25 февраля, 2022 22:27
Мазмұны
І. Кіріспе………………………………………………………………………………………………
ІІ.І тарау. Ғалым, ағартушы, тілші Ахмет………………………………………………
- Ахмет Байтұрсыновтың поэзиясы………………………………………………..
- Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің
қалаушы- сы………………………………………………………………………………..
- Әдебиеттің әліп биі – асылы Ахмет……………………………………………..
ІІІ. ІІ тарау. Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған еңбектер……………………………………………………………………………………………….
2.1. Қазақ тіл ғылымының – атасы………………………………………………………..
ІV. Қорытынды……………………………………………………………………………………
- Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………………..
Кіріспе
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру.
І – тарау
Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938 жыл)
Бұл – алмағайып аласапыран жылдарда алты алаштың айбарына айналған жас ұрпақты қасиетті тіл арқылы ақ жолға бастаған ардақты Азаматтың есімі. Бұл – тарихи тамырын сон-а-ау сақ дәуірінен бермен қарай тартып жатқан Ұлы Даланы еркін жайлаған, танымы терең, бітімі бөлек, рухы биік, жүрегі жомарт жұрттың өрелі өрісін бірінге жалғаған ойшылдың есімі.
Ахмет Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақ халқының рухани, мәдени, тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы Мұхтар Әуезов «…… Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп,күзгі таңның салқын желіндей шиырықтырған,етек-жеңін жиғызған «Қазақ»газеті болатын.Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат,кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң «Маса» болып талай ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған, Ахаңның екпіні болатын» — деп жазғанда. «Қазақ» газеті 1917 жылдың шілде айынан «Алаш» ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай облыстың Советтері съезінің (шешімін қабылдады) шешімімен жабылды.. Ревком жұмыстарының барысы, экономикалық және ағарту ішіндегі қиыншылықтар туралы мән-жайды хабарлау үшін С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің қабылдауында болған.Олардың хабарларын зейін қоя тыңдағаннан кейін ұлы көсем оларға қазақ оймағын басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттілігі және оны қазақ тіліне аудару туралы мән – жайды хабарлау үшін С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің қабылдауында болған. Олардың хабарларын зейін қоя таңдағаннан кейін ұлы көсем оларға қазақ оймағын басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттігі және оны қазақ тіліне аудару туралы ақыл-кеңес береді.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің белгілі бір кезеңіне маңыз беріп, оны өсіріп тұрған бір уақиға оның 1920 жылдың 7 сәуірінде РКП(б)-ның Орынбор комитетіне партия мүшелігіне алуды өтініп берген арыды.
4 апрель, 1920 жыл
Бұл жеке адамның өтініші қатарына қалмай, совет шындығы ықпал еткен сол тәрізді адамдарының саяси санасы қалай биіктегенін аңғартатын документ ретінде сол кездегі Қырғыз автономдық әскери-рефолюциялық комитетінің органы болып саналатын «Известияның» 1920 жылғы 16-шы соңында жарияланды. Осы санда «Ахмет Байтұрсынов» деген мақала ба-сылды. Онда сол кез үшін Ахмет Байтұрсыновтың партияға кіруге берген арызының маңызы атап көрсетілді.
Алайда, ол Коммунистік партияның биік мақсаттары мен міндеттерін терең түсініп, қызу қызмет ету биігіне көтеріле алмады. Өйткені, 20 – жылдардағы қоғамдық, экономикалық, саяси-рухани, мәдени өмірдегі өзекті өзгеістерді түсініп, ерекше екпін, қиын қопарылыс бой көтере бастаған, бірақ әлі орнығып, қалыптасып үлгірмеген жаңалықтардың мән – мазмұнын, сырқырларын бірден танып, оған ілегу оңай да емес.
Ахмет Байтұрсыновпен заманы, қызметі қатарлас болған революцияшыл ақын С. Сейфуллин оның туғанына 50 жыл, толуына байланыста «Еңбекші қазақ» газетінде мақала жариялап, онда: «…Өзі үшін ұлтшыл болған қулардан бөлініп, Ахмет сол қамы үшін коммунист партиясына кірді. Әрине, Ахмет Коммунист партиясында да көп бала алмады. Көп бала алмайтыны белгілі еді. Ахаң байлардың құлдығында шіріген жарлылардың айғайшысы емес, олардың шоқпаршысы емес, бірақ бойын, кедейін айырмай қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды еді. Қалай болса да жазушысы аз, әдебиеті нашар қазақ жырларына «оқу һәм тіл құралдарымен» қалған қызметі таңдай», — деп жазды. Ол юбилярдің көзқарасындағы кейбір үстірттіктерді осалдықтарды, қоғамдық күрделі топтық мүдделерді танып, айырудың әлсіздіктерін де ашып айтты.
Қазақ АССР-і құрылғаннан кейін Ахмет Байтұрсынов 2 жыл бойы республиканың Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компаниясы Орталық Комитетінің газеті «Ақ жолда », Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етті.
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми – творчестволық мұрасын негізінен үш үлкен салаға бөліп қарауға болады. Олар: автордың ағартушы, ғылыми, тілтану, әдебиетанудің алғашқы іргесін қалаушы ретіндегі еңбегі, ақындық және аудармашылық творчествасы.
Білім совет тюркологы академик А.Н.Кононовтың Ахмет Байтұрсыновты көрнектітюркологтардың қатарында еске алып, оның қазақ алфавиттік жүйелеу, оқу құралдарын жасау фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес.
Кейінгі қоғамдық және басшылық қызметтер атқарған кездерінде де Ахмет ғылым саласындағы жұмыстарын тоқтатпаған, ал 1923 жылы Москвада қазақтың эпостық жыры «Ер сайынды» алға сөзбен, ғылыми түсініктемелермен бастырып шығарған.