12 февраля, 2020 22:52
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………..3
- Кәсіпорынның ақша қорларының экономикалық мәні, мазмұны мен ұйымдастыру негіздері
1.1 Ақша қорларының мәні мен мазмұны…………………………………….……….4
1.2. Ақша қорларын қалыптастыру көздері мен ұйымдастыру негіздері………………………………………………….…………………..………………6
- Кәсіпорынның ақша қорларын бағалау, оларды талдау
2.1. Кәсіпорынның ақша қорларын бағалау……………………………………….… 9
2.2. Кәсіпорынның ақша қорларын талдау….……………………………………….11
III. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ақша қорларын тиімді пайдалануды басқару жолдары
3.1. Кәсіпорынның ақша қорлары тиімді басқару……………….………..…19
3.2. Кәсіпорынның ақша қорларын тиімді пайдалану жолдары…….………. 26
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………..…………………….31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егенмендік алып, елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізді. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлекметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын орта және ірі бизнесті дамту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамуту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңзы бар екендігін білеміз. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономикасы жағдында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мнадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабына аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңнда, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса. Қарастырылып отырған тақырптың өзектілігі кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау мен олардың басқару әдістерін талдау.
- Кәсіпорынның ақша қорларының экономикалық мәні, мазмұны мен ұйымдастыру негіздері
1.1 Кәсіпорынның ақша қорларының мәні мен мазмұны
Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Кәсіпоры қаржысы – еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады.
Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан сфераснда құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның қаржысының негізгі қызметтері:
- бөліп – тарату;
- бақылау.
Қаржының бөліп тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастрылады және пайдаланылады.
Қаржылардың бөліп – тарту қызметінің орындалуы арқасында үзілісіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі.
Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорынның жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорынның жұмысына жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет.
Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады.
Ол өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:
- бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулерге қаржы көрсеткіштері;
- қаржылай ықпалдар.
Егер бұрыңғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорындарды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- қаржылық – шаруашылық қызметтегі дербестік;
- өзін-өзі қаржыландыру және басқару;
- жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
- қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
- қаржы резервтерін жасау;
- қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
- мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
- кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резертік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы мақсатқа жұмсалуы тиіс.
Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.
Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын қаржы қорларын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады.
Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындардың қаржы тәжірбиесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістің, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндетеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады.
Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры жұмыс істеді.
1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылған.
Министірліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыс байланыста:
- контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндірісті қамыту қоры, көтермелеу қорлары және т.б) жөнінде;
- кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалыс қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін бұзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай жарналарын енгізу, бірлесіңп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу және т.б.)
- өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды.
- Сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
- Банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу – кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- Мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану.
- Бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде «тікелей» және «көлденең» өзара байланыста болуы.
1.2 Кәсіпорынның ақша қорларын қалыптастыру көздері мен ұйымдастыру негіздері
Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Кәсіпорынның бірден – бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффиценттерді төменгі үш санатқа топтастыруға болады:
- өтімділік
- пайдалылық
- активтерді басқару тиімділігі
Қаржы ресурсарының құралуы түрлі көдер бойынша жүзеге асырыларды.
Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы- кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар
Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында сақтандыру қорынан түскен төледердің көлемі барған сайын артып отырады, ал түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері азайып отырады.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді.
Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді.
Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді.
Мысалы: белгілі бір кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылылары мына қорлар болып табылады:
- жарғылық
- резервтік капиталдар
- қорлану қоры
- тұтыну қоры
- еңбекке ақы төлеу қоры
- валюталық
- жөндеу қорлары.
Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы:
медициналық сақтандыру қоры,
жекешелендіру қоры,
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Қаржы ресурсарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал жинаған кезіне сай келеді.
Жарғылық капитал (қор) – мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды және материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады.
Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталды) — өндіріс процесінің натуралдық – заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі болып саналады.
Жарғылық капиталдың есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар – материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындадың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
- Кәсіпорынның ақша қорларын бағалау, оларды талдау
2.1. Кәсіпорынның ақша қорларын бағалау
Жалпы кәсіпорынның алған табысының 3/1 бөлігін салыққа және басқа да міндетті төлемдерге төлейді. Ал қалған бөлігін жинақтау және тұтыну қорына береді.
Тұтыну қоры – кәсіпорынның жұмысшыларын материалдық ынталандыруға, ақшалай көмек беруге, басқа да марапаттауларға, еңбек ақысын өсіруге жұмсалады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
- бүкіл қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығындары;
- ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдық қорытындысы сыйақылар;
- еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілген ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
- материалдық көмек;
- еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
- қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
- оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сйақылардан бөлек басқ да жеке сипаттағы төлемдер;
Жинақтау қоры – бұл кәсіпорынның өндіріс көлемін кеңейтуге, негізгі қорларды сатып алуға, басқада ғылыми-техникалық жаңалықтар үшін қолданылады.
Сол мақсатқа жұмсалғаннан соң, олар бірден жарғылық қордың есебіне кіреді.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық ынталандыру және әр түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорын қарамағында қалатын таза табыстың бір бөлігі есебінен құрылады.
Қорлану қоры:
- кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
- негізгі капталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
- шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
- банктердің кредиттері;
- басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға:
- негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
- ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
- табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруғы;
- өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомабиль жолдары, жөндеу, энергетикалық, құрылыс және т.с.с.) салуға үлестік қатысуға;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбек ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қор, сақтық қоры )маңызы зор.
Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді.
Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары мамандандырылған сақтық ұйымдары және мемлекет жасай алады.
Оның мақсаты – шаруашылық-қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығндарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету.
Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқ қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.
Кей жағдайда қордың көлемі шектеледі, мысалы, оның қаржысы бірлескен кәсіпорындарда жарғылық капитал мөлшерінің 25 пайзынан аспауы тиіс.
Қаржы резервінің қаражаты өндірістік және әлеуметтік даму жөнінідегі қосымша шығындарға, жаңа техниканы әзірлеп, енгізуге, меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға жұмсалады.
Кәсіпорынның валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көдерден қалыптасады:
- экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
- жарғлқ капиталға түсетін жарналардан;
- банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
- ішкі валюта рыногінде өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
- резидент еместер көрсететін қаржы көмегі
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады.
Бұл қорларға актвтерге инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағ және т.б нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаржаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда жөндеудің барлық түрлерін, күрделі, орта және ағымдағы жөндеуді орындауғ жұмсалады.
Кәсіпорындардың күрделі жөндеуге жұмсалатын амортизацилық түсімдер жойылған соң жөндеудің барлық түрлерін өнімнің өзіндік құны есебінен қаржыландырады.
Кәсіпорындар жөндеу жұмыстарының шығындарына қарай жөндеу қорына төлемдердің мөлшерлерін өздері белгілей алады. Олардың мөлшері негізгі қорлардың төзуына қарай анқталады.
Жөндеу шығындары ішінара алдағы кезеңддердің шығындарының есебінен жабылуы мүмкін.
Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшылардың алғашқы жарналары амортизациялық аударымдар, пайда жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсаланын инвестициялардың бастапқы көзі болып бюджет қаражаттары, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал атқарады.
Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі қаржы көздері мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Сондықтан, негізгі қорлар мен айналым қорлары кез-келген кәсіпорынның қалыптасуына және дамуына ең қажет бастапқы қаржы көзі болып табылады.
2.2 Кәсіпорынның ақша қорларын талдау
Негізгі құралдар деп ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қыметке біртіндеп, бөліп-бөліп амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстырған еңбек құралдарын, яғни материалдық актвтерді айтады.
Негізгі қорларға – жылжымайтын мүліктер, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы басқалар жатады.
Негізгі капиталдың құрамына бірінші материалды активтер, яғни еңбек құралдарына (негізгі қорларға) аванстық капиталды салымдар кіреді.
Бұл еңбек құралдарының айналымның ерекшеліг өндіріс процесінде олармен ұсталатын құн, кейін тауар құнының бөлігі ретінде айналысқа түседі.
Негізгі капиталдың бөлігі ретінде материалды активтердің айналымы шын мәнінде олардың қызмет ету мерзімі аяқталған кезде, немесе олардың тозған және өндірістен шығарылғандардың орнына жаңа материалды элементердің келуімен тоқтатылады.
Негізгі капиталдың материалды элементтері өндірістен өзінің физикалық тзу уақытына дейін шығарылуы мүмкін.
Оның себебі, еңбек құралдарын моральдық тозуын ескеру қажеттілігі болады.
Бұл негізгі капиталдың материалдық элементтерінің әр түрлі құндық бағалауды қолдануды керек екенін көрсетеді.
Негізгізгі капиталдың құрамына екінші материалды емес активтер кіреді.
Оған натуралды-заттық формасы жоқ, бірақ кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысатын және оған табыс әкелетін активтер жатады.
Атап айтқанда: жекелеген ресурстарды (табиғат, жер, ,имараттарды жалға алу, құрал-жабдықтар т.б. ) пайдалану үшін кәсіпорынның өзі алған құқықтар; өнер туындыларын қолдануға патенттік құн «ноу-хау», техникалық құжаттар түрінде рәсімделген техникалық басқару, коммерциялық т.б. білімдер жиынтғы;
Негізгі капитал – бұл негізгі қорлардың ұзақ мерзімде қалыптастыратын материалды құндылықтар ретінде ақшалай бағасы.
Осыған байланысты негізгі қорлар өзінің құнын өнділетін өнімге біртіндей қосады.
Негізгі қорлар – бұл өндіріс процесінде ұзақ аралығынд қатыстатын және натуралды заттық санын сақтай алатын, сондай-ақ амортизациялық есептеу түрінде төзуы бойынша өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп аударатын өндірістік материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы.
Негізгі қорлар өндірістік жіне өндірістік емес болып бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорларға өндірістік процеске тікелей қатысатын (станоктар, құрал – жабдықтар т.б.) немесе оған дағдай жасайтын (өндірістік ғимараттар, қондырғылар т.б.) негізгі қорлар жатады.
Негізгі өндірістік емес қорлар кәсіпорынның әлеуметтік аяснда қолданылатын негізгі қорлар.
Оларға тұрмыстық, коммуанлдық, шаруашылық, мәдени мақсатты үйлер, ғимараттар, денсаулық және білім мекемелері т.б. қорлар жатады.
Негізгі қорлар тиістілігіне қарай: меншікті кәсіпорындардың балансында көрсетілген; жалдағы, ұзақ және қысқа мерзімдегі шарттар бойынша көрсетілген болып бөлінеді.
Сондай-ақ негізгі қорлар пайдалануына қарай: қызмет етуші негізгі қорлар, консервациядағы және жалға берілген негізгі қорлар болып бөлінеді.
Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді: актив және пассив.
Актив бөлігі ( машина, құрал – жабдық ) өндіріске, өнімнің ( қызмет, жұмыс ) саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
Пассивті бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрайды. Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
- негізгі қордың тозуы;
- амортизация;
- негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;
- капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кез келген негізгі қордың объектілері табиғи және сапалық жағынан тозады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте – бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған ледерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
- өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты;
- өндірістің техникалық деңгейі;
- мамандандыру және т.б.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қор өндірістік процесте:
- натуралды;
- ақшалай нысанды зерделенеді;
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
- негізгі қорлардың техникалық құрамын;
- кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы;
- құрал – жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
- басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
- негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
- амортизациялық аударымдардың есебін;
- дайын өнімді тасымалдау құнын;
- капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажетті-лік.
Негізгі қорды бағалау және есептеу
Негізгі қорды құндық бағалаудың мынадай түрлері бар:
- Қолда бар құрал – жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша бағалау, оларды тасымалдаудағы көлік шығындары және пайдалану кезіндегі құрастыру жұмыстарының құны. Негізгі қор бастапқы құны бойынша кәсіпорынның балансында есепке алынады, сондықтан оны «баланстық құн» деп атайды.
- Қорды толық қалпына келтіру құны және оны дамыған жағдайға келтіру құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалдарды дамыған жағдайға сәйкес, пайдаланудың тиісті параметрлерін сақтауды көздейді.
- Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына келтіру құны бойынша бағалау (қалдық құн). Бұл процестің нәтижесінде техника тетіктері мен құрал – жабдықтардың жоғары өнімділігін және оларды үнемді пайдалану жолдарын қарастыру көзделеді.
Лизинг – техника күштерін ұзақ мерзімге жалға берудің нысаны (3-5 жылға және одан да ұзақ).
Негізгі қордың көрсеткіштерін екі топқа бөледі:
1-топ. Негізгі қорды пайдалану дәрежесі жөніндегі көрсеткіштер:
- қайтарым қорының көрсеткіштері. Негізгі өндірістік қордың мың теңге құнына қанша өнім келетіндігін сипаттайды. Ол мына формула бойынша анықталады:
Қк=Тө/Қо
Тө — таза өнімнің тауарлы немесе атаулы (норма-тивтік) құны, бір жыл ішінде өндірілгені, тг;
Қо – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны, тг;
- қайтарым қорының кері шамасынан өнімнің қор сыйымдылық көрсеткіщін есептеп шығаруға болады, ол негізгі қордың бір өнім өлшеміне шыққандағы құнымен сипатталады ( тенге есебімен) :
Қс=Қо/Тө
- негізгі қордың топтық немес әр түрлі тозу коэффициенті:
Тк=Тк/Қа
Тк – тозу коэффициентін есептеу арқылы, негізгі қордың тозу құны;
Қа – негізгі қор тобының барлық немес жеке түрінің бастапқы құны.
Негізгі қордың құрамы мен құрылым бағалайтын көрсеткіштер:
- негізгі қорды жаңарту коэффициенті:
Қжаңарту=Ққ.е/Қе.қ
Ққ.е – белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қайта енгізілген құны;
Қе.қ – сол кезеңдегі негізгі қордың соңғы құны.
- негізгі қорды қирату коэффициенті:
Ққирату=Ққир/Қбаст
Ққир — белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қираған құны;
Қбаст – сол уақыттағы негізгі қордың бастапқы құны.
- негізгі қордың арту коэффициенті:
К=Қенг— Ққир/ Қбаст
Табиғи тозу коэффициенті:
К=Тнақты/Татаулы
Тнақты – нақтылы қызмет мерзімі, ж;
Татаулы – атаулы қызмет мерзімі (амортизациялық кезең) ж.
Сапалық тозу коэффициенті:
(Қбал-Ққ.қ)*100
Тм1= Қб
Тм2=Қе – Қж * We*Te
Wж*Тж
Қе, Қж – ескі және жаңа құрал – жабдықтардың сапалық жағынан толық бастапқы құны, тг;
We, Wж — ескі және жаңа құрал – жабдықтардың сапалық жағынан жылдық өнімділігі;
Te, Тж — ескі және жаңа құрал – жабдықтардың сапалық жағынан қызмет мерзімі,ж.
Амортизациялық аударым:
Аа=Қб—Қөтімділік
Тқ.м
Қб-Қөтімділік-негізгі қордың баланстық және өтімділік құны, тг;
Тқ.м – негізгі қордың қызметінің мерзімі, ж.
М=А/Қб*100
Көрсеткіштер | Негізгі капитал | Айналым капиталы | ||
Кәсіпорынның меншік капиталы | Негізгі қаражат-тар | Негізгі қор | Өндірістік айналым қоры | Айналыс қоры |
Кәсіпорынның қарыз капиталы | Ұзақ мерзімді міндеттемелер | Қысқа мерзімді міндеттемелер | ||
Айналым капиталының құрылымы мен мәні,
пайдалану көрсеткіштері
Өндірістік айналым қоры – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының арзан бағалы және тез тозатын заттарды есепке алғандағы заттық мазмұны. Мұның экономикалық мәні — өздерінің толық құнын дайын өнімге түгелдей көшірілуімен сипатталады.
Айналыс қоры — өндіріс процесіне тікелей қатынаспайды, алйда өндіріс және айналыс бірлестіктерін қамтамасыз ету үшін қажет.
өндірістік айналым қоры мен айналыс қоры ауыспалы айналым қаражаттарын үздіксіз қамтамасыз етуде тұрақты қозғалыста болуы тиіс. Осыдан авансты құнның тұрақты және заңды ауысым нысаны пайда болады:
- ақшалайдан тауарларға;
- одан кейін өндірісте;
- қайтадан тауарлы және ақшалай.
Қорытындысында айналым қаражатын береді.
Айналым қаражаты — өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын – ала берілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы. Айналым қаражатының қызметі өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем – есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне бұл жағдайда өндірістік айналым қорының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналымын қалпына келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы – ақша, төлем айналымына жалғасады.
Айналым қаражаты ауыспалы айналым прцестеріне қарай:
- өндірістік айналым қоры;
- айналыс қоры;
қалыптастыру көздеріне қарай:
- меншіктік;
- қарыз;
жоспарлау ерекшеліктеріне қарай:
- мөлшерлеу;
- мөлшерлемеу болып бөлінеді.
Кәсіпорын қаржылық қорын анықтағаннан кейін, дербес өндірістік қызметінің мүмкіндіктеріне қарай айналым қаражатының мөлшерін белгілейді.
Ауыспалы айналым үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезеңде – кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын, яғни шикізатты сатып алуға жұмсайды. Ақша қаражаты ақшалай нысаннан тауарлы нысанға, ақша қаражаты айналыстан өндіріске өтеді.
- Екінші кезеңде — өндірістік қор мен жартылай фабрикаттар айналысының нәтижесінде дайын өнім пайда болады.
- Үшінші кезеңде – дайын өнім сатылады, айналым қоры өндірістен айналысқа көшеді және қайтадан ақшалай нысанға айналады.
Бұл капиталдың ауыспалы айналымы деп аталады, оны формула түрінде былай бейнелеуге болады:
Қ.Ж
А-Т ……Ө….Т’ – A’
Ж.К
Мұндағы:
А — капитал;
Т — шикізат;
Қ.Ж — құрал-жабдық;
Ж.К – жұмыс күші;
Ө — өндіріс;
T’ – дайын өнім;
A’ – түсім.
Айналым қаражатының көрсеткіштері:
Айналым қаражатының айналу коэффициенті:
Кайналым=Ө/ Қ
Ө — белгілі бір кезеңдегі сатылу құны (сатудан түскен түсім);
Қ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер сатқаннан түскен түсім бір жылда 2000 млн. теңгені құраса, ал айналым қаражатының орташа қалдығы – 400 млн. теңге болса, онда айналу коэффициенті.
Кайналым= 2000/400=5
Демек бір жылдағы айналым қаражатына салынған әр теңге 5 рет айналысқа түскен.
Айдың ұзақтығы – 30 күн, тоқсан 90 күн, жыл – 360 күн болып есептеледі.
Күн=Т/ Кайналым
Кайналым — айналым коэффициенті;
Т – күннің көрсеткіштерін анықтайтын уақыттың ұзақтығы.
Т=30, 90, 360.
Күн=Т*Қ/Ө
Күн=360/72=5
ал Күн= 360*400/2000=72.
Сонан соң капиталдың орташа тәуліктік айналымын табуға болады:
Тәулік=Ө/Т
осыдан бір күндегі айналым ұзақтығы:
Күн=Қ/Ө
Сонымен қатар айналым қаражаты бекіту коэффициентінің шамасын да анықтайды, бұл айналу коэффициентінің кері көрсеткіші:
Кбекіту=1/Кайналым
Өнімнің материалдық сыйымдылық көрсеткіші:
Мсыйымдылық=М / Өндіріс
Мұнда:
М – шикізат, отын, материал, энергия т.б. шығындар
Өндіріс — өндіріс көлемі.
Бұл көрсеткіштің кері шамасы материал қайтарымы:
Мқайтарым=Өндіріс / М
Айналым қаражатының көлемі өнімнің санына және оның түр – түріне көзделген межеде шығарылуына, нарықтың талабына сәйкес жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Сонымен қатар бұл көлем нормативті запастарды құруда өндіріс шығындарынан артпауға тиіс.
III. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ақша қорларын тиімді пайдалануды басқару жолдары
3.1. Кәсіпорынның ақша қорларын тиімді басқару
Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалануд сипаттайтын баст көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымының көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:
ҚҚ = V / Қ
Мұнда – V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен,
Қ- негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула өндірістік қорды пайдалану деңгейін егже-тегжей талдау үшін пайдаланылады.
Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығынң арасындағы өзара байланысты көрсетеді.
Егер де еңбек қор жарақттанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі.
Өйткені, осы жағдайда ған өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші — өнімнің қор сыйымдылығы. (ҚС)
Қ = ҚӨ
ӨҚ
Мұнда : ҚӨ — жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты боөлігінің құны, теңге,
ӨҚ — негізгі өндіріс қордың орташа жылдық құны, теңге.
Қор қайтарымы көрсеткішінің атруы және өнімнің қор сиымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді.
Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін артыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың ативтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, білікті қызметкерлерді пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффицентін көбейту жолымен қол жетеді.
Айналым капитал – бұл кәсіпорындардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып, өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі.
Өзінің табиғи формасын сақтамайды және өндіріс аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналмалы қорлар екі бөліктен тұрады:
- Өндірістік айналым қорлары;
- Айналыс қаражаттары
Өндірістік айналым қорларына өндіріс қалдықтары (запастар), аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары жатады. Айналыс қаражаттарына дайын өнімдер, жөнелтілген, бірақ ақсы төленбеген тауарлар, банк шотындағы, кассадағы ақша қорлары жатады.
Айналыс қаражаттары меншікт және қарызға берілген айналым қаражаты болып бөлінеді.
Меншікті айналыс қаражаты – кәсіпорындадың ең аз қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздеріне тиесілі қаражаттың бір бөлігі.
Қарызға берілген айналым қаражаты –кәсіпорындардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі.
Айналым қаражаттары әрқашан да қозңалыста болады және ауспалы айналым жасайды. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды.
Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:
- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;
- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану.
Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында кезекті түрде өндіріс және айналыс стадиясына өтеді.
Демек, қорлардың айналым уақыты сәйкесінше өндіріс уақыты және айналыс уақытынан тұрады.
Қорлардың өндіріс сферасында болу ұзақтығы өндіріс уақытын, ал айналыс сферасында болу ұзақтығы айналыс уақытын құрайды.
Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болуының бүкіл кезеңін қамтиды.
Ол үш бөлікке боөлінеді:
- жұмыс уақытын құрайтын тікелей еңбек процесінің уақыты;
- еңбек процесіндегі үзілістер уақыты;өндіріс құралдарының өндірістік запастарда болу процесі.
Айналым қорлары мен айналыс қаражаттарына салынған ақшалар айналым қаржыларын құрйды. Ұдайы өндірістің қызмет көрсету процесі кезінде айналым құралдарының кейбір бөліктері бір уақытта әр түрлі кезеңдер мен әр түрлі айналым формаларында болады.
Капитал салымының – инвестиция формасы ретінде айналым құралдарының бір бөлігі өндірістік қорлардың материалдық жинақтауын білдіреді. Олар кәсіпорын қоймаларында болады және өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа қаражаттармен толтырылып отырады.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгемелі компонентерінің бірі болып табылады.
Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтерне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал – жабдықтары саналады.
Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.
Сақтық қор инвестициясы – фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізеттармен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайына өнімдерді қамтиды.
Инвестициялар тікелей және портфельдік болып бөлінеді:
Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарға салынатын инвестициялар.
Портфельдік инвеситициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да құнды қағаздарды сатып алуын білдіреді.
Айналым құралдарының келесі бөлігі әр түрлі өнім жасап шығару кезеңінде аяқталмаған өндіріс түрінде қарастырылады. Ал
Айналым құралдарының үшінші бөлігі дайын өнім ретінде, сатып алушыларға өткізу және оның орнына жаңа заттармен толтырылады, сонымен бірге бұл тұтынушыларға жіберу үшін ұсынылады.
Айналым құралдарының төртінші бөлігі банк шоттары мен кәсіпорын кассаларында ақша қаражаттары түрінде болады,
Жалақы төлеу, жеткізушілермен есептесу және басқа да мақсатар үшін жұмсалатын шығындар бойынша олар әрдайым жаңа заттармен толтырылып отырады.
Айналым қаражаттарын материалдық және ақша ресурстары құрағанымен оларды ұйымдастыру мен тиімді пайдалану тек қана материалдық өндіріс процесінде ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына да тәуелді.
Айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану — косіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді.
Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар косіпорындардың айналым актиктеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа коздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.
Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізгі болып есептелінеді. Айналым активтерін ұйымдастыруға жататындар:
— айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;
— кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;
— айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
— айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау;
— айналым қаражаттарын сақтау жәнес тиімді пайдалануға жауапкершілік ету.
Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді.
Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі -шикізат, негізгі жәнс қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар майлар, ыдыстар және т.б. қүрылады.
Мысалы, машина жасау өндіріснде, өндірістік цикл ұзақ болады, осыған байланысты аяқталмаған өндірістің үлесті салмағы жоғары. Ал жеңіл және тамақ өнеркәсібінде басты орынды шикізат, материалдар алады.
Сонымен қатар тамақ өнеркөсібінде (мысалы сүт өндіру, сыр жасауда) қосалқы материалдардың, ыдыстардың қоры әлбетте жоғары болады.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көзіне қарай меншікті, қарызды жәнс тартылған түрлеріне бөлінеді.
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген.
Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оны ешкімнің алуға еркі жоқ.
Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға, беруге, жалға беруге еркі бар.
Кәсіпорын алдында тұрған маңызды проблема айналым қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпорын қаржысын жоспарлау процесінде жоспарлау жылының басына айналым қаражаттарының артық немесе жетіспеуін анықтаудың маңызы зор.
Өндірістік айналым қорына жекелеген кұны аз және тез тозатын заттар, аспаптар, арнайы құрадар, құрал-саймандар, ағымдағы жөңдеуге керекті құралдар, арнайы киімдер және т.б.жатады.
Бұл құрал жабдықтар бір жылдан кем уақыт аралығында жүмыс істейді. Кәсіпорындарда бұл сңбек қүралдарының, мыңдаған аттары бар, олардың тозығын есептеу техникалық жағынан қиыншылыққа соқтырады.
Сондықтан, практика жүзінде оларды негізгі қорларға жатқызбай, айналым қорларына жатқызады.
Аталған заттар және еңбек қүралы — айналымдағы өндіріс қоры тобына жатқызылады — (өндірістік қорға).
Одан басқа өндірістік қорға — аяқтнлмаған ондірісті және болашақ ксзендегі шығыстарды жатқызады.
Айналымдағы өндіріс қорына авансталған қаражат негізінен өндіріс процесін тоқтаусыз, қалыппен жүрпзуді камтамасыз етеді.
Айналым қаражаттарының құрамы және құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес, әртүрлі. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады.
Егер жоспарлауға байланысты кәсіпорынның меншікті айналым қаражаты жетіспейтін жағдайда, кәсіпорын уакытша қарыз қаражатының есебінен айналым қаражатын толықтырады.
Кәсіпорынның айналым активтерінің жетіспеуі түрлі себептерге байланысты және ол кәсіпорын әрекетіне байламысты емес.
Кәсіпорын заңсыз айналым қаражатын курделі құрылыс қажеттігіне бөлу немесе жоспарланған пайданы алмауы салдарынан бар меншікті айналым қаражаттардьі сақтауды қамтамасыз ете алмайды, яғни белгілі сомадан айырылды.
Кәсіпорын әрекет етіп жатқан экономика жағдайы оның айналым қаражатына аумақты әсер етеді.
Сатылып алынған тауар-материалдар бағасының өсуі кәсіпорын айналым қаражатын жетіспеуіне әкеп соғады. Банк нссиесінің жоғарғы пайызбен беруі және т.б.
Кәсіпорын айналым қаражаттарына қажеттін анықтау.
Коммерциялық принциппен жұмыс істеуші кәсіпорындар белгілі мүлікке иелік етіп, жедел шешім қабылдай отырып, шаруашылықты рентабельді жүргізуге жауапкершілікті болуы керек.
Осындай жағдайда косіпорынның меншікті айналым қаражатына қажеттін анықтаудың қажеттілігі арта түседі.
Кәсіпорынның айналым қаражаттарына қажеттілігі, нормалау, процесі арқылы орындалады.
Нормалаудың мақсаты — айналым қаражатының ұтымды мөлшсрін анықтауда.
Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатына қажеттігі қаржы жоспарын жасаған кезде анықталады.
Айналым қаражатының мөлшері өндіріс көлеміне, өңдіретін өнімде) ассортлментіне, жабдықтауға, сатуға және қолданылған есеп айырысу түріне байланысты болады.
Айналым қаражатын нормалау ақша өлшемімен орындалады (анықталады).
Анықтауға негіз жоспарланған кезендегі өнімдерді өндіруге кететін шығын сметасында қарастырылады.
Норманы анықтау үшін орташа тәуліктік нормаланатын элеменітер шығыны (акциямен есептегендегі) қаралады.
Әлбетте норма күнмен есептелген қор мысалы, өндірістің 24 күн жүмыс істеуін қамтамасыз етсді.
Н =РхД
Н — айналым қаражаты нормативі
Р — орташа тәуліктік шикізат шығыны
Д — қор нормасы, күнменен есептегендегі.
Сақтандыру қоры — Әлбетте, ағымдағы қойма қорының 50 пайызына дейінгі қор; жанар-жағар май нормасы, қосалқы материалдар нормасы; ыдыстар нормасы; саймандар қорына норма; құны аз және тез тозатын заттар нормасы; арнайы киімдер, аяқ киім нормасы.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері.
Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап туруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет.
Айналым қаражатын қаржыландыру көздері меншікті, қарыз және тартылған түріне бөлінеді.
Кәсіпорынның меншікті қаражаты басты роль атқарады, үйткені коммерциялық есеппен жүмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жүмыс істеуі үшін меншік мүлікті болу керек.
Айналым қаражаты, косіпорынды ұйымдастырған кезде қалыптастырылады.
Бүл жағдайда қалыптасу көзі кәсіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаты есебінен жинақталады.
Жүмыс істеу процессінде айналым қаражатыныың қалыптасу көзінің бір алынған пайда.
Айналым қаражатын қалыптастырудың тағы бір көзі — қарыз қаражатын алу (қысқа мерзімді — банктен несие алу, арқылы кәсіпорын уақытша қосымша айналым каражатына қажеттілікті қанағаттандырады).
Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы
Айналым қаражаты |
Өндірістің айналым қорлары |
Айналыс қорлары |
|
Өндіріс
процесі-нде |
Алдағы
кезең- дердегі шығын |
Тауар жөнел-
ту және жолдау |
Ақшалай
қаражат-тар |
Деби-
торлық берешек |
Есеп
айырысу қаражаты |
Қойма-
дағы дайын өнімдер |
Банктегі
ағым есеп айырысу шоты |
Нормаланатын айналым қаражаты |
Нормаланбайтын
ақша қаражаты |
Әміршіл экономиканы басқару жүйесінде айналым қаражатын қаңағаттандыруда қарыз қаражат үлкен үлесте болды.
Кәсіпорынның иелігіндегі ақша активтерін немесе қалдық, ақша қаражатын басқару, жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі.
Кәсіпорын жұмыс барысында әрекет жасайтын қалдық ақша активінің көлемін, оның абсолюттік төлем қабілеттік деңгейн анықтайды, операциялық; кезенңің мерзіміне әсер етсді, сондай-ақ белгілі мөлшерде оның инвестициялық мүмкіншілігін сипаттайды.
3.2 Кәсіпорынның ақша қорларын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның салым ақшаларын калыптастыру түрлі себептермен байланысты, олардың нсгіздері оның қалдық ақша-қаражатының жіктелуінде.
- Операциялық акша активтерінің қалдық сақтандыру ақша активтерінің қалдығы
2.Кәсіпорын салым ақшаларының түрлері (банктегі салым ақша)
- Өтемдік ақша активтерінің калдығы
- Инвсстициялық ақша активтерінің қалдығы
Операциялық ақша активтерінің қалдығын қалыптастырудың мақсаты кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық (операциялық) жұмыстарымен байланысты, ағымдағы төлемді қамтамасыз етуді қалыптастырады: шикізаттар, материалдар және жартылай фабрикаттарды сатып алуға; еңбек ақыға, салық төлеміне; басқа мекемелердің көрсеткен қызметінің төлеміне және т.б.
Бұл қалдық ақша қаражатының түрі — кәсіпорынның жинақты ақша активтерінің құрамының негізгісі болып есептелінеді.
Сақтандыру — ақша активтерінің қалдығы негізінен нарықтағы дайын өнімдер конъюнктурасының нашарлауына байланысты және операциялық жұмыстан ақша қаражатының өз уақытында түспеуіне байланысты сақтандыру тәуекелдігін қалыптастыруға қажет.
Қалдыктың бұл түрінің қалыптасуы косіпорынның тұрақты төлем қабілеттігінің болуын ұстап тұруға, жекелеген қажетті қаржылық міндеттемелерді төлеуге қажет.
Бұл қалдық ақша активтері түрінің мөлшеріне белгілі мөлшерде косіпорынның қысқа мерзімді қаржылық несие алу мүмкіншілігі әсер етеді.
Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген сегменттерінде қолайлы конъюнктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімді қаржы салуды қалыптастырады.
Қалдықтың бұл түрі нысаналылықпен тек сол уақытта қалыптастырылады, егсрде ақша салымдарының қалыптасуы қажеттігін толық қанағат-тандыратын болса.
Казіргі еліміздің экономикасының дамуы жағдайына байланысты кәсіпорындардың басым көпшілігінің ақша активтерінің бұл түрін қалыптастыруға мүмкіншілігі жоқ.
Өтемдік ақша активтерінің қалдығы — негізінен банктердің талабы бойынша кәсіпорынға есеп айырысу қызметін көрсетуге және оған басқадай қаржылық қызметтің түрін орындауға қалыптасады.
Ол — азаймайтын ақшалай активтердің сомасы, оны кәсіпорын банкпен жасалған келісім бойынша тұрақты түрде өзінің есеп шотында сақталуы керек.
Мүндай қалдық ақша активтерін құру банктен косіпорынға несие берудің бір шарты ретінде қарауға болады.
Қаралған қалдық ақша активтерінің түрлері тек кәсіпорынның өз салым ақшасын қалыптастырудың экономикалық уәжін сипаттайды.
Айталық, сақтандыру ақша активтсрінің калдығын қолданбайтын кезеңінде оны инвестициялық мақсатқа пайдалануға болады немссе көсіпорынның қатарлас өтемдік қалдық ақша ретінде карауға болады.
Сондай-ақ инвестициялық қалдық ақша активтерін, пайдаланбаған кезснде — оны сақтандыру немесе өтемдік қалдық активі ретінде қарауға болады.
Бірақта, жинақы қалдық ақша активтерінің келемін қарағанда, әр аталған уәж есепке алыну керек.
Қаржылық менеджментінің ақша активтерін басқару процесіндегі негізгі мақсаты — кәсіпорынның тұрақты төлемдік қабілеттігін қамтамасыз ету.
Бүл жағдайда ақша активтерінің қызметі, төлем қаражаты ретінде, сақтандыру және өтемдік операцияларды орындауға қалыптастырылады.
Қаржылық менеджмснтімің негізгі максаты мен бірге ақша активтерін баскару процесіндегі маңызды мәселенің бірі — уақытша бос ақша каражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Ақша салымын жинақтау және кәсіпорынның төлем қабілеттігін басқару оның ақша активтерін келесі элементтерге бөлінеді:
ұлттық валютамен акша активтері;
шетсл валютасымен ақша активтері;
өтімділік жоғарғы қаржы болу түрінде ақша активтерінің қорлары.
- Қысқа мерзімді қаржы болу түріндсгі ақша активтсрінің коры
- Қысқа мерзімді ақша аспап түріндегі қор активтері
- Кысқа мерзімді қор аспабы түріндегі қор активтсрі
Кәсіпорынның ақша активтерінің құрамын қаржылық менеджментінің көзқарасымен сипаттай отырып, атап кететін жай, мұндағы трактат бухгалтерлік есептен кең.
Бухгалтерлік есепте қысқа мерзімді қаражат бөлу айналым активтерінің құрамында жеке дара есеп объектісі және есеп беру ретінде қаралады, ал қаржылық менеджмент қысқа мерзімді қаржы бөлуді бос ақша қалдығы активтерін кор түріндс орналастыруды қарайды, өйткені ол кез келген уақытта кәсіпорынның қаржылық міндеттемесін орындауға кажет болуы мүмкін.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсатына сай, ақша активтерін басқару процесінде, оны басқаруға сәйкес саясат қалыптастыры-лады.
Осы саясатты қалыптастыру процесінде есепке алатыны,
Кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету талабы көп мөлшерде ақша активтерін жасаудың қажеттілігін аныктайды, яғни, кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі шеңберінде орташа қалдықты барынша көбейту.
Басқа жағынан қарағанда, ескеретін жай, кәсіпорынның ақша активтерін ұлттық валютамен сақтау кезінде, оның инфляцияға байланысты нақтылы қүнынан айырылу қаупі бар, одан басқа ақша активтері ұлттық және шетел валюталарыда сақтау кезінде өз құнынан айрылады, осыған бйланысты олардың орташа қалдығын барынша азайтуды қажет етеді.
Осы аталған қарама-қайшылықты талап ақша активін басқару саясатын жасаған кезде ескерілуі тиіс.
Сонымен, ақша активтерін басқару саясаты-кәсіпорынның айналымды активтерін жалпы басқару саясатының бір бөлігі ретінде қаралады, олардың жиынтық қалдық мөлшерін оңтайландыру арқылы кәсіпорынға тұрақты толем қабілеттігі қамтамасыз етіледі.
Қорытынды
Ал, енді қорытындылай келетін болсақ, кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін тиімді пайдалану, оларды бағалау, нарықтық экономикамызда білікті мамандарды қажет етеді. Себебі кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерінің дұрыс, шынай, жүргізілу қажет.
Қарастырып отырған тақырыптың өзектілігі кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтері бағалау әдістері мен басқару әдістерінің талдау жасалынуы.
Әрбір кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін оның айналым қоры болуы керек. Ол ақша қаражаты есебінен айналым және айналыс қорларын сатып алуға пайдаланылады.
Айналым қордың заттық мазмұны – еңбек заттары.
Негізгі қордан айырмашылығы сол- айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгеледй пайдалылынып кетеді және өзінің бұкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.
Айналым қорларды оңтайлы және үнемді жұмсау – кәсіпорынның бірінші кезектегі міндеті болып саналады. Себебі, материалдық шығындар ¾ өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнын құрайды.
Кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты – басқарудың балық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы.
Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қайшылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда.
Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгелес байланыстар нығайып келеді.
Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды – экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді.
Бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
Нарықтық экономиканың негізгі шегі – кәсіпорындарда айналым қорлардың жетіспушілігі.
Осы мақстта кәсіпорындада өндіріс қажет ететіндей мөлшерді өндірістік босақы қорлар жасаған дұрыс.
Оларда материалдардың артық қоры болмағаны жөн. Және де негізгі қордың заттық мазмұны — еңбек құралдары.
Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процеске әлденше рет қатысады, соның өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.
Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылыын жетілдір, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» // Алматы – 2002ж
- С. Өсербайұлы. «Корпоративтік қаржы» //Алматы – 2005ж
- Үмбеталиев А., Керімбек Ғ. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» // Алматы – 2002 ж.
- Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» //Алматы «Экономика» 2003ж
- Мырзалиев Б.С., Қалтаева С.А., Успанова Ғ.З., Ыдырыс С.С. «Экономикалық теория» // Алматы – 2006ж
- Ван Хорн Дж. Основ управления финансами / Пер. с анг Москва Финансы и статистика,2000
- Жуйриков К.К. Финансы предприятия в условия рынка – Алматы, 2002г.
- Коласс Б. Управление финансовой деятельностью предприятия / Пер с рус. Питер – 2001
- Попова Р.Г., Самонова И.Н., Добросердова И.И. Финансы предприятия Питер -2001
- Павлова Л.Н. Финасы предприятий Учебник – Алматы – 2001
- Мельников В.Д., Ильясов К.К., Финансы:Учебник – Алматы 2001Қалдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия Алматы -1997
- Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ..Ә. Кәсіпорын экономикасы Алматы – 2003
- Шермет А.Д., Сайфуллин Р.С. Финансы предприятия пособие – М: ИНФА 1999
- М.В.Романовского Финансы предриятия Бизнес – Пресса 2000г.
- Шуляк П.Н. Финансы предприятия Учебник – М: ИТП Дашков и К -2003г.