Азаматтық құқық жалпы сипаттама .

28 января, 2020 20:25

 

Жоспар

 

КІРІСПЕ 3
1. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама 4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері 5
2. Мәмілелер: ұғымы түрлері, түрпішіндері 9
2.1. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу тәсілдері 14
3. Меншік құқығы 18
3.1. Зияткерлік меншік құқығы 19
4. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі және мұрагерлік 26
4.1.Баланың құқықтары 34
4.2. Мұра және мұрагерлік 44
4.3. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. 48
5. Азаматтық құқықтық жауаптылық 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 58

 

Кіріспе

 

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Азаматтық құқық — жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардын негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардын ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынас­тар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қаты­настар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.

 

  1. Азаматтық құқықтық қатынастар

 

Азаматттық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды:

1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және;

2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін. Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынас­тар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Аза­маттық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар.

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азамат­тық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.

Азаматтық құқықтық қатынастардын пайда болуының негіздеріне заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:

1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сон­дай-ақ заңдарда қөзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;

2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;

4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе ием­дену нәтижесінде;

5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдары­нан;

8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

 

1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері

 

Аза­маттық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық Құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз: азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдык қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.

Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар.

Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын не­месе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.

Жартылай әрекет қабілеттілігі 6—14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық, емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алу­шыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендциясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.

Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынандай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жөн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

 

 

  1. Мәмілелер: ұғымы, түрлері, түр пішіндері

Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. Қатынастардың негізі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастар­дың түрлері мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Мүліктік қатынастар мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, мате­риалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың аза­маттық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге неме­се тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет — қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азамат­тық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқта­туға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады.

Мәміленің ауызша түр пішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Ауызша мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша мәмілелер:

1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;

2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс;

3) заңдарда немесе тараптардың де көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мермен бекіту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс. Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тарап­тардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет не­месе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жа­салған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы банкоматқа карточканы салып ақша алу, көшеде телефон-автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көліке кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерді жатқызуға болады.

Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

Мәміленің түрлері. Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы мәміле жасауға араласатын тарап­тардың санына байланысты бір жақты, екі жақты және көп жақ­ты деген мәмілелердің түрлерін көрсетуге болады. Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жа­сау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе бас­қа жақтардың (тараптардың) келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өзіне берілген белгілі бір құқықтан бас тартуы, берілген сенімхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.

Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп та­раптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады. Қазіргі кезде екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінеді. Керісінше болса ақысыз мәміле.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты (заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды) мәміленің түрлері бар. Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шарт­ты айтуға болады. Жүк жіберушінің жүкті тасымалдаушыға беруі аталған мәміленің жасалғандығын көрсетеді.

Келісімді (консенсуалды) мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретінде сауда-саттық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не затты беріп, оның арасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әрекетті жақтар шарттын орындалуы барысында іске асырады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты бір-біріне сату жөнінде өзара келісіп қойса, мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінеді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін орындалады.

Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.

Каузалды  мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алынатын тауардың жарты құнын төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негізі болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.

Абстрактілі мәміледе, керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп, соңынан, тауар сапасыз болып шықса, вексель қайта қайтарылмайды және вексель векселді ұстаушы не векселді төлеуші үшін болашақта векселге деген құқықтарын жоймайды. Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді. Сондықтан бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін. Егер де мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі көрсетілсе ол кейінге қалдырылған мерзім делінеді. Ал, керісінше мәміле жасалған сәтінде күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім жойылатын мерзім деп аталады.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын шартты мәміле деп есептеледі.

Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы.

Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер биржалық мәмілелер деп аталады.

 

2.1. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу тәсілдері

Міндеттеме дегеніміз бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуы. Бірақ несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Не­сие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.

Міндеттемелер зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады. Сонымен бірге міндеттемелер төмендегідей іс-қимылдардың негізінде туындайды:

1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;

2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;

4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;

5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;

8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар сал­дарынан пайда болады.

Міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда — іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері. Міндеттемені орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепіл пұл және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.

Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы пайызбен белгіленеді. Міндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заңдарда белгіленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен канағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл деп танылады.

Кепіл ұстаушының кепілге салынған мүлік, кімнің пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлінгені үшін, егер жоғалу немесе бүліну кепіл ұстаушы жауап беретін себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемінен сол бұрынғы негізде қанағаттандырылуға құқығы бар. Кепіл шартқа сәйкес пайда болады.

Кепіл заң құжаттарының негізінде, егер заң құжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатыны көзделсе, оларды көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды. Кез келген мүлік, сонын ішінде айналымнан алып тасталған заттар, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге тыйым салынған өзге құқыктар, заттар мен мүліктік құқықтар (талаптар) кепіл мәні бола алады. Егер шартта немесе заң кұжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді сыйақыны (мүддені) коса алғанда, орындау мерзімін өтізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып (айыппұл, өсім) салуды, кепілге салынған мүлікті ұстау жөніндегі қажетті шығыңдарды, соңдай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді.

Кепіл түрлері:

а. Ипотека — кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары, ғарыш объектілері, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналым­нан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Бөлінетін жемістер бөлген кезден бастап үшінші жақтың құқықтарының объектісі болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәні бола ала­ды. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары мен ғарыш объектілері ипотекасы осындай объектілерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарда тіркелуге тиіс.

ә. Кепілзат — кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі. Кепіл ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепіл ұстаушының құлпы салынып, мөрі басылып, кепіл салушыда қалдырылуы мүмкін. Кепіл мәні кепіл туралы куәландырылатын белгілер салынып (анық кепіл), кепіл берушінің иелігінде қалдырылуы мүмкін.

б.  Құқықтарды кепілге салу кезінде иеліктен айырылуы мүмкін мүліктік құқықтар, атап айтқанда, кәсіпорындарды, құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды жалға беру құқықтары, шаруашылық серіктестік мүлкіндегі үлеске құқық, борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүліктік құқықтар кепіл мәні болып табылады. Жер учаскесіне құқықтарды, сондай-ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепілге беруге, жер және өзге табиғи ресурстық заңдарда белгіленген шектер мен ережелер бойынша жол беріледі. Мерзімді құқық оның әрекет жасау мерзімі біткенге дейін ғана кепіл мәні бола алады. Кепіл құқығының борышқоры кепіл туралы хабардар болуға тиіс. Егер кепілге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепіл шарты құқық белгілеуші құжатты беру арқылы ресімделуі мүмкін.

Кепілдік және кепіл болушылық. Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң ақтілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді.

Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндетте­месінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.

в. Кепіл болушылық немесе кепілдік шарттарының негізінде кепілдік және кепіл болушылық пайда болады. Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілдік немесе кепіл болушылык шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Кепілпұл. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа жене шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома кепілпұл деп танылады. Кепілпұл жазбаша нысанда жасалады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.

 

  1. Меншік құқығы

 

Күнделікті тұрмыста «меншік» ұғымы мүлік, зат және оларға деген белгілі бір құқықпен байланыстырылады. Сондықтан меншік дегеніміз заттың, мүліктің өзі ғана емес, оған деген белгілі бір құқықтың пайда болуы. Сонда, меншік экономикалық ұғым болса, меншік құқығы құқықтық ұғым. Ал меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Көрсетілген құқықтардың әрбіреуі меншік құқығының қажетті бөлшектері және барлығы бірігіп меншік құқығының мазмұнын білдіреді.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Иеленудің заңды, заңсыз, ұқыпты, ұқыпсыз деген сияқты түрлері болады.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, олар­ға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республика­лық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте бола­ды. Бұлардың барлығы және мемлекеттіқ заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ қазынасын құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжат­тарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

 

3.1. Зияткерлік меншік құқығы

Зияткерлік меншік деп заңнамаларда белгіленген реттер мен тәртіп бойынша азаматтың не­месе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) ерекше құқығы танылады.

Зияткерлік меншік құқығының объектілеріне:

1) зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;

2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.

Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

2) орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру;

3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;

4) селекциялық жетістіктер;

5) интегралдық микросызба топологиялары;

6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өңдіріс құпиялары (ноу-хау);

7) осы кодексте не­месе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.

Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыс­тарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына:

1) фирмалық атаулар;

2) тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);

3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);

4) заңнамаларда көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады.

Зияткерлік меншік объектілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен не заңнамаларда көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінен туындайды.

Зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие болады. Жеке мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан, авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына (бұдан әрі -дараландыру құралдары) арналған құқық іргелері осы құралдарға қатысты мүліктік құқықтарға ие болады. Зияткерлік шығар­машылық қызмет нәтижесінің авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүліктік емес құқық болып табылады және оған шығармашылық енбегімен интеллектуалдық шығармашы­лық қызметтің нәтижесін жасаған адам ғана ие бола алады.

Авторлық құқық дегеніміз — автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары. Авторлық құқық шығармашылық қыз­мет нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Автор — шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға.

Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшілік алдында орындалған, көпшілікке көрсетілген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бір объективті нысанда:

1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);

2) ауызша (көпшілік алдында айту, көпшілік алдында орындау және т.б.);

3) дыбыс және бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);

4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);

5) көлемдік-кеңістікті (мүсіндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);

6) басқа да нысандарда қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің жеке өздеріне қолданылмайды.

Авторлық құқық объектілері мыналар болып табылады:

1) әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т.б.);

2) драмалық және музыкалық-драмалық туын­дылар;

3) сценарийлік туындылар;

4) хореография және панто­мима туындылары;

5) мәтінді және мәтінсіз музыкалық туын­дылар;

6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туын­дылар;

7) кескіңдеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерінің туындылары;

8) қолданбалы өнер туындыла­ры;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындыла­ры;

10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған туындылар;

11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;

12) ЭЕМ-ге ар­налған бағдарламалар;

13) туынды шығармалар (аудармалар, өндеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әде­биет пен өнер туындыларының басқа да қайта өнделімдері);

14) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.

Авторлық құқықты иеліктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екі немесе одан да көп адамның бірлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады.

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қаңдай да болсын шарттылықты сақтау талап етілмейді. Өздерінің айрықша мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшін автор және (немесе) құқық иеленуші авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол белгі туындының әр данасына қойылады және міндетті түрде мынадай үш элементтен тұрады:

1) қоршауға алын­ған латынша «С» әрпі;

2) айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі (атауы);

3) туындының алғаш жарияланған жылы.

Жарияланбаған туыңдыға жеке мүліктік емес құқықтарын куәландыру үшін автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетінін растау үшін авторлық құқықтың қорғалатын не тиісті шарттардың қолданылатын мерзімі ішінде кез келген уақытта оларды ресми тізілімдерде тіркеуге құқылы.

Тең авторлар. Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылык еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады. Егер ту­ындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қара­мастан пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады.

Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі. Авторлық құқық, негізінде, автордың бүкіл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Өсиетті орындаушы тағайындайтын тәртіп бойынша автор өзі қайтыс болғаннан кейін өзінің авторлық құқығын, есімінін құқығын және өзінің беделін сақтау құқығын қорғауды жүктейтін адамды көрсетуге құқылы. Ол адам өз өкілеттігін өмір бойы атқарады. Мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейін оның автор­лық құқығын, есімнің құқығын және беделін қорғау құқығын қорғауды оның мұрагерлері, егер мұрагерлері жоқ болса немесе олардың авторлық құқығы тоқтатылса, Қазақстан Республикасының мұндай қорғауды жүзеге асыратын уәкілдік берілген ортаны жүзеге асырады. Жасырын немесе бүркеншік атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Егер аталған мерзім ішінде жасырын немесе бүркеншік атпен шығарылған туындының авто­ры өзінің шын есімін немесе оның кім екені ендігі жерде күмән тұғызбаса, оның авторлық құқығы елу жыл бойына сақталады. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмір бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмір сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды.

Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жыл ішінде бірінші рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Қоғамды игілікке айналған туындыларды кез келғен адам авторлық сыйақы төлемей еркін пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есімінің құқығы мен оның беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Қоғамдық игілікке айналған туындыларды пайдаланушылар авторлардың шығармашылық қызметіне ықпал ету, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында авторлардың кәсіби қорына немесе авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға қаржы аударуға ерікті. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылады.

Сабақтас құқықтардық пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етілмейді. Фонограмма жасаушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбір қорабында көрсетілетін және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы, олар:

1) қоршауға алынған латынша Р әрпі: Р;

2) айрықша сабақтас кұқықтар иесінің есімі (атауы);

3) фонограмма­ның алғаш жарияланған жылы.

Патенттік құқық. Өнертабыс, пайдалы кескіндерді, өнеркәсіп үлгілерін тағы басқа да зияткерлік меншіктің түрлеріне құқықтың пайда болу, бекіту және қарау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын патенттік құқық дейміз. Кез келген адам өзінің ойлап тапқан өнертабысын, пайдалы модельдерін, өнеркәсіп үлгілерін, ашқан жаңалықтарын іске асырып оны қорын, өзінің керегінше пайдаланып, табыс, пайда табуы үшін оны арнайы мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізіп, заңды, қорғау құжаттарын алады. Қорғау құжаттары деп заңнамаларға сәйкес берілген алдын ала патенттер мен өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілеріне, пайдалы модельдерге берілген патенттерді айтамыз. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқық алдын ала берілетін патентпен және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады. Өнертабыс және өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент, пайдалы модельге патент өтінімге үстірт сараптама өткізілгеннен кейін беріледі. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге мәні бойынша сараптама өткізілгеннен кейін беріледі. Алдын ала патент және патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Өнертабысқа алдын ала патент өтінім келіп түскен күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушісінің өтініші бойынша оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы күшін сақтайды. Пайдалы модельге патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушінің өтініші бойын­ша оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек.

Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды. Өнеркәсіптік үлгіге патент өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы күшін сақтайды, па­тент иеленушінің өтініші бойынша оның қолданылу мерзімі ұзар­тылуы мүмкін, бірақ ол бес жылдан аспауы керек. Патент иеленушінің қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады. Патент иеленуші қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңінде жүзеге асырады. Қор­ғалатын өнеркәсіптік меншік объектісі бар өнімді дайындау, қолдану, жеткізу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгізу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдісін қолдану өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану болып танылады.

Егер өнімде оны пайдалану күніне техниканың осы саласындағы белгілі формуланың тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстар, пайдалы модельдердің әрбір белгісі немесе соларға тендес белгілер пайдалану әдісі болса, өнім қоргалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдіс қолданылған деп табылады. Тікелей осындай әдіспен дайындалған өнімді азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатпен сақтау өнім алудың қорғалатын әдісін пайдалану деп танылады.

Егер өнімде бұйымның ұсынылған кескіндеріңде (макетінде) көрсетілген және негізгі белгілерінің тізбесінде келтірілген барлық негізгі белгілері болса, қорғалатын өнеркәсіптік үлгісі бар болып танылады.

 

  1. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі

Неке дегеніміз ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасын­дағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз.

Неке азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында ресімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады. Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға заң тыйым салмайды, бірақ олардың құқықтық күші жоқ. Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олар­дың неке жасына жетуі жатады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңының 10-бабына сәкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Неке тұрудың жағымсыз жақтарына некеге тұруға жол бермейтін жәйттер кіреді. Некеге тұруға:

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінін және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-карындастардың);

3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;

4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Некені тоқтату. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.

Некені бұзу. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетті деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені, бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:

1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.

Некені сот тәртібімен бұзу:

1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;

2) ерлі-зайып­тылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;

3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мумкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылды. Екі жақтың өзара некені тоқтату туралы ерікті келісімі оған жағдайда некені бұзу сот шешімімен кемінде бір аи өткен соң жүргізіледі.

Некені сот тәртібімен бұзу кезіңде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін туралы келісім ұсына алады.

Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:

1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;

2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге;

3) ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге;

4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.

Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда — соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.

Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Ерлі-зайыптылардьщ мүліктік емес жеке құқыктары. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыпты­лардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардын біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, теқтерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы. Сонымен, ерлі-заыптылардың мүліктік емес қатынастарына: айналысатын ісін, кәсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты-жөнін, тегін тандау еркі жатады. Аналық, әкелік, баланы тәрбие­леу, білім беру, отбасының тағы басқа мәселелерін ерлі-зайып­тылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отба­сындағы өздерінің қатынастарында бір-бірін сыйлауға, өзара көмек көрсетуге, отбасының беріқтігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің, балалардың денсаулығын сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар туғызуға міндетті.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезенде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мілік болып табылады Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:

1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;

2) ерлі-зайыптылардың некеде түрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;

3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде түрған кезенде ерлі-за­йыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзіңде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.

Нарықтық экономиканың отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаңалықтарының бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі-зайыптылар некеге отырумен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік қүқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.

Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұр мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарт жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.

Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерл зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне не­месе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен үлестік немесе бөлектелен меншік режимін белгілеуге құқылы.  Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.

Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніңдегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар­дың әрқайсысына берілегін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.

Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.

Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектеп алмайды; ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың олаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайда көздей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.

Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудаң біржақты тартуға жол берілмейді.

 

4.1.Баланың құқықтары

Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен тұруға құқы бар. Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын, белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әр түрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алу, емдеу мекемесінде болу және т.с.с) ұшыраған баланың заңда белгілен­ген тәртіппен өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

Баланың өз пікірін білдіру құқығы. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тындалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Мысалы, баланың аты мен тегін өзгерту, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру, асырап алуға баланың келісімі, асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі, бала асы­рап алғаңдарды асырауға алынған баланың ата-анасы ретінде жазу, бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар, бала асырап алудың күшін жоюдың салдары, патронат белгіленетін бала (балалар) осындай жағдайлар барысында қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған ба­ланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.

Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқылы. Ба­ланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.

Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты-жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әр түрлі болған жағдайда балаға ата-анасынын келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі. Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бо­йынша қойылады, әкесінің аты-жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі — анасының тегі бойынша беріледі. Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.

Баланың аты мен тегін өзгерту. Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді. Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады.

Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-ана­сының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағ­дайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.

Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.

Баланың ұлты. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әр түрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.

Баланың мүліктік құқықтары. Баланың заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.

Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.

Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 22 және 23-баптарымен белгіленеді. Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді.

Баланың қорғалу құқығы. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар. Баланын ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқор­шы органға, ал он төрт жасқа толғанда — сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.

Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бо­йынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқор­шы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетгі.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған № 321-1 «Неке және отбасы туралы» Заңының 60—66-баптарында ата-аналардың отбасындағы құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Ата-ана құқықгары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәме­летке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәме­летке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асыра­ды. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.

Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдде­лерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана­лар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.

Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезіңде ата-аналар ба­лалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және пси­хикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.

Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналар­дың әрқайсысына, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-ана­лар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.

Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қор­ғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. Соттың шешімі орыңдалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен баска да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

 

4.3. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.

Ата-аналармен балалардың алименттік міндеттемелері. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды. Ата-аналар «Неке және отбасы ту­ралы» Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толма­ған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу тура­лы келісім) жасауға құқылы.

Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәме­летке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бірін; екі балаға — үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардын материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәме­летке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасыңда, тараптардың материалдық және отба­сылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.

Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбек­ке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Алимент төлеу туралы келі­сім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады. Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тарап­тардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала оты­рып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселен­ген қатынастарында белгілейді.

Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды, кәме­летке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы. Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін. Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.

Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап-бағу жөніндегі міндеттері. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан:

1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;

2) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;

3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін;

4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға І-ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағ­дайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:

1) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің;

2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, соңдай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға І- ІІ  топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;

3) неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.

Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрын­ғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері. Ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке толған інілері мен сіңлілерін (қарындастарын) асырау жөніндегі міндеттері

Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңлілерінің (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.

Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің міндеттері. Өздерінің ата-аналарынан көмек алуы мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелет­ке толған немерелерге де осындай құқық беріледі. Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.

Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие беруді, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарам­ды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен көмек беруді сот тәртібімен та­лап етуге құқылы. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап-бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиеленушілерін асырап, бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенін, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала ал­маса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелет­ке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап-бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу және асырау міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесі мен өгей шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.

Қорғаншылық және қамқоршылық. Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.

Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балалар­ды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ба­лаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасына тәрбиеленуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болма­ған кезде, жетім балаларға немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбие, емдеу және басқа да) мекемелерге берілуге тиіс.

Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлы­ғынсыз қалған балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың балалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.

Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немес:е хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмлетке толған адамның мүлкіне тағайыңдалады. Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.

Қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, соңдай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әре­кет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.

Аудандық (қалалық) атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады. Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады, ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады. Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті. Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады.

Патронат. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәме­летке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбие­леуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып та­былады.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат  тәрбиешіге қатысты қор­ғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс.

Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:

1) дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жан-жалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;

3) бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы заңның 108-бабында көзделген талаптар қойылады. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Шарт бо­йынша оны патронат тәрбиешілерге беру үшін баланы (балалар­ды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.

Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді (қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдай­лар қосылмайды. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.

Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеу­меттік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе түрғын үй-жайды пайдалану күқығын сақтай-ды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар.

Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, соңдай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

 

4.2. Мұра және мұрагерлік

Мұрагерлік — қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің баска адамға (адамдарға) — мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2) өміріне не­месе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына қірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен бас­қа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін. Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.

Мұрагерлік заң бойынша жүзеге асырылуы үшін кемінде екі жағдай болу керек: біріншіден, мұраға ие болатын тұлға, заң бойынша мұрагер болатындардың сапына кіруі керек, екіншіден, мұрагерлік ашылу керек. Өсиет бойынша мұра беруші мұра алушыны өзінің еркімен өсиетте белгілейді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1061, 1062,1063,1064,1065,1066-баптарына сәйкес заң бойынша мұра­гер болу құқығының бірнеше кезеңдері көрсетілген. Заң бойын­ша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте тең үлеспен мұра қал­дырушының балалары, соның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте тең үлес­пен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте тең үлес­пен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртінші кезекте мұра қалдырушының алтыншы атаға дейінгілерін қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесі неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегі туыстарын мұрагерліктен шеттетеді. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасынан туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады. Мұрагерлікке шақырылған төртінші кезектегі мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесінші кезекте, егер мұра қалдырушымен бір отбасында кемінде он жыл бірге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-інілері мен апа-сіңлілері, (қарындастары), өгей әкесі мен өгей шешесі алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын жетінші кезекте мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған еңбекке жарамсыз адам­дар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады. Басқа да заң бо­йынша мұрагерлер болған кезде олар мұрагер болуға шақырылатын кезектегі мұрагерлермен бірге, мұраның төрттен бірінен аспайтын бөлігін мұраға алады. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейін іс жүзіңде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашыл­ғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешімімен ерлі-зайыптылар заң бойынша мұрагерліктен шеттетілуі мүмкін.

Мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғандығы туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс. Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз беруімен жасалады. Егер сенімхатта бас тар­туға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкіл арқылы бас тар­туға болады. Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға неме­се қайтарып алуға болмайды. Мұрагер өзіне сол үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлікті іс жүзінде иеленуге кіріссе не оған билік етсе, не оның осы мүлікке құқықтарын қуәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзім өткенге дейін де жоғалтады. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немесе кез келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы. Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас тартуға жол берілмейді. Сол сияқты, азаматтық кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бір бөлігінен бас тартуға, мұрадан ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берілмейді. Мұрадан бас тартушы өсиеттік бас тартудан бас тартуға құқылы. Ішінара бас тартуға, ескерту жасап, шарт қойып неме­се басқа адамның пайдасына бас тартуға жол берілмейді. Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлуді талап етуге құқылы. Мұраны болу мұрагерлердің келісімі бойынша оларға тиесілі үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде — сот тәртібімен жүргізіледі. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрі мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған деп танылады. Иесіз қалған мұра мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке ауысады.

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөніңде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бо­йынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туыңдамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәлаңдырылуға тиіс. Мыналар:

1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;

2) нотариат­та куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады. Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін. Нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам, пайда­сына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері, толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар, сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар, жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар өсиетті жаза, куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.

Нотариатта куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкін. Өсиет қалдырушының айтуы бойын­ша нотариус жазған өсиетті өсиетке қол қойылғанға дейін нота­риус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.

Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді, ол туралы өсиет қалдырушының өсиетті өзі оқи алмауының себептері көрсетіліп, өсиетте тиісті жазба жасалады. Егер нотариат куәландырған өсиет қуәның қатысуымен жасалса, өсиетте куәның тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетілуге тиіс. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушы­ның орнына қол қойған адамға қатысты да енгізілуі тиіс. Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет). Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупімен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екі куәның және но­тариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желімденеді. Нотариус жоқ елді мекендерде тұратын адамдардың өсиетін заң актілерінде нотариат әрекеттерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды адамдар куәландырады.

Нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:

1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу алдын алу мекемелерінде емделіп, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердің, өзге де емдеу алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердің директорлары, бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;

2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердің және басқа да әскери емдеу мекемелерінің бастықтары, олардың ме­дицина бөлімі жөніндегі орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері;

3) жүзу кезінде Қазақстан Республикасының жалауымен теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде жүрген азаматтардың осы кемелердің капитандары куәландырған өсиеттері;

4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастық­тары куәландырған өсиеттері;

5) нотариустары және нотариат әрекеттерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендеріндегі әскери қызметшілердің өсиеттері, сондай-ақ осы бөлімдерде жұмыс істейтін жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің де әскери бөлімдердің, құрамалар­дың, мекемелер мен оқу орындарының командирлері (бастық­тары) куәландырған өсиеттері;

6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орында­рының бастықтары куәландырған өсиеттері теңестіріледі.

  1. Азаматтық-құқықтық жауаптылық

Азаматтық-құқықтық жауаптылық құқық бұзушының мүлкінен айыру, не алу, немесе кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салумен, заңды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылықтың бір түрі. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың бірнеше түрі бар.

Шарт бойынша және шарттан тыс жауаптылық. Шарт бойынша жауаптылық дегеніміз несие берушінің алдындағы борышын өтемеген, не оның толық ыждақаттылықпен орындалмағаны үшін шарт, не басқа да құқықтық негіздер бойынша борышқорға мүліктей зиян әкелетін жағымсыз салдарлар. Шарт бойынша жауаптылықтың ерекшеліктері: біріншіден, шарт бо­йынша жауаптылықтың күшіне енгеніне дейін субъектілер өзара нақты азаматтық-құқықтық міндеттемемен байланған, мысалы, сауда-саттық, тауар жеткізу, жүк тасу, екіншіден, бұндай жа­уаптылық тараптардың жасаған шарттарынан, не басқа да құқықтық негіздерден, мысалы, экспортқа бұйымдар шығаратын жоспарлы актілерден пайда болады, үшіншіден, осындай жа­уаптылықтың күшіне енуіне міндеттемені орындамау негіз болады. Шартта белгіленбеген, бірақ бір тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінің нәтижесінде, екінші бір тұлғаға келтірілген зиян бо­йынша күшіне енетін жауаптылықты шарттан тыс жауапты­лық деп атаймыз. Мысалы, қылмыс жасаушы азаматтың меншігіне қол сұғып, оның автокөлігін ұрлап мініп кетіп, оны істен шығарып, шағып тастаса, автокөліктің иесі сот арқылы қылмысты іске қоса азаматтық талап қойып, бұзылған автокөліктің құнын өтеу жөнінде сот арқылы қылмыскерге, сотталушыға та­лап қоюға құқылы.

Сонымен, шарттан тыс жауаптылықтың төмендегідей бірнеше ерекшеліктері бар: біріншіден, келтірілген зиянға дейін, зиян келтіруші мен жәбірленушінің (зиян шегушінің) арасында аза­маттық-құқықтық міңдеттеме болмауы мүмкін, екіншіден, шарт­тан тыс жауаптылықтың, не міндеттеменің тууына зиян келтірушінің құқыққа қарсы, кінәлі, айыпты әрекеті негіз болады, үшіншіден, міндеттемелік құқықтық қатынас бұл жерде жәбірленушінің мүліктік және мүліктік емес шексіз құқығынан туындайды, мысалы жәбірленушінің денсаулығына, ар-намысына, атына, мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін. Сондықтан, шарттан тыс жауаптылық жәбірленушінің шексіз құқығына қол сұққан, не оның құқығын бұзған кез келген адамға жүктеледі және шарт бойынша емес, тек заңмен реттеледі. Төртіншіден, шарттан тыс жауаптылықтың іске асырылуы үшін келтірілген зиян нақты, шын мәнінде болу керек.

Үлестік және ынтымақтастық жауаптылық. Зиян келтіруші (борышқор) жақта бірнеше тараптар болған жағдайда үлестік жауаптылық туралы ереже қолданылады. Шарт не заңмен белгіленгендей, белгілі бір үлес бойынша әрбір борышқорға, не зиян келтірушіге жүктелетін жауаптылықты үлестік жауаптылық деп атаймыз. Егер шарт не заң бойынша басқадай көрсетілмесе, міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышқор қатынасса, несие берушілердің әрқайсысы міндет­теменің орындалуын талап етуге құқығы бар, сондай-ақ, басқа борышқорлармен теңдей үлесте, әрбір борышқор өз борышын атқаруға, өтеуге міндетті.

Несие берушінің алдында әрқайсысы толық жауап беретін, екі, не одан да көп тұлғалардың (борышқорлар, зиян келтірушілер) жауаптылығы ынтымақтастық жауаптылық деп аталады. Борыш субъектісін белгілеу және жауаптылықтың көлемін анықтау құқығы несие берушіге тиесілі. Ынтымақтастық жауапты­лық долбарланбайды, тек шартпен немесе заңмен қарастырылған жағдайларда орын алады. Ынтымақтастық жауаптылық барысында несие берушінің міндеттеменің орындалуын әрбір борышқордан не болмаса барлық борышқорлардан бір уақытта бірдей тұтас немесе бөлініп-бөлініп, орындалуын талап етуге құқығы бар. Егер несие беруші бір борышқордан алынған міндеттемеге қанағаттанбаса, онда ол қалған басқа ынтымақтас борышқорлардан орындалмаған міндеттеменің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеме, борыш толығымен атқарылғанша ынтымақтас борышқорлар борышқор қалпында қалады.

Негізгі және қосымша (субсидарлы) жауаптылық. Құқық нормаларының жалпы тапсырмаларында белгіленген тәртіп бойынша туындайтын борышқор мен зиян келтірушінің жауапты­лығы негізгі жауаптылық деп аталады. Құқықтың жалпы нормасына сәйкес зиян келтірген тұлға келтірілген зиянды өзі қалпына келтіруге міндетті. Заңда белгіленген кейбір жағдайларға байланысты зиян шеккен жақтың (жәбірленушінің) құқығын, мүддесін толық қорғау және қанағаттандыру мақсатында, негізгімен қатар, қосымша жауаптылықта тағайындалады. Оның орын алуы, мысалы, ата-аналардың, қорғаушылардың 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың келтірген зиянын өтеу туралы жауаптылығы барысында туындайды. Азаматтық заңнамаларға сәйкес 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәме­летке толмаған азаматтар басқа тұлғаларға қелтірген зиянды қалпына келтіруде толық, өз беттерімен жауап береді. Бірақ, аталған кәмелетке толмаған азаматтардың келтірген зиянды өтейтін өздерінің мүлкі, табысы, бір сөзбен айтқанда мүмкіншілігі бол­маса, онда олар үшін зиянды олардың ата-аналары, қорғаншылары қалпына келтіреді.

Кері жауаптылық. Заң бойынша бір тұлғаның екінші бір тұлғаның әрекеті үшін жауаптылығы регрестік жауаптылыққа жатады. Мысалы азаматтық заңнамалар бойынша еңбек міндеттерін атқару барысында зиян келтірген жұмысшының, қызметкердің әрекеті үшін сол қызметкер еңбек ететін ұйым жауап береді. Егер, қызметкердің әрекеті барысында ол істейтін кәсіпорын зиян шегетін болса, онда кері талап сол қызметкерге қолданылады. Сонда, кері жауаптың мәні, ол шындығында, кінәлі болған зиян келтірушіге жауаптылықты жүктеу.

 

Қорытынды

 

Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың алғы шарты ол құқыққа қарсы әрекет. Азаматтық объективті және құзыретті тұлғалар­дың (несие беруші, жәбірленуші) субъективті құқықтарын, аза­маттық заңнамалардың нормаларын бұзатын, құқықтық тәртіпке қайшы іс-қимыл (әрекет не әрекетсіздік) құқыққа қарсы деп табылады. Айтылғаннан төмендегідей қортынды жасауға болады: біріншіден, азаматтық құқық диспозициялық нормалардан тұратындықтан, шартта белгіленген құқықтар мен міндеттерді бұзу да азаматтық заңнамалар бойынша құқыққа қарсы деп есептеледі, екіншіден, нарықтық экономикаға байланысты заңмен реттелмеген көптеген қатынастар тууы мүмкін және олардың құқыққа сәйкес не құқыққа қарсы екеңдігін анықтау қалыптасқан қоғамдық тәртіпке, азаматтық заңнамалардың жалпы бастамалары мен мәніне негізделіп бағаланады. Кейбір жағдайларда, заң тұлға­лардың құқықтың кейбір нормаларын бұзуына құзырет береді. Осындай жағдайларға қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік, аса қауіпті қылмыскерді ұстау барысында басқа азаматтардың құқығына, мүліктеріне зиян келтірілуі мүмкін. Бірақ, аталған зиян, шығын төнген қауіптің мөлшерінен, көлемінен артық болу керек.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың алғы шарты ол зиян­ды (шығын) әрекет. Азаматтық құқықта зиян деп мүліктік және мүліктік емес игіліктерге кез келген шығын, кедергі келтіру айтылады. Азаматтық заңнамалар зиянның мүліктік және моральды түрлерін анықтайды.

Мүліктік зиян, жәбірленушінің затының, бұйымының жоғалуына, сынуына не олардың құнының, еңбек табысының төмендеуіне әкелетін мүліктік шығындармен байланысты.

Моралъды зиян материалды және материалды емес сипатта болуы мүмкін. Моральды зиян жәбірленушіге тән және жан ауыртпалықтарын әкеледі.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
  2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528-И Заңы. Алматы: Юрист, 2005.

3.«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңы. Алматы: Юрист, 2005.

  1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-ХІП. (Жалпы бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 (Ерекше бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (Ас­тана, 1999 жылғы 13 шілде № 411-1). Алматы: Юрист, 2005.
  5. «Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-1 Қазақстан Республикасынын Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
  6. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
  7. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-И. Алматы: Юрист, 2005.
  8. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту­ралы Қазақстан Республикасынын Кодексі (Салық кодексі). Алматы: Юрист, 2005.
  9. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-И Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
5

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля