БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ РЫНОГЫ

7 апреля, 2020 0:32

Приобрели: 1 раз

Бесплатно В корзину

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ……………………..………………………………………………………………………………3

I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ РЫНОГЫ …………………………..……………5

Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның жіктелуі ……………………….5

Бағалы қағаздардар рыногы және оның экономикадағы қызметі ………………8

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ………….……….12

2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы және ондағы мемлекеттің қызметі  ………………..………………………………………………………..…12

2.2 Бағалы қағаздар нарығының  екінші деңгейлі айналымы және Ұлттық Банктің  жүргізетін шаралары ………………………………………………………………………19

ҚОРЫТЫНДЫ ..………………………………………………………………………………………..24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…….…………………………………………………………..26

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар нарығы жүзеге асырады және басқа нарықтармен үнемi байланыста болады.

Бағалы қағаздар нарығы еркiн ақша қаражаттары қозғалысын қамтамасыз етуде бiр саладан басқа салаға қаржының қайта құйылуын, меншiк құқығын беретiн қаржы ресурстарын және халықтың жинақ ақшасын жұмылдыру қызметiн атқарады.

ҚР-ның ауыспалы экономикасындағы бағалы қағаздар нарығының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады.

1-шi, жаңа экономикалық құрылымның бiр бөлiгi.

2-шi, инвестиция айналымының тиiмдi механизмi, қор активтерiнiң жоғары өнiмдiлiгiнiн қамтамасыз ету, капиталды қайта бөлудi жинақтау және оңтайландыру.

3-шi, қаржылық тұрақтылықты және экономикалық өсудi, нарықтық экономиканың субъектiлерiн қамтамасыз ету;

4-шi, экономиканың қаржы саласындағы айналыстағы артық ақшаларды азайту немесе экономика салаларына қолма-қол ақша қажеттiгi туындағанда керiсiнше бағалы қағаздарды сату немесе эмиссиялау.

Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады. Сонымен қатар бағалы қағаздар қаржы айналымы ретінде ол қаржы жүйесінің негізі ретінде оны мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың  мемлекет үшін маңызы зор болып тағылады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі” деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi экономикалық салалардың нақты даму деңгейін сипаттайтын бағалы қағаздар рыногының айрықша маңызды болуы және мемлекеттік бағалы қағаздардың ерекшелігін, қаржы жүйесіндегі олардың дұрыс  қолданысын қамтамасыз ету қабілеттілігінің бар болуы.

Бұл тақырыпты орындаудағы негiзiгi мiндеттерiм келесiдей:

Бағалы қағаздардың жалпы экономикадағы қызмет етуi мен орнын анықтау;
Мемлекеттік бағалы қағаздарды жан-жақты талдап, олардың еліміздің ұлттық экономикасындағы айналыстағы барысын талдау;
Бағалы қағаздар рыноктарының қызмет ету механизмiн және құнды қағаздардың операциялық орталығы болып табылатын қор биржасының қызметтерiн талдау;
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының еліміздегі қазіргі таңдағы жағдайы, мәселелері мен даму болашағына тоқталу болып табылады.

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҒЫ

1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның жіктелуі

Бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалай құны бар құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады. /2/

Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.

Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өзiнiң жекелеген қор рыногы бар. Жалпы бағалы қағаздардың қарыз капиталы және құқық берушi ретiндегi түрлерiн келесi суреттен көре алмыз:

Бағалы қағаздар  ресурстарға құқықты келесi қызметтер арқылы бередi:

Айналымдық – нарықта бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға болады. Стандартты құқық, қатысушылардың мерзiм уақытын белгiлеуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп айырысу шаралары.
Бағалы қағаздар тек қана сату және сатып алу емес, азаматтық қатынастың объектiсi бола отырып, әр түрлi мәмiле бола алады (қарыз, сыйақы, сақтаушы, тексерушi, жүктеушi).
Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi (стандартты құқық, мерзiмнiң белгiленуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп және басқа да шарттар).
Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi бұл құжат. Ол қағаздық сертификат немесе қолма-қол түрдегi формада болады. құжаттылық бағалы қағаздар аталуына материалды негiз болған.
Бағалы қағаздар бiрден-бiр мемлекеттiң қор нарығын реттейтiн және оны қадағалап отыратын құрылым.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретiнде өз нарығы, яғни бағалы қағаздар нарығы бар.
Өтiмдiлiк – БҚ-дың немесе басқа активтердiң қолма-қол ақшаға айырбасталуы. Жоғары өтiмдiлiк компанияның немесе инвесторлардың жұмысына үлкен икемдiлiк бередi.
Тәуекелдiк – күрделi қаржы салымының қайтарылым деңгейiнiң өзгермелiлiгi. Егер тұрақсыздық деңгейi жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiкте жоғары болады. /6, 19 б/

Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiк жоғары болады.

Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля