Бұқаралық ақпарат құралдары

9 января, 2017 15:32

Категории:
Метки:

Приобрели: 64 раз

Бесплатно В корзину

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.
Бұқаралық
ақпарат
құралдары

Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», — деген.
1840 жылы француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады.

БАҚ – тың атқаратын
қызметтері:

БАҚ – тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ – тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ – тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан – қоғамдық – гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ – тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез – құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ – тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар – отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды
Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;
арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
ақпарат таратушының  қабылдаушыға біржақты ықпалы;
тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық. Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни сөз еркіндігісіз  азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық. Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни сөз еркіндігісіз  азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.

ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ – тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми – сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың   бәрінде ең   әуелі  белгілі ақпарат көзі арқылы жалпығатаратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.

Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ – тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті.

Президент 1998 жылдың 3 – шілдесінде БАҚ – ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды.
Осы жылғы 28 – тамызда  «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ – тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3 – желтоқсанда « Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің   тапсыруымен   1999 жылы жаңа  заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы заңдардың қай – қайсы да БАҚ – ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек. Жетістігің  бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады.  Қазақстанда БАҚ – ты саяси – экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты.

Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:
1. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.  2. Отандық және мемлекеттік – бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
3.Ақпараттық – телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.   Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ – тың одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.

Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 7 лет

Айгерим Алмабаева

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 09-01-2017

Читайте также:

1 отклик

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля