10 января, 2020 23:02
Жоспар
І Кіріспе
Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері……………………………….3-5
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сананың негізгі қасиеттері………………………………………………………………..6-8
2.2. Адамның санасы мен тілі………………………………………………………………..8-11
2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы……………………………………11-15
2.4. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы…………………………………15-20
2.5. Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы………………………………21-27
ІІІ Қортынды бөлім…………………………………………………………………………..28-31
VI Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі…………………………………………………32
Кіріспе
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне қолданады. Ал жануарлар «құралды» тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар «құралды» қажет болар-ау деп тани алмайды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғаиа белгілі бір мәнге ие болады. Олардық заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін: Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінін, бірі — еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде менгереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларынын жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық өзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функциялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрақтылы ойлау дамиды.
Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижесінде болмысты бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне әсер ететін заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай сипаттар — адам психикасының өзіндік тертінші ерекшелігі. Тек адам ғана басынан кешірген окиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына түскен жағдайларға жаңашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді. Табиға тәсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық іс-тердің нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, ақыл-ой сезімін байытады.
Адам психикасының жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелігі сол — жануарлар дүниесінін дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат санасы қоғамның тарихи даму заңдылықтарына бағына-ды. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қалыптастырады. Адам психикасының қоғамдық даму сипатын түрлі себептермен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының жағдайларынан толық аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын, әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдық балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекеттерінен жаңылмайды. Адам баласы адам болып өсуі үшін жарық дүниеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет.
Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялық фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тегі заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адамдар қолға ұқсасалдыңғы аяқтарының кемегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсінуде сана адамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп тіршілік етіп, топтасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған, тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған. Еңбектену әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамнын бас миының жетілуіне зор ықпал еткен.
2.1. Сананың негізгі қасиеттері.
Еңбек әрекеті — қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықта жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасьіп тіршілік етуге, біріне-бір бірлесіп кемектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «өндірістік» қарым-қатынасқа ауысты. Адамның
нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.
Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғағы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы тусінетін болды, сөйтіп, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпақда түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғыр-ланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінін төмен болуына орай алғашқыда ойлаудың да әресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.
Қүрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады. Іс-әрекеттердің буындарға тарамдалуы өндіріс құ-ралдарының түр-турін: шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын денгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінін дамуына да пайдалы, әсерін тигізеді. Осы орайда, К. Маркстің адам табиғатқа әсер ете отырып, өз табиғатын да дамытады дейтін пікірі — өте дұрыс қағида. Адам мен табиғат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерінік зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз қажеттерін өтейтін заттарды өңдіріп, іске жарату процесінде адам өзінің бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың, дамып жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Дене: мүшелері әр алуан қимылды козғалыстар үстінде өзгерістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың атқаратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып, анамомиялық өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтың, білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшаң козғалатын болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атқарумен «бірге» адамның таным құралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілдіре тжеті. И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет атқаруына баса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын.
Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, турлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік ссзіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ған емес. Оның еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамнын бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдын ас күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетіліп адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.
Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органынын дамуын әсеріш тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық әресін кеңейтеді. Сөйтіп, оның сезіну қызметінін өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінін арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекетін реттейтін орталықтын жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенін сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі — адамнық еңбек әрекетінің жемісі. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы — олардың дыбысты тілі, жетіліп, адам сана арқылы болмыстың: шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары жетіле түсті.
Тарихи даму проиесінде екі шешуші фактор — еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді.
Сана— психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол тек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет.
2.2. Адамның санасы мен тілі.
Тілдің пайда болуы — адамныңда болуы адамның күрделі құрылымды саналы әрекетін қалыптастыратын екінші шарт. Сыртқы әлем нәрселері, олардың әрекеттері, сапалары, өзара қарым-қатынастары белгіленетін белгілер (символдар) жүйесін тіл деп түсінген жөн. Сөйлемге біріктірілген сездер — адамға ақпаратты сақтауға, беруге және басқа адамдардың тәжірибелеріп меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі қатынас сүралы болып табылады. Тілдің шығу тегі туралы сауалдар көптеген болжамдар мен теориялардың тақырыбы болды. Кейбіреулер оны рухани өмірдің көрінісі деп санап, оның «құдайдан келгенін» айтты. Басқалары тілді жануарлар элемінің эволюциясынан шығаруға тырысты. Бірақ тілдін шығу мәселесінің ғылыми шешімін — адам тарихына өтуде алғаш пайда болган қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеу керек.
Тіл алғаш рет адамдардың еңбек ұрдісі кезінде жасайтын қарым-қатынас түрлерінен шықты деп болжауға негіз бар. Күнделікті бірлесіп әрекет жасау, бірлескен еңбек әрекетіндегі нәрселерді білдіретін ақпаратты біреуге беру қажеттілігіне әкелуі сөзсіз. Нәрселердің бұл алғашқы белгілері жай дыбыстар тұрінде болды. Тек бірнеше мың жылдан кейін ғана дыбыстық тіл жекелеген түрде практикалық әрекеттен бөліне бастады.
Заттарды, олардың қимылдарын, сапаларын немесе қатынастарын білдіретін белгілер жүйесі, ақпаратты беру құралы ретіндегі тіл, адамның саналы әрекетінін ары қарай қайта күрылуында маңызды болды. Сондықтан еңбекпен бірге тіл де сананың қальштасуының негізгі факторы болып табылады.
Тілдің пайда болуы адамның саналы әрекетіне үш маңызды өзгерісенгізді:
- тіл сыртқы элемнің заттары мен құбылыстарын жеке сөздер немесе олардың тіркестері түрінде көрсете отырып, бұл заттарды бөліп алуға, оларға зер салуға және есте сақтауға мүмкіндік береді. Тіл қабылданатын элемді еселеп, алынған ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді және ішкі дүниелердің әлемін жасайды;
- тіл сөздері нақтылы заттарды білдіріп қана қоймай, олардың маңызды ерекшеліктерін абстракциялайды, қабылданатын заттарды белгілі бір дәрежелерге жатқызады. Сонымен, тіл арқылы абстракциялау мен қорытындылау үрдістері жасалады. Тіл қарым — қатынас құралы ғана емес, ойлаудың да маңызды құралы болады;
— тіл адамның қоғамдық тарихында жинақталған ақпараттарды беруші негізгі құрал болып табылады. Адамда тілдің пайда болуы жануарларда болмайтын психикалық дамудын мүлдем жаңа түрін тудырады, сананы дамытудың маңызды құралы болып табылады.
Сананың болуы, өзімен бірге еңбек үрдісі кезінде пайда болатын тілдің болуымен ғана байланысты. Бірақ адамның жеке санасынын болуы қоғамдық сананың болуымен байланысты.
Сана адамның барлық психикалық функцияларының жалпы сапасы болып табылатын бейнелеудің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Өзара қатынастағы барлық психикалық функциялардың дамуы, адамда сыртқы элемнің іштей бейнеленуі қамтамасыз етеді.
Психологияны қызықтыратын жеке сананың дамуы мен қальштасуы қоғамдық санамен үздіксіз байланыста болады. Сана — бірлескен психика түрі, адамның еңбек әрекетінде қалыптасуының тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Сана — қоғамдық болмыс.
Сананың төрт негізгі сипаттамасы бөлінеді:
- Сана — қоршаған әлем туралы ілімдердін жиынтығы. Сана құрылымына барлық танымдық үрдістер енеді: түйсік, қабылдау, ойлау, қиял, ес.
- Санада субъект пен объект айырмашылықтарының бекітілуі. Органикалық әлем тарихында тек адам ғана қоршаған ортадан өзін беліп, оған өзін қарсы қоя алады. Тіршілік иелері ішінен тек адам ғана өзін тануға қабілетті, яғни өзінің психикалық әрекетін өзіне бағыттай алады.
- Мақсатты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді. Сана қызметі: әрекеттің мақсатын, онын мотивтерін қалыптастырады, еріктік шешімдер қабылдайды, әрекеттерді орындалу барысын қадағалайды және т.б.
- Сондай-ақ, сана құрылымына белгілі бір қатынастар да енеді.
Тіл — сананың барлық аталған арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен болуының міндетті шарты. Тіл — тарихи-қоғамдық тәжірибені немесе қоғамдық сананы білдіретін ерекше объективтік жүйе екені белгілі. Нақтылы бір адам меңгеретін тіл осы адамның шынайы санасы болады.
Тілдің белгілері жоғары жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Сөйлеу тілінде таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың’ пәрменді жэне нақтылы-бейнелі ойлауынан өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау Дегеніміз — сананың өзегі.
Тіл біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-катынас үрдісінде психологиялык қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
Философ Ю.К.Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас үрдісінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да қалыптасады», — деп атап керсетті.
Тілдің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жинақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінін нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті, жоспарлай алатын болды.
2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.
Неғұрлым қарапайым омырткасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық «бағдарламалары», әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип — жүйке жүйесінің орталықтануы пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып, топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.
Құрттардың жағдайындағы жүйке жүйесінің күрделенуі олардағы неғұрлым жетілген қалыптасудың түрлерін, жаңа өздері игерген мінез-құлық түрлерін байқауға мүмкіндік береді. Мұны белгілі американдык психолог Иеркс көрсетті. Ол құрттарды сол жақ ұшына электр тоғы берілген Тәріздес түтікшеге (қарапайым лабиринт) салады. Экспериментті бірнеше рет қайталаған соң жауын құрты электр соққысынан қашуға және оңға қозғалуға «бейім» болады (150 сынақ). Егер осы төжірибені ұзақ үзілістен кейін қайталаса, «үйрену» екі есе жылдам болады (80 сынақ). Осыдан ганглиозды жүйке жүйесіндегі мінез-құлықтың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қалыптасқан бейімділіктерді сақтайды, басқаша айтқанда, жауын құртында естің белгілі бір түрі болады.
Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетін күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. Бұл әсіресе, жәндіктерден көрінеді. Яғни, жәндіктердің күрделі фоторецепторы, кейде мыңдаған жеке ұяшықтардан тұратын, фасетті көз сипатында болады. Ал омыртқалылардың фоторецепторы заттың бейнесін қабылдауға және бейнелегіш аппараттың — хрусталиктің көмегімен бейненің тұнықтығын өзгертуге мүмкіндік беретін, бізге белгілі, біртұтас көз пішінінде болады.
Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді химиялық рецепторлар , дәм сезгіш рецепторлар, вибравдялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиега келеді. Жәндіктердің мінез-құлық бағдарламаларының қызықтылығы соншалықты, тіпті арнайы қарастыруды талап етеді.
Күрделі бағдарламалардың туа бітуі мен тұқым қуалауы және инстинктивтік мінез-құлық түрінде таралуы, олардын ерекшелігі болып саналады. Бұл бағдарламаларды миллиондаған ұрпақтар қалыптастырады және дене құрылысының ерекшеліктері сияқты олар да тұқым қуалайды. Жәндіктердің туа біткен бағдарламаларының мысалдары өте көп. Олардың кейде күрделі болуы соншалықты, тіпті кейбір зерттеушілер оларды саналы мінез-құлық мысалы ретінде қарастырады. Мәселен, маса жұмыртқаларын су бетіне салады және де оларды тез кеуіп кететін кұрғақ жерге ешқашан салмайды. Офекс арасы личинкалары қорексіз қалмас үшін жұмыртқаларын жұлдыз құрт денесіне салады. Сондай-ақ тор тоқушы өрмекші жайлы, араның ұяшық жасап, оларды балмен толтырып, бетін торлап тастауы жайлы айтуға болады. Мұның бәрі көптеген авторларға инстинктерді саналы мінез-құлыққа жақындатып айтуға негіз берді.
Бұл мінез-құлықтың жұмбақ түрін этологтардың кейінгі зерттеулері ғана ашты. Олар күрделі іс-әрекеттің артында қарапайым механизмдер тұрғанын, ал инстинктивтік мінез-құлықтың бағдарламалары — бейімделгіш актілердің туа біткен циклдерін іске қосатын қарапайым талаптанулар арқылы пайда болатынын көрсетті. Осылайша, масаның жұмыртқаларын су бетіне салуы судың жылтырауына байланысты, сондықтан суды жылтыраган айнамен алмастырсақ, маса жұмыртқаларын айнаның бетіне сала бастайды. Ал өрмекшінің торға түскен шыбынға ұмтылуы шыбынның қозғалуына байланысты, егер торға камертонды тастасақ, өрмекші оған да ұмтылады.
Сипатталған механизмдер туа біткен мінез-құлық үрдістерін түсінуде айтарлықтай қадам жасауға және мінез-құлықты карапайым сипаттаудан, оныц инстинктивтік түрінің саналы түрінен қаншалықты айырмашылықта болатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық айтылған бақылаулар омыртқасыздарда болатын, туа біткен мінез-құлықтың күрделі бағдарламалары, жануардың тіршілік жағдайын білдіретін қарапайым сигналдар арқылы жүзеге асатынын анық көрсетеді. Мәселен, бал арасының балы бар гүлдерді талғауы кезінде гүлдің түсі сияқты сипат түрлеріне жауап қайтарады. Ара әр түрлі геометриялық пішіндегі суретгері бар қант ерітіндісі құйылған ыдысқа түскенде, үшбұрыш, төртбұрыш сияқты қарапайым пішіндерді әрең ажыратады, ал бес, алтыбұрышты жұлдызша тәріздес пішіндерді тез тауып алады. Бұл зерттеулер араның қажетті пішінді таңдап алуына себепші факторы болып — пішіндердің геометриялық қарапайымдылығы емес, олардың табиғи тітіркендіргіштерге — гүл пішіндеріне ұқсауы болатынын көрсетті.
Осы сияқты нәтижелерді араның түсті ажыратуына жасалған эксперименттер де көрсетті. Олар таза түстерден гөрі, гүл түсіне жақын аралас түстерді тез ажырататыны көрінді. Мұның бәрі мінез-құлықтың туа біткен бағдарламаларын іске қосатын сипаттарды бөліп алудың шешуші факторы болып тіршілік етудің табиги шарттары саналатынын білдірді.
Зоолоттар мен психологтар жасаған зерттеулер туа біткен инстинктивтік мінез-кұлықтын тағы бір маңызды ерекшелігі болатынын көруге мүмкіндік берді. Инстинктивтік мінез-құлықтың туа біткен бағдарламасы тек белгілі бір, тұрақты жағдайларда ғана мақсатты болады. Бұл жағдайларды шамалы «зерттсек, туа біткен бағдарламалар «саналы» мінезі мен мақсаттылығын жоғалтады. Мұны төмендегі мысалдардан көруге болады. Араның бір тұқымында мақсатты мінез-құлықтың қалыптасқаны байқалды. Ол өз олжасын салатын інге кірмес бұрын оны сыртқа қоя тұрып, ін ішінің бос екеніне көз жеткізген соң ғана олжасын енгізіп, ұшып кетеді.
Ара інге кіріп кеткен кезде сырттағы олжаны бірнеше сантиметрге жылжытьш қойса, іс айтарлықтай өзгереді. Бұл жағдайда ара олжаның орнында емес екенің көріп, оны қайта орнына әкеледі де, өзі жаңа ғана қарап шыққан інге кайта кіріп кетеді. Араның бұл мінез-құлқы бірнеше рет қайталана беруі мүмкін. Мұндай бақылаулар бал арасына да жасалады (ұяшықтардың түбін кесіп тастау). Мұның бәрі туа біткен мінез-құлықтың «инстинктивтік» бағдарламаларының механикалық, жанама екенін және өзінің «саналылығын» белгілі бір тұрақты жағдайларда ғана сақтайтынын керсетті.
Жануарлар тұрақты өзгеріп отыратын орта жағдайларына қалай бейімделеді? Олар салатын жұмыртқалар саны өте көп. Дүниеге келген дернәсілдердің шамасы ғана тірі қалады және де тұқым түрін сақтау үшін осы шаманың өзі жеткілікті.
Сонымен инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратьш қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.
2.4. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы
Жануарлардың жер бетіндегі тіршілікке өтуімен тіршілік түрлері де үлкен өзгеріске ұшырайды: қоректенуі қиындайды, орта құбылмалы болады, ал тұрақты түрде өзгеріп тұратын ортаға бейімделу қиындай түседі. Осымен бірге көбею түрі де өзгереді. Әрбір дернәсіл өзіне ұқсайтын 2-3, кейде 5-6 ғана еңдіреді, және жекелеген дернәсілдердің тірі қалуы тұқым түрін сактаудьщ шарты болады. Мұның бэрі жаңа, өзгергіш дара мінез-кұлықтың қалыптасуына биологиялық қажеттілік тудырады. Мінез-құлықтың бұл түрі төменгі омыртқалылардың бастапқы жаратылысында болып, эволюцияның кейінгі сатыларында үлкен орынға ие бола бастайды.
Қоршаған ортаға беймделудің қиындауы, ортаның құбылмалылығына жеке бейімделу мүмкіншіліктерінің, бейімделудің жеке құбылмалы түрлерінің пайда болуы эволюция үрдісі барысында жаңа жүйке аппараттарының қалыптасуына әкеледі. Олар сырттан сигналдарды қабылдап және туа біткен мінез-құлықтың жобаланған бағдарламаларын іске қосып қана қоймай, сонымен қатар алынған ақпараттарды талдап, мінез-құлықтың жаңа құбылмалы дара түрлерін тудыратын жаңа байланыстарды жасайды. Мұндай аппарат ретінде, құрылысы өткен эволюцияның ұзақ жолын білдіретін, бас миын айтады. Жануардың бас миы бір-бірінің үстінде тұратын деңгейлер немесе қабаттар қатарының түрінде кұрылған. Ми өзегінде орналасқан төменгі деңгейлер ағзанын ішкі күйін реттейді және олар жүйке түйіндері (ганглиелар) түрінде құрылған. Төменгі омыртқалыларда көбірек болатын бейімделудің ең қарапайым туа біткен бағдарламаларып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл деңгейлер инстинктивтік әрекегген аз ғана өзгеше болады. Мұндай ми құрылысының мысалы ретінде, инстинктивтік және аз құбылатын мінез-құлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ететін. бақа миын айтуға болады.
Неғұрлым жоғары денгейде ұйымдасқан жануарларда өзек аппаратының үстіне, қабықасты түйіндері мен көне қабыршықтан тұратын, күрделі құрылымдар, ал жоғары омыртқалыларда — көбірек дамитын және төменірек денгейдегі құрылымдарды толығымен қалыпты басқара бастайтын, үлкен жарты шарлардың жаңа қабық құрылымы орналасқан. Қабықасты құрылымдарының аппараттары құстар мен жорғалаушыларда басым бола бастап, кейінірек мінез-құлықтың туа біткен қарапайым түрлерімен байланыстағы дара құбылмалықтың сипатына ие болатын жеке мінез-кұлықтың жұмсақ түрлерін қамтамасыз ететін көне қабыршықтың аппараттары қалыптасады. Олар, әзірше, жануарға туа біткен және оның экологиясынын ерекшеліктерін білдіретін бейімділік әрекеттер түрлерінде болады.
Кейде жануарлар өмірінің қалпын кескіндейтін, өте күрделі туа біткен мінез-құлық бағдарламалары қарапайым ынталандырулар салдарынан болу мүмкіндігін талдау көрсетеді. Мысалы, жаңа туылған жануардың күрделі ему икемділігі, оның биологиялық тіршілік етуін білдіретін әр түрлі сигналдардың салдарынан болады: күшіктің ему икемділігі жұмсақ жүннің ықпалынан, қозыда -шүйдесінің қараюынан және т.б. Бұл мысалдар, бас мидың жоғары бөлігінің аппараттары жүзеге асыратын табиғи мінез-құлықтың негізгі түрлері, жануарлардың тіршілік ету жағдайларының әсерінен эволюция барысында қалыптасқан, туа біткен мінез-құлық бағдарламаларымен тығыз байланысын сақтайды.
Жоғарыда сипатталған аппараттарына, жоғары жарты шарлардың жүйке жүйесінің жоғарырақ деңгейі, дене салмагына байланысты салмағы көбірек орьш ала бастайтын, бас миының жаңа қабығының келесі аппараты бейімделеді:
Кит | арыстан | ит | маймыл | адам |
1/10,000 | 1/540 | 1/250 | 1/100 | 1/40 |
Жануарлардың жоғары жарты шарларының эволюциялық даму өлшемі жануарлардың негізгі мінез-құлықтарының қалпын реттеуде шешуші рөл атқара бастайды. Бас миы қабығының негізгі қызметі, тек қана сигналдарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар мінез-құлықтың қалыптасқан көрнекті бағдарламаларын да іске қосуға, сыртқы ортадан түскен ақпараттарды талдауға мүмкіндік береді және де оның өзгерісіне бейімдейді, осы өзгерістерге сәйкес жаңа байланыстарды қамтып, жаңа құбылмалы-дара мінез-құлықты қалыптастырады.
Жоғары омыртқалылар эволюциясының соңғы кезеңдерінде қуатты дамитын бас мидың үлкен жарты шарларының қабығы экологиялық жағдайлардың тікелей эсер етуінен қалыптасады. Сонымен бұл — ақпаратты талдау мен жинақтаудың құрделі түрін қамтамасыз ететін аппарат және дара-құбылмалы мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі мүше. Бас миынын қабығы арқылы іске асырылатын дара — құбылмалы мінез-құлықтың механизмі инстинктивтік мінез-құлық механизмінен айтарлықтай күрделі. Нәтижесінде жануарлардың орта жағдайларына белсенді бейімделуіне ынталануларының бірі қоршаған ортадан бөлініп, жануардың қажетті мақсатқа жетуіне және төніп тұрған қауіптен сақтануына себепші болатын — мінез-құлықтың жаңа бағдарламалары мен жаңа байланыстарының пайда болуына әкеледі.
Жануардың құбылмалы-дара мінез-құлық түрлерін жағдайлар және олардың қалыптасу кезеңдерін сипаттау қызықтырады. Осындай мінез-құлық түрлерінің пайда болуыныц шарпары мен кезеңдерін кептеген зерттеушілер тиянақты зерттеген, бірақ олар жануар қажетті мақсатына қалай жетіп және мінез-құлықтың қандай жолдармен пайда болатынына ғана ерекше көңіл аударған.
Осы мәселелерді шешу үшін зерттеушілер «бейімділікті жасау» деп аталатын әдістемесін қолданды. Жануар темір торға салынып, тамағы одан қоршауланып (мәселен, ілгекпен жабылған есік арқылы) қойылады. Есікті ашу үшін жануар басқышты басуы немесе аяғьшен ілгекті қозғауы керек. Ал басқа бір әдістің мәні мынада: жануар ұшына жем (мақсат) қойылған күрделі лабиринтке жіберіледі. Зертгеуші жануардың жалған жолдардан етіп, максатка жеткізетін кажетті жолды тапқанын байқаған.
И.П.Павлов қолданған «классикалық шартты рефлекстер» әдісінен күрделі бейімделулерді қалыптастырушылар немесе «аспапты шартты рефлекстер» эксперименттерінің айырмашылығы мынада: жануардың олжалы немесе олжасыз болуы оның белсенді әрекеттеріне, басқаша айтқанда, жасаған ұмтылыстарының сипатына байланысты болады. Бір жағынан, жануардың мінез-құлқының жаңа құбылмалы — дара түрінін болуын зерттеу әдісі, жануардың мінез-құлқының белгілі бір түрлерің зерттеу кезіндегі И.П.Павловтың әдісінен тиімді болды. Екінші жағынан, бұл әдіс өзінін физиологиялық айғағы бойынша тиімсіз еді.
Осыған байланысты жануар алдындағы міндеттердін шешілуіне әкелетін мінез-құлықтың құбылмалы — дара түрлерін тудыратын механизмді әр түрлі зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді. Кейбіреулері (Э.Торндайк, Д.Уотсон), жануарды мақсатқа жеткізетін мінез-құлықтың жаңа түрлерін, жануарға есікті ашып тамақты алуға мүмкіндік беретін кездейсоқ қозғалыстан, ретсіз сынақтар мен қателіктер салдарынан пайда болады деп санады. Мұндай кездейсоқ қозғалыстарды қолдау және бірнеше рет қайталау ұқсамайтын қозғалыстарды ығыстыруға, ал сәттілерін бекітуге әкелді.
Басқа ұстанымдағы авторлар тобы мәселелердің шешілуінің сәтті тәсілдерін тудыратын ережелерді қарастырды. Э.Толмен, К.Креч және басқалар, мәселені шешуғе тырысатын жануардың қозғалысы ауытқы, кездейсоқ сипатта болмайды және жануар мақсатқа жетуге тырысып, жағдайды талдап, қозғалыстың қажетті бағытын таңдау кезінде, бейімделу әрекеті үрдісінде пайда болады деп санады.
Осының салдарынан мақсатқа бағытталған жануардың ұмтылыстары азаяды және мақсатқа қажетті қозғалысты реакциялардың пайда болуына әкеледі. Мақсатқа талпынушы жануардың мінез-құлқының күрделі бағдарламалары кейде кездейсок емес, жаңа жағдайларға белсенді бейімделуі кезінде пайда болуын американдық зерттеушілердің бірнеше бақылаулары айқын көрсетеді.
Бұл айғақ күрдслі лабиринт ішіндегі жануардың (атжалманның) қажетті жолды іздеуі кезіндегі әрекеттерін талдау барысында тіркелді. Зерттеу лабиринт ішіндегі жануардың ұмтылыстары кездейсоқ болмай, ыақсатқа жалпы бағытталатынын көрсепі. Сондықтан, лабиринтта бір рет жетістікке жеткен жануар, үлгіге кері бағытта орналасқан лабиринт тығырықтарына қарағанда, керсетілген жол бағытындагы лабиринт тығырықтарына жиірек кіреді. Сонымен. лабиринттегі жануар қозғалыстары кездейсоқ сипатта болмайды, яғни орта жағдайына белсенді бейімделудің нәтижесі болып табылады.
«Латенттік үйрету» деп аталатын эксперименттер осының айғағы болады.
Американдық зерттеушілер эксперименггерінде лабиринтті етіп шығу мақсатымен салынған жануарлардағы бейімделудің жылдамдығы, лабиринт бойымен жай ғана жұруге және лабиринт жағдайына бейімделуге мүмкіндік берілген, жануарлардың бейімделу жылдамдығымен салыстырылды. Бұл мынаны керсетті: бірінші топтағыта қарағанда, екінші топтаты жануарларда қажетті бейімділілік тезірек қалыптасты. Мұның бәрі, арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қалыптасқан қозғалыс бағдарламаларының, рефлекстердің механикалык тізбегі емес, бейімделу әрекеті кезіндегі жануарда қалыптасатын күрделі динамикалық үлгілер болып табылатынын көрсетеді.
Омыртқалылардағы бейімделу әрекетінің мұндай жаңа түрлерінің қалыптасуына екі ерекшелік тән. Біріншісінің мағынасы мынада: бейімделуді немесе ізденуді белсенді қозғалыстардан бөлуге болмайды және мұндағы қажетті қозғалысты табу, қозғалыс бағдарламасын орындауға себеп болмай, сынақ қозғалыстарының орындалуы кезінде қальштасады; екіншісінің мағынасы: жануарлардың бейімделу әрекетгері сияқты жоғары деңгейде жасаліан мінез-құлықтың жаңа түрлері де жануар тіршілігінің ерекшелігімен тығыз байланыста болатын мінез-құлықтың табиғи түрлеріне тәуелді болады. Мәселен, шөп қореқті жануарлардың (сиыр, қой) бейімделу әрекеті шектеулі енжар сипатта болады және әрекеттің құбылмалы — дара жаңа түрлері баяу қалыптасады. Керісінше, табиғи жағдайдагы жыртқыштардың (жыртқыш құстар, түлкі) бейімделу әрекеттері белсенді ізденістер түрінде болып, кұбылмалы жагдайга сэйкес келетін мінез-кұлықтың жаңа түрлері анағұрлым тезірек калыптасады.
Туа біткен мінез-күлық бағдарламаларының құбылмалы-дара жана эрекет түрлерімен мүлдай тыгыз байлаиыста болуы аталған даму кечеціндегі жоғары омыртқалылардың да мінез-құлкқна тән.
2.5. Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы
Эволюция баспалдағының шыңындағы омыртқалыларда «интеллектуалдық» мінез-кұлық деп атауға болатын мінез-құлықтың жаңа құбылмалы-дара түрлері пайда болады. Сонғысының ерекшелік мәні мынада: тапсырмаларға бсйімдслу, қозғалыс сынақтары болмай, мәселе шешімінің үлгісі қалыптаса бастайтын олардың қосымша алғы шарттары болады. Бұл уақыттағы қозғалыстар аталған күрделі әрекеттің орындаушы бөлігі ғана болады. Сонымен, эволюцияның жоғары кезеқдерінде ерекше күрделі мінез-құлық түрлері қалыптаса бастайды. Олардың күрделі кұрылымына мыналар енеді:
- мәселе шешімінің нүхқасын жасауға әкелетін бейімделуге бағытталған зерттеуші әрекет;
- мақсатқа жетуге бағытталған мінез-құлықтың құбылмалы бағдарламаларын қалыптастыру;
— орындалған әрекеттерді бастапқы ниетпен ұштастыру.
Жануарладың мінез-құлқының бұл түрін екі маңызды құбылыс ерекшелейді: экстраполяциялық рефлекс және естін күрделі түрлерінің дамуы. Кейбір жануарлар мінез-құлқынан олардың заттың тікелей қабылдануына бағынбай, оның қозғалыстарын қадағалап, күткен объектінің орын ауысуына бейімделуі эксперимент жузінде анықталған. Экстраполяциялық рефлекс құбылмалы-дара мінез-құлықтың жоғарырақ интеллектуалдық түрлерін қалыптастырудағы маңызды бастаулардың бірі болып табылады.
Интеллектуалды мінез-құлықтың қалыптасуының маңызды шартын тудыратын екінші бастау болып, қабылдаудың өспелі күрделілігі мен естін беріктігі саналады. Бұл айғақты кейінге қалдырылған реакциялар эксперименттері анық көрсеткен. Жануарды байлап, оның көзінше жәшікке жемді салады. Аз уақыттан кейін жануарды босатады: егер оның есінде із сақталса, онда ол жәшікке жүгіреді, егер сақталмаса, ешқандай әрекет жасамайды. Әр түрлі жануарлардағы бейнелі есте сақтаудың ұзақтығын мысал үшін көрсетейік:
атжалман — 10-20 сек. дейін
ит 10 мин. дейін
маймыл — 16-48 сағ.дейін.
Жоғары жануарлардың (маймылдардың) иителлектуалдық мінез-құлқын жүйелі түрде зерттеулерін белгілі неміс психологы В.Келлер бастады. Мінез-құлықтың бұл түрін зерттеу үшін, Келлер маймылдарға мақсатқа тікелей жетуге мүмкіндік бермейтін, қиын жағдайлар жасады. Маймыл тамағын алу үшін не айналмалы жолды пайдалануы, не бұл мақсатқа арнайы құралды қолдануы керек болды. Мәселен, маймылды үлкен темір торға кіргізіп, оның жемін сыртқа, қолы жетпейтін жерге қояды. Оны ол тек тордын артқы қабырғасындағы есік арқылы ғана ала алатын болады.
Келлер жасаған зерттеулер келесі көріністі байқауға мүмкіндік берді. Алдымен, маймыл тамақты тікелей алғысы келіп, оған қарай созылады немесе секіреді. Содан соң маймыл бұл табыссыз ұмтылыстарды тоқтатып, қозғалмай отырып, жағдайды бақылай бастады. Мәселе шешімі тікелей болатын сынақтар кезеңінен бакылау ұмтылыстары жағдайларының кезеңіне ауысып, маймылдың козғалысы алдын ала жасалған «шешім жобасының» орындалуы ғана болады.
Жануарлардың тапсырманы интеллектуалды тұрғыда шешуге қалай келетінін түсіндіру өте қиын және бұл үрдісті әр түрлі зерттеушілер әр түрлі сипаттайды. Кейбіреулері маймылдың мінез-құлқының бұл түрлерін адам интеллектісіне жақындатуға болады деп санап, оларды шығармашылықтың ашылу құбылысы түрінде қарастырады. Австриялық психолог К.Вюлер, маймылдың құралды қолдануын алдынғы тәжірибелерден (ағаштағы өмір сүретін маймылдар жемісті алуы үшін бұтақты тартуы керек болған) өтуінің нәтижесі ретінде қарастыру керек дейді. Қазіргі кезеңдегі зерттеушілердің пікірі бойынша, интеллектуалдық мінез-құлықтың негізін жеке заттар арасындағы күрделі қатынастардың көрінісі құрайды. Жануарлар заттар арасындағы қатынастарды ұғынып, осы жағдайдың нэтижесінен басым бола алады. Маймылдардың мінез-құлқын бақылаған И.П.Павлов олардың интеллектуалдық мінез-құлқын «қолмен ойлау» деп атады.
Сонымен жоғары сүт қоректілерге тән интеллектуалдық мінез-құлық өзінің ерекше жоғары дамуына адам тәріздес маймылдарда жатады. Ол тек қана адамға тән, мүлдем басқа, жаңа типтегі психиканың дамуы тарихы — адам санасынын даму тарихы басталатын психиканың жоғары даму шегін білдіреді. Біз байқағандай, адам санасы тарихының алдын жануарлар психикасының күрделі әрі ұзақ даму үрдісі құрайды. Бұл жолдың негізгі кезеңдері мен оның заңдылықтарын анық көруге болады. Жануарлар психикасының дамуы олардың биологиялық эволюция үрдісі кезінде болып, осы үрдістің жалпы заңдылықтарына бағынады.
Сонымен жануарлардың күрделірек ортаға бейімделуі қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім мушелерінің бөлінуіне әкеледі. Осының негізінде ортаның жекелеген ерекшеліктерін бейнелеу қабілеттілігі — қарапайым сенсорлык психика пайда болады. Жануарлардың жер беті тіршілігіне өтуі және (осының нәтижесінде) бас миы қабығының дамуына байланысты болатын перцептивтік психика — жануарлардың біртұтас заттарды бейнелсуі пайда болады. Мидың, қабылдау мен әрекет жасау мүшелерінің аса жетіле дамуына әкелетін тіршілік шарттарынын қындауы, жануарларға заттардың объективтік қатынастарын заттар жағдайлары түрінде сезіне қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен психиканың дамуы жануарлардың ортага бейімделуінің қажеттілігімен анықталады және психикалык бейнелеу, осы бейімделу барысында оларда қалыптасатын сәйкес мүшелердің қызметі болып саналады.
Психиканың бірнеше даму сатылары болады. Психиканың қарапайым түрі — жүйке жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа жәндіктер дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші ермек пен тамақтың (ермекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейнелендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тамағының түсі мен иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің қызуына реакция жасайды және т.б.
Тіршілік иесінің, әсіресе жүйке жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделеніп әр түрлі мүшелердің атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ ағзалар қызметінің бірігуі белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді. Бұл әсіресе жүйке жүйесінің жоғары бөлігінің қальштасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық іс-әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.
Барлық сүтқоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сииатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән. Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады. Мәселен, ит өз иесін дауысы, киімі, иісі тағы басқа кептеген белгілері арқылы тани алады. Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей, объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін. Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі, қайтерін білмей, тайқактауы — міне, осыдан.
Жоғары сатыдағы сүтқоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қасиеті тән. Бұлардың ішінен, әсіресе маймылдар, бәрінен бұрын антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдарды айту керек. Олардың миы мейлінше дамыған, өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі. Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды. Маймылдар тек ғана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей өзін біріктіру арқылы бейнелеп коймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады. Зоопсихолог Ю.Войтонис атап көрсеткендей, маймылдардың осындай қабілетке ие болуы — бағдар-зерттеу рефлексі күшті дамығанына байланысты болады. Өйткені бұл рефлекстер олардың өзіндік қажеттеріне айналып кеткен. Академик И.П.Павлов Роза дейтін антропоид маймылдың әрекеттерін бақылай келіи, «ол ақыл-ой жаттығуларынан көрі асқазан рахатын бірінші кезекке қояды» деп атап көрсеткен еді.
Байқампаздық маймылдарды заттар арасындағы байланысты «ашу» деңгейіне итермелейді. Ми жарты шарлары қыртысының дамуы тұтас жағдайларды және заттар арасындагы бір жағдай төңірегінде болатын сан қилы байланыстарды бейнелей алуға мүмкіндік береді.
Павловтың атап көрсеткеніндей, маймылдардық ойлау қабілеті бар. Олардың ой түюі нақтылы, бірден іс жүзіне асады. Әрине, бұл маймылдар сөйлей алмайды, сондықтан танып білген нәрсесін жадында сақтау, болмыстан бір ауық алшақтап, абстракты түрде ойлау арқылы қайта қалпына келтіру мүмкіндіктері жоқ.
Сонымен, маймыл тамақты жеу алдында шөлін қандырып алу үшін бешкедегі суды пайдаланды делік. Алайда, егер бөшкені басқа жерге ауыстырып, ал тағамды соның жанындағы келшікке, тақтай үстіне тастасаң, маймыл тағамның айналасындагы суды ішпейлі жанындағы тұрған бөшкеге ұмтылады. Демек, оның жалпы су туралы ұғым жоқ, тек ғана бөшкедегі сұйықтың шел қандыратындығы туралы ғана мағлұмат бар. Маймылдар үйір-үйір болып жүріп өмір сүреді. Әр үйірдің басында шектеусіз билікке ие және ерекше артықшылық жағдайдағы бастаушысы болады. Маймылдар арасында белгілі бір дәрежеде ынтымақтастық қатынастар болады: олар бір-бірінін жүніндегі қоқысты тазалайды, ауа райынын қолайсыз кездерінде бір-бірін жылытады, жауларына бірлесе қарсы тұрады, қауіп төне қалғандай болса бірге қашып қулылады.
Бастаушының іс-әрекеті өзгелері үшін белгі ретінде ұғынылуымен бірге қауіптен сақтандыратын немесе маймылдардың өзара көніл-күйін білдіретін дыбыстық белгілер де болады.
Ғалымдар сонғы ондаған жылдардан бері дельфиндер тіршілігіне баса назар аударып келеді, дельфиндерді психикалық-жүйкелік жаратылысы жағынан жоғары дамыған жануарлар қатарына жатқызуға болады екен. Неміс физиологы М.Тидеман дельфин миының даму дәрежесіне тавданғандығын айтқан болатын. Мұндай даму дәрежесі дельфинді адам мен орангутангтардан кейінгі үшінші орынга қоюға, сейтіп онын ақыл-ой қабілетінің де сол деңгейде екендігін топшылауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамның миы орта есеппен 1,4 килограмм болса, дельфиннің миы — 1,7 килограмм, ал ми қыртысындағы иірімдер адамның миындағыдан екі есе көп.
Ғалымдардың бақылаулары мен арнайы тәжірибелері дельфиндерде шапшаң қабылдау және «ойлау» қабілетінің бар екендігін дәлелдеп отыр. Ағылшын зерттеушісі Д.Лиллидің айтуына қарағанда, өте шапшаң есептейтін кибернетикалық қондырғының көмегінсіз дельфиндердің психикалық іс-әрекетін зерттеу мүмкін емес.
Швейцария профессоры А.Портман, адам мен жануарларды интеллектік сынау әдісімен зерттей келіп, мынадай деректерді жариялады: адам 215 балл алған (бірінші орын), дельфин — 190 балл (екінші орьш), піл үшінші, ал маймыл төртінші орынды иеленген.
Дельфин тәртіптің, дағдының кез келген туріне өте тез және оңай үйренеді, баулуға көнбіс келеді. Олардың қатынасқа үйірлігі мен дыбыстык белгілерінің сан қырлылығы тән қалдырады. Дельфиндер бір-біріне ұдайы көмектеседі, мәселен, жаралыларын сүйемелдейді. Дельфиндердің суға батқан адамдарға көмекке келуінің талай-талай мысалдары кездесіп қалып жұр. Сонымен, интеллектік мінез-құлық жоғары дәрежедегі дамыған жануарларға, яғни маймылдарға, дельфиндерге, пілге тән. Жануарлардың интеллектік мінез-құлық әрекеті адам санасы қалыптасуының алғы шарты болып табылады.
Мұлдем басқа ерекшеліктермен сипатталатын дамудың мүлдем басқа түрін адам психикасы — адам санасы білдіреді. Психика дамуын басқаратын заңдылыктардың өзгеруі салдарынан адам санасының пайда болуы — оның басты ерекшелігі болып саналады. Егер жануарлар әлемі тарихында психика дамуынын заңдылықтарына бағынатын жалпы заңдылықтар болып биологиялык эволюция заңдылықтары саналса, адам психикасының дамуы тарихи қоғамдық заңдылықтарға бағына бастайды.
Қортынды
Өмірдің дамуы жануардың физикалық құрылымының өзгеруіне және оларды қоршаған болмыстарды бейнелеу қызметін атқаратын мүшелердің пайда болуына әкеледі. Бұл қызметтің сипаты неге тәуелді болады? Бұл қызмет неге кейбір жағдайларда, мәселен, жеке қасиеттердің бейнеленуі түрінде, ал басқа жағдайларда — біртұтас нәрселердің бейнеленуі түрінде болады? Бұл жануарларды қоршаған ортамен байланыстыратын жануар әрекетінің объективтік құрылымына тәуелді болады. Тіршілік жағдайлары өзгергенде, жануардың құрылымы мен әрекеті де өзгереді, осылайша, психикалық бейнеленудің жаңа түрін тудыратын, қайта қалыптасқан мүшелері мен олардың қызметтерінің қажеттілігі пайда болады. Жануарлардың психикасын қарастыра отырып, біз алдымен, онын түрлері арасындағы айырмашылықтарды атап көрсеттік. Енді жануарлардың сапалың айырмашықтары мен әрекетгерін және олардың психикасын адам әрекеті мен санасымен байланыстыра қарап, осы әр түрлі формаларды сипаттайтын ортақ нәрсені анықтау керек.
Жануарлардың барлық әрекеттерінің адам іс-әрекетінен бірінші айырмашылығы мынада: ол тікелей биологиялық әрекет. Басқаша айтқанда, жануар әрекеті тек затқа, биологиялық кажеттілікке ғана қатысты больш, табиғатқа инстинктивтік, биологиялық қатынастары шеңберінде қалады. Бұл — жалпы заңдылық. Осыған байланысты жануарлардың қоршаған болмысты психикалык бейнелеу мүмкіншіліктері де олардың биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын нәрселердің қасиетгері мен ерекшеліктерінен ғана тұратын болғандықтан, бул мүмкіншіліктер шектеулі болады. Сондықтан, адамға қарағанда, жануарларда болмысты объективтік нәрсе ретінде бейнелеу болмайды. Сонымен қоршаған болмыстың кез келген нәрсесі, жануарға, оның инстинктивтік қажеттілігімен бірге көрінеді. Жануар нсихикасының адам санасынан айырмашылығының мәні, ол жануарлардың өзі сияқтыларға қатынасы олардың басқа сыртқы объектілерге қатынасынан өзгеше болмайды, яғни жануарларда қоғам болмағандықтан, бұл қатынастар да олардың инстинктивтік-биологиялық қатынастарына жатады. Кейбір авторлар жануарларда еңбек бөлінісі болады деп санай отырып, ара, құмырсқа және басқа «қоғамдық» жануарлар өмірлсрінен мысалдар келтіреді. Ал адам өмір тіршілігінде еңбектің маңызы зор екендігі бәрімізге мәлім. Өткені, еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалык жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек — адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Еңбек арқылы сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Адам өзін-өзі танып, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.
Адам еңбектің кемегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертпей, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дамиды. Қоғамдық өндіріс қажеттіліктерді қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа кажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады. Жануарға қарағанда, адам құралдарды пайдаланып қана қоймай
оларды жасайды. Құралдарды жасау алғашқы адамның әрекетін түбегейлі өзгертті. Құралды жасау жұмысы тікелей биологиялық мотив (қоректі қажет ету) тудыратын жай әрекет қана емес: принципі бойынша ол мағынасыз, ештеңемен анықталмай, құралды аңшылыққа қолдану арқылы мағынаға ие болады. Басқаша айтқанда, ол орындалатын әрекетті білумен қатар құралдың келешектегі қолданысын білуді де талап етеді. Ол құралдың жасалуынын негізгі шарты бола тұрып, сананың алғашқы көрінісі деп аталуы мүмкін, яғни саналы әрекеттің алғашқы түрі болып саналады.
Құралды жасау әрекеті адамның мінез-құлқының барлық құрылымын түбегейлі қайта құруға әкеліп соғады. Жануардың мінез-құлқы әркашанда қажеттілікті қанағаттандыруға ғана бағытталған болатын. Құрал жасаушы адамнын мінез-құлқының құрылымы күрделі сипатта болады: қажетгіліктерді тікелей қанағаттандыруға бағытталған әрекеттен, кейінірек ғана мағынаға ие болатын, арнайы әрекет бөлініп шығады.
Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор. Қалыптасып келе жатқан қоғамдык сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.
Жануарлардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктеріп олардыц «сөздерінің» өзгешелігі көрсетеді. Бір жануардың басқаға дыбыстар арқылы әсер етуі жануарлардың қарым-қатынасын білдіретіні белгілі. Бұл кезде адамнын сөздік қарым-қатынасын сипаттайтын үрдіс бола ма? Олардың сырттай ұқсастығы болатыны рас. Іштей бұл үрдістер түбегейлі өзгеше болады. Адам өз сөзінде бір объективтік мазмұнды білдіреді және өзіне айтылған сөзге дыбыс түрінде ғана емес, сөзде айтылған ақиқатқа жауап береді. Жануарлардың дауыспен қарым-қатынас жасауы бұдан мүлдем өзгеше болады. Мәселен, топтасып өмір сүретін құстарда топқа төніп тұрған қауіпті білдіретін арнайы дыбыстар болады. Жануарлардың бұл дыбыстарында объективтік нәрсенің тұрақты мағынасы болмайды.
Адам санасының пайда болуы және оның психологиялық сипаты психика дамуының жоғары, жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Санадағы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы — бұл зат болмысының бейнеленуі.
Адамның саналы әрекетінің ерекшеліктері үш түрлі сипатта болады. Бұл ерекшеліктердін біріншісінің мәні мынада: адамның саналы әрекетінін биологиялық мотивтерге байланысты болуы міндет емес. Кейде, адамның саналы әрекеті биологиялық ықпалдар мен қажеттіліктерге бағынбай, олармен үйлеспей, тіпті олардан басым болады (мысалы, батырлық).
Адамның саналы әрекетінің екінші ерекшелігі, бұл жануарлардың мінез құқына қарағанда, оның ортадан алған көрнекті әсерлер арқылы айқындалуы міндет емес. Адам орта жағдайын жануарларға қарағанда әлдеқайда терең білдіреді.
Үшінші ерекшелігінің мәні, ол адамның білімділігі мен іскерлігінің басым көпшілігі оның өзіндік тәжірибесінің нәтижесі болмай, ұрпақтың тарихи-қоғамдық тәжірибесімен меңгеріледі. Бұл адамның саналы әрекетін жануардың мінез-құлқынан түбегейлі өзгеше екенін көрсетеді.
Адам санасынын дамуы әрқашан да жалпы тарихи үрдістің барысына бағынышты болды, оны қоғамдық болмыс, яғни сол қоғамның өмірі белгілейді. Ал бұл өмірдің аса маңызды шарты -материалдық өндіргіш күштердің, оның ішінде еңбек құралдарының даму дәрежесі болып табылады. Мысалы, тас заманындағы адамның санасы қола мен темір құралдар жасап, оларды пайдалана білетін адамдардын санасынан әлдеқайда қарапайым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Немов Р.С. «Психология» Т 1,2,3.
- Алдамуратов Ә. «Жалпы психология». Алматы 1996ж.
- Намазбаева Ж.И. «Психология» Алматы 2005ж.
- Жарықбаев Қ. «Психология» Алматы 1993ж.
- Климов Е. «Основы психологий» Москва 1997ж
- Гуревич П.С. «Психология» Москва 1999ж.
- Бажович Л.И. «Проблемы формированя личночти» Москва 1968ж.
- Стомин В.В. «Самосазнание личности» Москва, МГУ 1983ж.
- Платонов К.К. «Структура и развитие личности» Москва «Наука» 1986ж.
- Гоноболин Ф.Н. «Психология» Алматы. «Мектеп» 1976ж.