Ортағасырдағы Батыс Еуропа өнері

25 декабря, 2019 15:14

900 тнг В корзину

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………. 3

  1. Византия өнерінің қалыптасу ерекшеліктері…………………..6
    • Македониялық Ренессанс……………………………………………….6
    • Коминиондық Ренессанс……………………………………………….16
    • Палеологиялық Ренессанс……………………………………………..17
  1. Романдық өнердің стильдік формалары………………………………19

2.1   Франция өнері……………………………………………………………….19

2.2    Германия өнері………………………………………………………….…35

  • Италия өнері………………………………………………………………..39
  • Испания мен Англия өнері……………………………………….…..43
  1. Готика өнерінің қалыптасуы мен таралуы…………………………..45
  • Франция өнері………………………………………………………….…45
  • Германия өнері……………………………………………………………59
  • Англия өнері…………………………………………………………….…61

Қорытынды…………………………………………………………………………..62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………..65

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу  жұмысының өзектілігі. Мәдениет адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының элементі болып табылады. Ол басқа да мәдениеттер сияқты, адамдар үшін тектік құндылықтарды құрайды және адамзаттың прогресс жолымен қозғалысында анықтаушы рөл атқарады. Мәдениет – адамзат данышпандығының жемісі, ол – адамның рухани және материалдық қызметінің нәтижесі, бірақ мұндай нәтиже белгілі бір дәрежеде адамнан өгейсінеді және өмірге келген адамдардың тіршілік етуінің жағдайы мен алғышарттары ретінде көрінеді. Мәдениет — әлеуметтік жағдайға, материалдық және рухани құндылықтарға ену арқылы жасалатын, кодталатын және беріліп отыратын адамның ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отыратын шығармашылық энергиясы. Мәдениет адамзатты табиғат кіндігінен ажыратады, табиғи күштердің толықтай тәуелділігінен құтқарады және оны өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде ерікті етеді.

Мәдениет – болмыстың адамзаттық тәсілі. Сондықтан, мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әр түрлі позициядан қарастыруға болады.

Өнер мәдениет дамуының  рухани және материалдық көрсеткіші болғандықтан оның өркениетте алар орны өте зор. Мәдениеттану мәселелері, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін қайта қарау кезеңдерінде заман талабына айналады. Осыған сәйкес өнер де заман талабына сәйкес, қоғамның даму бағыттарына сәйкес, сонымен қатар, оның дүниетанымына сәйкес қалыптасып, дамиды. Оның қоғам санасына деген идеологиялық әсері айтарлықтай маңызды. Мәселен, діни сипаттағы өнер стильдері, олардың құрылымдық жинақтылығы, сала-салаға бөлінуі, эстетикалық дүниетанымды қалыптастыруы, тәрбиелік мәндігі зор маңызға ие.

Сонымен қатар, өнердің  материалдық мәдениетті дамытуда, жаңа құндылықтарды қоғам санасына енгізуде, қоғамның кеңістік мәдениетін жақсартуда және қала мәдениетін қалыптастыруда алатын орны өте маңызды болып саналады.

Өнер – тұлғаның  сезімін, табиғатқа деген көзқарасын, өмірлік философиясын, эстетикалық талғамын және адамның рухани даму деңгейін көрсететін мәдениеттің маңызды құралы болып табылады. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаель мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.

Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы, жамандық пен жақсылықтың бет-әлпетін бейнелеуі болып табылады. Сонымен қатар, өнер – техниканы дамытудағы қозғаушы күштердің бірі. Өйткені, бір ғана сәулет өнерін алатын болсақ, мұнда, мәселен, әртүрлі машиналар, аппараттар, құрал-саймандар қолданылды. Осының нәтижесінде адамзат өмірі айтарлықтай жақсарып, қоғамдық қатынастардың жеңілдеуіне жол ашылды. Мүсін өнері адамның көзқарасын бейнелеуде, оның құдыреттілігі мен маңыздылығын  көрсетуде зор мағанаға ие.

Сондықтан, “Ортағасырдағы Батыс Еуропа өнері” атты бітіру жұмысының өзектілігі жоғары деп санаймыз.    

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталмыш тақырып төңірегінде танымал  ғалымдар көптеген өз зерттеулерін жүргізді. Солардың арасынан ресейлік  Аверинцев С.С. [1], Бычков В.В. [2], Каждан А.П. [3-4], Курбатов Г.Л. [5-6], Лазарев Л.Н. [7], Литаврин Г.Г. [8], Удальцова З.В. [9], сынды    тарихшы ғалымдар  өз зерттеулерін арнады. Мәдениеттанушылар арасынан Ильина Т.В. [10], Нессельштраус И.Г. [11] секілді ғалымдар еңбектерінің теориялық және тәжірибелік маңызы жоғары.

Осы тақырыпты зерттеуші қазақстандық ғалымдарға келер болсақ, олардың арасынан Ғарифолла Есім [12],  Нұржанов Б.Ғ. [13], Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. [14] еңбектерін атап өтуге болады.

Зерттеудің мақсаты. Ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің маңыздылығын  анықтау.  

Зерттеудің міндеттері:

  • ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің идеологиялық бағытына талдау жасау;
  • сол кезеңдегі өнер стильдерін айқындау;
  • ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің эстетикалық құндылықтарын анықтау;
  • ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қалыптасу тарихын қайта қарастыру;
  • оның негізгі ағымдарына сипаттама беру;
  • “романдық” және “готикалық” өнерлер ұғымдарының маңыздылығына байланысты талдау жасау;
  • ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қоғам санасына деген ықпалына байланысты сипаттама беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ресейлік және қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлерін саралай келе, кейбір түсініктер қайта қарастырылды және мәдениеттанудағы терминологиялық сөздікке кейбір анықтамалар аударылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесі қағида:

  • ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің бағыты тұлғаға ауысқаны, рухани мәдениеттің дамуына және қоғам санасының өзгеруіне өз ықпалын тигізді.

Зерттеуден алынған нәтижелер:

  1. Ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қалыптасу тарихы қаралды.
  2. Византия өнеріне, романдық өнерге және готикалық өнерге талдау жасалды.
  3. Оның діни сипаты анықталды.
  4. Романдық және  готикалық өнерлердің  ерекшеліктері айқындалды.

 

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, осы зерттеу жұмысында ортағасырдағы Батыс Еуропа өнеріне байланысты мәдени-теоретикалық талдау қолданылды. Ал ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қалыптасуы мен таралу тарихын айқындау үшін, оның ықпалын білу үшін компаративистік тәсіл пайдаланылды. “Романдық” және “готикалық” ұғымдардың  мәнін айқындау үшін теоретикалық және логикалық талдау жасалынды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы.  Зерттеудің негізгі қағидасы мен  нәтижелерін ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің негізгі  сұрақтарын түсіндіру үшін пайдалануға болады.  Зерттеудегі мәліметтерді  мәдениеттануды, эстетиканы және  жалпы өнерге  қатысты арнайы курсты оқыту барысында  пайдалануға болады.

 Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу  жұмысы  кіріспеден, үш тараудан, тоғыз тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 66 бет.  

900 тнг В корзину

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля