Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері

7 апреля, 2020 0:22

Приобрели: 1 раз

350 тнг В корзину

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

          Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері

 

 

 

          

 

 

  Жетекшісі: Үсембаева Р.Б

                                                        Орындаған: :  ФК-08-3к2 топ студенті

Молдашева

 

 

 

Шымкент 2009 ж.

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..3

I бөлім Қабылдаудың психологиялық сипаты мен ерекшелігі…………………..5

1.1 Қабылдау және оған психофизиологиялық сипаттар………………………………5

1.2 Балалар қабылдау түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер…………………………..11

  1. Қабылдау тұрлері мен қасиетінің балаларда даму көріністері………………..19

2.1 Балалар қабылдау түрлерінің даму көріністері……………………………………..19

2.2 Қабылдау қасиеттерін балаларда  дамыту…………………………………………….36

Қорытынды ……………………………………………………………………………………………..42

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….44

Курстық жұмыс тақырыбы: «Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері»

 

Курстық жұмыстың мақсаты: Қабылдау ерекшелігі мен дамуын теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау

Курстық жұмыстың міндеті: Адам қабылдау ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындап көрсету

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты  психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік  әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.

Зерттеудің теориялық және практикалық  мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу,   даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

I бөлім Қабылдаудың психологиялық сипаты мен ерекшелігі

1.1 Қабылдау және оның психофизиологиялық сипаттары

Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері, сапалары туралы (маған суық бір нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдақ бір нәрсе жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт етті) білім алатын болса, қабылдау зат немесе құбылыстардың тұтас бейнесін (жарық,  ойнап жүрген сәби) береді.

     Түйсіктердін арқасында үлкен ми сыңарларынан заттардың жеке сапалары (түс, дыбыс, қаттылығы т. б.) бейнеленеді. Бірақ адам айналасындағы дүниедегі әрбір затта немесе құбылыста әр түрлі сапалар мен қаситтердің тұтас комплексі болады. Оларды дұрыс бейнелеу үшін анализаторлар беретін жеке түйсіктер ми қыртысында бірігеді, сөйтіп адамда заттың немесе құбылыстың тұтас бір бейнесі жасалады.

Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктер арқылы  ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірудің бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің звенолары болып саналады. Олар өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгеше ерекшеліктері бар.

(түйсікке қарағанда Қабылдау — шындықты бейнелеудің неғүрлым жоғары формасы)

Қабылдауда заттар мен құбылыстар түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді . қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі  ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

350 тнг В корзину

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля