Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңі

6 апреля, 2020 2:04

Приобрели: 1 раз

Бесплатно В корзину

Мазмұны

І КІРІСПЕ

І ТАРАУ.

1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.

1.2. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс.

1.3. Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар.

ІІ ТАРАУ.

2.1. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту

2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы

 

1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.

Қазіргі заманғы советтік тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—III кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу үзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.

Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде түрақты, осы жасқа негұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы онын ролі балабақшадан бастап орта білім беру аякталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауышты оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.

Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғүрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтын белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратыи өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді, Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.

Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында калыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш класс оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалана балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля