30 января, 2020 17:48
ЖОСПАР:
Кіріспе ………………………………………………………………………………………………… 3
І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтер есебі ………………………………………………….. 5
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі ……………….. 17
ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі ……………………………………………………………………. 18
2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ……………………………………………… 25
2.3. Инвестициялар есебі ……………………………………………………………………… 28
Қорытынды ………………………………………………………………………………………….. 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».
«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың «Материалдық емес активтер» бабын қалдық құнымен толтыру үшін 101–“Лицензиялық келісімдер“, 102–“Бағдарламалық қамтамасыз ету”, 103–“Патенттер“, 104-“Ұйымдастыру шығындары“, 105–“Гудвилл“, 106–“Басқалар“ және 112–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–бағдарламалық қамтамасыз ету“, 115–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–гудвилл“, 116–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–басқалар“ деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет .
“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).
Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық “Негізгі құралдар“-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет:
121–“Жер”, 112-“Үйлер мен ғимараттар”, 123–“Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылар”, 124–“Көлік құралдары”, 125–“Басқалар“, 126–“Аяқталмаған құрылыс”, 131-“Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 132–“Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғылардың тозуы“, 133–“Көлік құралдарының тозуы“, 134–“Басқалардың тозуы“.
Ұзақ мерзімді инвестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорының ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар–акцилар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салымдар, сондай–ақ кәсіпорнның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың “ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады: 141–“Еншілес серіктестіктерге инвестициялар”, 142 – “Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар”, 143 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар”, 144 – “Басқалар“.
І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтердің есебі
38 «Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалды емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілергі жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуе ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
а) анықтауға болады;
ә) субъект бақылайды;
б) қолданудан субъект болашақта пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
ә) белгі — өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:
– субъектінің осы активке тікелей байланысты күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;
- актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.
Материалдық емес активтер есебі келесілерді қарастырады:
а) Материалдық емес активтерді жіктеу
Ұйымның материалдық емес активтерін қабылдау – тапсыруды құжатпен рәсімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасығ оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.
Материалдық емес актив объектілерін қабылдауды рәсімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды рәсімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.
Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив обьектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.
Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің көрсеткіштері жазылады,ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2004 ж. 19 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген
Типтік форма №НМА-1
Кодтар |
ОКУД бойынша формасы
ОКПО бойынша
Ұйым ____________________ СТТН
Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру
АКТІСІ №______
Жасалған ай-күні,
жылы |
Операция түрінің коды |
Дебет |
Кредит |
||
шот | субшот | шот | субшот | ||
Материалдық емес активтер түрі _________________________________________________
Қысқаша сипаттама ____________________________________________________________
Беретін жақ ___________________________________________________________________
Алатын жақ ___________________________________________________________________
Алынған
Ай-күн, жылы |
Материалдық емес активтерді бағалау тәсілдері | Материалдық емес активтердің бастапқы құны | Пайдалы қызмет ету мерзімі
___20__ж. дейін__20__ж. |
Амортизация нормасы, % | Амортизация сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Беруге негіздеме:
Бұйрық (өкім) негізінде «_______»______________________________20_____ж. №_____
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Материалдық емес активтерді ___________ ___________ ___________________
қабылдадым: қызметі қолы қойылған қолды анықтау
МП
Өткізді: __________ ____________ ___________________
қызметі қолы қойылған қолды анықтау
Бас бухгалтер ____________ ___________________
қолы қойылған қолды анықтау
«________»_________________ 20_____ж.
Материалдық емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:
- лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқытар;
- бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
- патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;
- ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;
- гудвилл – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алуышының сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Есеп мақсаттары үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасы мен таза активтердің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемемлер» болып анықталады;
- басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер – ұйымдарға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); франшизалар – мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.
ә) Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу
Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:
- сатып алулар
Мысалы: Бағдарламалық қамтамасыз ету алынды:
а) нақты өзіндік құнағ:
102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті
671 «Төленетін шоттар» шот кредиті 60 000;
ә) ҚҚС сомасына:
331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;
671 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%) 9 000;
б) объектіні дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:
102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;
681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» 8 000;
- жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер
тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
- Жарияланған капитал сомасына:
511 «Төленбеген капитал» шот дебеті
501 «Жай акциялар» шот кредиті, 502 «Артықшылықты акциялар», 503 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» 1 000 000.
- Жарғыда көрсетілген, салынған материалдық емес активтердің келісімшарттық құны:
101-103 «Материалдық емес активтер» шот дебеті
511 «Төленбеген капитал» шот кредиті 400 000;
- кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу – материалдық емес акивтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.
Мысалы: 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік құны 6 000 000 теңге.
- Активтің нақты құны сомасы:
687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті
441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 6 000 000.
- Гудвилл сомасына:
105 «Гудвилл» шот дебеті
441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті
- Қосылған кезде: 2 000 000.
Барлық активтердің дебеті
687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті 6 000 000.
Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропоционалды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құныдылығын азайту қажет:
- мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың
нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):
102 «Бағдарламаны қамтамасыз ету» шот дебеті
726 «Билікті атқарушы органдардың жәрдем ақшалары (субсидиялары)» шот кредиті.
Есепті жыл соңында кірістер жиынтық табысты арттыру үшін есептен шығарылады: 726 «Билікті атқарушы органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялар)» шот дебеті
571 «Жиынтық табыс» шот кредиті;
- айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.
Тауарлық белгі алынды:
а) келісімшарттық құнға :
106 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті
671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті 100 000;
ә) ҚҚС сомасына:
331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті
671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті 16 000.
Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды:
841 «Материалдық емес активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шот дебеті
102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті 60 000.
Сатып алушыға шот ұсынылады:
а) берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің келісімшарттық құнына:
301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті
721 «Материалдық емес активтердің істен шығуынан түскен кіріс» шот кредиті 80 000;
ә) Келісімшарттық құнының 15% ҚҚС сомасына:
301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті
633 «ҚҚС» шот кредиті 12 000.
Айырма сомасы аударылды:
671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті
441 «Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 24 000.
Өзара талаптарды қоса есептеу жүргізілді:
671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті
301 «Алуға арналған шоттар» шот кредиті 92 000.
Ұқсас материалдық емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтің бастапқы құны айырбас активінің баланстық құны бойынша танылады және табыс әкелмейтін мәміле болып саналады:
102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;
102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;
- құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің
бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін.
Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.
Зерттеулер сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әректтенген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетеін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.
Зерттеу сатысындағы шығындар қалай көрсетілгенін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды):
821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті, 811 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті
681 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі шоттардың кредиті 7000,0.
Әзірлеме сатысы – ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процесстерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілген қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал-аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жоболау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процесстерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.
Субъект кейбір жағдайларда әзірлеме сатысында материалдық емес активтерді үйлестіріп, бұл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап көрсете алады. Мысалы, фирманың экономикалық пайда алуы мақсатымен қайта жарақтауын көздейтін бизнес-жоспар жасалады.
Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты құрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:
- материалдық емес активті жасауға шығындар болды:
а) өндіріске материалдар босатылады.
901, 921 «Материалдар» дебеті
201-206, 208 «Материалдар» кредиті
ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді
902, 922 «Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу» дебеті
681 «Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар» кредиті
б) еңбекті өтеу жөніндегі аударымдар сомасына
903, 923 « Еңбекті өтеу төлемімен ақша аударулар» дебеті
635 «Әлеуметтік салық» кредиті
Орындалған жұмысты өзіндік құны есептеліп шығарылады:
900 «Негізгі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының дебеті
901 (921) 902 (922) 903 (923) кредиті 6000,0;
– материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетіледі:
126 «Бітпеген құрылыс» шот дебеті
900 «Негізгі өндіріс»,920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының кредиті 6000,0;
– материалдық емес актвитер мойындатылып белгі өлшемдер мен анықтамалрға сай деп тану сәтіне дейін:
106 «Басқадай материалдық емес актитер» шот дебеті
126 «Бітпеген құрылыс» шот кредиті 6000,0.
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталлу, тозу дәрежесніе қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді түрде бөлінеді.
Амортизацияланатын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болап айқынадалады.
Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
- Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші
жақтың келісімі болмаса.
- Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін
белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді деп саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;
- сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.
Материалдық емес амортизацияны есептегенде оларды қолдану орнына байланысты мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:
938 «Материалдық емес активтердің амортизациясы», 811 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу бойынша шығындар», 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шоттарының дебеті.
111-116 «Материалдық емес активтердің тозуы» шоттарының кредиті.
ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі
Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.
Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды.
Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) наық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
«Негізгі құралдар есебі» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар – бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
б) натуралды – заттық үлгісін сақтауы;
в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
Сонымен қатар кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол), бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.
Амортизация – негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнынан өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Амортизациялық өтелім – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.
Тозу – негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік қасиеттерінің жоғалуы.
Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация нормасымен топтарға топтастырылады.
Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттелуі мен жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттай құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады.
Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша инвентарлық объекті негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге серпялық – кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады. Инвентарлы нөмір қабылдау –беру актілерінде, жою туралы актілерде және т.б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.
Қазіргі уақытта негізгі қорларға келесі типтік жіктелуі қабылданған:
- Жер – субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны. Жерге меншік құқығы “Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен” расталуы тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген әрбір жер учаскесі табылады.
- Ғимараттар тағайындау – тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы, әлеуметтік — мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық-құрылыстық объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.
- Құрылғылар – еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға тағайныдалған инженерлік -құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер). Инвентарлық объкет болып барлық мүлік -жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.
- Беріліс қондырғылары – электрлік, жылу және механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу жүйелері, жылу жүйелері, құбырлар).
- Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір инвентарлық объектісінің бөлігі болып табылмайтын құрама құралдар, фундамент, қоршауларды, қажет заттарды қоспағандағы әрбір машина табылады. Негізгі құралдар, бұл 5 топшадан тұрады:
— өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық; технологиялық процесстерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;
— есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т.б. есептегіш машиналар);
— өзге де машиналар мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар (телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар).
- Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің қозғалмалы құралы). Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл керектер;
- Құрал – қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-рылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т.б. өңдеу құралдары ғана табылады;
- Өндірістік инвентарь – өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдетуге арналған өндірістік тағайындаудағы құралдар — жұмыс үстелдері, верстактар, шкафтар;
- Шаруашылық инвентарь – кеңселік және шаруашылық инвентарь (үстел, щкаф, кілем);
- Еңбек және өнім малы, еңбек малы — жылқы, түйе және т.б. жұмыс малдары. Өнім малы – ірі қара мал жылқы, түйе және т.б. инвентарлық объект — әрбір ересек жануар.
- көп жылық екпе ағаштар.
- Жерді жаңарту бойынша күрделі шығындар (құрылғыларсыз) — шаруашылықта қолдану үшін жерді жақсарту бойынша шараларға инвентарлық сипаттағы шығындар (алаңдарды тастардан тазарту , жер учаскесінің планировкасы).
- Басқа да негізгі қорлар – кітапхана сөрелері, спорттық инвентарь, мұражайлық құндылықтар.
Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.
Өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша істегі және тұрған (запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар).
Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі:
- істегі (пайдаланудағы);
- істемей тұрған ( консервациядағы);
- запастағы.
Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:
- Белсенді (олардың қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады);
- Бәсең (ғимарат, құрылыс). Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай да бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:
- алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы және сақтығын бақылау;
- амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;
- бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
- реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;
- негізгі құралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау бақылау;
- негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. 2002 жылы 1 қаңтарына негізгі өндірістік қорларға инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2002 жылы 114969 млн. теңгені құрады (1994ж.80945 млн.теңге).
Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар
кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсер
тигізеді.
Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.
Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді.
Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды:
Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:
- жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық деңгейдегі негізгі құралдар құрумен;
- негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруыменен.
Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.
.2. Негізгі құралдардың тозуы
Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық формасын
сақтай отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатынөнімге аударады. Бухгалтерлік есептің №6 “Негізгі құралдар есебі” стандартына сйәкес тозу – бұл негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдық сипаттамаларынан айырылу процесі.
Негізгі құралдардың түр-түріне амортизацияны есептеудің түрлі тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар объектілерінің физикалық тозуы – бұл пайдалану процесінде олардың бастапқы құнының бір бөлігінен айырылу , оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылуымен сипатталады.
Негізгі құралдар объектінің моральдық тозуы бұл жетілдірілген және өнімді машиналардың, жабдықтардың және басқа негізгі құралдардың пайда болуына байланысты жұмыс істеп тұрған объектінің бастапқы құнының төмендеуі. Бұндай тозуға негізгі құралдың барлық объекттері жатады.
Барлық жағдайларда негізгі құралдардың объектілері пайдалану мерзімі аяқталғанша бастапқы түрін сақтайды, бірақ құны нақты тозу сомасынан төмендейді. Тозудың қалыпты қызмет мерзімі бойы активтің амортизацияланатын құнының жүйелі бөлінуі түріндегі құндық шамасы амортизация деп аталады. Пайдалы нормативті қызметті барлық мерзімі бойы әрбір есепті кезеңге амортизациялық төлемдер субъектінің шығындары болып табылады.
Амортизацияны есептеу әдістерін шарушашылық субъектілерінің есеп саясатында қарастырылады:
- Құнды біркелкі шегеру әдісі
- Құнды атқарылған жұмыс көлеміне пара-пар шегеру (өндірістік тәсіл)
- Жеделтілген әдістер
- қалдықты азайту әдісі
- құнды сан сомасы бойынша (кумулятивті) әдіс
Негізгі құралдардың әрбір түріне амортизацияны есептеудің қоымша тәсілдері қолданылады, бірақ та бір түріне жыл бойында тек бір әдіс өзгеріссіз қолданылады.
Мысалы, «Автоматика» ААҚ-ды қарастыратын болсақ, онда есептік саясында біркелкі әдіс негізгі құралдың барлығына қолданылады. Бұл — әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға ыңғайлы. Негізгі құрал құнын қайта бағалау Қазақстан Республика Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізілді. Амортизацияны ай сайын біркелкі шығару жолымен есептеледі. Қайтадан түскен негізгі құралға амортизациясын есептеу келесі айдың бірінші күнінен басталады да, істен шыққан негізгі құралға амортизацияны есептеу келесі айдың бірінші күнінен тоқталады. Амортизацияны есептеудің таңдап алынған тәсілі есептеу саясатымн белгіленіп, бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Амортизацияны есептеу әдісі өзгерген жағдайда осы өзгерістерді тудырған себептер ашылуы тиіс. Амортизацияланатын құн дегеніміз бастапқы және тарату құнының арасындағы айырмашылық есептеп шығару әдісі «Автоматика» ААҚ-ң негізгі құралдың барлығына қолданылады. Бұл әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға ыңғайлы негізгі құрал құнын қайта бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізілген.
Ғимарат, құрылыс бойынша амортизация әр құрылысқа жеке есептеледі. Егер құрылыс құны тозу нәтижесінде 40 айлық есеп айырысу көрсеткішінен төмен болса, онда құны ағымдағы шығынға теңеліп, шығарып тастауға жатады.
Егер топтың құндық балансы салық жылының аяғында 100 айлық есеп айырысу көрсеткіші сомасынан төмен болса, топтың құндық балансының мөлшері шығарып тастауға жатады.
Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығынына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады.
«Автоматика» ААҚ технологиялық жабдықтардың алғашқы құны 180,0 тг., тарату құны 10,0 тг., пайдалану мерзімі 20 жыл. Құнды біркелкі есептеп шығару әдісін қолданған кезде амортизациялық аударымдардың жыл сайындағы сомасы (180,0-10,0)20=8500 тг.
1994 жылы шығарылып, сол жылы пайдалануға берілген автомобиль одан әрі пайдалануға жарамайтындығына байланысты 2002 жылы есептен шығарылды. Автомобильді есептен шығару сәтіндегі бастапқы құны — 296455 теңге, амортизация сомасы — 157145 теңге, жою құны — 14823 теңге, пайдалануға келетін кіріске алынған материалдардың құны — 139310 теңге.
Кесте №1
Негізгі құрадардың шығуы бойынша операциялардың шоттарда көрсетілуі
Операция мазмұны |
Dm |
Km |
∑ |
Амортизация сомасына негізгі құралды есептен шығару кезінде жинақталған |
133 |
124 |
157145 |
Шығарылған негізгі құралдың баланстық құнына | 842 | 124 | 139310 |
Есептен шығарылған негізгі құралдан алынған қосалқы бөлшектер кіріске алынуы |
205 |
727 |
139310 |
2.3. Инвестиция есебі
Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік,
олардың жіктелуі
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл-ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындары инвестиция деп ұғамыз.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
- Жұмсау мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестицицясы);
- ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
- мерзімісз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімісз инвестициялар – бұл қосымша пайда алу
мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
- Тағайныдалуы бойынша:
- қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;
- нақты (мүліктік жұмсау) – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
- Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.
- Болу формасы бойынша –құжаттық, құжатсыз.
- Ұлттық тегі бойынша – отандық, шетелдік.
- Қолдану түрі бойынша – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
- Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.
- Шығарылатын формасы бойынша – эмиссиондық, эмиссиондық емес.
- Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.
- Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.
- Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуееклдікпен.
Тәуекелдік түрелерін мынаған бөлуге болады:
- капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелді, инвестор өзінінің инвестициясын ысырапысыз қайтар алмайтын , толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
- уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестцияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік;
- заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
- өтімділік тәуекелділігі (риск ликвидности) – инвестицияны өткізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұырндыратын тәуелдік;
- нарықтық тәуекелдік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
- кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
- процентік тәуекелдік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
- валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестциямен байланысты тәуекелдік.
- Қолма-қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.
- Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
- борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
- иелі үлестік (владельческие долевые) – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
- жеке жобалар (кенішті игеру – разработка месторождения).
- Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша – мүліктік, міндеттік.
- Халықаралық және отандық стнадарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
а) қаржылық (БЕС (СБУ) 8 «Қаржылық инвестиция есесбі» және оған әдәстемелік ұсыныс);
ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестицялар (БЕС 13 «Шоғырландырмалы (консолидированная) қаржылық есеп және еншілес серіктестегі инвестиция есебі» және әдістемелік ұысыныс; БЕС 14 «Тәуекелді шаруашылық серіктестіктегі инвсетиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс; БЕС 15 «Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы» және оған әдістемелік ұсыныс).
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
- тікелей – басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
- портфельдік – субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
- венчурлік (тәуекелшіл) – жаңадан пайда болған субъектілердегі
(мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар).
Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 94 — бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаны қалыптастырған жарғылық капиталдың бір бөлігіне иелік етуші заңды тұлға еншілес болып табылады немесе жасалған келісімшартқа сәйкес негізгі серіктестік қабылданған шешімді анықтай алады. Негізгі серіктестік еншілес серіктестікке толық (100%) немесе толғырақ (90%) бақылау жүргізе алады.
Бақылау – бұл оның қызметінен пайда алу мақсатында серіктестіктің қаржылық және басқа саясатын анықтау құқы.
Егер басқа негізгі серіктестік оның дауыс беретін акциясының 20% көбірек иемденсе, онда акционерлік қоғам тәуелді деп есептеледі (ҚР АК 95-бабы), яғни инвестицияланған субъектінің оның бақылауынсыз қаржылық және басқа саясаты бойынша шешім қабылдау құқығына ие болады.
Еншілес, тәуелді, бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция мына екі әдістің біреуімен ескерілуі мүмкін:
а) үлестік қатысу әдісімен – инвестция сатып алу сәтінде табыс (залал) ретінде танылатын кірістер мен шығыстар туралы есеп берудегі тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтер өзгерісіндегі инвестордың мойындаған үлесі бойынша олардың құнын одан әрі арттыратын (кемітетін) сату құны бойынша көрініс табады;
ә) құндық әдіспен – инвестиция сатып алу сәтінде сату құны бойынша көрініс табатын есеп әдісі. Инвестициядан түсетін табыс инвестордың кіріс және шығыс туралы есебінде сатып алған күннен кейін пайда болған шаруашылықты серіктестікте жиналған таза табыстың жалпы сомасына тиесілі дивидендтер көлемінде танылады.
Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:
- шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табысты қатысу үлесі
инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан білінеді;
- шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция құнының баланстық кемуімен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан білінеді;
- тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуімен көрінеді.
Мысалы. Инвестор «» АҚ 70 000 теңге құнынағы «ААА» АҚ қатысты 35% акциясын иеленеді.
а) инвестицияның сату құнына:
Шот дебеті (Дебет счета) 142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»
Шот кредиті 441 «Ағымдық шоттағы ақша» 70 000 теңге
Жыл қорытындысы бойынша:
- тәуелді серіктестіктің таза табысы – 30 000 теңге болды.
- жарияланған дивидендтер – 15 000 теңге (төлем көздеріндегі салықты ұстағаннан кейін)
ә) таза табыс үлесіне:
Шот дебеті 142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»
Шот кредиті 871 «Басқадай ұйымдардағы қатысу үлесінен табыс (залал)»
30 000 теңге × 35% = 10 500 теңге
б) дивидендтер үлесіне:
Шот дебеті 332 «Есептелген сыйақы»
Шот кредиті 142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»
15 000 теңге × 35%=5 250 теңге
Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвсетицияның баланстық құны кемиді.
Мысалы. Тәуелді шаруашылықты серіктестік 50 000 теңге залалға ұшырады. Тлемге кеткен дивиденд (артықшылықты акция бойынша) 25 000 теңге:
- залалдағы қатысу үлесіне:
871 «Басқа ұйымдардағы қатысу үлесінен табыс (залал)» шот дебеті
142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот кредиті
50 000 теңге × 35%=17 500 теңге.
- дивидендтер үлесіне:
332 «Есептелген сыйақы» шот дебеті
142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот кредиті
25 000 теңге × 35%= 8 750 теңге
Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік активтерді қайта бағалауды жүргізсе, онда инвестор бұл өзгерістерді өзінің үлесін көрестуі керек.
Мысалы. тәуелді шаруашылықты серіктестік негізгі құрал-жабдықты 10 000 теңге сомасына бағалады. Таза табыс 20 000 теңге, дивидендтер – 8 000 теңгені құрады:
- активтерді бағалау үлесіне:
142 «Туелді серіктестіктегі инвестициялар есебі» шот дебеті
542 «Инвестицияны қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал» шот кредиті
10 000 теңге × 35%= 3 500 теңге;
- табыс үлесіне:
142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар есебі» шот дебеті
871 «Басқа ұйымдардағы қатысу үлесінен табсы (залал)» шот кредиті
20 000 × 35%= 7 000 теңге;
- дивидендтер үлесіне:
332 «Есептелген сыйақы» шот дебеті
142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар есебі» шот кредиті
8 000 теңге × 35%= 2 800 теңге.
Бұрынғы сома жойылған кезде қайта бағаланған инвестиция сомасы бөлінбеген табыс деп танылады:
542 «Инвестицияны қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал» шот дебеті
561 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (орны толмаған залал)» шот кредиті – 3 500 теңге.
Инвестицияның қайтуы мынадан көрінеді:
441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот дебеті
142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот кредиті 56 700 теңге.
Құндық әдісті қолдану барысында – сатып алу сәтіндегі инвестициядан түсетін табыс сатып алу құны бойынша білінеді. Инвсетициядан түсетін табыс тиесілі дивидендтер көлемінде танылады, бірақ инвестицияны сатып алу сәтіне дейінгі кезең үшін алынған дивидендтер қайтарылған капитал ретінде қарастырылады және инвестицияның баланстық құнының кемуінен көрінеді.
Бұл әдіс қаржылық есеп жасау барысында, мынадай жағдайда инвесторға қолданылады:
- тәуелді шаруашылықты серіктестік ұзақ мерзімді шектеу жағдайында
әрекет еткенде (оның дивидендтік саясатына араласа алатын үкіметтің қадағалауында болады; олардың қызметі шетелге таза табысты аударуға тыйым салынатын елде, шетелде іс жүзіне асырылады; тәуелді шаруашылықты серіктестіктің қызметін шектеуге әкелуі мүмкін саяси ахуалдың өзгеруі);
- инвестициялар жақын күндері іске асырылу үшін сатып алынатын болса.
Мысалы, 1 мамырда тәуелді шаруашылық серіктестігінің 35% акциясы 500 000 теңгеге сатып алынды:
- Сатып алу сәті
142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот дебеті
441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 500 000 теңге.
Жылдың соңында жарияланған дивидендтер 40 000 теңге;
- 8 айға арналған тиесілі диивдендтер сомасына:
332 «Есептелген сыйақы» шот дебеті
724 «Акция бойынша дивидендтер және процент түріндегі табыстар» шот кредиті
40 000 теңге × 35%= 14 000 теңге;
- 01.1-ден 1.05.01-ге дейінгі кезең үшін дивидендтер (инвестицияны
сатып алу сәтіне дейін) инвестицияның баланстық құнының кемуінен көрінеді
Шот дебеті 332 «Есептелген сыйақы»
Шот кредиті 142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»
40 000 теңге – 14 000 теңге = 26 000 теңге.
Қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестиция – бұл субъект табсы лау, инвестициялық капитал өсімін немесе басқадай пайда алу мақсатында иемденетін акивтер. Қаржылық инвестиция есебі 8 «Қаржылық инвестиция есебі» бухгалтерлік есеп стнадартымен реттемеленеді (регламентируются). Қаржылық инвестицияға сондай-ақ пайдалануға (эксплуатацияға) жатпайтын жылыжмайтын мүліктің де қатысы бар.
Сатып алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатып алушының сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасныдағы айырмашылықты (жеңілдік немесе сатып алу барысныда пайда болған сыйлықақы) инвестор оны иеленген кезең ішінде өтейді (амортизациялайды).
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
- Қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін
ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде негізінде анықталады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз) кезде оның кеміген сомасы залалға жатады.
Қаржылық инвестицияны босатып алу барысында сатудан түскен табыс пен баланстық құн арасындағы айырмашылық, шығындарды (брокердің немесе дилердің қызметі) шегеруде табыс немесе шығын ретінде танылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, немесе ағымдағы құн бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп саясатына сәйкес бөлінбеген табысқа жатады.
Қаржылық инвестицияны қысқа мерзімді бағалау категориясына аудару барысында болатын нәрселер:
- егер қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы сату құнының төмен
бағасы бойынша есекрілетін болса, онда ол сату және баланыстық құнның төмен бағасы бойынша алынады;
- егер қысқа мерзімді қаржылық инвестцииялар ағымдағы құн
бойынша ескерілетін болса, онда ол баланыстық құн бойынша болады.
Бухгалтерлік есепте қаржылық инвестиция былай көрінеді:
№
р/с |
Шаруашылық операцияның мазмұны | Дебет | Кредит | Сома |
1. | Сату құны бойынша сатып алынған акциялар | 401 «Акциялар» | 431 «Валюталық шоттағы ақша», 441 «Ағымдағы шоттағы ақша», 451 «Ұлттық валюталық кассадағы
қолма-қол ақша» |
100 000 |
2. | Акция бойынша дивидендтердің есептік шотына түсті | 441 «Ағымдық шоттағы ақша» | 724 «Акция бойынша дивидендтер» | 20 000 |
3. | Акцияны сату:
– акцияны баланстық құны есептен шығарылды
– акцияны өткізуден түскен табысты есептеу
|
843 «Қаржылық инвестицияны, инвестицияны босатып алу шығындары»
431 «Валюталық шоттағы ақша» 441 «Ағымдағы шоттағы ақша» 451 «Ұлттық валюталық кассадағы қолма-қол ақша» |
401 «Акциялар»
723 «Қаржылық инвестицицяны, инвестицияны босатып алудан түскен табыс» |
100 000
150 000
|
4. | Облигацияны және басқа құнды қағаздарды сату құны бойынша сатып алу
|
402 «Облигациялар»,
403 «Басқадай қаржылық инвестиция» |
441 «Ағымдық шоттағы ақша», 451 «Ұлттық валюталық кассадағы қолма-қол ақша» | 200 000 |
5. | Облигация мен басқа құнды қағаздар сатып алудан тиесілі әрбір табысты есептеуде мыналар орындалады:
· егер сату құны номиналды құннан төмен болса, онда бұл құнды қағаздардың сату және номиналды құндары арасындағы айырмашылықты есептеп шығарумен · егер сату құны номиналдыдан төмен болса, сату мен номиналды құндар арасындағы айырмашылықты есептеумен
|
845 «Негізсіз қызметтен болатын басқадай шығындар»
402 «Облигациялар» |
402 «Облигациялар»
727 «Негізсіз қызметтен түсетін басқадай табыстар» |
20 000 |
6. | Қайта бағалау нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның бастапқы құнын өсіру | 401-403 «Қаржылық инвестициялар» | 542 «Инвестицияны қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал» | |
7. | Қайта бағалау нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция құнын кеміту:
а) Шот үшін және сома шегінде сол инвестицияны бағалау ә) Соманың болмауы (жеткіліксіз) негізінде бір ғана сол инвестицияны бағалау
|
542 «Инвестицияны қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал»
845 «Негізсіз қызметтен болатын басқадай шығындар» |
401-403 «Қаржылық инвестициялар»
401-403 «Қаржылық инвестициялар» |
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, материалдық емес активтер – бұл интеллектуалды меншік объектілерінің шартты құны жер, су, табиғат ресурстарын пайдалану құқықтары. Олардың ерекшелігі бұл активтердің өз маңызына сәйкес табиғи заттай үлгісі болмауы мен ұзақ мерзім бойы пайдалануынан туындайды. Материалдық емес активтерге өндірістік үлгі түрлеріне құқықтай тауар белгілері авторлық құқықтар табиғи ресуртарды пайдалану құқықтары тауарлы шикізат пен қорлар биржаларындағы орындар гудвилл кәсіпорынды құрумен байланысты ұйымдастыру шығындары жатады. Материалдық емес активтердің соңғы түрлерінің ерекшелігі – кәсіпорынның құрылтай құжаттарында шығыстар белгіленген сомада қатысушының салымы ретінде жазып қойылуы тиіс болғандықтан, ай сайын материалдық емес активтерге бастапқы құны мен тиімді пайдалану мерзіміне негізделіп есептелген нормалар бойынша амортизация есептеледі. Егер ол белгілі болмаса онда ол онжылдық мерзімге негізделуі мүмкін. Жарғылық қорға құрылтайшының салымы болатын материалдық емес активтердің құны мен тиімді пайдалану мерзімі құрылтай құжаттарында жазылуы тиіс.
Материалдық емес активтердің амортизациясы амортизациялық қаржылар ретінде кәсіпорынның өнімі, жұмыстар мен қызметкерлердің өзіндік құны енгізіледі.
Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.
Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары /меншік иелері/ жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 – «Негізгі құрал- жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықату мүмкін болмас, онда тіксызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.
Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т.б. қызмет мерзімі бір жылдан асқан материалдық құралдар жатады. негізгі құралдардың аналиткалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп инвентарь кітабында жүргізіледі.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);
б) кредиттік ресурстар болып табылады.
Қаржылық инвестицияны сатып алу барысында (брокерлік сыйақы, банк қызметі) сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнын қосып құралатын сату құны бойынша бағаланады. Инвестиция мыналарға бөлінеді:
- үлестік – жай және артықшылықты акциялар;
- борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік
сертификаттар және т.б. Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса, онда оны қайта бағалаудың түскен соманы аудару барысында есептен шығарып тастау керек. Бұл инвестиция бойынша бұрын жасалған қайта бағалау табыс ретінде танылады.
Қысқа мерзімді инвестицияны ұзақ мерзімділік категориясына көшіру мыналармен жүзеге асырылады:
а) ағымдағы сату құнының төмен бағасымен;
ә) егер ол бұрын осы құнмен көрінген болса, ағымдағы құнмен.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: :
- Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» — Алматы, «Экономика» 2005
- Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» — Алматы, 2003ж.
- Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» — Алматы, «Экономика», 2005ж.
- Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» — Қарағанды, 2003ж.
- К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» — Қарағанды 2002ж.
- Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» — Қарағанды, 2004
- «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
- «Нормативные акты» — №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
- «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» — №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі