Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың педагогикалық ерекшелігі.

30 января, 2020 17:30

Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін  арттырудың педагогикалық ерекшелігі

 

Жоспар

Кіріспе

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс-әрекет бағыттары.
    • Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары.
    • Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың іс-әрекет бағыттары.
  2. Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін  арттырудың педагогикалық ерекшелігі.
    • Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшелігі.
    • Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттыру жолдары.
      • Балалардың танымдық ойлау қабілетін әуенді қимыл-қозғалыс ойындары арқылы қалыптастыру.
      • Мектеп ал даярлық балаларының ойын тілін дамыту.

 

1       Мектеп жасына дейінгі балардың  белсенділік қабілеттерін      дамытудың  педагогикалық шарттарымен іс-әрекет       бағыттары

 1.1 Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың        педагогикалық  шарттары.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары баладардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді. Осы орайда біздің мектепке дейінгі мекемеміздегі шығармашылықты дамыту жұмыс бағыты төмендегі моделге сәйкес жүзеге асырылады.

 

Шығармашылық қабілетті дамыту

ұстанымдары

Педагогикалық

шығармашылық шарттары

 

 

 

 

 

Ғалымдардың айтуынша «шығармашылық қабілет» түсінігіне еніп тұрган бар қасиеттер кешенін бір мезгілде қамту мүмкін емес.

 

Бұл мақсатты түрде ұзақ мерзімде жүзеге асатын жұмыс болғандықтан, эпизодты түрде қолданылатын шығармашылық тапсырмалары біз күткендей нәтижені бере бермейді.Сондықтан мектепке дейінгі мекемеміздегі педагогикалық ұжымымыз танымдық тапсырмаларды бір жүйеде құрып, балалардың әр бағыттағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қалыптастыратындай жұмыс бағытын ұстанып отырады. Сонымен қатар, педагогтар репродуктивті, формальді-логикалық іс-әрекет түрін шығармашылық іс-әрекетке айналдырып қолдануды жұмыс тәртібіне енгізген. Балалардың таным кызығушылықтары мен белсенділіктерін, шығармашылықпен ойлауын дамыуда педагогтар алдына мынадай шарттар қойылады:

Таным қызығушылығын дамыту шарттары:

— интеллектуалдық қысым және интеллектуапдық тартыстар жағдайын туғызу;

— шығармашылық және зерттеу іс-әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;

— өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;

— балалардың танымдық бастамалары мен өз бетінше жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау.

Таным белсенділігін дамыту шарттары:

— әрбір бала үшін даму жұмысының траекториялары;

— әрбір баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсетудегі жоғары педагогикалық іс-әрекет;

— білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің спецификалық мазмұнының сипатын беретін арнайы педагогикалық жағдайлар.

Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары:

— шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою;

— жұмыс істеу барысында бала зейінін ақыл-ойға шоғырландыру;

— қиял ширақтығын қолдау;

— жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру.

Психологиялық және педагогикалық зерттеулер мен мектепке дейінгі мекемелер жұмысының тәжірбиесі балалардың шығармашылық қабілетін ойын негізінде мектепке дейінгі кезеңнен бастап дамып қалыптасатынын дәлелдейді.

Ойын барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады. Сондықтан қандай да болмасын ұйымдастырылған іс-әрекет мекемемізде ойын негізінде жүзеге асырылады.

Өз жұмысымыздың барысында төмендегідей шығармашылық ойындарды пайдапанып отырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық ойындар

Шығармашылық ойындар-айнала қоршағанды шартты түрде өзгертіп,

бойына енгізген образдары бар ойындар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыда аталған подагогикалық іс-әрекеті бағыттары ең алдымен педагогтың өзінің шығармашыл болуын талап етеді. Педагогтың жеке шығармашылығы ең алдымен оның озін-езі танытуға деген қажеттілігімен сипатталады.Яғни ол педагогтың кәсіби іс-әрекеттегі мүмкіндігін толық аша білуге ұмтылысынан туындайды. С.Л. Рубинштейн айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы бар қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше   қасиеттерінің бірі болып табылады.. Осы орайда педагогтың  шығармашылық кәсіби іс-әрекетке деген қажеттілігінің туындауына ықпал ететін мынадай шарттарды атауға болады:

— өзіне-өзі іс-әреквттің субьектісі ретінде қарау;

— қайшылықтарды жеңе білу;

—  рефлексияға қабілеттілік;

— өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу;

— іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу,

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылықпен жұмыс істеуде қойылған міндетпен оны шешу арасындағы үлкен үзілістің болмауы

(тығыз уақыт аралығында орындалады)

Педагог шығармашылығы балалар және басқа педагогтар шығармашылығымен ынтымақтастығы
Нәтижені болжай білу
Көпшілік алдында жағымды атмосфера туғыза отырып, баяндай білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланы мектепке даярлауда, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылыкдары мен икемділіктерін арттыруда ата-аналар мен балабақшаның бірігіп жұмыс істеуі балабақшамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Соған сәйкос бала шығармашылығын дамытуда да ата-аналардың атқаратын рөлінің ерекше екендігі мекемедегі әрбір іс-әрекетімізде ескеріліп отырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылыққа негізделген тапсырмалар үлгісі

(мектепке даярлық тобы үшін)

Мектепке дейінгі тәрбие факультетінде маман кадрларды даярлауда негізгі ролді мектепке дейінгі педагогика пәні аткарады. Бірнеше жылдар бойы мектепке дейінгі педагогика пәнінің бағдарламасына елеулі өзгерістер жасалған жоқ дәлірек айтсақ дәстүрлі тақырып таңдау, оның мазмұны, сағат саны, сабақтардың логикалық байланысы өзгеріссіз келе жатыр.Қазіргі жағдайда заман ағымының өзгеруіне орай мектепке дейінгі педагогика пәнінің(курс) бағдарламасына жаңа материалдар мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Мұнда басты назарды негізгі мәні бар мәселелер мен педагогиқалық құнды идеяларға аудару қажет.

Халық мұрасына тән халықтық педагогиканың өзіндік ерекшеліктерін ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан барлық жағынан прогресшіл идеяларды басшьшыкқа ала отырып зерттеп, соның негізінде ғылыми нсгізделген ұсыныстарды талдап енгізу қажет-ақ топырағында тұңғыш педагогика,психология ғылымдары саласында құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазған көрнекті қайраткер, ғалым Жусіпбек Аймауытов бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін дәлелдей келе: «Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы, өнерге бейім болады. Жастайынан кемдік,қағажу,жоқшылық көріп өскен бала жасқаншақ, бұйығы болады; «баланы бұзуға» немесе түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қальштасады. Ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, адалдықты, ұқыптьшықты, өтірікшілікті, күйгелектікті беретін ата-ана өнегесі, тәрбиесі», -деген құнды тұжырым жасайды.

Сондай-ақ ең көкейтесті мәселе ретінде ескеретін нәрсе ірі-ірі тақырыптарды оқытуда педагогика ғылымы саласында казақ топырағында дүниеге келген үнемі дамып, жетіліп отыруға тиіс, өзіндік үлесі бар, ұлттық педагогиканың шамшырақтарын, олардың еңбегін болашақ әрбір маман біліп шығуы керек. Сондықтан да педагогика, дидактика ғылымы саласында бүгінгі уақыт талабына сай болып жатқан жаңалықтарды, жаңа зерттеулер нәтижелерін әрбір оқытушы педагог өз ісінде тиімді пайдалана білгені абзал.

 

 

  • Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың іс-әрекет бағыттары.

 

Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойып баланың психикасында сапалы өзгеірістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады.Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда,мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады.Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойыннан басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс- әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сйнымен біріге баланың өзіндік санасында жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.

Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің Жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.

Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет продесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.

Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентификация») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді.Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.

Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдапа алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі тепловоз  ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.

Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан снмволикалық болады. Символикалық ойын, баланьң символдарды қолдануы — оның психикасының дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану «балалар ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бер- мейді. Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен ойнына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шұжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық, осы және осыған ұқсас ауысулар формасы, түсі немесе функциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат қойған соң енді онымен бастапқы қасиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айналса, ол одан атады, атқа айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі тиіс.

Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін жақсы жинақтайды. және кебірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда кұрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы суреттелген. Өзара қарым-қатынас жасауда бүл егіздерде өздерінің, екеуіне ғана түсінікті автономиялық тілі

қалыптасқан. Егіздерді белгілі уақыт ажыратып, басқа балалар коллективіне қосқаннан кейін ғана олар дұрыс тілдік қарым- қатынас жасау қабілетіне ие бола бастаған.

Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті әз атын бермей (тіпті бала оны жақсы біліп тұрса да) қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайыы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. ‘Сонымен, рольдік ой- ында ой жүзінде іс-эрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Бала өзі жаңа ат беріп және демек, жаңа функция артатын заттармен нақты әрекет жасаудан біртіндеп ішкі, нағыз ақыл-ой әрекетіне ауысады. Ақыл-ой әрекеттеріне ауысудың негізгі ойын әрекеттерінің қысқаруы мен жалпылануынан тұрады.

Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-әреттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі. аяқкиім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту — мектепке дейінгі кішкентайлар ойынынын негізгі мазмұны, міне осы. Бұл кезеңде балалар, әдетте, жеке-дара ойнайтынын атап өту маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің арнайы ұйымдастыруымен біріккеннін өзінде олардың ойыны бәрібір бірлесіп ойнау емес, қатар ойлау. Балалар бір-бірінін ойынына аз көңіл аударады, әрқайсысы өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады.

Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: «Сен кімсің?»— деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзін «мамамын» деп таныстырады. Бұл жерде бала енді іс-әрекетті сол әрекеттің өзі үшін жасамайды. Олар рольге кіріседі. Енді сіз кең жайылған қайталама іс-әрекеттерді көре алмайсыз. Балалар жасайтын әрекеттер азды-көпті ықшамдала бастайды. Ойын дамуының бұл сатысында баланы адамдар арасында болатын қарым-қатынастар қызықтыра бастайды. Әрекеттер қарым-қатынастарды өрістетудің құралы ретінде қолданылады. Ойын басталмай тұрып-ақ балалар кімнің кім болып ойиайтынын келісіп алады. Мұнда бұрын айтылып етілгендей, әлеуметтік рольдер игеріледі. Балалар көп жағдайда балалар болып ойнайды. Мұндай жағдайларда олар адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі өз орындарын жақсы түсініп, өздерінің осалдықтары мен күштерін біледі.

Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже (сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады. Балалардан іс-әрекет процесі дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзінде де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетін жасау оны бірізді жүзеге асыру талап етіледі. Әрине, мектеп жасына дейінгі кішкентайлар өз әрекеттерін әзірше мұндай талаптарға бағындыра алмайды. Алғашқы кезде оларда нәтижеден гөрі текшелерді орналастыру, саз балшықтың формасын өзгерту, қарындаш пайдаланып қағазда із қалдыру сияқты іс-әрекет процесінің өзі қызықтырады. Нәтиже алуға деген бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына қарай бала қажетті сыртқы, практикалық және ішкі, психикалық әрекеттер түрлерін игереді, онда эстетикалық тебіреністер мен творчестволық қабілеттер қалыптасады.

Балалардың суреттері зерттеушілердің назарын неғұрлым көбірек аударады. Балдырғандардың салған суреттері өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді: олар схемалы болып келеді (адам бірнеше сызықтармен бейнеленеді), оларда көлемі жағынан заттардың арақатынастары (гүл үйшіктен үлкен болуы мүмкін) және кеңістік қатынастары жиі бұзылады, кейде зат бір мезгілде түрлі жағынан бейнеленеді және т. б. Белгілі дәрежеде бұл ерекшеліктер балалар суреттерінің ойын немесе қызық оқиғалар жөніндегі әңгіменің элементі ғана болуымен түсіндіріледі. Суретте көрсетілмегендер сөзбен немесе қимылмен толықтырылып отырады. Балалар игерген бейнелеу құралдарының тапшылығының да әсері тиеді. Бірақ сонымен қатар бейнелеу ерекшелігінеп бала қабылдауы мен ойлауыиа тән белгілер де көрініп қалады. Мұның дәлелі ретінде көп жағдайда балалардын өз кұрбылары салған заттың суретін тез танып, ал үлкендердін оны тануда қиналатынын келтіруге болады. Бейнелейтін заттарды зейін қоя және жүйелі тексере білуге, оларға тән белгілерді беле білуге тәрбиелеп, балаларды қажетті техникалык дағдылармен қаруландырып, сурет салуға дұрыс үйреткен жағдайда мектепке дейінгі шақтың өзінде заттарды шынайы беинелеуге толық қол жеткізуге болады. Мұндай үйрету мақсатты түрде белсенді қабылдауды және ойлау операцияларын дамытуға көмектеседі. Бала өз ниеттерін жүзеге асырудың қажетті «құралдарын» алады, ал мұның өзі творчестволық қабілеттерді дамытады.

Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі ретіндегі еңбек жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды орындау үстінде еңбектің, дамыған формаларына тән кейбір психологиялық қасиеттер қалыптасады.Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін қоғамдық мотивтерге бағындыра білу, бұл іс-әрекеттің басқа адамдарға келтіретін пайдасын басшылыққа алу болып табылады. Нәтижесінде мектепке дейінгі шақтағы бала оқу әрекетінің элементтерін игереді. Әр түрлі дәрежедегі үйрену балалардың кез келген іс-әрекетінің құрамына енеді. Бірақ баланың өзі үшін оқу ерекше іс-әрекет болып, оқу міндеті — қандай да болмасын бір жаңалыққа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндеттерінің бөлініп шығуы мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар          арқылы  бала белсенділігін  арттырудың педагогикалық ерекшелігі.

 

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық, физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртуүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы емірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімік білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың есетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс- әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың. қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен  соң жұмыста да кел жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік – рөлді ойындар.

Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болыл табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі — оның арекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаңарманның іс-әрекетімен, сезімімен тымыстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.

Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өөзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады. балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.

Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немеее ересектер усынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс — әрекеті ретінде көрсетеді.

Ойынның түпкі ниеті — бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болыл табылады.

Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

а)  тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» жане т.б. болып ойнау);

ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу және т.б.);

б)  қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейналейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.).

Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.

Ойынның сюжеті, мазмұны — бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын… Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.

Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көлтеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар депл аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.

Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйышылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережеа жасқанша, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік бопып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі сйындарда түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның түріне сипаттама беруге болады, дегенмен оиынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.

Ойын — бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез — келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір — бірімен өзара қарым қатынас жасайды, Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.

Ойынның негізгі ерекшелігі — ол балалардың қоршаған ортаны — адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сойлесе жүріп, балалар пікірлесіп,әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті — бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақшасы» және т.с.с. болып ойнайды.

Ойынның сюжеті,мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатысын бағыттап отырады. Өзі де сол ролге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы кұрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті — рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

 

  • 1 Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшелігі.

 

Балалық шақ — адам өмірінің осынау бастапқы кезеңін біз алаңсыз тіршілікпен байланыстыра ұғынамыз.

Әйтсе де балалық шақ біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана ма екен? Ересектерге, біздің тіршілік проблемаларының тұрғысынан қарағанда, балалар алаңсыз көрінеді. Олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап-күлуді ғана білетін сияқты көрінеді. Барлап қарасақ, балалар өмірінде де еріесектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды да ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.

Бүлдіршіндердің арасында, балалар мен үлкендер арасында араласпай жататын қарым-қатынастар болады. Бізге елеусіздеу көрінетін — балалардың неге ренжіскендері, неге жылағандары, не үшін қуанғандары — ұсақ-түйек емес, өмірдің мәні. Кейде балалардың қиыншылықтарға кездесіп қалатынын, бұл өмірдің соншалықты көп қырлы, әрі мазмұнды болатыйын елемеген ересек адам оларды тәрбиелеуде қателік жіберіп алуы ықтимал. Баланың есейгісі келеді. Егер оның бүкіл қылықтарын, ойындарының мазмұнын жете талдайтын болсақ, онда көпшілік жадайда оның үлкендерге ұқсап өзі ересек тартқансып, олардың орнына өзін қойып  көруге тырысатынын байқау қиын емес.

Балдырғандардың мына бір өзара әңгімелеріне, таластарына назар аударып көрейікші. Түрлі-түсті текшелерден үйді қалай салу керек? Ойыншықтарды өзара қалай бөлісеміз? деген болмашы сұрақтардың өзін олар ересектерше байсалды талқылап жатады. Осындай кезде олар әсте алаңсыз болмайды, қайта өмірлік маңызы -бар проблемалармен шұғылданып жатады және мұндай әрекеттер оларды есеюге жетелейді.

Сонымен балалық шақ — баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек, адамгершілік ақыл-ой және басқа да қасиеттеріңің қалыптасуының ең маңызды кезеңі.

Педагогика және психология ғалымдарынң зерттеулері баланың мінез-құлқының негізі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі Жас шағында қалыптасатынын дәлелдейді. Оның себебі, бала бұл кезеңде аса сезімтал, қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш болады.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекеті – ойын; (Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы: «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады»,— дейді.

Біз балалардың ойнай жүріп анасының, әкесінің, дәрігердің, жүргізушінің, құрылысшының, мұғалімнің, тәрбиешінің, сатушының және тағы басқалардың қызметін, атқарып жүргенін байқаймыз.

Егер ересектер тарапынан баланың ойынына көңіл бөлінсе, дұрыс бағыт берілсе, ойынның бала дамуына тигізер әсері көп. Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарасы қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдастарымен ойын барысында бірлесе шешім қабылдау, үлкенді сыйлау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.

Сәби бойында жағымды қылықтардың қалыптасуына, өмірлік танымының кеңеюіне сюжетті-рөлдік ойындардың тигізер ықпалы ерекше.

Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, сюжетті ме әлде драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Ал сюжетті-рөлді ойынның тағы бір жағымды жағы, баланы өз құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен, яғни көпшілікпен санаса білуге дағдыландыруы.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті–ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойында көп қажет етеді.

Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін,ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Ойын – тиімді тәсіл.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі ісі ойын болғандықтан, оқытып үйрету барысында олар біртіндеп ойын әрекетіне түрлі ойындарды ойнау барысында бейімдеу тиіс.

Я.А. Каменский: «Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі», — деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау                              Тапқырлық                 Шыдамдылық

 

 

Ұйымдастырушылық                              Белсенділік

қасиеттері қалыптасады.

 

 

 

Қазіргі білім саласының  алдына қойылған талаптар балаларға білімді тереңдетіп беру. Мұндай кейінгі жылдары шыққан оқулықтарды да көруімізге болады.Мұндай жағданда алдында үлкен мәселе: қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану-бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы 5,6 жастағы балалар сабақтарын ойын әдсімен өту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, балалар ойын кезінде бір- бірімен тілдік қатынасқа тез түсіп, бір- бірімен қарым-қатынасы артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл балардың сөйлеу тілінде дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгерін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, балалар арасында жарыс пайда болады, баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, балалар шығармашыл ойлауға дағдыланады.

Сондықтан 5,6 сынып қазақ тілі сабағын ойын тәсілімен өту — қазақ тілін сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі, Олай дейтініміз бұл мәселелер төңірегінде осы күнге дейін бірде-бір ғылыми еңбек қорғалмаған. Сондықтан зерттеуіміз өзекті мәселеге арналап отыр және осы бағыттағы алғашқы жұмыс.

Ойын — күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Философиялық еңбектерде ойын әр түрлі көзқараста, пікірде түсіндіріледі. Мысалы, сонау ерте заманғы грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.

Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік — шахмат ойнап отырған бала». Келесі грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын — әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.

Бұған филодофтар И.Кант және Ф.Шиллерлердің пікірлері сабақтас, сондықтан екеуінін пікірінше, человек играет только тогда, когда он полном значении слова человек, и он бывает вполне человеком лишь тогда, когда играет. Бірақ Ф.Шиллер пікірімен келіспейтін тұстары да бар. Ф.Шиллер адамның ойлауына ешқандай сыртқы дүние әсер етпейді, ол өзіндегі артық күштен арылу үшін ойнайды деп есептейді. Ф.Шиллер адамдар арасындағы ойынды жануарлар ойынымен тең қояды. Мұндай пікірге ағылшын ғалымы Г.Спенсерде қосылады. Ойын теориясын жеке зерттеген Н.Хейзенге ойын іс-әрекетін адамның рухани энергия алуы үшін керек дейді. Осы энергия негізінде адам мәдени тұрғыдан дамиды және өседі деген пікірде кеңес одағы философтары М.В.Делин. Д.И.Узнадзе т.б. ойын адамның өзіндік іс- әрекеті дей келе, оны еңбекпен байланыстырады.

Осының негізінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мұңдай теориялар қалыптасқан:

1.Ойын — мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит).

2.Ойын — артық күштен арылу жолы (Ф.Шиллер, Г.Спенсер).

3.Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К.Гросс, К.Бюллер).

4.Функционалды тенденция теориясы (Д.Н.Узнадзе, т.б).

Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Я.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше «ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды. Д.Б.Эльконин «путь развития игры идет от конкретного предметного действия и обобщенному игровому действию, и от него и игровому ролевому действии; есть ложкой; кормить ложкой; кормить ложкой куклу, кормить ложкой куклу как мама. Таков схемагический туть к ролевой игре. К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристакалық іс-әрекеті деп қарастырады. Психологтар ойынның мынадай тізбесін далелдеген:

Қажеттілік→мотив→максат→ ойын іс- әрекеті→нәтиже.

Демек, психологиялық  тұрғыйан ойын:

а)  Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;

ә) Танымдық мативтің дамуына әкеледі;

б)  Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;

а) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.

5, 6 сыныпта Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық аспектісіне келер болсақ, мұнда да ойын іс-әрекеті туралы жалыға ортақ бір пікір жоқ.

Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.

Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды «как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся»-деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс- әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюкгер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В.К.Роман окытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Өз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.

Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды     ойындар арқылы  бала белсенділігін  арттыру жолдары.

 

Бастауыш мектеп бағдарламасында қимыл-қозғалыс онындары маңызды орын алады. Қимыл-қозғалыс ойындары оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің ең негізгі құралы болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі қимыл — қозғалыстарды: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, кедергілерден өту, қарсы шығу, тепе-тендік сақтау әрекеттері бекітіледі. Дұрыс ұйымдастырылған ойын оқушылардың танымдық зейінін, қабылдауын, дененің сапалық қасиеттері жылдамдығын, күш-қуатын, төзімділігін, икемділігін қалыптастырады; ал ұжымдық ойын түрлерін ұйымдастыру — жолдастыққа, достыққа, өз бетімен әрекет жасауға тәрбиелейді.

Таза ауада ұйымдастырылған ойын маңызды сауықтыру міндеттерін атқарады, ағза жұмыс қызметін жақсартады, сонымен қатар белсенді демалыс құралы ретінде қолданылады.

Оқушылар мектептен, сынынтан тыс уақытында әр түрлі жарыстар өткізуге болады. Бұл жарыс түрлері бағдарламалық дайындықты ұзақ қажет етпейді және оқушылардың қызығушылығын арттырады.

«Көңілді поез» спорттық жарыс ойыны.

Бұл жарыс топтар арасындағы дәстүрден тыс ұйымдастырылатын жарыс түрі. Ойынды өткізу қатысушылардың санына, жоспар құрлысына, өткізілетін орын жағдайына байланысты.

Ойынға бастауыш сынып оқушылары қатысады. Жарыстың ерекшелігі «аялдамадан» «аялдамаға» дейін әр түрлі қимыл-қозғалыстарды тапсырма ретінде қабылдай отырып нәтижеге жету. Аялдаманың атауы орындалатын қимыл-қозғалыс ойынының мазмұнына байланысты. Жарыс ұзаққа созылмауы керек, әрбір аялдамада жаңа тапсырма ала отырып, барлық ойынға қатысушы тапсыеманы бірден орындауы қажет.

Тапсырма түрлері қызықты жарыс, және балалардың көңіл-күйін көтерейін және жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек. Денеге салмақ түсіретін жаттығулар қарапайым жаттығулармен алмастырылып отырылады. Ойын көкалда, футбол, баскетбол аландарында өткізіледі. Ойын барысында оқушылар ойынға қатысушы, әділқазы, көмекші, төреші және педагогтың көмекшісі қызметін атқарады. Осы аталғандардың барлығы оқушылардың өз бетімін көтеруге, шыгармашылық деңгейде өз бетімен әрекет етуін қалыптастырады.

» Көңілді поез» ойьшы алаңда ойналады. Поездың жүру бағыты жолаушылармен белгіленеді. Әр аялдамаға сәйкес көрсеткіш белгілері, аялдама атауы, поездың тоқтау уақыты белгіленуі керек. Ойынға қажетті құрал-жабдықтар алдын-ала дайындалада. «Көңілді поез» — жарыс ойынына жеті аялдама кірелі. Төрт топ қатысады.

  1. 1. Аялдама «Жүйріктер», тоқтау уақыиы 5 минут.

Ойынға қатысушылар 15 х 15 метрлік төрт бұрыш құрып тұрады. Аялдама бастығы ортада, әрбір бұрыш жалаушамен белгіленеді. Ойынды ұйымдастырушы әр түрлі жаттығулар орынданды, оқушылар қайталайды. Мысалы: «Қолды алға созу», «Қолды жоғары көтеру » «Еңкею», «Шалқаю «, «Отырып тұру». Жүргізуші белгі береді. Топта жүгіреді. Негізгі мақсат: жылдам жүгіріп орнына келу. Тапсырманы жылдам орындаған топқа ұпай ретінде бес шеңбер, екінші топқа үш шеңбер, үшінші орын екі шеңбер, төртінші орынға бір шеңбер беріледі. Ойын- 2-3 рет қайталанады, ойынға қатысушылар жүгіруді әр түрлі бағытта орындайды. Әр жүгірістен кейін ұпайдар беріліп отырылады. «Жүйріктер» ойыны аяқталғаннан кейін ойыншылар қатардан поез болып тұрып келссі аялдамаға кетеді.

  1. «Секіргіштер» аялдамасы, тоқ тау уақыты 4 минут.

Топтар мәре сызығы бойынша қатарға тұрады. Әр тонтың арасындағы арақашықтық 2-3 метр. Мәре мен меже арақашықтығы 8-10 метр, ойынға қатысушылар сол қолдарын алдыңғы ойыншылардың иығына қояды, оң аяқтарын бүгіп, оң қолдарымен алдыңғы ойыншының бүгілген аяғын ұстайды. Берілген белгі бойынша бір уақытта ойынға қатысушылар сол аяқпен секіру арқылы алға жылжиды. Қай топ өзінің байлауын бұзбай межеге жетсе, сол топ жеңеді. Қайту бағытында олар тапсырманы, оң аяқпен орындайды. Ұпай қою жүйесі жоғарыда аталғандай.

  1. «Тапқырлар» аялдамасы, тоқтау уақыты 7 минут.

Ойыншылар шеңберге тұрады. Шеңбер ортасында ұйымдастырушы. Әр топқа спортқа байланысты сұрақтар береді. Әрбір жылдам, толық жауабы үшін топ ұпай алады. Ұпай шеңберлер арқылы белгіленеді. Жауап беру барысында белсенді қатысқаны үшін қосымша ұпай берілуі мүмкін. Ойлану уақыты 30 секунд.

4.»Күттілер» аялдамасы, тоқтау уақыты 4 минут.

Ұзындығы 6-8 метр арқап төрт бұрыштап жергс қойылады. Арқан  жатқан төрт бұрыштың әрбір бұрышына 5-6 метрлік жіп байланады. Әр топ өз жібінің қасына тұрады. Жүргізушінінің белгісі бонынша ойнаушылар жіптерін қолдарына алады, арқанды тартады. Негізгі мақсат арқанды тартып алу, күштерін көрсету. Тартыи алған топқа унай қосылады. Тапсырма 3-4 рет орыңдалады.

5.»Кел ойнайық» аялдамасы, тоқ тау уақыты 3 минут.

Топтар бір-біріне, бірінші топ екіншіге, үшінші топ төртінші топқа қарама-қарсы тізбектеліп тұрады. Әр топтың бірінші нөмірлі ойыншылары қолдарынан ұстап, кішкене шеңбер жасайды, екінші, үшінші ойыншылар орташа шеңбер жасайды, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші нөмірлер үлкен ішкі шеңбер жасайды. Кіші және үлкен шеңбердегі ойыншылар солға қарай ауыстыру қадаммен жүреді. Келесі берілген белгі бойынша ойнаушылар қолдарын жіберіп бастапқы тұру қалпына оралады. Өздері тұрған орындары бойынша ұпай қойылады. Мысалы: 1-2-3-4. Ойын 2-3 рет қайталанады. Әрбір қайталау барысында қозғалу бағыты өзгеріп отырады.

6.»Зейінділік» аялдамасы, тоқтау уақыты 3 минут.

Ойынға қатысушылар топ бойынша жалпы бір қатарға тұрады. Аялдама бастығы ойынның ережесімен және тансырманың  дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Аялдама бастығының «топ» деген бұйрығы бойынша тапсырма орьндалады. Мысалы: «топ» оңға бұйрығы бойынша барлығы оңға бұрылады. Бұйрықсыз қимыл орындалмайды. Егер ойыншылар ережені бұзса, бір қадам алға жылжиды. Ойын нәтижелі болу үшін бұйрық жылдам, нақты, қимыл түрлері озгертіліп отырылуы керек. Мысалы: қол жоғарыда, төменде, отырып тұру, бір орында жүгіру, секіру т.с.с. Берілген тапсырманы сапалы орындаған топ жеңеді.

  1. “Құрастыру” аялдамасы, тоқтау уақыты 7 минут.

  Ойынға қатысушылар жалпы бір қатарға тұрады. Шеңберде картоннан қиылған гүлдердің жапырағы, бұтағы, шеңбер қиындылары жайылған. Қиылған заттардың бір жағы боялған. Боялған жағы көрінбейді. Топтар қызыл, жасыл, көк, сары болып бөлінеді. Заттардың саны ойнаушылардың санына сәйкес келуі керек. Белгі бойынша әр топтан бірінші нөмірдегі ойнаушы жүгіріп келеді. Олар өздерінің түсіне сәйкес шеңберді табуы керек, 2-3 нөмірлі ойыншылар гүлдің жапырағын, қалғандары бұтағын тауып құрастырады. Негізгі мақсат, жылдам гүлді құрастыру. Ұпай шеңбер бойынша белгіленеді. Ойынның соңында барлық ұпай саны есептелініп, жеңіске жеткен топқа әділқазылар өз бағасын береді.

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.

Тарихының кенелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескермейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да-осы қимыл-қозғалыс ойыны. Қимыл-қозғалыс ойынында  бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді: ойынның қалыптасқан түрлеріне байланысты ол қимылды танығумен кездестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Міне, ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі,  өмір танысы.

Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.

Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бәрін игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен, қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді.

Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының, эстетикалық сипаты ойын бастауымен, әңгімелесумен, санамақпен, байи түседі.

Балаларға музыка ерекше эстетикалық ыкпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылда эстетикалық сипат береді.

Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады—осылардың бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әртүрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің ролі артады.

Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Ойын процссінде балалардың қозғалғыш ширақығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді. Ойындардың балалар үшін әр түрлі педагогикалық жіктеулері бар.Ойындар мазмұны бойынша қимыл-қозғалыс(сюжеті,сюжетсіз) ойындарға бөлінеді: Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады.

Мысалы, «Мысық пен тышқан», «Қарақұлақ», «Алакүшік», «Қасқыр қақпан», «Бүркіт», «Атшылыр жарысы», «Қара сиыр», «Тай жарыс», «Дене жарыс», «Құнан жарыс», «Түйе жарыс», «Қара құрт», «Жапалақтар мен қарлығаштар», «Хан», «Тұзақ құру», «Түйе-түйе», «Жануарлар қалай үндейді», «Қой бағу», «Қоян» сюжеті қимыл-қозғалыс ойындарына жатады.

 

 

2.2.1 Балалардың танымдық ойлау қабілетін әуенді қимыл-       қозғалыс ойындары арқылы қалыптастыру.

 

Сабақтың мақсаты: Балаларды аяқ-қолдарын емін-еркін қимылдатып, үйлесімді, әсем жүру мен жүргізуге, бойын дұрыс ұстай білуін,секіргенде аяғын бүгіңкіреп, жайлап түсуін дамыта отырып,ептілікке баулу. Саз

әуендер, ойын арқылы сезім, қимыл-қозғалыс белсенділігіне, дене бітімінің дұрыс дамуына тәрбиелеу. Өлең-тақпақ, жұмбақ, көркем сөз арқылы тілін дамыту.

Көктем туралы түсінігін кеңейте отырып, табиғатты аялай, оған қамқорлықпен қарауға, әдептілікке, тазалыққа үйрету. Көрнекіліктер арқылы математикалық, көркемдік талғамын, ұжымдық іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Сабаққа әңгімелесу, ойын, сұрақ- жауап, көрнекілік сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.

Көрнекілік құралдар ретінде кедергілерге қажет биіктігі 8-10 см заттар, кедір-бұдыр тақтай, гүлдер, бүрленген бұтақтар, бұлақтың макеті жатаған үстелдер, қоржын, ұнтаспаға жазылған құстардың дауысы, атрибуттар пайдаланылды.

Балалар залға «Көктем вальсі» музыка ырғағымен ұлттық би элементтерін жасап кіріп, бірінің артынан бірі жүріп, музыкаға сәйкес жүгіріп, әдейі жасалған кедергілер арасынан өтіп, биіктігі 8—10 см заттардың үстінен секіріп, кедір- бұдыр тақтай үстінен баяу жүріп келіп, шеңбер құрып тұрады.

Тәрбиеші: — Балалар айналаға қараңдаршы, табиғатта қандай өзгерістер барын байқап тұрсыңдар ма?

— Жерге шөптер шығабастапты.

— Гүлдер қауыз жарды.

Тәрбиеші: — Гүлдердің түсі қандай?

— Ақ, сары, көк.

— Тағы да қандай өзгерістер кұріп тұрсыңдар?

— Ағаштарда кішкентай жапырақтар пайда болды.

— Қалай ойлайсыңдар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем.

— Көктемде тағы қандай өзгерістер болады? Нелер оянады?

— Ұйықтап жатқан аюлар оянады?

— Дұрыс, онда барлығымыз осы аюлардың ұйықтағанын, оянғанын, орманда қалай серуендеп жүргенін көрсетейік, қане.

Сендер таңертең оянғанда не істейсіңдер? (қалай оянасыңдар)

Балалар жатып еркін қимыл-қозғалыс жасайды.

— Міне, біздің кішкентай қонжықтар оянды.

— Қонжықтар тұрайық, орманға серуенге барайық.

— Аюлар қалай жүреді? (аюдың жүрісін, қимылын бейнелеу).

— Қараңдаршы, мынау не?

— Жол.

— Иә, бұл жаяу адам жүретін жол, сондықтан біріміздің артымыздан біріміз жүрейік, қайда апарар екен?

Бұлақтан секіріп ойнап жүрген лақ кездеседі. Ақ лақ балалармен сәлемдеседі. (Тәрбиеші балаларға қосымша сұрақтар қояды)

— Бізге кездескен не? Оның тоны қандай? т.с.с.

Ақ лақ: — Балалар, сендер мына бұлақтан аяқтарыңды суға тигізбей секіріп өте аласыңдар ма?

Міне, қараңдар, былай секіру керек. Ақ лақпен бірге балалар бұлақтан секіреді.

Тәрбиеші: — Ақ лақ, балалардың аяқтарын суға тигізбей секіре алатынын көрдің, ал енді тыңдашы бұлар лақ, қошақан туралы жұмбақ тақпақтар, өлеңдер де айта біле ме екен?

— Мен лақпын, лақпын,

Бойымда бар бір-ақ мін.

Әлім жеткен кішіні,

Сүзіп қалып жылаттым.

Ақ лақ: — Ойпырмай, мынау тентек лақ қой. Кішкентайларды жәбірлеуге, жылатуға бола ма екен?

— Шауып журіп арыдым,

Жеңілтектеу шығармын.

Жас шыбықтың қабығын,

Қажалауға құмармын.

Ақ лақ: — Балалар, тыңдандаршы, «жас шыбықтың қабығын қажалауға құмармын» дейді. Сонда ағаштың қабығын қажалауға, бұтақтарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға бола ма екен?

Балалар бәрі бір дауыспен: — Жоқ болмайды.

Тәрбиеші: — Бәрекелді, дұрыс айтасыңдар, өсіп келе жатқан жас шыбықтың жапырағын жұлса, дінін сындырса, ол еспей қалады.

«Қошақаным» деген ән орындалады.

Мен қозымын, қозымын,

Жақсы бір өн-өз үнім.

Жаздай шопан атаның,

Ауызындағы сезімін.

(Т. Молдағалиев)

Үнтаспадан құстардың дауысы естіледі. Тәрбиеші.

— Балалар, тыңдаңдаршы, бұл ненің дауысы?

Құстардың дауысы.

— Құстар қайдан келді? Құстар қалай жем жеп, су ішеді, қалай ұшады?

Музыкаға сәйкес қимылдар жасалады.

Ақ лақ: «Балалар, менің сендерге үкелген бір сыйлығым бар еді, бірақ қоржынымды қайда қойғанымды білмеймін, іздеп көрейікші.

Қоржынды тапқанға алғыс айтып, ішіндегі гүлдерді, ағаштың бұтақтарын, құстардың суретін алып ұсынады. Бүлдіршіндер бірігіп табиғат көрінісін бейнелейтін суреттер салады.

Одан кейін «Күн мен жаңбыр» деген ойын ойналады.

— Балалар, сендер тазалық туралы не білесіңдер?

— Саусақты сормау керек.

— Тамақ ішер алдында қолды жуу керек.

— Тамақты асықпай ішу керек.

Бетті, қолдьі сабындап,

Жиі жуу пайдалы-ақ.

Тұра алмайды дамылдап,

Микробтар тайғанап.

«Кел, балақан, балақан» биі қимыл- қозғалыспен орындалады.

«Кірпі балаларға доп әкеледі» ойыны басталады. Әуенді ырғақпен бәрі доппен ойнайды. «Сылдырмақтар» музыка әуені ойнағанда биші кірпі балаларға сылдырмақ сыйлайды да сылдырмақ биі биленеді. Әуен ырғағымен би қимылын жасай жүріп, балалар өздеріне белгілі орындарына отыра қалып сылдырмақты мүсіндеу жұмысын орындайды.

Тәрбиеші сабақты қорытындылағанда балалардың не үйренгені, не істегені, тапсырмаларды, ойын-жаттығуларды жақсы орындағандары туралы айтып жасалған сылдырмақтарды көрсетіп мадақтайды.

Осыдан соң «Көктем вальсі» әуен ырғағымен балалар өз бөлмелеріне қарай беттейді.

Бүлдіршіндерді сазды қимыл-қозғалыс арқылы сымбатты жетілдіру тұрғысында дене тәрбиесі мен сазды-ырғақ жұмысын сабақтастыра біртұтас жүргізу бағдарламасы мына мәселелерді қамтиды:

— балабақшада білім беру жұмыстарын кешенді түрде, халықтық педагогикаға үйлесімді ұйымдастыру;

— баланың ойлау, сөйлеу қабілеттілігін дамыту;

— математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастыру;

— бейнелеу, ән-күй, әдебиет өнеріне қызығушылыққа баулу;

— баланың денсаулығын нығайтып, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне баса назар аударып, ұлттық ойындарды баланың күнделікті өмірінде, тәрбие сәттерінде үздіксіз қолдана отырып, ойынның әуен сазын тыңдай, ажырата білуге үйрету.

Осы мақсатта жаңа бағдарламаны байқауға арналған ашық сабақты өткізуге Алматы қаласындағы № 347 «Ақбота» балабақшасы таңдалды. Балабақшаның ашылуына көп жыл болмаса да балабақша меңгерушісі Н.Берниязова, әдіскері Р.Тілеуова, музыка жетекшілері Ж.Ізтаева, Ж.Сапарбаева, тәрбиешісі К.Шураева сияқты білікті мамандар мен балабақшаның материалдық базасының жақсы қамтамасыз етілгендігі сабақты өткізуге көп көмек болды. Сондай-ақ балабақшадағы барлық жұмыс бүгінгі талап деңгейінде, жаңа бағытта жүргізіліп отырғанына көз жеткіздік.Сазды-әуен ырғағына сай нәзік те әсем қозғала білуге, әуен сазын түсініп тыңдауға үйрену үшін сазгер Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнінің әуен ырғағымен балалар құстай қалықтап, екі қолдарын қанатша жайып, әсем қимыл-қозғалыс жасайды.

Тәрбиеші:- Балалар,сендер «Ертегілер еліне» барғылары келеді ме?

Балалар:- Барғымыз келеді.

Тәрбиеші: — Олай болса әуенді мұқият тыңдаңдар, әдемі ырғақпен — билейік. (балалар» қазіргі би-ырғақтары қимылымен би билейді.)

Тәрбиеші: —  «Тік ұста бойыңды, жоғары соз қолыңды»,- деген өлең жолын айтып, сәбилердің аяқтың ұшымен қолын желкесіне қойып жүріп, өкшемен жүріп, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен (жүру, жүгіру жаттығулары) жүруін, жұптасып жүріп шашырап тұра қалуын қадағалайды.

Тәрбиеші: — Құлақ түріп күйге, Жаттығамыз биге,-деген өлең шумағын айтады. Сол мезетте әуенге сәйкес балалар би қимылдарын жасайды.

Тәрбиеші: — Балалар, ертегі елі өте алыс, жолда көптеген кедергілер кездеседі, содан сүрінбей өтсек қана ол елге тез жетеміз. Міне-өзен. Осы өзеннен өткел тастар үстімен жүріп, таудағы үңгірден еңбектеп өтіп, батпақтың кебу жерінен әрі қарай аттап, бұтаның арасынан ең- кейіп өтеміз.

Негізгі қимылдар:

  1. Тепе-теңдікті сақтап, тастардың үстімен жүріп судан өту.
  1. Еңбектеп таудағы үңгірден өту.
  2. Аяқты адымдап басып батпақтың арасынан өту.
  3. Бұтақтардың (кедергі биіктігі 40- 50 см) астынан еңкейіп өту.

Тәрбиеші: — Жазық алаңға да келдік, табиғатты қызықтап дем алайық.

—  Осы кезде Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалады. Тәрбиеші оңтайлы сәтті пайдаланып сәбилерге: — Қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде қандай өзгерістер болады? Қазір жүріп өткен орманда не көрдіңдер?-деген сұрақтар қойып, оған балалардың дұрыс жауап беруіне мән береді. «Аққу» күйінің орындалған себебін түсіндіреді.

Балалар жыл мезгілдері туралы өлең оқиды.

(Тәрбиеші алдын-ала қағазға бояуды құйып дайындап, бетін жылтыр қағазбен жауып қояды).

Күй табақта Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі орындалып тұрады. Балалар күй. Сазы аясында сурет салады.

  1. Тәрбиеші алаңқайда өсіп тұрған гүлдерді нұсқап: — Қараңдаршы, алаң қалай әдемі. Қандай гүлдерді көріп тұрсыңдар? —деп сұрайды. Гүлдерді бір-бірлеп тереді де санатады.
  2. Халық әні «Ләтипаның» сазымен балалар отырған қалпында әуен ырғағына сәйкес оңға, солға бұрылып жаттығу жасайды.
  3. Халық әні «Сәулем-айдың» ырғағымен осы отырған қалыптарында алдарына шашылған ұсақ малта тастарды, қолдарын созып еңкейіп бір- бірлеп жинап алады, жинаған тастардың санын айтады (бұл жаттығу қайталанады).
  4. Венгр халық әні «Қоңыздың» сазымен

«Өздігінен тұра алмайды,

Төрт аяғы тырбаңдайды,

Орнынан қозғамасақ,

Қоңыз байқұс жүре алмайды», — деген өлең оқылады. Сәбилер осы өлеңді қоңыздың қимылын жасау үшін шалқасынан жатып, қолдары мен аяқтарын тырбаңдатып қимыл жасайды, ал тұрғанда қолдың көмегінсіз тұрады (жаттығу 5-6 рет қайталанады).

 Тәрбиеші: — Қане, бәріміз жүріп бойымызды жазайық.

Бұл кезде «Шип-шип, шөжелерім» әуеніне сәйкес ырғақты қимыл-қозғалыстар жасалады.

«Құстаңдай» әнінің ырғағымен тәрбиеші темендегі өлеңді оқиды:

Тырналар-ау, тырналар,

Қиқу саласың,

Көк аспанда жүзіп баяу

Қайда барасың? Тырау, тырау, тырналар,

Алыстағы достардан

Алып қайтшы бір хабар.

Ал балалар болса бұл кезде ұшбұ-рыш жасап, қаз-қатар тұрған бойда екі қолдарын созып, одан соң аяқтарын кезек созып; «қанат қағады».

   Тәрбиеші: — Балалар, дем алып, енді әрі қарай атқа мінбесек, жете алатын түріміз жоқ.

Бұл жаттығу үшін «Сарыарқа» күйі орындалады да, балалар ат желісіне салып қимыл-қозғалыс жасайды. Кенеттен балалардың алдынан Ертестік шыға келеді. Ол: — Балалар, қайдан жүрсіңдер?—деп сұрайды.

Тәрбиеші: — Сіз кім боласыз?

Ертөстік: — Ертөстігім деп елім,

Ертегі ғып шертеді.

Мәңгі жасап келемін,

Мен қазақтың өркені.

Ертөстік деген ер мен боламын.

Тәрбиеші: — Біз де сізді іздеп шығып едік, кездескеніңіз қандай жақсы болды.

Ертөстік: — Менің Шалқұйрық деген атым жоғалып, соны іздеп шығып едім. Жолда жалмауыз кемпирге  кездесіп, соның қаңарынан жердін, астына түсіп кетті деп естідім. Қане, Шалқұйрықты кұтқару үшін менімен еріп баратындарың бар ма?

Балалар: — Бар. Бәрімізде барамыз.

Ертөстік: — Онда көздеріңді жұмыңдар, атқа мініп жердің астына түсеміз.

«Сарыарқа» күйінің сазымен балалар көздері жұмулы күйде орындарында тұрып ат желісін бейнелейді. Бір кезде көздерін ашып қараса, қал- қандай екі құлағын жерге тосып тың- тыңдап бір адам жатыр.

Ертөстік: — Оу, неғып отырған жансың?

Саққұлақ: — Жер үстіндегі Ертөстік жер астына түсті дегенге соның жолдасы болайын деп жолын.тосып отырған жанмын.

Ертөстік: — Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар?

Саққұлақ: -Жер астының атақты сақшысымын, әнді керемет сазды айтамын, алыстағыны, жақындағыны түгел естіген Саққұлақ деген ер боламын.

Ертөстік: — Жарайды, ендеше өз- деген Төстік мен боламын, мына балаларға өнеріңді көрсет.

Әнді тыңдап, дұрыс айтуға, ажырата білуге дағдыландыру үшін «Малдың төлін шақыруы» деген халық әні (өңдеген Б. Жүсіпәлиев) мен «Балалар жыры» (әнін жазған Е. Хасанғалиев) әні орындалды.

Балаларды өз қалауынша әртүрлі әуен ырғақтарын ойлап табуға үйрету үшін «Бүгін қай күн» (әні С.Мұхаметжановтікі) әні орындалады.

Саққұлақ: — Жарайсыңдар, балалар әнді керемет айттыңдар. Енді әрі қарай жүрейік, Ертөстіктің атын табуға көмектесейік.

Балалар ат шабысын бейнелей, шеңбер жасап, айнала шапқыпайды. Ортаға екі , аяғына тас байланған желаяқ жүгіріп кіреді.

Ертөстік: — Оу, неғып жүрген жансың?

Желаяқ:— Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті деп естіп, соған жолдас болайын деп жолын тосып жүрген адаммын.

Ертөстік: — Мен аяғыма шаң жұқпас жүйрікпін, ұшқан құс, жүгірген аңның менен құтылғаны жоқ. Киіктерді қуғанда, өз еркіммен ағып өтіп ұстай алмайтын болған соң, аяғыма қазандай тас байлап алып қуамын. Сонда тез ұстаймын. Желаяқ деген мен боламын.

Ертөстік:Жарайды, ендеше іздеген Төстігің мен боламын. Енді мына балалармен бірге бізге жол көрсет.

Желаяқ: — Балалар, менімен жүру үшін ең алдымен мен сияқты жүйріктікке дағдылану қажет, мен сендердің қабілеттеріңді білу үшін «Теңге алу» ойынын ойнайық — деп мына өлең жолдарын айтады:

Бұл ойында тәсіл көп,

Кім мол алса теңгені

Ептілігі басым боп –

Сол баланың жеңгені.

«Теңге алу» ойыны басталады.

Желаяқ: — Бәрекелді, өздерің өте қабілетті екенсіңдер. Жер астында кездескен қауіптен тез құтылып кетесіңдер. Енді әрі қарай жүгірейік. Халық әні «Бипыл-ай» ырғағына балалар бір орында тұрып жүгіру қимылын жасайды. Осы кезде екі тауды қолымен алмастырып отырған кісіні кіреді.

Ертөстік: — Оу, неғып отырған адамсың?

Таусоғар: — Жер бетіндегі Төстік жер астына түсті дегенді естіп, соған жолдас болайын деп жолын тосым жүрген адаммын.

Ертөстік: — Төстікке жолдас баларлықтай қандай өнерің бар еді?

Таусоғар: — Жұрттан асқан алыппын, жердің үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ, қайратым ішіме сыймаған соң, таулардм көтеріп ермек қыламын. Таусоғар деген ер менмін.

Ертөстік:- Жарайды, ендеше іздеген Төстігің мен боламын, мен балалардың күшін сынашы.

Таусоғар: — Кәне, балалар, күш сынасайық.

Балалар топқа бөлініп, халқың ойындары «Білек күшін сынасу», «Арқан тартыспақ» ойналады.

Таусоғар: — Балалардың күшті екеніне күмәнім жоқ, енді кім мерген екен, соны сынайық.

«Асық ату» ойыны ойналады.

Осы кезде Саққұлақ жерді жата қап тыңдайды да: — Ертөстік, балалар, Шалқұйрық атың еліне өзі барып қалды. Кенжекей сені зарығып күтіп жүр, тез жер бетіне шығып үйіңе барайық,-дейді.

Ертөстік: — Ал онда кеттік… Аттарыңа мініңдер, көздеріңді жұмыңдар. «Сарыарқа» күйінің ырғағымен, балалар тағы да ат шабысын бейнелейді.

Алдарынан Кенжекей шығады.

Кенжекей: — Ертөстіктің не өлген хабары, не келген хабарын кімнен білер екенмін,- сәл тың тыңдап,- Құба інген жоқ қой, боталап кетпесе игі еді», — деп түйесін іздей бастайды.

«Мақтаулы қалың түйеден,

Таңдап та алған Құба інген,

Артайын деп ер қосын,

Арнап та алған Кұба інген.

Алыс жолға Ертөстік

Шыққан күні Құба інген,

Не келгенде, не өлгенде,

Боталауға серт қылып,

Сөз байлап ең менімен.

Ерте тұрып матаудан,

Жүріп те кеттің Кұба інген,

Төстік ердің өлгенін

Немесе қайтып келгенін

Білдірші енді Құба інген,

— деген кезде қарсы алдынан шыға келген Ертөстікті көріп, Кенжекей солай қарай жүгіреді.

Кенжекей: — Оу, Ертөстік, жаныңа ерген жолдастарың көп екен, бұлар кімдер?

Ертөстік: — Бұлар маған ұзақ жолда серік болған балалар мен Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ деген батырлар. Достарым, көрсеткен көмектерің үшін сендерге мың да бір рахмет.

Кенжекей: — Төстікке көмек көрсетіп, серік болғандарың үшін мен де үлкен алғыс айтамын. Енді мен Ертөстіктің аман-есен оралғанына үлкен той жасаймын, сол тойдың қадірлі қонағы болыңдар, жоғары шығыңдар. Қонақтар көрпешелердің үстіне малдастарын құрып жайғасып отырады. «Сақина салмақ» ойыны ойналып, жеңілген қонақ айып төлейді (ән, билер, тақпақ, жұмбақтар, жаңылпаштар, мақал-мәтел айтылады) «Шабандоз», «Қамажай» билері орындалады.

Аспапты дыбысынан айыру үшін «Қай аспапта ойнадым?» ойыны ойналады. Балалар оркестрдің орындауында: сазгер Е. Құсайыновтің «Күншуақ» әні және «Асатаяқпен ойын», «Қызыл құмда ауылым» сияқты халық әндері орындалады. Сабақты қорытындылау мақсатында сәбилерге:

— Балалар жолда кімдерді кездестірдік? Қандай қиындықтарды жеңдіңдер? — деген сұрақтар қойылады.

Ертөстік: — Ал балалар, сендер сынақтан мүдірмей өттіңдер. Өздерің өнерлі, епті, күшті, ұйымшыл, әдепті де алғыр екендеріңді дәлелдедіңдер. Сендердің Желаяқтай жүйрік, Таусоғардай күшті, Саққұлақтай сезгіш болуларыңды мен шын. ниетпен тілеймін!

 

 

2.2.2 Мектепалды даярлық балаларының ойын

         арқылы тілін дамыту

 

Мектепалды даярлық топ балапарының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушыльғы артады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында бала ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсіну қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.

Сонымен, балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, П.Г.Саморукова, психолог- ғалымдар Д.Б.Эльконин, А.В.Черков, Р.М.Римбург, А.В.Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Н.К.Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздыпығын атап көрсетеді. «Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді»-деген болатын.

Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.

Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дайытуда ойынның айырықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ш.Уәлиханов, ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б. атап көрсеткен. М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте 3 дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой тұйіндерін тұжырымдаған.

Балардың ойынға деген қызығушылығы және оның бала өміріндегі мәні психологиялық-педагогикалық мақсаттарда пайдаланылады. Балаларды физикалық, тілдік тұрғыдан дамытуда, өлшем бірлігімен, түс және форма ұғымдарымен таныстыруда дидактикалық ойындар таңдалып алынады. Бұл ойындар балалардың ерік күшін, тілін,қимыл-қозғалысын, ақыл-ойы мен қажырлығын қалыптастырады.

Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеруі өзікдік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мұмкіндіктері мол. Ойынның мектепалды даярлық топ балаларына тәрбиелік тұрғыдан ықпал ететін мүмкіндіктерінің бар екені күмәнсыз: дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардың тілін дамытып қана қоймайды, сабаққа, еңбек ке баулиды. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл баланың көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінде емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер тұғызып, тілін дамытуға ықпал ететіндігімен байланысты.

Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс- әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, сол рөлге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер — баланың өз басына алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан езіне алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының рөлінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рөлі оны шыдамды бояуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың рөлін орындайтын басқалардың құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген затты жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар.

Кезінде, К.Д.Ушинский байқаған ерекше мәнді дидактикалық бір жағдайға тоқталайық: үнемі баланың тілін жөндеп отыру тіпті балаларға елеусіз іс болып қалады, өйткені тілден кеткен қате жол-жөнекей түзетіледі немесе балаларды жалықтырып жібереді.Балаларға тіл үйрету мұндай қателерді болдырмау жағын ойластыруға мүмкіндіктер береді, сол арқылы тәрбиеші бұл істен босатады, ал баланы оның қатесін тузетуден сақтандырады.Әрине,бұл ережені ерекшелеп байыптауға болады,алайда тіл үйрету процесі өзінен-өзі-ақ оның дұрыс дамуын қамтамасыз етуі тиіс.Сонымен қатар,оқыту жайшылықта нашар дамитын, біраз жекелеген ерекшеліктер арқылы көрінетін тіл дамуындағы салаларды да қамтиды.Балалар ойын кезінде бір-бірімен қарым-қатынас жасауды сүйеді. Алайда, мектепке дейінгі балалардың бәрі бірдей тілінің дұрыс қалыптаспауының салдарынан ойын кезінде қарым-қатынас жасауда еркін араласа алмайды. Балалардың тілін дамытуда заңдылықтарды ескере отырып жасалған жоспарлы ойын арқылы оқыту тәсілдері баланың тілін қалыптастыруды жеңілдетеді.Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, алты жасар балапар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл-ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады.Сонымен, мектепалды даярлық тобында балалардың тілін дамьпуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:

1.Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

  1. Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ақбайпақ, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, жырадағы қасқыр.
  2. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
  3. Құрылыс ойындары: лото және басқа конструсторларды пайдалану;
  4. Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол;
  5. Рөлді-сюжетті ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.

Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Ауызша ойналатын дцдактикалық ойындарда, өтініш келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертедегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша  бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топ-тастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді. Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Ұлттық қимылды ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қапыптасады, кеңістікте уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдыпық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Кейіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Бұндай ойындарда ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады.

Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы В.А.Сухомлинский былай деп жазады: «Ойын дегеніміз — орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширек тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз — бұл ынталық кен құмарлықтың отын жағатын ұшқын», Дидактакалық ойындарды оқыту процесінде кеңінен пайдалана отырып балалардың тілін дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Әрбір ойынның өзіндк ережесімен ойнау тәртібін біліп, рөлдік сипатын сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Ол балалардың білімге деген ынта-ықыласын оятып, танымдылық белсеңділігін арттыруға үлкен жол ашады.

Ойын жаттығулар жүргізілсе де, сабақта көп уақыт алмайды. Бұл ойындар белгілі бір іс-әрекеттерден тұрмайды. Олар баланың белгілі бір қабілетін жетілдіуге бағытталған. Мұндай ойындарға викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, чайнвордтар, «Кім не істеді?», «Не қалай дабыстайды?», «Қай дабыстан басталады?». Осындай ойындарды түрлендіріп отырудын пайдасы зор. Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді.

Қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушыныңң барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек?», «Мысьқ пен тышқан», «Сыңарынды тап», «Көңілді поезд», «Ақ терек, көк терек» т.б.

Ойын – мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекеті. Ойын үстінде тәрбиеленушінің тілі дамып,бір затқа бейімділігі,мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады.

Тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастыру мен тілін дамыту ойыннан басталады. Тәрбиеленушінің құрбы-құрдастарымен әртүрлі ойындар ойнауының өзі тілінің, жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы болып саналады. Осыған орай М.Жұмабаев баланың ойыны туралы: «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала әсерлерімен пайдаланады. Айналасында тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды», — деп ұлттық тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля