінің міндетті талабына оның өзіне тән, ерекше «ұрылар» дәстүрін, салттарын, жаргон тілінен тұратын криминалдық кіші мәдениетті меңгеру болып табылады, сол арқылы топка енуші әлеуметтік тиымдардан босатылады, оған басқа адамдарға қатысты өзінің ерекше жағдайы туралы түсініктер беріледі. Делинквентті кіші топтағы- Әлеуметтік қызметкер тарапынан ерекше әсер етуді бейресми бірлестіктердің дәстүрлі емес, деструктивті, «тоталитарлы» діни секталар сияқты өздеріне тән түрлері қажет етеді, себебі олардың әрекеттері адамдардың, әсіресе жастардың саналары мен моральдық құндылықтарына қарсы қылмыс жасауға бағытталған.

Деструктивті, тоталитарлы секталар — өз мүшелерін тарту және ықпал ету үшін, олардың сезімдерін, ойларын, мінез-құлықтарын бақылау үшін, секта лидерінің өз мақсаттарына жету үшін шектен тыс айлалы әрекет әдісін колданатын секталар.

Қазіргі кезде республикада 400-ге жуық діни бірлестіктер бар, олардың З тен 1 бөлігі юстиция органдарында тіркелмеген. Елімізде кең тараған секталарға — «Сознание Кришны» Қоғамы, елімізде 10 жылдан артық әрекет етеді, ең ірісі Алматы қаласында орналасқан; «Белое братство» Қазақстанда 1994 ж бері өмір сүруде, құрамында 1500 адам бар; «Адвенисты седьмого дня» жүзге тарта қауымдастықтар мен топтары бар; Алматы, Оңтүстік Қазақстан Маңғыстау облыстарында, үйымдасқан әрекеттері жасырын жүріп жатқан, ваххабиттердің діни қауымы эрекет етеді.

Дәстүрлі діндер бойынша секта — адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған — жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық үлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «зекта» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Бекта» сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «зесаге» — кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «зециі» — ізіне түсу (кандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.

Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамаларының шет елдерден айырмашылығы — Республикада діни ағымдар мен топтардың, олардың Деструктивті бағыттағы қызметін көре тұра, «секта» ұғымының қандай да бір белгісіне анықтама бермеуінде. Дегенмен, азаматтарды өз қатарына күштеп тарту және алаяқтык жолмен физикалық және психологиялык қысым көрсететін діни ұйымдардан азаматтарды қорғау мақсатында 2006-2011 жылдардағы азаматтық қоғамның дамуы жөніндегі Концепцияда қолданылады.

БАҚ-да жарияланатын, әдебиеттерде, дін проблемасына арналған материалдарда «секта» ұғымының негативті мағынасы кеңінен қолданылады Бірак, БАҚ-да колданылатын терминологияда бұлай деп тануға заңдық тұрғыда еш негіз жок.

2.Терроризм, экстремистік топтар және оларды алдын-алу

Деструктивті діни ұйымдар (миссия, шіркеу, діни бірлестіктер, одан әрі -ДДҮ — бұл сананы әртүрлі әдістер аркылы бақылай отырып, тұлғаның физикалык және психикалық жағдайының бұзылуына әкеп соғатын, сондай-ак, отбасының қоғам мен мемлекеттің жойылуына ықпал жасайтын тоталитарлык ұйым.

Жас адамдарды сектанттарға «кіргізу» және одан кейінгі сабақтарында «сананы кеңейту әдістері»: медитация, транс, экстаз қолданылады. Кейде есірткілер мен қандай да бір дене жаттығуларын жасаумен (гипервентиляция, гипоксия, ұзақ ырғақты қозғалыстар) арқылы жүзеге асырылады.

Осы әсерлердің нәтижесінде жас сектанттың санасында төмендегідей өзгерістер пайда болады:

еркінің әлсіреуі және өз өміріне бақылау жасауды жоғалту;

инфантильдікке кері қайту;

сектаға жатпайтын адамдармен тіл табыса алмау;

отбасыдан кол үзу;

денсаулық жағдайының нашарлауы;

психикалық жағдайының нашарлауы: мазасыздану, галлюцинация| бағыттан адасу.

экстремизм — жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың атынан іс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;

жеке және (немесе) занды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің   мынадай экстремистік                                             максаттарды:

  • Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құралымдарды құруды, оған басшылык жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмді);- нәсілдік, ұлттық және рулық алауыздықты, соның ішінде зорлық- зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты  қоздыруды (ұлттық  экстремизмді);
  • діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық- зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құкықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдануды (діни экстремизмді) көздейтін іс-эрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауыэкстремистік ұйым — экстремизмді жүзеге асыратын және сот экстремистік деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды түлғалар бірлестігі;

Экстремистік іс-әрекеттер — экстремистік максаттағы іс-эрекеттер жасауға шақыратын жария үндеулерді, экстремистік ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшілікке көрсетуді қоса алғанда, осындай іс- әрекеттерді тікелей іске асыру

Терроризм — [ лат. Іеггог — қорқыныш, үрей] — саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. «Террор» ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде «әлсіздің» тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм — ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және коғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалык конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX г. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, занды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлык-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының эәбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың аұылға қонымсыз идеяларының бұғауында калдырды. XX ғ. соңында терроризм казіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы «Қызыл бригада» және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы Кызметтер күшіне сүйенеді.Саяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды ұрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін ұұрал ретінде қолдану.

Реабилитация процесінің табыстылығын анықтауда отбасы мен жакындарының колдауы өте маңызды фактор болып табылады. Сондықтан «сектадан шығуға кеңес берушілердің» ойынша оларға қосымша отбасылық терапия түріндегі көмек қажет екен. Отбасылық терапия кезінде жас сектанттың ата-аналары олардың ұлы немес қызының дәл қазір кандай қажеттілік пен тілегін білуі керек. Яғни, деструктивті топтан шыққан жас адамдарға мамандар — кеңес беруші психологтар, терапевтер, әлеуметтік қызметкерлер тарапынан ғана емес, отбасы, жақындары тарапынан да кешенді қолдау мен көмек қажет. Жастардың бейресми бірлестіктеріне әлеуметтік қызметкерлердің, әлеуметтік педагогтардың тиімді әсер етуі, оның әрекет етуінің негізі болған топ жайлы толықтай білуіне байланысты, егер оның ерекшеліктерін ескерсе бүтіндей топка әсер ету керек. Егер асоциалдык және антисоциалды бағыттағы бейресми бірлестіктер болатын болса, социомның негізгі міндеті осындай топтан жастың шығуы және жақсы әсер ететін достарды табуға ат салысу.

Экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары

Экстремизмге қарсы іс-қимыл мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

экстремизмнен саөтандыруға, соның ішінде оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және кейіннен жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау;

экстремизмді анықтау және оның жолын кесу;

экстремизмге карсы іс-қимыл саласындағы халықаралык ынтымақтастық.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля