1 февраля, 2017 17:00
1. Зерттеу бағдарламасы туралы түсініктеме, зерттеудің кезеңдері мен ой — әрекеті әдістемесі.
2. Зерттеуді жоспарлау, зерттеу мәселесін, обьектісін, пәнін және мақсатын таңдау.
Психологиялық зерттеу бағдарламасы — ғылыми ізденістін әдіснамасы, әдістемесі және ұйымдастыру болжамы бар құжат. Бұнда зерттеудің теориялық болжамы, негізгі мақсаты, міндеттері, психологиялық нәтиженің талдау, талқылау, жинақталған әдістерді негіздеу кіреді. Бағдарламаның негізгі міндеттері оның іс-әрекеті арқылы ашылады.
Бағдарламаның әдіснамалық қызметі — жүйенің сыртқы байланыстардыанықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізіліп ғылыми проблеманы анықтаудан тұрады.
Бағдарламаның әдістемелік қызметі — теориялық жағдайдан өлшеу әдістерін қолдануға, психологиялық нәтижені талдап тіркестіруге көшу негізінде жалпы логикалық жоспардан тұрады.
Бағдарламаның ұйымдастыру қызметі — проблеманы тиімді шешу үшін зерттеу топтарының мүшелерінің арасында еңбекті ақылмен бөліп беру.
Психологиялық зерттеу бағдарламасына қойылатын негізгі нормативті талап:
1. Жалпы психологияның теориялық қағидасына бағытталу
1. Психологиялық проблеманың шешілуін іздестіруде және бағалаудағы ғылыми принципиалдық
1. Зерттеудің соңғы нәтижесіне және оны іс жүзінде асыруға логикалық талдауды көздеу
1. Құрастырылған проблемалар бойынша бар нәтижелер деректеріне психологиялық зерттеулерді жүргізу тәжірибесін түгелдей қолдану
1. Барлық процедуралар мен элементтердің негізделуі олрдың тұтастығы және тұжырымдалыұ бірлестігі.
1. келесі кезеңдерде жалдау, нақтылау, айқындалу мүмкіндігін жіберетін қағидалар икемділігі
1. Шығармашылық ғылыми ізденіс мүмкіндігі
1. формулировка айқындылығы
1. бағдарламаның талқылануы және құжаттануы.
Бағдарламаны құрастырудың кезеңі және процедурасы
1. Дайындық кезең.
Проблемдік ситуацияны сипаттау.
Тақырыптың құрастырылуын ақпараттық-ізденіс талдау.
Мақсатты, объектіні, пәнді, проблеманы анықтау-логикалық анализдеу.
Объектімен танысу. Мәлімет жинауға әдістемелік дайындық.
1. Оперативті кезең.
Объектіні модельдеу.
Проблемдік жағдайды нақтылау, оның тірек ұғымдарын логикалық талдау, проблеманы айту.
Объктіні, тақырыпты, мақсатты, негізгі міндеттерді, пәнді анықтау.
Негізгі гипотезаны құру және солардың ішінде мүмкін болар салдарды құру.
Міндеттерді нақтылау — теориялық, әдістемелік, практикалық.
1. Қорытынды кезең
Зерттеудің логикалық жоспары.
Ұғым кестесі. Әдістер жинау және мәліметті талдау.
Іріктеу формасы және оған тапсырма беру.
әдістемелік тапсырма.
Ұйымдастыру жоспарының жобасы.
Бағдарлама жобасы, оны экспертизалау.
Психологиялық зерттеудің бастапкы пункті болып мәселе тудыратын жағдай жатады. Проблемалық жағдай — әрі даму қажеттілігіне сайкес қызмет ете алмайтын, тұрақсыздықпен сипатталатын психологиялық зерттеу объектісінің жағдайы. Проблемалық жағдайдың сапасы болып келесі фактілер жатады: дау-дамай жағдай; жұмыста тиімді жағдай құру қиындылығы.
Зерттеу мәселесі — проблемалық жағдайдың ғылыми бейнелену формасы. Мәселе нақты психологиялық құбылысты зерттеп, қарама-қайшылық тудыратын себептерді жоюды талап ететінің көрсетіп қойылады.
Психологиялық зерттеу бағдарламасына қойылған ең маңызды талаптын бірі — мақсатты айқындау.
Зерттеу мақсаты — психологиялық зерттеулер өткізілу арқылы мәселенің соңғы нәтиже моделі. Бағдарламадағы қойылған мақсатқа бағытталып, теориялық, әдістемелік және процедуралықкритерияларды тиімді қолданамыз.
Зерттеудің міндеттері — қойылған проблеманы шешуге және талдауға қойылатын нақты талап. Олар мақсатты жүзеге асратындай инструментальды сипатта келіп, процедуралар арқылы мақсатқа жету мүмкіндікті нұсқайды.
Зерттеу объктісі — проблемалық жағдайдын алып жүрушісі, ғылыми таным процесіне еңгізілген субъектінің нақты іс-әрекет шеңбері.
Идеалданған объектісі — теориялық деңгейге еңгізілген зерттелетің объектінің теориялық моделі.
Бағдарламаның процедурасының бірі болып фактор жүйесі түрінде объект моделін құру. Объектіні жүйелі талдау-бейнеленген объектіні бөлшектелген жүйе ретінде қарастыру.
Зерттеудің пәні — психологиялық зерттеу проблемасын шешу үшін танымға маңызды объектінің мәнді қасиеті мен қатынасы.
Зерттеу жорамалы (болжамы) — объектінің құрылымы, сипаты және оның элементтері арасындағы байланыстары, сол себептерді тудыратын факторлар туралы ғылыми болжам.
Ұғымның интерпретациясы — психологиялық зерттеулердің тұжырымдама кестесін құрайтын ұғымдардың мағынасын нақтылау, түсіндіру процедурасы. Психологиялық зерттеулерде интепретацияның үш түрін қолданады: теориялық, эмпирикалық және операциональдық.
Эмпирикалық индикатор — байқауға және өлшемге болатын объектінің сипаты немесе элементі.
Категориялар — зерттеу объектісінің мағыналық белгілерін немесе оның бөлек элементтерін белгілейтін бірлік (единица). Олар өздерінде мағыналық сипат алып жүреді.