Баланың бас ұстазы-ата-анасы

21 февраля, 2015 19:15

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

Б.Аманшин  атындағы  орта  мектебінің қазақ тілі мен

әдебиет пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы

Тақырыбы: Баланың бас ұстазы-ата-анасы

                             (Ата-аналармен жұмыс)

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Міндеттері:
— Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
— Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
— Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында,  баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.

Тренинг бағдарламасы:

Шағын дәріс “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”

Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу.

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Сәлемдеу,танысу

Жағдаяттар шешу:  Қызы мектептен келіп анасына  “Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді” десе,анасы “Сенсіз де басым ауырып тұр,мазамды алма” депті .Сіз не деп жауап берер едіңіз?                                                                                                               «Балаңыз ұялы телефон

алып бер деп жылады.

Сіз: «Шамалы шыдай тұр,

уақытында алып беремін» — дедіңіз.

Балаңыз тыңдамай есікті

тарс жауып кетіп қалды.

Сіздің әрекетіңіз?»

Балаңыз жақсы оқиды.Тәртібі де жақсы.Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. “Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан да бұрын сабаққа келмей қалған” деді.Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?       «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, мектепке  бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

“Жанұя”

-Балаңыздың туған күні?

-Балаңыздың парталас көршісі кім?

-Бүгін сабақтан қандай баға алды?

-Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

-Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

-Балаңыздың сүйікті асы қандай?

-Балаңыз  1-сыныпқа қай жылы барды?

-Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

-Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

-Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?

Аяқталмаған сөйлем:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, … (оның оқуғы құлқы болмайды).

–     Егер балаға үнемі күлсе, … (ол бұйығы болып кетеді).

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, … (ол өз қадірі үшін оқиды).

–     Егер бала төзімділікте өссе, … (ол басқаларды түсінуге тырысады).

–     Егер бала адалдықта өссе, … … (ол адал болып жетеді).

Кінәлі сөздер  

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Ата-аналар өз пікірін ортаға салады.

Сергіту сәті                                                                                                                                                              Тест

«Сіз қандай ата-анасыз?»

Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?

Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?

Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?

Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?

Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
Кейде ғана келісемін – 2 балл.
Келіспеймін – 1  балл.                                                                                                                              Сауалнаманы бағалау:0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау  — бірінші кезектегі маңызды іс.Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

                                                             Ой жинақтау
1.Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?
2.Баланың сапала білім алуы кімге байланысты деп ойлайсыз?
— Ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың   түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

-Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

 

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

sa15

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 20-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля